Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Кәрі теке мен қасқыр   (кабардин ертегісі)

Бір күні қой, ешкі және кәрі теке жайлауда жайылып жүрді.
Кешке олар үйге бірге қайтуды ұйғарды.
Қойдың қарны әбден тойды да, ол үйге қарай өзі кетті.
Өзенге келгенде, көпірде отырған қасқырды көрді:

– Сен қайда барасың? – деп сұрады қасқыр.
– Мен жайлаудан үйге бара жатырмын.
– Ал неге тоқтадың?
– Сен мені жейсің, сондықтан қорқып тоқтадым.
– Әрине, жеймін, – деді қасқыр.

Қойды жеп, қайтадан орнына отырды.
Біраз уақыттан кейін қасқыр ешкіні көрді.

– Ешкі, қайда барасың?
– Үйге барамын, – деді ешкі, құйрығы дірілдеп.
– Сенің құйрығың неге дірілдейді?
– Сен мені жейсің, сондықтан менің құйрығым дірілдеп тұр.
– Дұрыс, жеймін сені! – деді де, ешкіні жеп қойды.

Сосын қайтадан орнына отырды.
Көп отырды. Ақыр аяғында кәрі текені көрді.
Теке қасқырдан қорықпады, тоқтамады.

– Қайда барасың, құрметті мырза?
– Үйге барамын, кәрі қарақшы!
– Сен батылсың, неге менен қорықпайсың?
– Өйткені артымда екі тазы ит келе жатыр.
– Тұра тұр, батыл теке, сен оларды ұстай тұр! – деп, қасқыр орманға қарай жүгіріп кетті.

Ал кәрі теке үйге аман-сау келді.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Бір күні нелер жайлауда жайылып жүрді?
2) Олар нені ұйғардыbr> 3) Неге қой үйге қарай өзі кетті?
4) Қой көпірде нені көрді?
5) Неге қасқыр қойды жеп қойды?
6) Сосын қасқыр нені жеп қойды?
7) Ақыр аяғында қасқыр нені көрді?
8) Неге қасқыр текеге «құрметті мырза» деді?
9) Теке екі ит туралы шын айтты ма?
10) Қасқыр текеге не деді?
11) Неге қасқыр орманға қарай жүгіріп кетті?
12) Неге теке үйге аман-сау келді?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Бір күні қой, ешкі және ат жайлауда жайылып жүрді.
2) Ешкі қасқырдан қорықпады.
3) Қасқыр қойды және ешкіні жеп қойды.
4) Қасқыр иттен қорқып, орманға қарай жүгіріп кетті.
5) Қасқыр тас көпірде отырды.
6) Қой, ешкі және кәрі теке тауда жайылып жүрді.





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2022
 <<  Үнемшіл құмырсқа Вернуться к началу Кім күштірек  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Сөйлесейік»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга