Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)
Айнур Карим «Пьеса» (8)

Әке мен бала



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

    – Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп.

    Бала әкесіне:

    – Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді.

    Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

    Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.

    Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.

    Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

    – Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, – деді.




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Айуанның естісі көп... Вернуться к началу Сараңдық пен жинақтылық  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга