Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 04
04-01
      Бірде әкесі баласымен келісіпті, ол баласына каруселге мінуге рұқсат етеді, ал баласы оған бір күрішке сыра ішуге рұқсат етеді...
      Ал кешкісін аналары келіп, көгеріп құлап жатқан әкесін жайғастырып, сосын каруселден бозарып отырған баласын түсіріпті.
Скрыть текст
04-02
      Дәрігер науқасты тыңдап отырып ара-арасында айтып қояды:
      – Жақсы...жақсы...
      – Дәрігер, не жақсы, - деп сұрады науқас бірдеңеге үміттеніп.
      – Бұның бәрі менде емес сізде болғаны жақсы да.
Скрыть текст
04-03
      Екі дос:
      – Мен кішкентай болғанымда менің әкем мені ұйықтауға мәжбүрлеудің жақсы тәсілін тапқан.
      – Ол қандай тәсіл?
      – Ол мені қолына алып биікке ауада лақтыратын.
      – Солда жеткілікті ме еді?
      – Солай болар, білесің бе, біздің үйдің төбесі өте төмен болатын.
Скрыть текст
04-04
      Екі дос жағалаумен келе жатып хабарландыру көрді: "Батып жатқанды құтқарғанға 50 рубль".
      – Кеттік сен батасың, ал мен сені құтқарамын. Елулікті теңдей бөлеміз.
      Біреуі суға секіріп кетіп, тырбаңдап бақыра бастайды:
      – Батып барам! Құтқарыңдар! Көмектесіңдер!
      – Сен бақырма, одан да бат. Мынаның астында батып кеткенді іздеп тапқандар үшін жүз рубльден депті.
Скрыть текст
04-05
      Бір бикеш дәрігерге келеді:
      – Дәрігер, мен профилактикалық емделуден өтейін деп едім. Маған нені емдеуім керектігін айтып бере аласыз ба.
      – Ең алдымен косметологқа кіріп шығу қажет, бет әлпетіңіздің нашар болуы себебінен сіз косметикаға көп ақша жұмсайсыз.
      – Иә сіздікі толығымен дұрыс.
      – Және онымен қоса диетологқа да барыңыз, сіздің артық салмағыңыз бар.
      – Жарайды.
      – Иә! Және тағы көзіңізді қаратыңыз.
      – Ал бұны сіз не себепті айттыңыз?
      – Тек, жәй ғой, менің есігімде үлкен әріптермен "Мал дәрігері" деп жазылған!
Скрыть текст
04-06
      Екі ит отырып әңгімелесуде.
      Біреуі айтады:
      – Осы кеше иеммен аңға шыққанбыз.
      – Енді?
      – Енді біз сол келе жатырмыз, жүріп келеміз... Қараймын, бұтаның арасынан қабан атып шықты, ал ием қырсыққанда сол оқтарын ұмытып кетіпті.
      – Ал, сосын ше?
      – Сосын мен оның мойынына жабыстым.
      – Мә қандай батылсың ә, қабанның мойынына атылып.
      – Өй қабанның емес, қожайынның мойынына асылып алып бақырдым десеңші: "Ойбай қаш, ақымақ, қаш!!!"
Скрыть текст
04-07
      Екі кісі сыраханада отырыңқырап қалыпты. Біреуі сұрайды:
      – Ал сен үйіңе қайтып келгенде әйеліңе не деп айтасың?
      – Ә онымен менде әңгіме қысқа болады! Менің айтарым тек: "Кеш жарық!" Ал қалған барлығын ол өзі айтады.
Скрыть текст
04-08
      Батыстық діл үшін бастысы - қойған мақсатқа жету.
      Шығыстық діл үшін бастысы - қойған мақсатқа жету үдерісі.
      Орыстың ділі үшін маңыздысы - қойылған мақсатқа жету үдерісін үздіксіз жуу.
Скрыть текст
04-09
      – Ас қорытуды жақсарту үшін мен сыра ішемін, тәбетім жоқ кезде ақ шарап ішемін, қысымым төмендесе - қызылдан, көтерілсе - коньяктан, баспа болсам - арақтан аламын.
      – Ал суды ше?
      – Бұндай ауру менде әлі болмапты...
Скрыть текст
04-10
      – Шизофреник пен неврастениктің арасында қандай айырмашылық бар?
      – Шизофреник екі жерде екінің бес екенін біледі де тыныш тұра береді. Ал неврастеник екі жердегі екінің төрт екеніне сенімді, бірақ ол күйгелектеніп тұрады.
Скрыть текст
04-11
      Екі бүрге кездесіпті. Бір-бірін жақсы көріп қалыпты. Армандауда:
      – Осы жақында үйленеміз. Өзімізге ит асырап аламыз...
Скрыть текст
04-12
      – Дәрігер, бұл тұнба маған мүлде көмектеспейді. Ішіп жүрмін-ішіп жүрмін дым пайдасы жоқ.
      – Мүмкін. Негізі оны жағу керектігін ескерсек.
Скрыть текст
04-13
      Қыз - анасына:
      – Анашым, андағы шөп қорада жалаңаш ер адаммен бір әйел бар.
      – Балапаным, олар бір жабайы адамдар шығар. Олар тоңып қалып жылынуға кірген болар.
      – Аһа, әйел жабайы, ал әкеміз - біздікі ғой.
Скрыть текст
04-14
      Көңілдес еркек ашына әйеліне қоңырау шалуда:
      – Кездессек қайтеді.
      – Кездесейік.
      – Қай жерде?
      – Менің үйіме кел.
      – Күйеуің ше?
      – А ол қазір жоқ, ол Ғаламторда.
Скрыть текст
04-15
      Жаңа орыстың әйелі кітап дүкенінде өзіне орысша-латынша тілашарды сатуды талап етуде:
      – Маған керегі тек онда міндетті түрде "Қалай дүкенге барсам болады?" және "Такси аялдамасы қай жерде?" деген сөздер болуы керек.
      Латын тілінің пайда болған кезінде дүкен де не таксиде болмағанын айтып бұның мүмкін еместігін түсіндіргендей болды сатушы. Ханым ызаланып:
      – Бұл қалай сонда! Маған күйеуім Латын Америкасына жолдама сатып алады, ал сіз онда дүкендер де таксилерде жоқ дейсіз!
Скрыть текст
04-16
      Тілші жындыхананың директорынан шығуға белгі болатын сынақтың қай түрі екенін сұрапты:
      – Біз бір ваннаны суға толтырып қасына шәй қасық пен күрішкені қоямыз, сосын ваннаны судан босатуды тапсырамыз.
      Тілші күлімсірейді де айтады:
      – Енді, қандай да болсын есі дұрыс адам күрішкені алады емес пе.
      – Жоқ, -дейді директор, - есі дұрыс адам ваннаның тығынын суырады.
Скрыть текст
04-17
      – Дәрігер, менің күйеу балама көмектесіңізші. Кеше мен оның аяғын атып алдым.
      – Өз күйеу балаңды ату мүмкін бе?
      – Мен оған атқан кезде ол әлі күйеу бала болуға келіспеген.
Скрыть текст
04-18
      – Қымбаттым! Неге сен сүйіскенде өзіңнің құлағыңнан ұстап тұруды өтінесің?
      – Өйткені бірде осындай жағдайда менің әмияным жоғалып кеткен.
Скрыть текст
04-19
      – Ата, сенің тістерің бар ма?
      – Немерем-ау, ендігі жоқ қой.
      – Онда мен аулаға барып қайтқанша менің бутербродымды ұстай тұршы.
Скрыть текст
04-20
      Әйелі - күйеуіне:
      – Қымбаттым, бүгін біздің бас қосқанымызға жиырма жыл болды. Осыған байланысты тауықты сойсақ қалай қарайсың?
      – Ал керек болса! Ол тауықтың не жазығы бар еді?
Скрыть текст
04-21
      Өзінің алтын үйлену тойын атап өтіп жатқан әйелден сұрапты:
      – Және осы елу жыл бірге тұрған өміріңізде сіз ешқашан ажырасу туралы ойламадыңыз ма?
      – Ажырасу туралы - жоқ, тек өлтіру жайлы ғана!
Скрыть текст
04-22
      Күйеуі мен әйелі дәріхананың қасынан өтіп бара жатыр екен. Әйелі витринадағы рөмкені шырмап алған жылан бар - медициналық эмблеманы көріп тоқтайды.
      – Қымбаттым маған мынаның не екенін түсіндірші?
      – Бұл балмұздақ жеп жатқан сенің шешең.
Скрыть текст
04-23
      Маған күйеу бола алатын, қызыма әке болатын, менің әкеме ұл болатын, апама іні болатын, сондай-ақ менің күйеуіме бөтелкелес болатын еркекті іздеймін.
Скрыть текст
04-24
      Кавалер өзінің ханымына ұнайтын заттарды түгелдей білуі қажет, себебі сол заттарды сатып алуға болатын жерлерден абайсызда шығып қалмау үшін.
Скрыть текст
04-25
      Кальтенбруннер Штирлицтен сұрапты:
      – Штирлиц, сіз үйленгенбісіз?
      – Жоқ, менің генералым, мен жәй солай көрінемін.
Скрыть текст
04-26
      – Анашым, тышқан сүтке түсіп кетіпті.
      – Сен оны алып тастадың ба?
      – Жоқ, мен оны шығарып алсын деп онда мысықты тастап жібердім.
Скрыть текст
04-27
      Бір жігіт картаны ойнағанда ұтыстың бәрін сыпырып алатын болыпты, сосын бірақ оның барлығын ат бәйгесіне тігіп ұтылып қала береді екен. Одан неге оның ипподромда жолы болмайтынын сұрапты:
      – Еһ! Егер мен аттарды да картадағыдай алмастыра алғанымда ғой...- деп күрсініп жауап қатыпты жігіт.
Скрыть текст
04-28
      – Өзіңіздің тоқсан жасыңыздың биігінен, миссис, сіз нені ең үлкен жетістік деп атар едіңіз?
      – Бәлкім, менің бір де бір жауымның жоқтығы шығар.
      – Ешқандай жауыңның болмағаны бұл керемет қой!
      – Иә сэр, мен әлдеқашан олардың бәрін ана жаққа шығарып салғанмын!
Скрыть текст
04-29
      – Даяршы, сіз өздеріңіздің фирмалық тағамдарыңызға қандай ішімдікті ұсынасыз, жеңілін бе әлде жартылай жеңілін бе?
      – Сіз ханыммен біргесіз бе?
      – Әлбетте.
      – Әлгі билеуге шыққаны ма?
      – Иә сол.
      – Одан дұрысы араққа тапсырыс беріңіз.
Скрыть текст
04-30
      Өте әдепті ағылшындық өзінің хатшысына оның жұмыстан шығарылғанын қалай жеткізуді білмепті... Сосын ойын былай деп түйіндепті:
      – Мисс Джонс, сіз өзіңіздің міндеттеріңізді өте керемет орындап жүрсіз, мен тіпті сіз болмасаңыз біздің не істейтінімізді де білмеймін. Бірақ дегенмен дүйсенбіден бастап байқап көрмек ойымыз бар...
Скрыть текст
04-31
      – Даяршы сорпада неге шыбын жүр?
      – Сіз не елу центке қуырылған тауық қалап па едіңіз?
Скрыть текст
04-32
      Кешкі жаңалықтар "Қайырлы кеш" деп басталады да, сол кештің неліктен қайырсыз болғаны баяндалады.
Скрыть текст
04-33
      – Әке неге әтештер сонша ерте айқайлайды?
      – Оларды естіп қалу үшін да. Сосын тауықтар оянғаннан кейін оларды есту мүмкін болмай кетеді.
Скрыть текст
04-34
      – Неге барлығы шығып жатыр? - деп уайымдапты троллейбустағы кемпір. - Не соңғы аялдамаға келдік пе?
      – Жоқ, жәй троллейбусқа тексерушілер кіріп жатыр...
Скрыть текст
04-35
      Пациент дәрігерде отыр:
      – Гриптің алдын алу үшін мұздай сумен шайынып, дамбалмен аязда жүгіруге болама?
      – Шизофрениядан гөрі гриппен ауырған артық!
Скрыть текст
04-36
      Телефондағы әңгіме:
      – Сәлеметсіз бе, бұл Оля ма?
      – Жоқ, Оля үйде жоқ, сізбен сөйлесіп тұрған оның көзі көк, әрі аяғы ұзын сіңлісі.
Скрыть текст
04-37
      Зейнеткер демалыс үйінде өзінің жасымен шамалас ханыммен танысып оған айтқан екен:
      – Мен ең көне мамандықтың өкілімін. Ақша үшін ұйықтаймын.
      – Кешіріңіз?..
      – Күзетшімін мен...
Скрыть текст
04-38
      Прапорщик сарбаздарға айтыпты:
      – Бүгін астықты тиейтін боламыз.
      – Жолдас прапорщик, тағы да сүйменмен бе?
      – Иә, негізі бүгін айырмен тиейміз деп ойлағанмын, енді өздерің сүйменмен деп тұрсаңдар жарайды сүйменмен тиеңдер...
Скрыть текст
04-39
      Бір жігіт психологқа келіп айтады екен:
      – Менің өмірімде бәрі де керемет, тек бір өте әсерлі сезімдер жетпей жүр. Мен оны қалай сезінсем болады, және көбірек болса деймін? Мен ендігі бәрін істеп көрдім, парашютпен де секірдім, аквалангпен де сүңгідім және т.с.с. (тағы сол сияқты). Енді бір жаңаша нәрсе қалап жүрмін.
      Психолог айтыпты:
      – Өзіңізге бір көңілдес қыз тауып алыңыз.
      – Менде үшеуі бар, - дейді жігіт, - көмектеспеді.
      – Онда осы жайлы әйеліңізге айтып беріңіз.
Скрыть текст
04-40
      Қонақүйдің тұрғыны - ғимарат әкімшілігіне:
      – Сіздер есепке жемістерді қосыпсыздар, бірақ біз оларды жемедік.
      – Жемістерді біз сіздердің нөмірлеріңізге күнделікті апарып тұрдық. Сіздердің оларды жемегендеріңізге біз кінәлі емеспіз.
      – Жарайды, - депті тұрғын, - онда мен есептен 150 рубльді сызып тастаймын. Бұл сіз менің әйелімді сүйгеніңіз үшін күніне 50 рубльден болды.
      – Бірақ мен сіздің әйеліңізді сүйген жоқпын ғой!
      – Енді не қыл дейсің? Бұл сіздің шаруаңыз. Ол деген күн сайын нөмірде болды емес пе?
Скрыть текст
04-41
      Екі қалталы еркек мейрамханада отыр екен. Біреуі банкир, біреуі бандит, бала кездерінен бері достар. Банкирдің алтыжасар баласының бүгін туған күні екен. Олар алып қойып, баланың өскенде кім болатыны жөнінде әңгіме қозғапты.
      – Ол мен сияқты банир болады, - депті әкесі.
      – Ал мен, ол бандит болады деп ойлаймын, -депті досы.
      Ұзақ айтысып ақыры үстелге өздерінің істерінің басты еңбек құралдарын қоюды дұрыс деп шешті. Банкир бір бума ақшаны қояды, ал бандит тапаншасын қойыпты. Бала нені бірінші ұстаса, өскенде сол болады дегендей. Баласы үстелді айнала жүгіріп жүріп, бірсе ақшаға біресе тапаншаға қарап қояды. Қарап-қарап жүрді де бір кезде екеуінде бірге қолына алды.
      – Банкир мен бандит бір-біріне қарап:
      – Негізі бұл да жаман емес, мент болады...
Скрыть текст
04-42
      Тауық бес килограмдық жұмыртқа салып, өңірді дүрліктірді. Журналист келіп тауықтан сұрапты:
      – Сіз бұны қалай жасадыңыз?
      – Құпия!
      – Сіздің болашаққа жоспарларыңыз қандай?
      – Жеті килограмдық жұмыртқа салу!
      Онан соң журналист әтештен сұрапты:
      – Сіз бұны қалай істедіңіз?
      – Құпия!
      – Сіздің келешекке жоспарларыңыз?
      – Түйеқұстың тұмсығын бұзу (мұрынын бет қылу).
Скрыть текст
04-43
      Екі аңшы дос әңгімелесуде:
      – Жақында мен Африкада болып жолбарыс аулаудың тиімді тәсілін таптым. Оларға түнделетіп шығу керек, олардың көздері түнде жарқырайды. Қалғаны тек сол көздердің ортасын көздеп атып салу - жолбарыс қата қалады.
      – Ал енді нешеуін атып алдың?
      – Ешбірінде. Оңбай қалғырлар, олар жұптасып алып, әрбіреуі бір көзін қысып жүреді шығарды.
Скрыть текст
04-44
      Ит саяжайдың аймағында жерді қазып жатыр. Күрекпен қазуда. Көрші төбет оған ауызы ашылған күйі қарап тұр. Ит оған бұрылып қапаланып айтыпты:
      – Барлығы мен ақымақтың тәпішкілерді әкеліп үйренгенімнен басталды...
Скрыть текст
04-45
      Күйеуі мен әйелінің әйгімесі:
      – Тыңдашы, біз менің анамның туған күніне не сылаймыз?
      – Өткен жолы не сыйлап едік?
      – Өткен жолы біз оған орындық сыйладық.
      – Енді оған электр тоғын жүргізіп берейік...
Скрыть текст
04-46
      – Жуырда біз бақытта боламыз!
      – Иә, бар болғаны бір екі апта ғана қалды.
      – Бұл тап ертең орын алғанда сондай жақсы болатын еді...
      – Мүмкін емес қымбаттым, ажырасып жатқан тек біздер емес.
Скрыть текст
04-47
      Шыбындардың көзқарасы бойынша барлық адамдар ақылсыз! Қабырғалары мен төбелері аппақ та тегіс болуы үшін көп ақша төлейді де өздері келіп тек еденмен жүреді.
Скрыть текст
04-48
      Əжесі кішкентай немересіне:
      – Ал мен сенің жасыңда жұмыс істегенмін!
      – Солай ма? Ал мен сенің жасыңда əлі де жұмыс істейтін боламын!
Скрыть текст
04-49
      – Сара, сіздің медальоніңізде не бар?
      – Менің күйеуімнің шашы бар.
      – Бірақ ол әлі тірі ғой!
      – Ол тірі ғой, бірақ шаштары әлдеқашан кетті ғой.
Скрыть текст
04-50
      – Тыңдашы, сенің әйелің бір түрлі көрінеді.
      – Ол өзінің сенімдерінің әсерінен қиналып жүр.
      – Яғни?
      – Ол туфлиідің 34-ші өлшемін киіп жүре алатынына сенімді.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Janerke Serikova, Yerkebulan Yermekuly
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 03 Вернуться к началу Выпуск 05  >>