Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 06
06-01
      – Егер мен қателеспесем, ертең сенің күйеуіңнің туған күні ғой? Сен оған қандай сыйлық дайындап қойдың?
      – Оған не сыйларымды тіпті білмей отырмын. Күйеуімде онсыз да маған керектің бәрі бар.
Скрыть текст
06-02
      – Сен қалайша әйеліңмен тоқтаусыз ұрысып жүріп, енеңді құрметтей аласың?
      – Бір кездері дәл оның өзі біздің некемізге үзілді-кесілді қарсы болған.
Скрыть текст
06-03
      Әйелі күйеуін оятуда:
      – Саған не болған? Неге соншалықты айқалайсың?
      – Менің түсіме Марусяның батып жатқаны кірді.
      – Қайдағы Маруся тағы?
      – Сен оны танымайсың, мен онымен түсімде танысқанмын.
Скрыть текст
06-04
      Өмір еркектерге аяусыз болады... Олар осы дүниеге келгенде, олардың аналарына гүл береді. Олар үйленгенде, олардың қалыңдықтарына гүл мен сыйлықтар береді. Ал олар қайтыс болған кезде, олардың әйелдері сақтандыруды алып, Багам аралдарында демалады.
Скрыть текст
06-05
      Әйелі телефонмен сөйлесіп болып, тұтқаны қояды. Күйеуі газетті оқып отырып сұрады:
      – Бұл кім ?
      – Апам ғой. Меніңше, ол жартылай есінен алжасайын деген сияқты.
      – А-а-а... Демек, жақсырақ болды де.
Скрыть текст
06-06
      Әйел адам дәрігерге шаршағандықты сезіну мен бас ауруына шағымдануда.
      – Сізге, науқас, тұрақты тыныштық қажет.
      – Дәрігер, сіз менің тіліме де қарамай-ақ, осылайша бірден кеңес бере саласыз ба?
      – Сіздің тіліңізге де тұрақты тыныштық керек.
Скрыть текст
06-07
      – Питерде үйленгем. Болмай қалды...Екінші рет - Мәскеуде, тағы болмады. Ал үшінші рет, Вязникиде болғанда, сәті түсті! Енді тек қана Вязникиде үйленетін боламын!...
Скрыть текст
06-08
      Маскүнемнің досы шынын айтуда:
      – Мен әйелімнің көзінше ішкім келмейді. Олардың қалай екеу болып кеткенін көргенде жайсызданамын.
Скрыть текст
06-09
      – Ең бірінші әйел неден жаратылған?
      – Бірінші қыздан.
Скрыть текст
06-10
      Өмірде барлығы да өліммен аяқтала бермейді, кейде үйлену тойымен де аяқталып жатады.
Скрыть текст
06-11
      – Сонымен, сіз аптасына қанша алғыңыз келеді?
      – Үш жүз.
      – Үш жүз ?! Ұялсаңызшы! Сізде не біліміңіз, не жұмыс тәжірибеңіз де жоқ...
      – Жоқ, сіз ойлап көріңізші: өзіңнің не істеп жатқаныңды түсінбейтін жұмысты істеу әлдеқайда қиын ғой!
Скрыть текст
06-12
      – Маған сіздің көмегіңіз керек, - деп жүгінді пациент психоаналитикке.
      – Сіз мамандығыңыз бойынша кім боласыз?
      – Мен психоаналитикпін.
      – Онда өз өзіңізге көмектесіп көріңіз!
      – Көрдіңіз бе, мен тым қымбат аламын.
Скрыть текст
06-13
      – Біз енді ғана үйленген кезде, сен өзіңе кішкене бөліктерін алып, маған ең үлкендерін қалдыратынсың. Сен мені енді сүймейсің!
      – Қайдағыны айтасың, қымбаттым. Жәй, сен тағамды жақсы әзірлейтін болдың.
Скрыть текст
06-14
      Анасы қызына "тірі" йогурт сатып алды, үйге әкеліп, тоңазытқышқа салып қойды. Түнде йогурт құтысынан шығып алып, борщты опырып, шұжықты да жеп, арақтың бөтелкесінен бір сіміріп, құтысын алып, қайта дүкенге кетіп қалыпты. Сол күйі қыз йогурттан дәмін тата алмады.
Скрыть текст
06-15
      Анасы қонақтармен бірге бір бокал шарап ішіп алып, кішкентай қызын жатқызуға кетті.
      – Анашым, сен неге әкемінің иіссуын себініп алғансың?!
Скрыть текст
06-16
      Жас күйеуі әйеліне айтыпты:
      – Сенің маған сенбеуің мүмкін, бірақ бұл сорпаны мен өзім пісіріп алдым.
Скрыть текст
06-17
      Жас жігіт окулистке келіпті:
      – Дәрігер, үйлену тойынан кейін менің көзімнің көру қабілетіне бірдеңе болған: мен ақшаны көре алмаймын!
Скрыть текст
06-18
      Халықтың ырымы:
      "Егер әйел жұмсара бастаса, онда бұл айлықтың жақындағаны".
Скрыть текст
06-19
      Ер адам балдаққа сүйеніп келе жатады. Қарсы бағытта досы шығып:
      – Саған не болған?
      – Көлік апаты.
      – Сұмдық-ай! Сен енді балдақсыз жүре алмайтын болдың ба?
      – Білмеймін. Дәрігер жүре аласың десе, ал қорғаушым жоқ дейді.
Скрыть текст
06-20
      Рульге жақында отырған біреу сағатына жиырма километрмен жүріп, барлық ережені сақтап келе жатқан еді. Инспектор тоқтатады.
      – Бірақ не үшін?
      – Ал сіз бұлайша қайда жорғалап барасыз?
Скрыть текст
06-21
      Жағалауда бір ер адам әйел адамға айтыпты:
      – Сіздің балаңыз менің жейдемді құмға көміп тастады.
      Әйел ештеңе деп жауап қайырмапты.
      – Бұл менің жейдем!
      Әлгі әйел үндемейді.
      – Апай !
      – Сіз неге айқайлайсыз, бұл менің балам емес. Менікі сіздің қалпағыңызда шиелерді жуып отыр.
Скрыть текст
06-22
      Сотмедсараптаушы практикантқа айтуда:
      – Жазыңыз: "Басының бас сүйегі зақымдануы..."
      Практикант:
      – Мүмкін "Бас сүйектің-ми зақымы" деп жазған дұрысырақ болатын шығар?
      Сотмедсараптаушы:
      – Оның миы жоқ, тексеретін де дәнегесі жоқ. Недейсің енді, әйелінің туған күніне көңілдесімен келгенге.
Скрыть текст
06-23
      – Жоқ, мен сіздің отаңызға келіскенше, өле салғаным артық!
      – Ашуға салынбаңыз. Біреуі басқасына кедергі емес.
Скрыть текст
06-24
      Мүйізтұмсық өте нашар көреді. Бірақ оның салмағында бұл оның мәселесі емес.
Скрыть текст
06-25
      – Ал, тамырыңның соғысы жақсы екен, - деді дәрігер науқастың тамырын ұстап отырып.
      – Дәрігер, бұл протез ғой!...
Скрыть текст
06-26
      Сұлтан өзінің үш жүз әйелін жинап алып:
      – Мен сендерді тастап барамын. Мен басқа гаремді ұнатып қалдым.
Скрыть текст
06-27
      Психиатр - ем қабылдаушыға:
      – Сонымен, әр түн сайын басыңыздан оқтаумен соғып, сізге айғайлайтын және тарпа бас салатын құбыжықты түсіңізде көресіз? Оянған сәтіңізде құбыжық жоғалып кетеді ме?
      – Мәселе сонда ғой. Таңертең ол: "Ұйықтауыңды доғар. Балаларды балабақшаға апар" деп айғайлайды.
Скрыть текст
06-28
      Судья:
      – Демек, сіз сол кеште көлік айдаған кезде сау болғаныңызды растайсыз ба?
      – Әлбетте.
      – Жалпы сіз қалай, ішесіз бе?
      – Сізді дұрыс түсінбедім, судья мырза. Бұл сұрақ немесе ұсыныс па?
Скрыть текст
06-29
      Үйленбеген екі ер азамат бір-бірімен сөйлесіп отыр:
      – Жуылатын тұсқағаз керемет нәрсе. Дегенмен, оларды жуу үшін қабырғадан жұлып алып, жуу машинасына салу біраз әуреге салады.
Скрыть текст
06-30
      – Тыңдашы, әйелің ажарланып кетіпті ғой.
      – Оны қайдан шығардың?
      – Кеше оны сенімен бірге көлікте көрдім.
      – Жоқ, ол әлгі итімді ветеринарға апарғам...
Скрыть текст
06-31
      Қарт әже көкөніс дүкеніндегі сатушыға:
      – 5 кг картоп алғым келіп еді, бірақ жеткізе алмаймын деп қорқам.
      – Әже, алыңыз,- деп сатушы жұбатты,- мен сіз көтере алатындай өлшеп беремін.
Скрыть текст
06-32
      Әлдекім есікті қақты...
      – Кім бұл?
      – Ажалың.
      – Болсаң қайтеін?
      – М, шынымды айтсам, болды…
Скрыть текст
06-33
      Көшеде негр сүт ішіп тұр. Қасынан ақ адам өтіп бара жатып, алдына тоқтап, оған көз алмай қарап, айтты:
      – Жо-оо-қ, көмектеспейді...
Скрыть текст
06-34
      Екі қаңғыбас қоқыс жәшігінің алдында тұр. Біреуі екіншісіне:
      – Мәссаған, халық кедейленіп кеткен бе? Алатындай түгі жоқ нәрселерді лақтырады!
Скрыть текст
06-35
      Жұмысында қатты жарақат алған құрылысшы, ауруханада өзінің досын қабылдауда:
      – Дәрігерлер менің жағдайым нашар деді, тіпті аман қалуым екіталай. Қаншалықты менің жағдайым нашар болып тұрғанымен, мен саған бір нәрсені айтуым керек. Әйелің көзіңе шөп салып жүр.
      – Рас па? Қалай білдің?
      – Мен сенің пәтеріне қарама-қарсы құрылыста жұмыс істегем. Кейінірек бейтаныс бір еркектің сенің әйеліне гүл мен шарап сыйлағанын көрдім.
      – Әрі қарай не болды?, - деп досы ашуланып, бөліп жібереді.
      – Сосын олар диван үстіне жайғасып, әңгіме үстінде шараптан ұрттап отырды, сосын ол оны құшақтай бастады...
      – Қысқарақ айтсаңшы! Кейін не болды?
      – Кейін ол әлгі еркекті сүйді де, асықпай шешіне бастады...
      – Сосын ше? Сосын?
      – Кейінгісі есімде жоқ. Көрермендер шамадан тыс жиналғандықтан, құрылыс сатысы құлап кетті.
Скрыть текст
06-36
      "О, жолың болғыш" атты ТВ бағдарламасы. Жаңа орыс соңғы сұраққа жетті:
      “Аталған құстардың қайсысы ұя салмайды: барылдақ торғай, көкек, қырғауыл, қызылтамақ шымшық?
      Жаңа орыс "досыңа қоңырау шалу" мүмкіндігін пайдаланады. Досы оған:
      – Көкек,- жауабын айтады.
      Содан жаңа орыс миллионды ұтып алады. Досы екеуі бұл жеңісті тойлап отыр, жаңа орыс досынан дұрыс жауапты қайдан білетінін сұрайды.
      – Мәссаған! Мұны тіпті балалар да біледі, көкектер сағат ішінде өмір сүреді!
Скрыть текст
06-37
      Сот отырысы. Судья айыпталушыдан сұрайды:
      – Айыпталушы, сіз жәбірленушінің басынан табамен ұрғаныңызды мойындайсыз ба?
      – Мойындаймын, судья мырза, бірақ оның аяқтары бұл оқиғаға дейін қисық болған.
Скрыть текст
06-38
      Үйдің иесі:
      – Мен сізді осы бөлмеден ақшаңызды төлемегеніңізше шығармаймын.
      Студент:
      – Үлкен рақмет! Ұзақ уақытқа баспана таптым ғой.
Скрыть текст
06-39
      Баласы әкесінен:
      – Әке, есі ауысқандарды қалай ұстап алады?
      – Кәдімгідей, балам. Бетке жағатын опа-далап, әдемі көйлектер мен сүйкімді күлімсіреудің көмегімен.
Скрыть текст
06-40
      Баласы әкесінен сұрайды:
      – Әке, үйленгелі жүрген жас жігітті күйеу жігіт дейді, ал үйленген азаматты кім деп атайды?
      – Бұндай сөздерді білуге, балам, саған әлі ерте.
Скрыть текст
06-41
      – Сенің әйелің үнемі көп сөйлейді ме?
      – Біз демалыста болған кезде, тіпті оның тілі күнге күйіп қалды.
Скрыть текст
06-42
      – Ақшаны кімнен қарызға алуға болады?
      – Пессимистерден, олар сіздің ақшаны қайтармайтыныңызға сенімді.
Скрыть текст
06-43
      Кеме батып барады. Жолаушылар үрейленіп, бәрі кішкентай қайыққа топырлап мініп жатыр. Біреуі салмақты түрмен капитаннан:
      – Mен өте жақсы жүзгішпін. Жерге дейін алыс па?
      – Бір миля,- деп қабағын түйіп жауап береді.
      – Қай жаққа қарай?
      – Тіке төмен.
Скрыть текст
06-44
      Өлім аузындағы әйелі күйеуіне:
      – Мен саған өлмес алдында, бір құпияны айтуым керек. Мені ешқашан кешірмейтініңді білем, бірақ құпияны айтып, біраз жүгімді жеңілдеткім келеді. Сен түнгі кезекке кеткен кезінде, біздің үйге көршіміз келетін.
      – Мен ең басынан білгем,- деп күрсінеді күйеуі.
      – Жоқ, сен білген жоқсын. Сен мейірімді әрі ақкөңіл адамсың, мен сенің көзіңе шөп салып жүр деп ойладың. Ақымағым-ау! Ол сенің жертөлеңде шарабыңды ішетін.
Скрыть текст
06-45
      Үш мас адам темір жолдың бойымен еңбектеп келеді:
      – Баспалдақ ыңғайсыз болып тұр...
      – Иә... оған қоса сүйеніші де кең....
      – Ештеңе етпес, әне, жедел саты келе жатыр...
Скрыть текст
06-46
      – Мен әкем сияқты ай сайын 10 000 доллар табуды армандаймын.
      – Сенің әкең ай сайын 10 000 доллар таба ма?
      – Жоқ, ол да армандайды.
Скрыть текст
06-47
      – Бұрынғы жұмыс орныңыздан мінездемеңіз бар ма?
      – Иә, маған ол жерде басқа жұмыс орнын табуға кеңес берді.
Скрыть текст
06-48
      Құрбылардың арасындағы әңгіме:
      – Олегтен мүлде басқа адамды жасап шығардым.
      – Рас па? Енді оның есімі қандай?
Скрыть текст
06-49
      – Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгендігіңіз үшін 500 рубль көлеміндегі айыппұл саламын. Сіздің бұған қосатыныңыз бар ма, айыпкер?
      – Негізі айтқым келеді. Бірақ бұндай бағалардан кейін...
Скрыть текст
06-50
      – Сенің екінші рет күйеуге шыққаны жайлы естідім.
      – Иә, бірақ мені оның менен жас болғаны алаңдатады.
      – Уайымдама, сенің қасында ол тез-ақ қартайып кетеді.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова
Корректор: Мади Толегенов



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 05 Вернуться к началу Выпуск 07  >>