Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Рассказы и пьесы → Ы. Алтынсарин → Білгеннің пайдасы

Білгеннің пайдасы



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен.

    Бір күні ұста мырзаға айтты:

    – Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар.

    Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті.

    Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты.

    Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кем-тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты:

    Әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, – деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:

    – Егер көп мық-шеге керек болса, мен бөдіретін аламын, – деп.

    Етікшілер істеген мығын көріп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті.



 <<  Тышқанның өсиеті Наверх ↑ Мұжық пен жасауыл  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы