Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 12
12-01
      Арабтық мұнай алпауыты орыс турисіне:
      – Маған сіздің қызыңыз ұнайды! Мен ол үшін оның салмағындай болатын лағыл, жақұт, ақық және басқа тастар бере аламын.
      – Жақсы, - деп жауап береді орыс. – Маған жауап беру үшін екі апта беріңіз.
      – О, мен түсінемін, сізге ойлану үшін уақыт керек.
      – Жоға, ойлану ғана емес, оны семірту үшін уақыт керек.
Скрыть текст
12-02
      Бульдог, есік алдында қыдырып жүріп балконда отырған қанден итті көреді және оған былай дейді:
      – Шық, бірге қыдырамыз.
      – Шыға алмаймын, мені жауып кетті.
      – Сен балконнан секір.
      – Иә, сосын менің тұмсығым сенікіндей болып қалсын, дейсің бе?
Скрыть текст
12-03
      Ұшақтағы екі әйелдің әңгімесі:
      – Неге бәрі ұшақтар туралы айта береді, пойыздармен де апаттар болып тұрады. Бірде пойыз келе жатты, оған ұшақ келіп соғылды...
Скрыть текст
12-04
      Екі автомобилші сөйлесіп тұр:
      – Иә-ә-ә, не болып барады... Бәрі қалай қымбаттаған! Бір литр бензин бір литр сүттей тұрады...
      – Міне-міне, сиырға мініп жүру арзанға түседі.
Скрыть текст
12-05
      Қаңғыбас Барвихаға адасып барады, жақсы вилланың жанына тоқтайды, үй иесі әйелді көреді:
      – Ханым, көмектесіңіз! Мен екі апта бойы ет көрген жоқпын!
      – Ой, бейшара-ай. Нюра, котлетті алып шық, оған көрсет.
Скрыть текст
12-06
      Ауруханада. Бір медбике, сырқаттардың біреуіне нұсқап, екіншісінен сұрайды:
      – Мынау мотоциклші қағып кеткен боксшы ма?
      – Жоқ, мотоциклшінің өзі осы.
Скрыть текст
12-07
      Буфетші даяшы-әкесіне былай дейді:
      – Әке, тыңдашы, мас келушілерді далаға қуып шығуды қой. Сен вагонның дәмханасында істейтініңді ұмытып кетесің-ау, сірә?
Скрыть текст
12-08
      Ауруханада.
      – Дәрігер, мен өліп барамын!
      – Қазір көмектесемін.
Скрыть текст
12-09
      Автосалонда:
      – Мен сізден көлік сатып алғанда, сіз жыл бойы менде не сынса немесе бүлінсе – бәрін ауыстырамын дегенсіз. Бұл рас па?
      – Әрине.
      – Онда маған үш тіс беріңіз, соныме қата р сол жақ жіліншек сүйегімді және екі қабырғамды.
Скрыть текст
12-10
      Зергерлік бұйымдар дүкенінде:
      – Айтыңызшы, алқа қанша тұрады?
      – Бес мың доллар.
      – Масқара!!!
      – Ал мынау ше?
      – Үш есе масқара.
Скрыть текст
12-11
      Милицияда.
      – Кім бірінші болып жансыз денені тапқан?
      – Мен!
      – Оны қайда алып кетті?
      – Әдеттегідей, әуелі мәйітханаға, кейін айықтырғышқа.
Скрыть текст
12-12
      Сұрақ:
      – Үш литр арақ ішуге бола ма?
      Жауап:
      – Ішуге болады ғой. Тек қана кейін оны қалай өзінде ұстап тұруға болады?
Скрыть текст
12-13
      Жаңа жыл түні милиция қызметкері далада қызметін атқарып жүреді. Қараса, мас әйел ойланып шарбаққа сүйеніп тұр екен. Милиция қызметкері:
      – Сен кімсің?
      – Ақшақармын!
      Милиция қызметкері:
      – Сен не істеп тұрсың, қарашығым?
      Әйел аянышты дауыспен:
      – Еріп барамын!
Скрыть текст
12-14
      Түн ортасы. Есіктің қоңырауы ұзақ шырылдайды. Есіктің ар жағындағы дауыс:
      – Бұл кім?
      – Милиция!
      – Үйде ешкім жоқ!
      – Мұны айтып тұрған кім?
      – Ешкім емес. Сізге солай естілді!
      – Олай болса неге үйде жарық жанып тұр?
      – Қазір сөндіреміз.
Скрыть текст
12-15
      Армян радиосына сұрақ:
      – Неліктен әйел тонаушыдан да қауіпті?
      Жауап:
      – Тонаушы не әмиянды, не өмірді талап етеді, ал әйел екеуін де талап етеді.
Скрыть текст
12-16
      Ұры бір үйге кіріп келсе, ішінде тотықұс отыр екен:
      – Ал Кеша бәрін көріп тұр, - депті тотықұс.
      Ұры тотықұстың торын орамалмен жауып қояды. Сөйтсе тотықұс:
      – Ал Кеша тотықұс емес, Кеша ол бульдог, - депті.
Скрыть текст
12-17
      Армян радиосына сұрақ:
      – Айтыңызшы, егер басты кейіпкер қаза тапса фильмнің аяғы сәтті болуы мүмкін бе?
      – Мүмкін, егер басты кейіпкер – қайын енең болса.
Скрыть текст
12-18
      Екі құрбы кофе ішіп отырып сұхбаттасуда. Біреуі былай дейді:
      – Мен табиғатты жақсы көремін!
      Екіншісі, оған қарап:
      – Оның саған істегенінен кейін де әлі жақсы көресің бе?
Скрыть текст
12-19
      Масаңдық табы әлі тарқамаған бір еркек таңертең тұрып ваннаға барады, айнаға қарайды. Айнадан екі адам қарап тұрғанын көреді... кейін басқа біреуден сұрағандай:
      – Бұл не пәле?-дейді.
      Айнадан екеуден біреуі жауап береді:
      – Бұл, елесті ауру.
      Ол, маңдйын сүртіп тұрып:
      – Уһ... аллаға шүкір! Мен клондау деп ойласам...
Скрыть текст
12-20
      Екі жаңа орыс кездеседі.
      – Бос уақытыңды қалай өткізесің? – деп сұрайды біреуі.
      – Көбінесе ішім пысады...
      – Сен біздің теннис клубымызға кел. Онда өте қызық: қарта, рулетка ойнамыз, анекдот айтамыз, арақ ішеміз.
      – Ал теннисті қай уақытта ойнайсыздар?
      – Нені?
Скрыть текст
12-21
      Екі еркек кездеседі. Біреуі екіншісіне:
      – Мен Африкада тұрамын. Бізде ыстық. Кофе ішеміз, банан жейміз, жалаңаш жүреміз.
      Екіншісі:
      – Мен Сібірде тұрамын. Бізде суық. Егер кофе ішіп, банан жесек, біз де жалаңаш жүреміз.
Скрыть текст
12-22
      Екі адам кездеседі. Біреуі айтады:
      – Тыңда, кеше мен үшін екi әйел төбелесті!
      – Қойшы, мүмкін емес.
      – Мүмкін, мүмкін. Біреуі: "Өзің алып кет!", десе , екінші әйел: "Өзің ал! Оның маған қанша қажеті бар!" - деді.
Скрыть текст
12-23
      Бір еркек үйден шығады. Керіледі:
      – У-ух! Қалай жұмыс істегім келіп тұр десейші. Барып жата тұрайын. Мүмкін, басылар.
Скрыть текст
12-24
      Екі милиция қызметкері қарулы қылмыскерді ұстауға пәтерге келеді. Біреуі екіншісіне:
      – Сен бірінші болып кір, ал мен сен үшін кек аламын.
Скрыть текст
12-25
      Екі таныс:
      – Қалай, сенің әйелің әлі бірінші күйеуін жоқтауда ма?
      – Жоқ, қазір оны мен жоқтаудамын...
Скрыть текст
12-26
      Егер өз әйеліңе ғашық болып қалсаң бұл ыңғайлы әрі тиімді: кездесулерге кететін уақытты үнемдеп, сыйлықтарға жұмсайтын ақшаны сақтап қалуға болады.
Скрыть текст
12-27
      Көптен көріспеген екі адам кездесіпті.
      – Сенің жағдайың қалай? - деп қызығады біреуі. - Сірә сендер Ленкамен некеге отырып бақытты өмір сүріп жүрген шығарсыңдар?
      – Иә, солай деуге де болады: Ленка бақытты өмір сүруде, ал мен некеде тұрмын.
Скрыть текст
12-28
      Екі чукча тролейбуста келе жатыр екен. Біріншісі жүргізушіден сұрапты:
      – Мен осы тролейбуспен вокзалға дейін жетемін бе?
      – Жоқ, жетпейсіз.
      Екінші чукча:
      – Ал мен ше?
Скрыть текст
12-29
      Екі дос алған әсерлерін айтып бөлісуде:
      – Сенемісің, менің әйелім арнайы диета ұстап тек қана банан мен кокос жаңғағын жеп жүргеніне осымен екі ай болды.
      – Енді қалай екен, нәтижесі бар ма?
      – Әрине! Оның қалай ағашқа өрмелей алатынын көрсең ғой!
Скрыть текст
12-30
      Бір ханым кішкентай қыздан сұрауда:
      – Сенің бұрымдарың сондай әдемі екен сірә олар сенің анаңнан берілген шығар?
      – Жоқ, мен әкемнен берілген деп ойлаймын. Өйткені оның басында бір тал шаш қалған жоқ.
Скрыть текст
12-31
      Егер сізді біреу бір көргеннен сүйіп қалса, екіншісін күтіңіз: бәлкім, алғашқы әсер алдамшы болған шығар.
Скрыть текст
12-32
      Егер сіз махаббатыңызды тапсаңыз, басыңызды жоғалтып алмадыңыз ба, соны тексеретін уақыт келді.
Скрыть текст
12-33
      Әйеді - күйеуіне:
      – Көрдің бе, сен қандайсың! Саған әрқашан да бәрібір! Ыдысты жуамын деп уәде еттің де өзің диванға барып құлай салдың!
      – Егер уәде етсем қалдырмай жасаймын ғой...Оны осында әкеліп бер, мен оны осы жерде, диванда жатып-ақ жуып беремін...
Скрыть текст
12-34
      Әйелі күйеуіне ашуланып айтыпты:
      – Тағы тойып алыпсың ! Мен кеше сенің сау кезіңді көріп қатты қуанғанмын!
      Күйеуі:
      – Ал бүгін қуанатын менің кезегім!
Скрыть текст
12-35
      Әйелі-күйеуіне:
      – Біздің телефонымызға бірдеңе болған: мен құрбыммен сөйлессем біз бір-біріміздің сөзімізді түк те түсінбейміз.
      – Ал сендер кезектесіп сөйлеп көрдіңдер ме?
Скрыть текст
12-36
      Әйелі күйеуімен театрдан шығып келе жатып:
      – Сен гардеробшыға шайлыққа жүз бакс беріп есіңнен алжасайын дедің бе!
      – Үндеме! Одан оның саған қандай ішікті беріп жібергенін қара!
Скрыть текст
12-37
      Әйелі курортқа бара жатқан күйеуінен сұрапты:
      – Неге неке сақинасын тақпадың?
      – Сақина? Осынша ыстықта ма?
Скрыть текст
12-38
      Әйелі күйеуіне қызының күйеуі туралы айтыпты:
      – Бұл бала өте нашар тәрбиеленген. Мен онымен сөйлесіп тұрған кезде ол қайта-қайта есінеп тұрды.
      – Қымбаттым, мүмкін ол жәй бірдеңе айтайын деген шығар?
Скрыть текст
12-39
      Күйеу бала загстен шыққан соң балгер әйелді көріп:
      – Маған бал ашып берші! - деп оған қолын беріпті. Әлгі әйел оның қолына қарап былай депті:
      – Қысқаша айтқанда: болды, енді кеш.
Скрыть текст
12-40
      Белгілі жазушыға жас дәрігер келіп айтыпты:
      – Мен жазушы болу үшін медицинаны тастадым. Осылай жасап мен адамдарға көп пайда әкелемін деп ойлаймын.
      Жазушы:
      – Сіз медицинаны тастап-ақ оларға көп пайда келтірдіңіз.
Скрыть текст
12-41
      Өз әйелімді жақсы көремін, сондықтан көзіне сирек шөп саламын.
Скрыть текст
12-42
      Әйелдер барлығын істеуге қабілетті, ал еркектер олардан қалғанына.
Скрыть текст
12-43
      Бір адам көшеде келе жатса алдынан жерлеу рәсімін өткізіп жатқандар шығады. Табыттың артында толған еркектер келеді. Олардың қасында бір мәстек ит жүгіріп жүр. Әлгі адам табыт алып келе жатқандардың біреуінен сұрапты:
      – Кімді жерлеп жатырсыңдар?
      – Ә, менің енем ғой...
      – Ол неден қайтып еді?
      – Анау ит қауып алды.
      Әлгі адам:
      – О тыңдашы, маған күшігіңді бере тұршы!
      Жерлеуде жүрген жұрттың арасынан бір дауыс:
      – Кезекке тұр! – депті.
Скрыть текст
12-44
      Балықшылар қауымының жиыны өтуде. Төрағасы шығып:
      – Қысқы балық аулау кезеңі жақындап келеді. Қанша арақ алатын болдық? Бұрнағы жылы әр бауырымызға бір бөтелкеден алғанбыз, қармақтарды жоғалттық. Былтырғы жылы екеуден алдық, автобустан айырылдық. Биылғы жылы қандай ұсыныстарың бар?
      Залдан бір дауыс шығыпты:
      – Бұл жылы үшеуден алуды ұсынамын, бірақ қармақтарды тастаймыз және автобустан шықпаймыз.
Скрыть текст
12-45
      Әдемі бір ой басқа келді де енді мидың қайда екенін мықтап іздеп жатыр.
Скрыть текст
12-46
      Жылдың барлық уақыттарынан ең жек көретінім таң мен дүйсенбілер күні!
Скрыть текст
12-47
      Белгілі хирург науқасқа айтуда:
      – Бұл өте қарапайым ота. Жарты сағаттан кейін-ақ сіз аяғыңызды қозғалта алатын боласыз. Ал бір сағаттан соң керуеттің маңында жүгіріп жүретін боласыз. Ал кешке қарай жаяу үйіңізге ораласыз.
      Науқас:
      – Дәрігер, ал маған тым болмаса отаның кезінде сәл жата тұруға бола ма?
Скрыть текст
12-48
      Бір әйелдің мықтап ішіп алған күйеуі оны оятып алмайын деп бәтеңкесін табалдырыққа шешіп, аяғының ұшымен ғана кіреберіспен келе жатқан еді. Күтпеген жерден сағат түнгі бір болды деп соқты. Әйелінің дауысы:
      – Коля, сағат неше?
      – Он болып жатыр.
      – Онда неге сағат тек бір рет соқты?
      – Енді не ол саған тағы нөлді соғуы керек пе еді?
Скрыть текст
12-49
      Травматогқа қолы мен аяғын дәкемен орап алған әйел келіпті.
      – Сізге не болды? - деп сұрапты дәрігер.
      – Еден сүрткішті қосқан едім, сосын ол менің қолымды тоқпен ұрды.
      – Ал аяққа не болды?
      – Мен де оны теуіп жібердім...
Скрыть текст
12-50
      Жатақханаға қарсы тұрған пәтер. Күйеуі мен әйелінің әңгімесі:
      – Коль, Коль деймін, пердесатып алайықшы!
      – Пердені қайтесің сен, Зин?
      – Әне, қарашы, дәл бізге қарама-қарсы студенттердің бөлмесі. Ал олар мені көріп қалса ше?
      – Зина, қымбаттым, егер олар сені көріп қалса олардың өздері-ақ перде сатып алады....
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульмира Ажмаганбетова, Максат Маликов
Корректор: Құралай Бекенова


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 11 Вернуться к началу Выпуск 13  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв