Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Алтыншы сахна - ЧЭПЭ

Сцена шестая - ЧэПэ

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлығы орындықтарында дөңгеленіп отырады. Ортада қолын кеудесіне қойып, өзінше ренжіп мама аутист отырады.

МАМА КОМИТЕТ. Енді... өкінішке орай бүгінгі ЧПмызды айту керекпін..
МАМА АУТИСТ. Енді бірден ЧЭПЭ демейтін шығарсыз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Не болып қалды?
МАМА ҮЗДІК (асықпай тұрып). Бүгін сыныпта біздің ерекше оқушымыз екі қызды тістеп алыпты. Соның ішінде менің де қызым бар.
МАМА АУТИСТ. Иә, бірақ ол тістегісі келмеген.
ӨГЕЙ МАМА. Қатты тістеп пе?
МАМА КОМИТЕТ. Дәрігерге сүйенуге тура келді.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен кішкентай кезімде тентек болдым, бірақ қыздарға тиіспедім.
МАМА АУТИСТ. Қыздардың өздері оның ашуына тиген.
МАМА ҮЗДІК. Сіз сонда болдыңыз ба? өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
МАМА АУТИСТ. Сіз де болған жоқсыз ғой..
МАМА ҮЗДІК. Сіздің балаңызға қарағанда, мен өз қызыма сенемін.
ӨГЕЙ МАМА. Аутистік балалар өтірік айтпайды..

2
МАМА АУТИСТ (өгей мамаға). Рахмет, енді не істеймін?
ӨГЕЙ МАМА(мама аутистке). Уайымдамаңыз, бәріне дайын болыңыз, мен сізді қолдаймын.
МАМА БИШІ. Мен өз қызымнан сұрасам, ол ештеңе көрмедім дейді. Бірақ қансыратып тістеп алған қыздарды көріпті.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мәссаған, онда оларды тексерту керек, ауруы жұғып кеткен жоқ па?
МАМА АУТИСТ (жалғыз басты әкеге). Сіз не айтып тұрсыз, ұялмайсыз ба?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ойнап айтамын.
МАМА ҮЗДІК (жалғыз басты әкеге).Түсінесіз бе, бұл қиын жағдай. Сіздің қызыңызды тістеп алса, не істер едіңіз?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Онда мен ол оңбағанды.. (жинақталып) Ух, кешіріңіздер!
МАМА АУТИСТ. Менің балам қатты өкінеді, бірақ айта алмайды.
МАМА КОМИТЕТ. Өте өкінішті жағдай, бірақ сынып жетекшісі ешкімге айтпаңызшы деп өтінді. Бұл әңгіме өз арамызда қалсын. Балалар ұрсысады, төбелеседі, достасады... Бәріміз сабыр сақтайық, ересек адамдармыз ғой. Осы мәселені ұрыссыз, даусыз шешейікші.

3
МАМА ҮЗДІК. Мен білім басқармасына шағымданамын себебі, мұндайлар кәдімгі балалармен оқуына болмайды.
МАМА АУТИСТ. Қандай бұндайлар? Менің балама не болыпты?
МАМА ҮЗДІК. Өтірік мүләйімсімеңізші! Сіздің балаңыз сияқтыларға арнайы орындар бар.

Пауза. Мама аутист орынан тұрып Мама үздікке қарай барып тұрып алады.

МАМА АУТИСТ. Қандай орын екен?
МАМА ҮЗДІК (орнынан тұрып). Балаңызды арнайы емдейтін орын. Есі дұрыс балаларға шабуыл жасамайтын жерде.
МАМА АУТИСТ. Тіліңе ие бол жарымес.
МАМА ҮЗДІК. Маған айтып тұрған адамның өзі жарымес, баласы сияқты.
Мама аутист пен мама үздік орындарына атып тұрып, бір біріне жақындап төбелесуге дайын тұрады. Барлығы қоршап қалады. Жалғыз басты әке галстук бантигін дұрыстап ортаға тұрып. Ысқырады.
Екеуі төбелесіп кетеді. Мама комитет шошып қолымен бетін жабады.
МАМА АУТИСТ. Менің балам ауру емес, ол ерекше бала.

Ұрмақ болады.

4
МАМА ҮЗДІК (бұғып қалып). Сенің балаң сияқтыларды бұрын мектепке жібермек түгелі, үйде қамап ұстап отырған.

Ұрғысы келеді.

МАМА АУТИСТ. Бұрын солай болған шығар, бірақ кім айтты бұрын жасалған істердің бәрі дұрыс деп?

Ұрады.

МАМА ҮЗДІК. Мен басынан балаңыздың біздің сыныпта оқуына қарсы болғанмын. Білдім түбі біреуді өлтіретінін.

Ұрады.

МАМА АУТИСТ. Әзірше ешкімді өлтірген жоқ.

Ұрғысы келеді.

МАМА ҮЗДІК. Қалайда сізді басқа мектепке ауыстыртамын.

Ұрғысы келеді.

МАМА АУТИСТ. Армандаңыз, мен емес, сіз кетесіз бұл сыныптан.

Мама аутист екі соққы жасайды. Мама үздік құлайды, ішін және бетін ұстап жатады, Жалғыз басты әке ысқырады. Мама биші жүгіріп келіп орамалмен желдетеді. Мама аутистка көзін қысады.

МАМА КОМИТЕТ. Сұмдық, бұл нәрсені қалай тоқтатамыз, группаның админі кім?
МАМА ДЗЭН. Кедергі жасамаңыз, бүкіл негативті осылай космосқа жіберсін.

Жалғыз басты әке ысқырады. Мама үздік орнынан тұрады. Мама аутист ұруға дайындалады.

5
МАМА КОМИТЕТ (екеуіне). Қыздар, тынышталыңыздар, әйтпесе екеуңізді группадан шығарамын.

МАМА ҮЗДІК (дұрыстап тұрып алып). Ауру баланың қайдан шыққаны енді түсінікті болды. Бәрін анасына қарап түсінуге болады. Өзіңізге де сондай диагноз қойып алсаңызшы.

МАМА АУТИСТ. Сондағы бар ойлап тапқаныңыз осы ғана ма? Айналайын, бұдан да зор сөздер естідім. Қазір етім үйреніп кетті, мұныңыз маған түк те әсер етпейді.

Ұрады, мама үздік әрең тұрады.

МАМА КОМИТЕТ. Болды, мен өшіремін. Соңғы ескерту.

Өгей мама Мама комитетке орамал лақтырады. Мама дзэн қолын созып екеуі бес береді. Жалғыз басты әке ысқырады.

МАМА ҮЗДІК. Сенің балаң ауру, оны арнайы мектепке беру керек екенін мойындасаңшы.
МАМА АУТИСТ. Осы ғана ма? Басқа тағы айтарың жоқ па?
Мама үздік ұрғысы келеді, бірақ ұра алмайды. Күші жоқ.
МАМА ҮЗДІК. Өзіңіз рахаттанып өмір сүре алмаған соң, басқалардың өмірін құртпаңыз.
МАМА АУТИСТ. Менің өмірімді сен шешпейсің. Силиконды жарымес!
МАМА ҮЗДІК. мен ба? ал сен ше? сен ше....

Мама аутист көздеп мама үздікті нокаутқа жібереді. Жалғыз басты әке онға дейін санайды мама үздік тұрмайды. Мама аутисттың қолын көтереді.

6
МАМА АУТИСТ (өзінмен өзі). Міне жеңіс, мен өзім үшін емес, мен балам үшін күресемін. Мен де бұрын өздеріңдей болдым: оқу, жұмыс, карьера, күйеуге шықтым, джип, қымбат киімдер, балалы болдым, қымбат коляска, бәрі-бәрі... жылдар өтті балам бірге толды екіге, үшке...ақырындап... сосын диагноз қойылды. Дәрігерлер, бейтаныс адамдар, жаңа қалалар, ауруханалар, бәрін айналып жүрдік... қазір ештеңем жоқ... бәрі өтті, бірақ балам қасымда, ештеңеге өкінбеймін. Мен бақыттымын. Жақында боксқа бардым, тренер де қуанды, балам да риза. Сіздерге ұнасын ұнамасын, менің балам ел құсап өмір сүреді, ұқтыңыздар ма?..

Пауза. Барлығы шапалақтайды. Жалғыз басты әке су шашып мама үздікке тұруға қөмектеседі. Орындыққа отырғызады. Мама үздіктін көзінде фингал, мұрнында қан.

МАМА КОМИТЕТ. Не деген сұмдық, не болып жатыр, чатты неге айналдырып жібердіңдер? Не масқара? Мен таңқалып отырмын. Мен сіздерді чаттан шығарамын.
ӨГЕЙ МАМА (мама комитетке). Өзіңіз шығып кетіңізші. Қыздар қалсын. Олар қазір бір-бірінен кешірім сұрайды. Иә, қыздар?
МАМА ҮЗДІК (паузадан кейін). Чатта болған ұрысымыз үшін сіздерден кешірім сұраймын. Сөздерімді қайтып аламын.
МАМА ДЗЭН. Бәріне ақыл кірді, Құдайға шүкір..
ӨГЕЙ МАМА. Бәрі шешілсе, өз орнымызға оралайық.
МАМА АУТИСТ. Ешкімді кешірмеймін.
МАМА КОМИТЕТ. Мен кетемін..
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Басталды..
ӨГЕЙ МАМА (мама аутистке). Тоқтаңызшы, өтінемін тоқтаңызшы. Сіз жеңдіңіз ғой. Кешіре салсаңызшы енді.
МАМА КОМИТЕТ. Мен шаршадым... Менде бес бала бар, жиырма бес чатта отырамын... күйеуімнің туыстарының чаты, төркінімнің группасы, абысындар чаты, аналар есірткіге қарсы чаты, Кск ремонт... Болды, мен бәрінен шаршадым. Мен бәрінен шығамын.

Кетіп қалады, тыныштық сақталады, барлығы бұрылады.

7
МАМА АУТИСТ. Шынымен де группадан шығып кетті ме?
МАМА ДЗЭН. Айттық сендерге кешірім сұрай салыңдар деп..
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Woohoo..
МАМА БИШІ. Қызық... енді не болады?
МАМА ДЗЭН. Сенбеймін...
ӨГЕЙ МАМА. Әйтеуір демалауды ұмытпайықшы, терең демалайықшы.
МАМА АУТИСТ. Үй тапсырмасын кім шешеді?

Мама үздік орнынан тұрады.

МАМА БИШІ (мама үздікке). Қалайсыз?
МАМА ҮЗДІК (мама бишіге). Жаман емес, бәрі жақсы. (мама аутистке) мені аямадыңыз ғой.
МАМА АУТИСТ. Кешір, күні бойы көңіл күйім болмап еді. Менен саған кофе болсын.
МАМА ҮЗДІК. Коньякпен болмаса..
МАМА АУТИСТ. Әрине..
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Татуласып болсаңыздар, ендеше. Ата аналар, төрайымын қайта чатқа шақырайық, әлде жаңасын сайлаймыз ба…
МАМА БИШІ. Қанекей, боламын дейтін адамдар бар ма?

Пауза. Ұзақ пауза болады. Барлығы жұмыстарын істеп кетеді, барлығы паузадан кейін мама бишіге қарайды.

8
МАМА БИШІ. Түсінесіздер ме, бұл жауапты іс, өте жауапты. мен кешке дейін жұмыстамын, ал мұнда барлық әңгіме кешкісін айтылады. Оның үстіне концертерді онсыз да мен ұйымдастырып жүрмін.
ӨГЕЙ МАМА. Мен мынадай мінезіммен бола алмаймын, кешіріңіздер.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менде бизнес, жұмыс, үйде кір жуамын, тамақ пісіремін, енді ата-аналар төрайымы болсам, қанаты бар періште болып кетермін. Еркек болып қалайыншы.
МАМА ДЗЭН. Менің картамда ондай мәселе жоқ, мен болмаймын.
МАМА АУТИСТ. мені көрдіңдер, көп сөйлесе алмаймын...

Пауза. Барлығы бір рядқа отырып. Барлығы сөйлейді.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Құрметті де қымбатымыз...
МАМА БИШІ. Қайтып келуіңізді сұраймыз.
МАМА АУТИСТ. Сіз болмасаңыз, үй тапсырмасы қалай болды?
ӨГЕЙ МАМА. Мен өзімді жаман сезініп отырмын, сізге үйреніп қалыппын.
МАМА ҮЗДІК. Осы әлем сіздей адамдардың арқасында дамуда..

Барлығы айтып болған соң, күтіп отырады. Пауза. Ұйықтап қалады. Мама комитет келіп орындығына отырады. Жеңіспен күледі.

МАМА КОМИТЕТ. Сағындыңдар ма?

Барлығы ұйқыдан тұрады. Қуанады. Алтыншы бөлімнің соңы.




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  5-сахна - Үй жұмысы Вернуться к началу 7-сахна - Махаббат  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга