Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 08
08-01
      Жас жұбайлар "Жигули" көлігін сатып алады. Қала көшелерінде келе жатып, бағанаға соғылады.
      – Келдік! – деді күйеуі.
      – Қызық екен, жазық далада бағана болмаса сен көлікті қалай тоқтатар едің, - депті әйелі.
Скрыть текст
08-02
      Бір еркек психиатрға келеді:
      – Дәрігер, менің басым дұрыс жұмыс істемейтін сияқты көрінеді маған...
      – Неліктен олай деп шештіңіз?
      – Білесіз бе, соңғы екі апта ішінде біздің үкімет не істесе де маған орынды сияқты көрінеді.
Скрыть текст
08-03
      Жас жігіт балгер әйелден:
      – Сіз болашақты ғана болжайсыз ба, әлде өткенді де ме?
      – Екеуін де.
      – Олай болса, маған болашақ әйелімнің өткенін ашып беріңізші.
Скрыть текст
08-04
      Күйеуі аң аулаудан оралады.
      – Дайын бол, енді біз бір ай бойы еттi сатып алмаймыз!
      – Қымбаттым, сен бұлан атып алдың ба?
      – Жоқ, жалақымды ішіп қойдым.
Скрыть текст
08-05
      Күйеуі үйіне екпіндей жүгіріп кіреді де, әйелін бас салып, оны сүйе бастайды және әйелі оған ыстық жауап қайтарады.
      – Кәні, - дейді күйеуі, - енді мен саған мұртсыз ұнаймын ба?
      – Ә, бұл сен бе едің...
Скрыть текст
08-06
      Бір еркек сотқа түсіндіруде:
      – Мен айырылысуға мәжбүрмін. Бұрын, мен жұмыстан келгенде итім мені үріп қарсы алатын, ал әйелім шәркейімді алып келетін. Қазір бәрі керісінше.
Скрыть текст
08-07
      Бір еркек ауруханаға түсіпті. Күтуші түскі асты алып келеді: нан үзіндісі, бір тілім қызанақ, жарты жұмыртқа, бір қасық ботқа. Еркек «ағыл-тегіл» асқа қарап, күрсінеді:
      – Сізде пошта маркасы бар ма?
      – Не үшін?
      – Түстен кейін бірдеңе оқығанды ұнатамын.
Скрыть текст
08-08
      Бір еркек екіншісінен сұрайды:
      – Сен балық аулауға барасың ба?
      – Жоқ.
      – Неліктен?
      – Жұлдыз жорамалдан мен бүгін балықтар үшін қолайлы күн деп оқылым.
Скрыть текст
08-09
      Бір еркек баспамен ауырған соң, дәрігерге телефон шалып, сыбырлап сұрайды:
      – Дәрігер үйде ме?
      – Жоқ, - деп жауап береді дәрігердің әйелі де сыбырмен, - тезірек кел...
Скрыть текст
08-10
      Психиатрдың қабылдауында:
      – Дәрігер, маған бірдеңе болған тәрізді! Мені үнемі біреу аңдып жүргендей сезінемін!
      – Сонда қалай, қашаннан бері?
      – Салық төлеуді қойғаннан бері!
Скрыть текст
08-11
      Прокурордың қабылдауына бір әйел келеді де, күйеуін мезгілінен бұрын босатып алуға көмектесуін сұрайды. Прокурор:
      – Ол не үшін отыр?
      – Бар жоғы алаяқтық үшін...
      – Сонда... жөлік екен қой? Неге оны түрмеден алып шыққыңыз келеді?
      – Менің ақшам таусылды.
Скрыть текст
08-12
      Бірде Мәскеуде такси жүргізушісі чукчаға жұмбақ жасырады:
      – Менің шешемнің ұлы кім, бірақ менің ағам емес?
      – Алайда білмедім.
      – Мен өзім.
      Чукча үйіне келіп өз үйіндегілерге осы жұмбақты жасырады:
      – Менің шешемнің ұлы кім, бірақ менің ағам емес?
      – Білмейміз.
      – Мен білемін - мәскеулік такси жүргізушісі.
Скрыть текст
08-13
      Психиатрдың қабылдауында:
      – Сонымен! Яғни, салықтарды қуана төлеймін дейсіз бе? Ол қашан басталды?
Скрыть текст
08-14
      – Түсінбеймін, сен қалай бір күн ішінде осыншама ақымақтық жасап үлгердің?
      – Мен өте ерте тұрамын...
Скрыть текст
08-15
      Өмірден орын табу - қиын мәселе емес. Ол орынды алу - мәселе!
Скрыть текст
08-16
      Сыйлықтар үш түрлі болады: қымбат, онша қымбат емес және кітап.
Скрыть текст
08-17
      Егер сіз арықтағыңыз келсе, тыр жалаңаш шешініңіз де, айнаның алдына отырып алып тамақ жей бастаңыз. Бұл тәсіл өте тиімді, себебі бұл жағдайда сізді мейрамханадан бірден далаға шығарып жібереді.
Скрыть текст
08-18
      Төрт баланың әкесін жаман күдік мазалайды:
      – Зина, тыңдашы, меніңше Вася менің балам емес сияқты.
      – Мұндай ой сенің басына қалай ғана келіп жүр? Керісінше Вася нақты сенің балаң!
Скрыть текст
08-19
      Түн. Вагонда кішкентай лампылар сығырайып жанып тұр. Кенеттен жарық сөніп қалады және біреу қатты айғай салады:
      – Азаматтар! Қол сандықтарыңызды байқаңыздар! Ұрланады!! Мен біреуін ұрладым!!
Скрыть текст
08-20
      Бір адам танысына:
      – Білесің бе, кеше мен бір бойжеткенді сүйіп алып едім, ол бірден полицейді шақыра бастады.
      – Менің жағдайым одан да ауыр. Мен бойжеткенді сүйіп үлгермей жатып, ол бірден дін қызметшісін шақырды.
Скрыть текст
08-21
      – Даяшы, сіздің шницеліңіз шіріген пияз жағылған, әбден тозығы жеткен ескі шәркейді еске түсіреді!
      – Таңқаларлық жағдай, өміріңізде сізге не жеуге тура келген.
Скрыть текст
08-22
      – Даяшы, шот!
      – Сіз не жедіңіз?
      – Аспаздан сұраңыз, мен туралған ет тапсырған болатынмын.
Скрыть текст
08-23
      Құрбысы сұрақ қойды:
      – Қызық екен, сендердің үйленген күндерің сенің күйеуіңнің есінде ме екен?
      – Бағыма қарай, жоқ.
      – Неге "бағыңа қарай"?
      – Мен ол туралы жылына бірнеше рет оның есіне саламын, және әр уақытта сыйлық аламын.
Скрыть текст
08-24
      Дәрігер емделушіні қарап шыққаннан кейін:
      – Сіздің денсаулығыңыз жақсы. Тек қана таза ауада көбірек жүріп, қыстыгүні жылырақ киінуге кеңес беремін.
      Үйінде күйеуі одан дәрігердің не айтқанын сұрайды:
      – Жазда теңіз жағалауында дем алуды, қыста – қаракүзенді ішік киюге кеңес берді.
Скрыть текст
08-25
      – Айыпкер, бұл іс туралы не айтып бересіз?
      – Үйге қарай келе жаттым. Маған екі адам жақындап келіп: "Тон мен бөрікті шеш»,- деді. Мен айтқандарын істедім. Біреуінің тонын, екіншісінің бөрігін шештім.
Скрыть текст
08-26
      – Қымбаттым, қарашы, сенің футболкаң "Тайдпен" жуғаннан кейін кіршіксіз ақ болып шықты!
      – Иә...Бірақ ол маған жолақтары бар болған кезде көбірек ұнайтын.
Скрыть текст
08-27
      – Неге сіз өзіңіздің немереңізге осындай айтылуы қиын Клитемнестра деген атты қойдыңыз?
      – Практикалық ойға сүйене отырып қойдым. Мен өзім оны "балапаным" деп атаймын ғой. Ал кешкісін күйеуім үйге келіп оны шақыра бастағанда мен оның қанша ішкенін бірден білемін.
      – Ал егер күйеуіңіз де оны "балапаным" деп атаса ше?
      – Менің күйеуім ішіп алған кезінде ақымақтан да асып кетеді. Ешқашан да олай айтуға басы жетпейді.
Скрыть текст
08-28
      Ертеңгісін әйелі күйеуіне төсекке кофе әкеліп берді. Біршама уақыт өткеннен кейін жатын бөлмеден қатты айқай естілді. Әйелі ас үйде тұрып сұрапты:
      – Қымбаттым не болып қалды?
      – А-а-а-а!!! Мен күйіп қалдым!!! А-а-а!!! Мен үстіме кофені төгіп алдым! А-а-а!!!
      – Қымбаттым, бұлай айқайлама енді. Сәл шыда. Мен қазір тағы бір кофе демдеп беремін!
Скрыть текст
08-29
      – Неге сіз дәрі-дәрмектерді ішпейсіз?
      – Олар жиіркенішті ғой.
      – Ал сіз дәруменді ішкенде коньяк ішіп жатырмын деп ойлаңыз.
      – Одан да мен коньяк ішіп жатып дәрі ішіп тұрмын деп ойлай салайын.
Скрыть текст
08-30
      Ұшақта стюардесса хабарландыру жасауда:
      – Ұшақ салмағы көтере алу шамасынан асып кетті, бір жолаушының секіруі қажет болып тұр.
      Кенет бір еркектің сыбырлаған дауысы естіліпті:
      – Әрдайым осы енем керек еместе кезде шыға қалады. Ал енді керек болғанда таба алмайсың.
Скрыть текст
08-31
      – Неге біздің елімізде өмір сүру қымбатқа шығатын болды?
      – Ол алғашқы қажетті зат (нәрсе) болудан қалды.
Скрыть текст
08-32
      Әрбір ата-ананың жақсы және жаман жағы да бар, дәлірек айтқанда, кез келген қорек көзіндегідей.
Скрыть текст
08-33
      – Неге сен ешқашан демалыс алмайсың? Сенің фирмаң не соншама, сенсіз күн көре алмай ма сонда?
      – Міне сондықтан да мен олар соны түсінбесін деп кеткім келмейді.
Скрыть текст
08-34
      – Cен күйеуіңмен ажырасайын деп жүргенің шын ба?
      – Шын.
      – Бұндай жағдайда мен саған жақсы қорғаушы ұсына аламын.
      – Рақмет, бірақ мен бір жақсы бизнесменді тауып алдым.
Скрыть текст
08-35
      Мас біреу үшінші қабаттан құлапты. Полиция қызметкері келіп одан сұраған екен:
      – Не болып қалды?
      – Білмеймін, - депті жаңағы үсті-басын қағып жатып. - Мен өзім бұл жерге тап жаңа түстім.
Скрыть текст
08-36
      Екі дос әңгімелесуде. Біреуі мұңайып айтады екен:
      – Бұл өмірде барлығы сондай біршама...
      – Сен нені меңзеп отырсың?
      – Әйелім білмейтін әлгі жүз рубль, ол білетін бір мыңдықтан әлдеқайда қымбатырақ.
Скрыть текст
08-37
      Әкесі ұлымен әңгімелесуде:
      – Балам, сенің мектеп директорының ата тегі қалай?
      – Білмеймін.
      – Ал сенің сынып жетекшіңнің ата тегі қалай?
      – Есімде жоқ.
      – Сенде қатырасың әй! Сен 15-тесің, енді келіп алып: "Білмеймін, есімде жоқ" дегенді айтасың. Ал тым болмағанда қай сыныпта оқисың, осыны білетін шығарсың өзі?
      – Үшінші.
      – Құдайға шүкір! Әйтеуір осы есіңде екен! Ал мен сені тіпті ақымақ екен деп ойласам!
Скрыть текст
08-38
      Сот:
      – Демек, сізді дұрыс айыптап жатыр, түнгі бір жарымда сіз көшеде көңіл көтеріп, қатты дауыстап өлең айттыңыз...Сіз мойындайсыз ба?
      – Мойындаймын.
      Сот айыпталушыдан ұзақ көзін алмай қарап тұрды да артынан кекетіп:
      – Бұл азаматты ақтап шығу керек деп ойлаймын. Мен осындай біздің иттей болған өмірімізде жүріп өлең айтатын тым болмағанда бір адамның табылғанына қуаныштымын...
Скрыть текст
08-39
      Зоодүкендегі әңгіме:
      – Ал сізде кішкентай, кішкене ғана акула табылмас па екен?
      – Ол не үшін керек?
      – Мысығымның сазайын берейін деп едім: ол бүгін тағы аквариумдегі барлық балықтарды жеп қойыпты.
Скрыть текст
08-40
      Әйелі терезеге қарап тұрып ойланып айтыпты:
      – Қарашы, қымбаттым, біреудің байы қамқоршыл екен, өзі барып жіптен киімдерді ағытып алып жатыр...
      Күйеуі терезеге келіп дәл солай ойланып тұрын айтқан екен:
      – Өте қамқоршыл, бірақ ағытып жатқан киімдері біздікі ғой...
Скрыть текст
08-41
      Тергеуші уайым-қайғыға батып, қара киініп алған жесірге жан ашырлықпен қарап тұр.
      – Кешіріңіз, сіз маған күйеуіңіздің соңғы сөздерін айта аламысыз? - деп сұрайды.
      – Айта аламын - дейді жесір өксіп. - Ол айтқан: "Мені осы мылтықпен қорыта беруді доғар! Сен онымен тіпті сарайдың қақпасына да тигізе алмайсың!"
Скрыть текст
08-42
      Ауруханада палата кіреберісінде бір қыз егде әйелді жолықтырады:
      – Айтыңызшы, - деп жүгінеді ол әйелге, - бүгін науқас К.-ні көруге болама екен?
      – Әрине, ал сіз оның кімі болып келесіз?
      – Мен оның қарындасы едім.
      – Танысқаныма қуаныштымын, мен оның анасы боламын.
Скрыть текст
08-43
      – Тыңдашы, мен не істесем болады? Маған дәрігер толығымен есіңнен адасасың деді.
      – Солай ма? Сен маған бір-екі мың қарызға бере тұрасың ба?..
Скрыть текст
08-44
      Тым жақсы бір медбике дәрігерге айтыпты:
      – Иван Иванович, науқас Ковальскийді мен тек егер сіз оның екінші қолына да гипс салып берген кезде ғана емдейтін боламын.
Скрыть текст
08-45
      Ауқатты ханым жеке детективке нұсқау беріп жатыр:
      – Өтінемін, менің күйеуім мен мына бикештің артынан бақылап қараңызшы. Сіз ол әйелдің менің күйеуімнен не тапқанын анықтап біліп, маған айтуыңыз керек.
Скрыть текст
08-46
      Енесі күйеу баласына өзінің өткенін армандап айтып отыр:
      – Мен жас кезімде, ақылсыз, аңқау әрі өте ұсқынсыз болдым...
      Күйеу баласы:
      – Апа, сіз керемет сақталыпсыз.
Скрыть текст
08-47
      – Саған өзіңнің солақайлығың кедергі келтірмей ме?
      – Жоқ. Мысалы міне, сен қай қолыңмен шәйді араластырасың?
      – Оң қолыммен!
      – Міне көрдің бе! Негізі дұрыс адам шәйді қасықпен араластырады!
Скрыть текст
08-48
      Үй иесі қонақтарға ескертіп:
      – Құдай үшін, тек осы диванға отырмаңыздаршы! Онда қандалалар өріп жүр.
      – Ал сіз неге оны лақтыра салмайсыз?
      – Олай жасап көрдік! Олар оны қайта тасып кейін алып келеді.
Скрыть текст
08-49
      Теміржол өткелінде кептеліс болып қалды. Көліктер сигнал беріп, жүргізушілері алаңдай бастайды.
      Темір жол күркесінен бір ақсақал шығады:
      – Сабыр етіңдер, жігіттер! Пойыз бес сағатқа кешігіп келеді!
Скрыть текст
08-50
      Бір "браттан" сұрапты:
      – Сіз ақпарат алу үшін ең жиі нені қосасыз: радио, теледидар, компьютер?
      – Үтік!
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 07 Вернуться к началу Сказки  >>