Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 05
05-01
      – Алло! Алиса, бұл сенсің бе? Мен театрға билеттерді сатып алдым!
      – Тамаша! Мен шығуға дайындала бастадым.
      – Дұрыс жасап жатырсың! Онда біз нақты уақытында боламыз, билеттер ертеңгі күнге.
Скрыть текст
05-02
      Дүкенде:
      – Тыңдаңызшы, сіздің күйеге қарсы құралыңыз ештеңеге жарамайды. Күйе оны рахаттанып жейді!
      – Онда бәрі дұрыс. Күйе оны жеп жатқанда, киімдеріңізде шаруасы болмайды.
Скрыть текст
05-03
      Жарнамалық акция:
      "Егер сіздің үшінші балаңыз біздің перзентханада туылса, төртіншісін біз сіздерге тегін сыйға береміз".
Скрыть текст
05-04
      – Қарындас, сіз билеп жатырсыз ба?
      – Иә.
      – Құдайға шүкір!!! Мен сізге тоқ соқты ма деп ойласам...
Скрыть текст
05-05
      Психотерапевт кабинетіндегі ауру:
      – Дәрігер, соңғы кездері мен Ресей экономикасының жағдайы туралы қатты, ессіз сияқты алаңдаудаймын!
      Дәрігер ойнақы жауап берді:
      – Сіз де айтады екенсіз, достым! Ешқандай да Ресейдің экономикасы жоқ, ол жай ғана жоқ нәрсе, бұл ертегі, жалған, сандырақ! Сіз осы арақ ішіп тұрасыз-ау...
Скрыть текст
05-06
      Абстракционист суретші үйленеді. Бірнеше айдан кейін оның әйелінен құрбысы сұрады:
      – Ал, қалай өмір сүріп жатырсыңдар?
      – Жақсы, - деді ол, - күйеуім сүрет салады, мен тамақ пісіремін, сосын екеуіміз отырып алып, оның не салғаны мен менің не пісіргенімді табамыз.
Скрыть текст
05-07
      Қаңғыбас әйелден сұрайды:
      – Сізде екі күн бойы ештеңе жемеген кедейге торттың бір тілімі табыла ма екен?
      Үй иесі әйел:
      – Торттың? Саған нан жетпей ме?
      – Әдетте, жетеді, бірақ бүгін менің туған күнім еді.
Скрыть текст
05-08
      Екі дос өмір туралы әңгімелесіп отыр. Біреуі айтады:
      – Мен әрқашан үлкен машинаны жүргізуді және менің қалталарым ақшаға толы болғанын армандайтынмын!
      – Сонымен, қалай, сенің арманың орындалды ма?
      – Әрине, орындалды! Мен рейстік автобустың жүргізушісі болып жұмыс істеймін.
Скрыть текст
05-09
      Теңізде, жағалауға жақын жерде, бір әйел көмек сұрап жатыр:
      – Батып барамын... Көмектесіңіздер, батып барамын. Жоқ, жоқ, сізге емес, сіздің артыңыздағы нейлонды плавки киген қара шашты ер адамға айтып жатырмын.
Скрыть текст
05-10
      Бір әйел құрбысына айтады:
      – Арықтау үшін дәрігер маған күнделікті атпен жүруді жазып берді.
      – Сонымен, нәтижелері бар ма?
      – Ия! Ат әлдеқашан арықтап кетті.
Скрыть текст
05-11
      Дәрігер келушіге:
      – Мен сізге жылырақ жамылып алып, жатыңыз деген едім, ал сіз болса, күні бойы дүкен аралап жүрсіз.
      – Көрпе іздеп жүрмін, дәрігер.
Скрыть текст
05-12
      Фирманың иесі жұмысшысымен кездесіп айтты:
      – Құттықтаймын! Сіз мұрагерлі болыпсыз ғой.
      – Өкінішке орай. Менің жалақыммен менде мұрагер болуы мүмкін емес - менде тек балаларым ғана болуы мүмкін.
Скрыть текст
05-13
     - Сіздің күйеуіңіз қайда жұмыс істейді?
      – Үш айдан бері ликер-арақ жасайтын зауытта істейді.
      – Оған сол жерде ұнайды ма?
      – Білмеймін. Ол әлі үйге келген жоқ.
Скрыть текст
05-14
      Екі көрші сәкіде өсек айтып отыр:
      – Петровна, балаң неге сондай ұсқынсыз қызды әйел қылып алды?
      – Ештеңе етпес, үйді қорғайтын болады...
Скрыть текст
05-15
      Терең демалу микробтарды өлтіреді. Бірақ оларды қалай терең демалуға көндіруге болады?
Скрыть текст
05-16
      – "Тайд ұнтағының жарнамасы үшін лас адамдар мен салақтар қажет".
Скрыть текст
05-17
      – Қарындас, сізді келесі биге шақырып үлгерді ме?
      – Жоқ, әлі шақырмады. Мен боспын.
      – Онда менің саптыаяқ сырамды ұстай тұрыңызшы...
Скрыть текст
05-18
      – Дәрігер, менде депрессия.
      – Жұмысқа басыңызбен кіріп кетіңіз. Сіз немен айналысасыз?
      – Бетон араластырамын...
Скрыть текст
05-19
      – Дәрігер, мен жартылай саңыраумын...
      – Жартылай саңырау деген не? Адам не саңырау болады, не саңырау емес болады. Тексеріп көрейікші. Бұрышқа тұрыңыз... Мен санды сыбырлап айтамын, ал сіз оны естуге тырысыңыз. Сексен сегіз!
      – Қырық төрт, дәрігер...
Скрыть текст
05-20
      Қымбатты досым, сізге көніл айтуыма рұқсат етіңіз!
      – Не болып қалды?
      – Кеше менің әйелім қаракүзен ішігін сатып алды!
      – Менің бұған не қатысым бар?
      – Менің әйелім ертең сіздің әйеліңізге барайын деп отыр, сондықтан сіздің қатысыңыз бар!
Скрыть текст
05-21
      Дәрігер сырқатнаманы толтырып жатып, ауруға сұрақ қояды:
      – Ішесіз бе?
      Ауру (қызу):
      – Бар ма?
Скрыть текст
05-22
      Дәрігер - емделушіге:
      – Сіздің күйеуіңіздің қолы сынған.
      – Дәрігер, сіз менен бір нәрсені жасырып отырсыз. Мен ең жаман нәрсені естуге даярмын. Айтыңызшы, ол ыдыс жуа алады ма?
Скрыть текст
05-23
      – Қымбаттым, сенің мендегі ең жақсы көретінің не: менің әдемі жүзім бе әлде менің керемет денем бе?
      – Сенің әзіл-оспақтап сөйлей алатындығыңды жақсы көремін.
Скрыть текст
05-24
      "Егер сіз онша әдемі болмасаңыз, онша денсаулығыңыз жақсы болмаса, бірақ бай болсаңыз, тамаша жиырма жастағы жесір әйел қуанышпен сіздің де жесір әйеліңізге айналады".
Скрыть текст
05-25
      Әйелі мен күйеуі көлікте кетіп бара жатыр.
      Әйелі:
      – Ой, тезірек көлікті кері қарай бұр. Мен газ плитасын өшіруді ұмытып кетіппін. Біздің пәтеріміз жанып кетпесе екен!
      Күйеуі:
      – Жанып кетпейді, мен душты өшіруді ұмытып кетіппін.
Скрыть текст
05-26
      Бір француз журналы ер азаматтарға арнап, сайыс жариялады. Оның шарты бойынша, ер азаматтар өздерінің таңын сипаттап беру керек, үздік деп танылғаны жеңімпаз болады. Бірінші орынды келесі туындының авторы иеленді: "Мен тұрамын, таңғы асымды ішемін, киінемін және үйге қарай жол тартамын".
Скрыть текст
05-27
      Хабарландыру:
      Ішпеймін, шылым шекпеймін. Дүкеннен ішімдік пен шылым алып келетін қызбен танысамын.
Скрыть текст
05-28
      Газет бетіндегі хабарландыру:
      «Ақылды, нәзік, зейінді, жұмыстан қашпайтын, кең пейілді, ішпейтін еркекті бір рет көрсе ғой».
Скрыть текст
05-29
      Толығымен жабдықталған аңшы досын кездестіріп қалады:
      – Қайда жиналдың, аң аулау мерзімі бітті емес пе?
      – Ия, дегенмен әйелім ол туралы әзірше ештеңе білмейді.
Скрыть текст
05-30
      – Неге әйелдердің отыз пайыз ғана жұмаққа барады?
      – Себебі олар көп болса, ол жұмақ емес, тозақ болушы еді.
Скрыть текст
05-31
      Науқас дәрігердің қабылдауында:
      – Дәрігер, менің басым ауырып тұр.
      Дәрігер:
      – Міне дәрілер. Кешке біреуін ішіңіз. Егер таңертең оянсаңыз, тағы екеуін ішіп алыңыз.
Скрыть текст
05-32
      Шейх сарайының алдына бір автобус тоқтайды, іші толған егде жастағы әйелдер.
      – Тағы да туристер ме?- деп сұрайды шейх.
      – Жоқ - дейді оның көмекшісі, -бұл сіздің енелеріңіз қонаққа келді.
Скрыть текст
05-33
      Әкесі үш баласын ертіп, шөп шабатын алаңға келді. Оларға ризалығын білдіру үшін қарт бір стақан арақтан құйып берді. Біраз уақыттан кейін, ол ұлдарына:
      – Ал, енді балаларым, жұмыс істейтін уақыт та келді!
      Үлкен ұлы кекете отырып:
      – Әке, ішсең болды, қайдағы-жоқты сандырақтай бастайсың!
Скрыть текст
05-34
      – Көмектесіңдер! - поезд вагонында жантүршігерлік айқай естіледі. - Мында дәрігер бар ма?!
      – Мен дәрігермін! - көрші купеден жартылай жалаңаш азамат шығады. -Кімге көмек керек?
      – Маған! - жолаушы қуанып жауап береді. - Дәрігер, 6 әріптен тұратын, тамақ ауруы қалай аталады?
Скрыть текст
05-35
      – Петровна! - көршісі көршісінен сұрайды. - Сен шошқаларыңды немен тамақтандырасың?
      – Саған оның не керегі бар?
      – Мен де солай арықтағым келеді!
Скрыть текст
05-36
      – Неге мұңайып отырсың?
      – Әйелім үш аптаға теңіз жағалауына кетеді.
      – Онда мен сені түсінбей тұрмын.
      – Егер мен мұңаймасам, ол ойынан айнып қалады.
Скрыть текст
05-37
      – Сен неге әйеліңді рояльдің орнына флейтада ойнап үйренуге мәжбүрледің?
      – Флейтада ойнағанда ол ән салмайды.
Скрыть текст
05-38
      – Дәрігер, әйелдер ер азаматтарға қарағанда ұзақ өмір сүреді деген рас па?
      – Жесірлер нақты, қалай болғанда да.
Скрыть текст
05-39
      Шынайы. Пәк. Мықты. Еркектің достығын ұсынамын. Қымбатқа.
Скрыть текст
05-40
      Киллер-әзілкеш қызметін ұсынамын. Сіз тапсырған клиент күлкіден өледі.
Скрыть текст
05-41
      Ұстаз:
      – Сіздің фамилияңыз?
      Студент:
      – Иванов (жымияды).
      – Неге жымиясыз?
      – Бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеніме қуаныштымын.
Скрыть текст
05-42
      Ит:
      – Ол мені тамақтандырады, ол маған қамқорлық жасайды, ол маған баспана берді - мүмкін, ол құдай болар!
      Мысық:
      – Ол мені тамақтандырады, ол маған қамқорлық жасайды, ол маған баспана берді - мүмкін, мен құдай шығармын!
Скрыть текст
05-43
      Ер адам дәрігерге келіп:
      – Дәрігер, маған бірдеңе болды. Үй шаруасын істей алмаймын. Мені тексеріп, маған не болғанын айтыңызшы.
      Дәрігер оны тексеріп болған соң:
      – Қарапайым тілде айтатын болсам бұл ЖАЛҚАУЛЫҚ!
      Ер адам:
      – Енді бұны латын тілінде айтыңызшы, мен әйеліме айтып түсіндірейін.
Скрыть текст
05-44
      Әйелі чукчадан сұрапты:
      – Қолтырауынның етігін әкеліп берші.
      Чукча Африкада Ніл өзенінің жағалауында отыр, жанында қолтырауындардың өлекселері. Тағы бір қолтырауынды Нілден алып шығып:
      – Қап, тағы етігі жоғы тап болды!
Скрыть текст
05-45
      Құдағи құдағиына келеді. Ұлдың анасы:
      – Лена өзі жаман емес, тұрғандарына екі жыл болды, бірақ әлі бала таппады.
      Ленаның анасы:
      – Не болғанын білмеймін. Үйде жыл сайын бала табатын.
Скрыть текст
05-46
      Ер адам моншаға келіп, жуынып болған соң орамалын үйінде қалдырып кеткені есіне түседі. Не істерін білмей жан-жағына жаутаңдап қарап тұрады. Кенет көзі тақтайшадағы жазуға түседі: "Перделермен сүртінуге болмайды!" Ойланып: "О! Бұл табылған ақыл!" - дейді.
Скрыть текст
05-47
      Әйелі дәрігер қабылдауынан келіп күйеуіне:
      – Дәрігер маған Қара теңізге баруға кеңес берді. Қалай ойлайсың, қандай демалыс орнын таңдағаным жөн?
      Күйеуі (ашуланып):
      – Оданда басқа дәрігерді таңда.
Скрыть текст
05-48
      Программист түн ортасында артында біреу тұрғанын сезеді. Бұрылып қараса, әйелі ешбір киімсіз және сондай ажарланып тұр екен.
      Программист:
      – Жаным, кешірші, компьютер бос емес.
Скрыть текст
05-49
      Қозғалтқышпен тежеген кезде ең алдымен бампер тежеледі, содан соң радиатор мен фараның қаптамасы, кейін радиатордың және соңында ғана қозғалтқыштың өзі тежеледі.
Скрыть текст
05-50
      Шаштаразға ер адам келіп:
      – Шашымды өз қалауларыңызға қарай қиып беріңізші - деді.
      Шашын тақыр қылып алады. Жігіт айнаға ұзақ қарап:
      – Бұл шаш үлгісі маған ұнамайды. Басқалай қиыңдар - деді.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Акжайык Сабырбаева, Гаухар Назымбекова, Сауле Ибраева
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 04 Вернуться к началу Сказки  >>