Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Онға дейін санай алатын лақ туралы   (Норвег ертегісі, Альф Прёйсен)

Баяғыда бір лақ болыпты. Ол 10-ға дейін санай алды. Судан өзін көріп:

– Бір, – деді.

Мұны бұзау естіді.

– Сен не істеп жатырсың? – деді ол.
– Мен өзімді санадым, сені де санайын ба?
– Ауыртпайсың ба?
– Жоқ, тыңда. Бір – ол мен, екі – ол сен. Бір, екі.
– Мама, – деп айқайлады бұзау.
– Не болды?
– Лақ мені санады.
– Бұл қалай?
– Мен санауды үйрендім. Бір – ол мен, екі – ол бұзау, үш – ол сиыр. Бір, екі, үш.
– Мама, ол енді сені де санады.

Сиыр ашуланды.

– Мен саған көрсетем санағанды! – деп айқайлады сиыр.

Сиыр мен бұзау лақты қуды. Лақ қашты. Оларды бұқа көрді.

– Сендер неге лақты қуып жүрсіңдер? – деді бұқа.
– Ол бізді санады.
– Бір – ол мен, екі – ол бұзау, үш – ол сиыр, төрт – ол бұқа. Бір, екі, үш, төрт, – деді лақ.
– Ой, ол енді сені де санады, – деді бұзау.
– Мен саған көрсетем санағанды! – деп айқайлады бұқа.

Енді бұзау, сиыр, бұқа лақты қуды. Лақ қашты. Оларды ат көрді.

– Не болды? – деді ат.
– Лақ бізді санады, – деді бұзау.
– Ол қалай?
– Ол қиын емес. Бір – ол мен, екі – ол бұзау, үш – ол сиыр, төрт – ол бұқа, бес – ол ат. Бір, екі, үш, төрт, бес, – деді лақ.
– Ой, ол енді сені де санады, – деді бұзау.
– Мен саған көрсетем санағанды! – деп айқайлады ат.

Енді бұзау, сиыр, бұқа, ат лақты қуды. Лақ қашты. Оларды шошқа көрді.

– Не болды? – деді шошқа.
– Лақ бізді санады, – деді бұзау.
– Ол қалай?
– Өте оңай. Бір – ол мен, екі – ол бұзау, үш – ол сиыр, төрт – ол бұқа, бес – ол ат, алты – ол шошқа. Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, – деді лақ.
– Ой, ол енді сені де санады, – деді бұзау.
– Мен саған көрсетем санағанды! – деп айқайлады шошқа.

Енді бұзау, сиыр, бұқа, ат, шошқа лақты қуды. Лақ қашты.
Олар өзеннің қасына тоқтады және кішкентай кемені көрді. Кемеде әтеш, ит, қой және мысық болды.

– Тоқтаңдар, – деп айқайлады әтеш-капитан.

Бірақ лақ және басқалары кемеге қарғып мінді.

– Кукареку, баттық, көмектесіңдер! – деп айқайлады әтеш.

Бәрі қорқып кетті.

– Кім санай алады?
– Мен санай аламын.
– Онда тез сана. Кеме тек он жолаушыны көтере алады.
– Тез, тез, – деп айқайлады бәрі.
– Бір – ол мен, екі – ол бұзау, үш – ол сиыр, төрт – ол бұқа, бес – ол ат, алты – ол шошқа, жеті – ол мысық, сегіз – ол ит, тоғыз – ол қой, он – ол әтеш.
– Жарайсың, лақ, – деп айқайлады бәрі.

Содан бері лақ кемеде бақылаушы болып жұмыс істейді.
Ол жолаушыларды санайды.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Лақ нешеге дейін санай алады?
2) Лақ не деді?
3) Оны қайсысы естіді?
4) Олар не деп сөйледі?
5) Неге сиыр лақты қуды?
6) Сиыр не деді?
7) Бұқа не деді?
8) Бұқа неге ашуланды?
9) Лақ қалай санады?
10) Қайсылары лақты қуды?
11) Оларды қайсысы көрді?
12) Ат не деді?
13) Ат не деп айқайлады?
14) Неге шошқа ашуланды?
15) Кемеде нелер болды?
16) Әтеш-капитан не деп айқайлады?
17) Қайсылары кемеге қарғып мінді?
18) Қайсысы «Баттық, көмектесіңдер!», - деп айқайлады?
19) Әтеш не деді?
20) Лақ қалай санады?
21) Лақ кім болып жұмыс істейді?
22) Ол нелерді санайды?





Источник текста на казахском языке:
«Кiшкентай жанат». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Бұл ненің ізі? Вернуться к началу Аңқау мен ұры  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга