Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 03
03-01
      Анасы баласынан сұрайды:
      – Мен дүкен аралап жүрген кезде, сен не істейсің?
      – Күтушімен немесе темір жолмен ойнаймын, - деп баласы жауап береді. - Әкемнің өзіне не таңдайтынына байланысты.
Скрыть текст
03-02
      – Шыныңызды айтыңызшы, дәрігер, мына емдік шөптеріңіздің пайдасы бар ма?
      – Бар болғанда қандай! Жақында ұлыма саяжай сатып әпердім, қызыма үй салып жатырмын...
Скрыть текст
03-03
      Бір қарт әжей банкте чекке қол қоюы керек, бірақ оны қалай істерін білмейді.
      – Хатқа бұрын қалай қолыңызды қойып жүрдіңіз, - деп түсіндіреді оған, - тура сол сияқты қойыңыз.
      Әжей басын изеп, чекке: "Барлығыңды беттеріңнен сүйдім, тәтелерің Агата", - деп жазып берді.
Скрыть текст
03-04
      Ұл бала терезеге қарап тұрады. Бір кезде түрі өзгеріп кетіп, анасына қарай жүгіріп кеп:
      – Апа, апа, анда әкем келе жатыр! Оған нені бірінші көрсетеміз - менің күнделігімді ме, сенің жаңа көйлегіңді ме?" - деп айқайлаған екен.
Скрыть текст
03-05
      Екеу сөйлесіп тұр:
      – Сенің жолың болған екен! Сенің енең соқыр-мылқау!
      – Иә, бірақ сен оның бет әлпетін көрсең ғой!
Скрыть текст
03-06
      – Сені сән әлемі қызықтыра ма? - деп сұрайды ұрылардың бірі журнал ақтарған екінші ұрыдан.
      – Әрине! Қазір қалталарды қай жеріне тігіп жүргендерін білуім керек ғой.
Скрыть текст
03-07
      Есік қағылды. Табалдырықта жол сандық ұстаған жас жігіт тұрды:
      – Егеуқұйрықтар, тышқандар бар ма?
      – Жоқ.
      – Мәңіз, - дейді жас жігіт жол сандығын ашып.
Скрыть текст
03-08
      Судья:
      – Мына адамға неге оқ аттыңыз?
      – Оны бұлан деп қалдым.
      – Олай емес екенін қашан түсіндіңіз?
      – Бұлан қарсы атысты бастағанда.
Скрыть текст
03-09
      Судья:
      – Азаматша Сидорова, сонымен, күйеуіңізбен неліктен айрылысуды шештіңіз?
      Талапкер ашуланып:
      – Ой, ол оңбаған, маған айуанша қарады! Тура итке қарағандай.
      Судья:
      – Осындай қарым-қатынастан кейін ол Сізден нақты нені күткендігін сотқа түсіндіріп берсеңіз?
      Талапкер:
      – Қалай «нені»?! Ол менен ... нені ... Иә, есіме түсті, адалдықты талап етті ғой!
Скрыть текст
03-10
      Бір ағамыз анализге зәрді үш литрлік банкіге құйып алып келіпті. Дәрігер сұрапты:
      – Неге соншама көп?
      Әлгі кісі:
      – Мен сараң емеспін.
      – Дәрігер кетіп қалып, бір сағаттан кейін қайтып келсе, әлгі пациент әлі тұр екен.
      Дәрігер:
      – Сізге не керек?
      – Мен банкімді күтіп тұрмын.
Скрыть текст
03-11
      Ұлы әкесінің жұмысына келеді. Көрші бөлмеден: "Тағы 150 грамнан, сол жетеді", - деген сөз естіледі.
      – Әке, анда еркектер арақ ішіп жатыр ма?
      – Жоқ, онда гномдар зілтемір көтеріп жатыр...
Скрыть текст
03-12
      Бір француздан сұрапты:
      – Сізге қайсысы көбірек ұнайды? Шарап па, әлде әйелдер ме?
      Оған берген жауабы:
      – Бұл олардың шыққан жылына байланысты.
Скрыть текст
03-13
      – Саған бір қыз қоңырау шалып тұр. Дауысына қарағанда – ұзын аяқты шамасы!
Скрыть текст
03-14
      Шындықты жасыру үшін, көп сөйлеу қажет.
Скрыть текст
03-15
      Енесі күйеу баласына:
      – Күнде кешке немереме ертегі айтып бересіз. Олардың бәрі неге бірдей аяқталатынын түсіндіріп бере аласыз ба: "Олар үйленді және бақытты ғұмыр кешті, себебі келін жетім бала болғандықтан ба"?
Скрыть текст
03-16
      Енесі күйеу баласының қырынғанына қарап отырып:
      – Ой, кеше ішкендерің-ай. Еске түсірудің өзі жиіркенішті, - деді.
      Күйеу баласы қырынуын жалғастырып:
      – Не бопты? Басым орнында.
      – Егер басың орнында болса, айнаны емес, бетіңді қырар едің.
Скрыть текст
03-17
      – Майклдың қыздар арасында неге осынша беделді екенін білесің бе?
      – Жоқ.
      – Ол барда әдемі қыздың жанына отырған кезде, оған: "Мен негізінде сонша ұзын емеспін, әшейін әмиянымның үстінде отырмын", - дейді.
Скрыть текст
03-18
      Бір жас келіншектің көзі көгеріп қалған екен.
      Құрбысы одан сұрап жатыр:
      – Кім істеді бұны?
      – Күйеуім.
      – Ол іссапарда жүр екен десем.
      – Мен де солай ойладым!
Скрыть текст
03-19
      "Біздің мемлекетіміздің арманы - әрқашанда салығын төлейтін, денсаулығы мүлтіксіз, бірақ, зейнеткерлікке шыққан күні мүрдем кететін ауқатты азамат".
Скрыть текст
03-20
      – Екі рөмке ғана іше аласың және үйге кешкі оннан кешікпей кел дедім емес пе саған.
      – Солай ма? Онда, бәрін шатастырып алыппын.
Скрыть текст
03-21
      Жақсы маникюр әйелдің қолын ғана емес, еркектің бетін де безендіріп береді!
Скрыть текст
03-22
      – Мен алты түрлі тілде сүйіспеншілік хаттарын алып тұрамын.
      – Үлкен іс! Ал мен сегіз түрлі валютамен алимент төлеймін.
Скрыть текст
03-23
      Шотландиялық әйелінен сұрапты:
      – Туған күніңе не сыйлағанымды қалайсың?
      – Патрик, шын айтам, білмеймін.
      – Жақсы, онда ойлануға тағы бір жыл берем.
Скрыть текст
03-24
      – Шіркін, өмір бойы ішуге кеткен ақшаның бәрін қайтып алсам ғой...
      – Оны не істер едің?
      – Ой, тойғанша ішер ем...
Скрыть текст
03-25
      – Фирманың бар ақшасын алып қашып кеткен бухгалтерімізді түсіне аламын. Бірақ бастықтың әйелін не үшін ертіп кеткен?
      – Ол алдын болжаған екен. Енді бастығының ешқашан өзін іздемейтініне сеніміді бола алады.
Скрыть текст
03-26
      – Сізге тамақтан соң бір сигареттен тартуды ұсынған едім, нәтижесі міне: келбетіңіз жайнап, құлпырып тұр.
      – Әрине, күніне жиырма рет тамақ іше бастадым емес пе?!.
Скрыть текст
03-27
      Екінші балаға аяғы ауыр анасы тұңғыш баласын бұл жайлы білуі керек деп шешеді.
      – Гарри, тыңдашы, - деді анасы бір күні, - сен кімді қалар едің: бауырыңды ма немесе қарындасың ба?
      – Білесің бе, апатай, - деді баласы, - егер де бұл сенің сымбатыңды бұзбаса, онда мен пони қалар едім.
Скрыть текст
03-28
      Жас әйел сексопатолог дәрігерге шағымдануда:
      – Дәрігер, маған не болып жүргенін тіпті білмей жүрмін. Ішімдіктен бір рюмка алып қойсам, болды, менің еркектерге деген әуестігім пайда болады.
      – Жарайды, біз сіздің дертіңізді талқылайтын боламыз. Бірақ бастамас бұрын, қане, бір рюмкадан алып қояйық.
Скрыть текст
03-29
      – Қымбаттым, сенің күйеуіңнің кешке үйге келмеген кезі болды ма?
      – Тек бір рет, үйлену тойынан бір ай өткеннен кейін. Бірақ, ол әлі де қайтып келеді деген үміттемін.
Скрыть текст
03-30
      – Жаңа жылды қалай қарсы алдың?
      – Сыйлық болып қарсы алдым...
      – Ол қалай сонда?
      – Түні бойы шыршаның астында құлап жаттым...
Скрыть текст
03-31
      – Маған қандай да болсын бір жақсы оятқыш керек еді, -деп айтыпты сатып алушы сатушыға.
      – О, бізде дәл сіздің іздегеніңіз бар, - депті сатушы. - Міне ол! Алдымен ол шылдырлайды. Егер де сіз оянбасаңыз, сиренасы гуілдейді, ал сосын зеңбіректен атқандай оқ атады. Егер сіз тіпті осыдан кейін де оянбасаңыз, ол сіздің үстіңізге суық суды шашады. Тек осының бәрінен кейін, ол сіздің бастығыңызға сіздің ауырып қалғаныңызды ескертеді.
Скрыть текст
03-32
      Жас бухгалтер қыз жұмысқа орналасып жатыр. Директор оған тапсырыпты:
      – Мұқият болыңыз, әр соманы екі рет қайта есептеп отырыңыз.
      Біршама уақыттан кейін ол қыз кіріп, айтады:
      – Мен барлығын он рет қайта есептеп шықтым.
      – Жарайсыз! Ынталы қызметкерлерді жақсы көремін.
      – Міне соның он түрлі қорытындысы.
Скрыть текст
03-33
      Жас бикеш шоссе бойымен машинаны үлкен жылдамдықта жүргізіп келе жатыр. Оның қасында отырған құрбысы айтыпты:
      – Сен бұлайша қатты жүргізбесең болмай ма? Менің көзімнің алдынан барлығы зымырап өтіп жатыр!
      – Ал сен дәл мен сияқты істе.
      – Қалай?
      – Көзіңді жұм.
Скрыть текст
03-34
      Түнде:
      – Анашым, су әкеліп берші!
      – Өзің тұр да, ішіп кел.
      – Ту, әкеп берші!
      – Қыңқылдай берсең - белбеумен соғамын!
      – Әне, белбеуді алуға тұрасың ғой, сонымен бірге суды да ала келесің!
Скрыть текст
03-35
      Күйеуі:
      – Мен таңертең қырынып алсам, өзімді жиырма жасқа жасарғандай болып сезінемін.
      Әйелі (ерке дауыспен):
      – Тыңдашы, қымбаттым. Сен түнге қарай қырынсаң қайтеді, а?
Скрыть текст
03-36
      Дәрігердің қабылдауында:
      – Түсінемісіз, дәрігер, менің күйеуім түсінде тістерін жиі шықырлатады. Бұл қарттықтың белгісі ме?
      – Бұныңыз не! Қарттықтың белгісі деп - ол күйеуіңіз тістерін түнге қарай стақанға салып қойғанды айтады.
Скрыть текст
03-37
      Күйеуі үйіне мас болып келіпті. Әйелі есіктің алдында қолына бейсбол ұрғышын ұстап тұр екен. Күйеуі:
      – Алаңдап тұрсың ғой! Қымбаттым!
Скрыть текст
03-38
      Кеше масаға ұқсатып істелген сырғаларды сатып алдым… сондай күшті ! Бүгін достарым екі рет құлағымнан соғып жіберді...
Скрыть текст
03-39
      Бір кісі Жапониядан түпнұсқалық көзілдірік алып келіпті. Оны кисең - барлығы жалаңаш жүргендей болады, шешіп тастасаң - киіммен тұрады.
      Үйіне қайтып келіп, көзілдірікті киіп, есікті ашып қараса: әйелі мен көршісі жалаңаш! Көзілдірікті шешсе - тағы жалаңаш! Ағамыз ойлапты: "Сайтан алғыр, көзілдірік бұзылып қалыпты, жапондық дейді-ау тағы!..."
Скрыть текст
03-40
      Қалыңдық неке сарайынан шығып келеді. Қасында смокинг киіп алған шимпанзе солтақтап тұр. Құрбысы (қызғаныштан ауыр күрсініп):
      – Иә-ә-ә... Енді Нинка Нью-Йоркта тұратын болады... Не болыпты... хайуанаттар бағы болса да...
Скрыть текст
03-41
      Бір ағамыз ішуді қоюды шешеді. Дүкеннің қасынан өтіп бара жатып ойлайды: "Болды, енді кірмеймін" депті. Сосын он метрдей жүріп: "Экспериментті қиындатамыз: кіремін, бірақ ештеңе сатып алмаймын!"
      Дүкенге кіріп, өзінің жақсы көретін "үш жетілігін" көріпті. "Экспериментті қиындатамын: сатып аламын, бірақ ішпеймін!"
      Сатып алды, үйіне алып келді, қарады: "Экспериментті қиындатамын: стақанға құямын, бірақ ішпеймін!"
      Қиындатты. Әрі қарай: "Тағы қиындатамын! Ауызыма толтырып аламын, бірақ жұтып жібермеймін!"
      Ауызына толтырды да...жұтып жіберді: "Міне саған ерік күші! Ішкім келмеді, бірақ ішіп алдым!"
Скрыть текст
03-42
      Бір адам "Менеджер керек" деген хабарламамен бір фирмаға келіп, басшыға өзінің толып жатқан дипломдарын көрсетіпті.
      Оларды қарап шығып, басшы айтады:
      – Бұл жақсы, әрине. Маған тапқыр менеджер керек. Ол өзіне біздің басты үлкен мәселеміз - қаражат жағын алу керек.
      – Менің біліміммен бұл қиындықсыз шешіледі. Ал табыс көзі жайлы не дейсіз?
      – Енді, сіз жаңадан келдіңіз, сондықтан сізге әзірше 10 000 долларды ұсынамын.
      – Иә? Бірақ сіздің осыншама кішкентай фирмаңыз бұндай қаражатты төлейтін қаржыны қайдан алады?
      – Міне, сізге шешуге берілген бірінші сұрақ осы болмақ.
Скрыть текст
03-43
      Үйлену тойынан кейін үш апта өткен соң. Жас келін ағыл-тегіл жылап, анасына қоңырау шалады.
      – Мам, тіпті не істерімді білмеймін! Мына жақта отбасылық жанжал шығып қалды! Масқара!
      – Сабырлы бол, қызым, уайымдама. Кез келген отбасында алғашқы айқай, қақтығыстар болып тұрады.
      – Иә, оны білем. Ал мәйітті не істеймін?
Скрыть текст
03-44
      Жаңа орыс достарына айтуда:
      – Бүгін өзімнің мерсімді алып, профилактикадан өткізу үшін ТҚКС-на айдап кіргіздім. Сосын оны алып кеткеннен кейін, ойладым, егер тағы да ақшаны болмайтын нәрсеге алатын болса, онда олардың барлығын жарып жіберемін!...
      – Сосын не болды?
      – Олардың жолы болды! Бұрылыс белгісінің ішіндегі сұйықтықты ауыстыруға бар болғаны 12 бакс қана алды...
Скрыть текст
03-45
      Бір ағылшындық тотализатордың терезесінен алшақ кетіп.
      – Егер мына жылқы бірінші болып келсе, мен үйлене аламын, -деді ол досына.
      – Ал егер бірінші болып келмесе ше?
      – Онда мен өзім үйленуге мәжбүр боламын.
Скрыть текст
03-46
      Жаңа орыс Эрмитаждан шығып, өзінің алған әсерлері жайлы бауырларымен бөлісуде:
      – Жұпыны әрине. Бірақ та басқа жағынан тап-таза!
Скрыть текст
03-47
      – Ал, сені құттықтай беруге болады ма ! Сен енді босстың оң қолы болдың!
      – Болуын болдым ғой, бірақ ол солақай болып шықты...
Скрыть текст
03-48
      Хабарландыру:
      "Фирма жұмысқа бас бухгалтерді шақырады. Жұмыс кестесі - үш жылдан соң".
Скрыть текст
03-49
      Әдетте үйлену тойларында қалыңдықты ұрлайтын еді, ал менің қайын енемді ұрлап кетті. Бұдан қымбат сыйлық болмаған шығар.
Скрыть текст
03-50
      – Айыпталушы, сіз үйленгенге дейін не істедіңіз?
      – Не істегім келсе, соны істедім, сот мырза...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Алтынгуль Кептербаева, Сахи Шегебаев, Nurdaulet Aspenov, Аяулым Орынгали
Корректор: Мади Толегенов



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 02 Вернуться к началу Выпуск 04  >>