Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Рассказы и пьесы → Ы. Алтынсарин → Байұлы

Байұлы



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:

    - Сен неге атыңа мінбейсің? - деді.

    Бала қамығып:

    - Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді.

    Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:

    - Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба? - деді.

    Әкесі:

    - Кімге бересің? - деді.

    Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:

    - Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, - деді.

    Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлынын әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді:

    - Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, - деп.

    Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі.



 <<  Үнді Наверх ↑ Лұқпан әкім  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы