Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
    Грамматика детям
     Для всей семьи
 Видеокурс
  Разговорник
Фразеологизмы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Қарлығаш пен дәуіт   (қазақ ертегісі)   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Баяғыда қарлығаш жарға ұя салып, балапандарын өсіріпті.   Прослушать
Бір күні қарлығаш ұяға өрмелеп бара жатқан жыланды көрді.   Прослушать
Не істеу керек? Қарлығаш көкекке келді.
  Прослушать

– Көкек, маған көмектесші, жылан ұяға өрмелеп бара жатыр, – деді қарлығаш.   Прослушать
– Бүркітке қонаққа бара жатырмын, уақытым жоқ, – деді көкек.
  Прослушать

Қарлығаш қарғаға келді, бәрін айтты.   Прослушать

– Мен үйленгелі жатырмын, уақытым жоқ, – деді қарға.   Прослушать

Қарлығаш шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді.   Прослушать
Дәуіт қарлығаштың шырылдаған даусын естіп:
  Прослушать

– Не болды, досым, неге жылайсың? – деп сұрады.   Прослушать

Сонда қарлығаш:   Прослушать

– Жылан балапандарымды жейтін болды, – деп жылайды.   Прослушать
– Олай болса, мені тез жеткіз, мен балапандарды құтқарамын, – дейді дәуіт.   Прослушать

Дәуіт қарлығаштың қанатына отырды. Теп-тез олар ұяға жетті.   Прослушать
Жылан ұяға тақап қалыпты. Дәуіт жыланның көзін шұқып алды.   Прослушать
Жылан мерт болды. Содан бері қарлығаш пен дәуіт дос екен.
  Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Баяғыда қарлығаш қайда ұя салды?
2) Бір күні қарлығаш нені көрді?
3) Қарлығаш қайда келді?
4) Қарлығаш көкекке не деді?
5) Көкек не деп жауап берді?
6) Қарға не деп жауап берді?
7) Бір кезде қарлығаш нені көрді?
8) Дәуіт не деді?
9) Дәуіт не істеді?
10) Жылан не істеді?
11) Қарлығаш пен дәуіт дос па?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңіздер.
1) Баяғыда торғай жарға ұя салды.
2) Қарлығаш бүркітке келді.
3) Уақытым жоқ, – деді көкек.
4) Бегемот балапандарымды жейтін болды, – деді қарлығаш.
5) Қарлығаш пен дәуіт ұяға нешеде келді?
6) Қарлығаш дәуітті таңертең көрді ме, кешкісін көрді ме?


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Баяғыда қарлығаш жарға ұя салып, балапандарын .................... .
Бір күні қарлығаш ұяға өрмелеп бара .................... жыланды көрді.
Не істеу ....................? Қарлығаш көкекке .................... .
– Көкек , маған ...................., жылан ұяға өрмелеп бара жатыр, – деді қарлығаш.
– Бүркітке қонаққа бара жатырмын, .................... жоқ, – деді көкек.
Қарлығаш қарғаға келді, .................... айтты.
– Мен үйленгелі ...................., уақытым жоқ, – деді қарға.
Қарлығаш шырылдап ұшып келе .................... . Бір .................... дәуітті көреді.
Дәуіт қарлығаштың шырылдаған даусын ....................:
– Не болды, досым, неге ....................? – деп сұрады.
Сонда қарлығаш:
– Жылан балапандарымды жейтін ...................., – деп жылайды.
– Олай болса, мені тез жеткіз, мен балапандарды ...................., – дейді дәуіт.
Дәуіт қарлығаштың .................... отырды. Теп-тез олар ұяға .................... .
Жылан ұяға тақап қалыпты. Дәуіт жыланның .................... шұқып алды.
Жылан .................... болды. Содан .................... қарлығаш пен дәуіт дос екен.
Керекті сөздер:
көзін, кезде, жатырмын, уақытым, өсіріпті, келді, бәрін, керек, жатады, жатқан, естіп,
көмектесші, жетті, бері, құтқарамын, қанатына, мерт, болды, жылайсың.




Источник текста на казахском языке:
«Түлкі мен қаздар». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2022
 <<  Шегіртке мен құмырсқа Вернуться к началу Түлкі мен қаздар  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Telegram «Сөйлесейік»             Разговорник на YouTube             kaz-tili@yandex.kz