Казахский язык
Список сказок

Ақтөс   (А.Т. Притыкинаның сюжеті бойынша)

Ақтөс - кішкентай күшік.
Ол кішкентай үйшікте тұрады.
Оның басы ақ, екі аяғы ақ, екі аяғы қара, мұрны қара.
Ол аулада кішкентай үш балапанды көрді.
Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді.
Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар «шиқ-шиқ», - деді.
Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс: «аф-аф», - деді.
Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмейді.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Ақтөс не?
2) Ол қайда тұрады?
3) Ақтос қандай? Басы, аяғы, мұрны қандай?
4) Ол аулада нелерді көрді?
5) Балапандар қандай?
6) Ақтөс не істегісі келді?
7) Ол не істеді?
8) Балапандар не істеді?
9) Олар не деді?
10) Оларды не көрді?
11) Тауық не істеді?
12) Ақтөс не деді?
13) Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келе ме?





Источник текста на казахском языке:
«Кiшкентай жанат». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Кемпір мен торай Вернуться к началу Бұл ненің ізі?  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга