Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 02
02-01
      Жігіт пойыз жолсерігіне келіп, шағым жасады:
      – Бұл өзі не болып жатыр? Мен пойызға мініп үлгерместен, менің әмиянымды жымқырып кетті.
      Ол байыппен:
      – Сен не деп ойлап едің? Бұл жүрдек пойыз ғой енді!
Скрыть текст
02-02
      Әкесі ұлына:
      – Сен жақында мектеп бітіресің, анаң екеуіміз сенің дәрігер болғаныңды қалаймыз.
      – Әке, оның не, сендер анық білесіңдер ғой, мен шыбынды да өлтіретін жағдайда емеспін.
Скрыть текст
02-03
      Бір еркек милиция қызметкеріне келеді:
      – Әйелім жоғалды.
      – Әйеліңізді сипаттап беріңіз.
      Еркек бірер секундтай ойланып тұрып:
      – Бір шартым бар, әйелім табылғанда, сіз ол сипаттаманы оған көрсетпейсіз, - дейді.
Скрыть текст
02-04
      Қолында подносы бар даяшы мейрамхананың қонағына жақындап келеді:
      – Кофе? Шәй?
      Қонақ:
      – Сірә, кофе.
      Даяшы:
      – Сіз таппадыңыз - шәй.
Скрыть текст
02-05
      Қалада есектер көрмесін жариялапты. Өтетін орын қоршалып, билеттер сатылады. Адамдар келіп, біраз жүргеннен кейін бір-бірінен сұрайды:
      – Есектер қайда?
Скрыть текст
02-06
      Бірінші қаңтар. Құрбысы қоңырау шалады:
      – Галя? Жаңа жылды қалай өткіздің?
      – Ә! Әдеттегідей, төсекте...
      – Халайық көп болды ма?
Скрыть текст
02-07
      – Адвокаттар туралы маған айтпаңыздар! Менің күйеуімнің мұрасымен әуре-сарсаңға түскенім соншалық, кейде маған ол өлмегенде ғой деген ой келеді.
Скрыть текст
02-08
      – Біреулердің жылдар өткен сайын ақылы толады, басқалар қартаяды.
Скрыть текст
02-09
      Бірінші қаңтар. Үстелде хат жатыр:
      "Жаңа жылыңмен!
      P.S. Ащы тұздық мұздатқышта.
      P.P.S. Мұздатқыш ас үйде".
Скрыть текст
02-10
      The first pilot says to the second one,
      'Go and tell the parachutists to stop jumping. We haven't yet taken off.'
Скрыть текст
02-11
      Сиыр мұхитта жүзіп келеді. Жанынан шағала ұшып өтіп бара жатып:
      – Әй, сиыр, қайда жүзіп барасың?
      – Африкаға.
      – Ол басқа жақта ғой.
      – Айырмашылығы қандай, бәрібір жүзіп жете алмаймын.
Скрыть текст
02-12
      – Қожайын, тыңдаңыз, мына ірімшікті кеше сізден сатып алғам...
      – Ия, не болды?
      – Сіз, ол швейцарлық дегенсіз.
      – Ия.
      – Ол жақтан экспортқа шығарылған ба, әлде елден аластатылған ба?
Скрыть текст
02-13
      Еркек өзінің көршісінің қақпасына жақындап келеді де қаға бастайды. Қағады, қағады, бірақ ешкім жауап бермейді. Ол қаттырақ қаға бастайды. Қақпаға ит жақындап келеді де:
      – Жігітім, қақпа, үйде ешкім жоқ!- дейді.
      Еркек талып құлап түседі. Есін жиғаннан кейін итке қарайды:
      – Сен не, ит, үру білмейсің бе?- деп сұрайды.
      Ит жауап береді:
      – Білемін, тек сені қорқытпайын дегенім ғой...
Скрыть текст
02-14
      Үйге удай мас күйеуі келеді. Әйелі қолына оқтауды алып келесі сөзбен қарсы алады:
      – Қай жерде қаңғыдың? Қайда жүрдің?
      – Люся... бейіт басында болдым.
      – Неге, біреу қайтыс болды ма?!
      – Сенбейсің... онда бәрі өлген!
Скрыть текст
02-15
      Сатып алушы:
      – Маған бір банка сардина. Майда жібітілген.
      – Қандайын? Португалдық, испандық, француздық?
      – Әй, бәрібір. Мен олармен сөйлеспеймін ғой.
Скрыть текст
02-16
      – Түсінесіз бе, дәрігер, күн сайын мен әтеш шақырғанда оянамын, өгіздей жұмыс істеймін, тәбетім қасқырдікіндей, ұйқым суырдікіндей, бірақ денсаулығым болмай жүр.
      – Ия-я... – деп ойланады дәрігер. – Сізге мал дәрігеріне қаралу керек сияқты.
Скрыть текст
02-17
      – Жәбірленуші, сіздің көлігіңізді айдап кеткен адамды танып тұрсыз ба?
      – Құрметті мәртебелім, оның қорғаушысының сөзінен кейін менде көлік болып па еді деген сенімсіздік туындады.
Скрыть текст
02-18
      – Сіз неге түрмеден қаштыңыз?
      – Үйленгім келді.
      – Хм-м. Бостандық туралы түсінігіңіз қызық екен.
Скрыть текст
02-19
      – Сенің әпкең неге тіс дәрігері болғысы келді?
      – Оған аузын ашып, көзін адырайтып бетіне қарап тұрған еркектер ұнайды.
Скрыть текст
02-20
      – Қымбаттым, айтшы, маған өзімнің қырық жасымды беруге бола ма?
      – Әрине, болмайды, сүйіктім. Әлде қашан болмайды.
Скрыть текст
02-21
      – Сен неге осы уақытқа дейін үйленбегенсің?
      – Шынымды айтсам, мен үнемі сенің әйелің туралы ойлаймын.
      – Не, менің әйелім туралы?! Сен азғын екенсің.
      – Қам жеме, мен тек қана маған да сондай кездесе ме деп қорқамын...
Скрыть текст
02-22
      – Бүгінгі жаңалықтардың хабарламасы бойынша демалыс күндері 30 градус жылы болады.
      – Олай болуы мүмкін емес!!!
      – Әбден мүмкін: 15 градус сенбі және 15 градус жексенбі күні.
Скрыть текст
02-23
      – Менің қызым менің тамырыммен қашып кетіпті.
      – Өзің кінәлісің. Неге оған үйге жиі келуге рұқсат еттің?
      – Мен ол менің әйелімді айналдырып жүр деп ойладым.
Скрыть текст
02-24
      – Қымбаттым, айтысып-тартыспайықшы, асықпай отырып талқылайық...
      – Жоқ! Әрқашан біз асықпай отырып талқылағанда, ылғи да сенің пікірің дұрыс болып шығады.
Скрыть текст
02-25
      Ішіп алған күйеуі үйге келеді. Әйелі:
      – Таңда – не мен, не арақ!
      Күйеуі желкесін қасып:
      – Арақ көп пе?
Скрыть текст
02-26
      Хатшы фирмаға жұмысқа тұруға келеді:
      – Мен минутына 1200 белгі тере аламын, - дейді.
      Бәрі таңқалады. Ал ол басын басқа жаққа бұрып:
      – Және түк түсініксіз бірдеңе шығады...
Скрыть текст
02-27
      Кәсіпкер әріптесіне:
      – Мен сіздің қабылдауыңызда болуым үшін ешбір мүмкіндік жоқ.
      – Не қиындығы бар: кездесу үшін, менің хатшыммен ақылдассаңыз болады.
      – Онымен ақылдастым ғой , екеуіміз уақытты өте жақсы өткіздік. Бірақ, сізбен де кездескім келеді.
Скрыть текст
02-28
      Бір институтта парашюттың мүлдем жаңа түрін ойлап тауыпты. Бірақ оны сынауға тілек білдірушілер табылмапты. Сонда бір жігіт бір жәшік араққа келісіпті.
      Секіріп, еркін құлау кезінде парашюттің шығыршығын тартса да, парашюты ашылмапты.
      "Іс белгілі болды, - деп ойлапты жігіт, - парашютпен алдаған екен. Ендігі арақпен не болатынын көрелік".
Скрыть текст
02-29
      Екі хатшы әйел әңгімелесіп отырып:
      – Қалай ойлайсың? Иван Иванович мені сүйе ме?
      – Әрине, неге сен ерекше болуың керек?
Скрыть текст
02-30
      – Кеше малға таңба салып, қатты қиналдым!
      – Сенде бар жоғы екі сиыр емес пе!
      – Ал аралар ше?!
Скрыть текст
02-31
      – Мен күйемнің жанымда болғанын өте сүйемін. Отыр дедім жаныма!
Скрыть текст
02-32
      – Дәрігер науқастың әмиянын сипап көріп, науқастың жағыдайынан үмітсіз деп ұйғарды.
Скрыть текст
02-33
      Ағылшын, француз және орыс әйелдерімен мақтаныпты.
      Ағылшын:
      – Менің әйелім сымбатты, шөптің сабағындай.
      Француз:
      – Ал менікі жіңішке, қылтанақтай.
      Орыс болса, күрсініп айтқан екен:
      – О бейшаралар-ай. Сендердің әйелдерің не өзі? Оларды сендер төсекте, тырнауышпен іздейтін шығарсыңдар.
Скрыть текст
02-34
      Жаңа орыстардың кездесуі. Әрқайсысы өзімен бірге алпамсадай оққағарларын алып келді. Тек қана біреуінікі әлжуаз, тапал бойлы, түрі аурушаң.
      – Ол не пысық сарбаз ба?
      – Жоқ, мүлдем ондай емес.
      – Мерген бе?
      – Ешқашан қолына қару ұстамаған.
      – Онда неге өзіңмен алып жүрсің?
      – (Оққағарының басынан сипап.) Менде мұндай осымен төртінші, барлығы мұны мен деп қалады.
Скрыть текст
02-35
      Поезда психолог пен "жаңа орыс" келе жатыр. Іш пысарлық. "Жаңа орыс" айтады:
      – Тыңда, егер сен психолог болсаң, менің не ойлап отырғанымды айтып берші. Мен сенің әрбір тапқандарыңа 100 бакстан төлейін.
      – Ал мен көріпкел емеспін ғой.
      – Жігітім, 100 бакстен. Кәне, болжап көр, мен не ойлап отырмын?
      – Сен, оңтүстіктен келе жатырсың. Сен қалай жақсы дем алғаның туралы ойлап келе жатқан шығарсың!
      – Дұрыс! Міне саған жүздік! Әрі қарай болжа!
      – Егер өте жақсы дем алсаң, әдемі келіншекпен. Сен қазір ол туралы ойлап келе жатырсың.
      – Тамаша! Тағы да жүздік! Әрі қарай!
      – Үйге қайтқың келмей келе жатырсың...
      – Тағы да жүздік!
      – Қайтқың келмейтін себебің, үйіңде әйелің күтіп отыр...
      – Сиқыршысың ғой! Міне тағы жүздік!
      – Сенің ойың: оны өлтірсем бе екен?
      – Тоқта, жігітім! Міне саған мың бакс!
      – Не болды? Ойларың ой сықылды...
      – Жігітім, бұл ой емес. Бұл - идея!
Скрыть текст
02-36
      Ұқсас кәсіпорындардың жетекшілері - орыс пен жапондық кездеседі. Жапондық өз іс тәжірибесімен бөлісіп:
      – Бізде барлығын сегіз адам атқарады. Ал сіздерде қаншасы айналысады?
      Орысқа осы жұмысты 200 адам орындайтынын мойындау ұяттау болып, ол:
      – Бізде 9 адам - деп, жауап береді.
      Ертеңінде таңертеңгісін жапондық ұйқысы қанбаған, үрпиген түрде орысқа шағымданады:
      – Түнімен қиналып шықтым, сіздегі тоғызыншы адамның немен шұғылданатыны түсінігіме симайды.
Скрыть текст
02-37
      Екі жаңа орыс кездеседі. Бірі сондай мұңлы. Сол әңгімені бастады:
      – Уақыт дегенің қалай зымырайды! Тіпті ойлауға қорқынышты. Ұлым өсіп, тоғызға толады.
      – Бұл жақсы ғой. Көмекші өсіп келеді деген сөз. Неге сонша мұңаясың?
      – Иә, мектепке беруді ұмытып кетіппіз.
Скрыть текст
02-38
      Екі хатшы қыздар кездесіп, бастықтарын сөз қылады.
      – Сенің бастығың өзіңе қалай?
      – Әбден жақсы. Өткен айда ол маған гауһар алқа, ал тақауда поляр түлкісінің тонын сыйлады, кеше маған үйленуге ұсыныс жасады!
      – Қандай оңбаған - үнемдей бастаған екен ғой!
Скрыть текст
02-39
      – Науқас, сіз күніне қанша ішімдік ішесіз? - деп, дәрігер емделушіден жақтырмай сұрады.
      – Дәрігер, төрт бөтелке сыра.
      – Неге? Мен сізге тек екі бөтелке ішуге рұқсат бергем!
      – Бірақ сізге дейін қараған терапевт те екі бөтелкеге рұқсат берген!
Скрыть текст
02-40
      Көптен бері көріспеген екі жігіт кездесті.
      – Жоқ, мен ішуді доғарғам.
      – Неге?
      – Есіңде ме, өткен жылғы жаз?
      – Иә.
      – Ал менің есімде жоқ!
Скрыть текст
02-41
      Науқас дәрігерге мүлдем қарайып кеткен тілін көрсетеді.
      – Сізге не болған? - деп таңырқайды дәрігер.
      – Жаңадан төселген асфальтқа жарты литр арақты төгіп алдым.
Скрыть текст
02-42
      Емханада:
      – Көз дәрігеріне неге соншама ұзын кезек?
      – Кеше президент халықтың дәулеттілігі көз алдыңда өседі деген.
Скрыть текст
02-43
      Сотта.
      – Сіз, жауапкер мен талапкер екеуі жұбайлар секілді бірге тұратындарына сендіресіз бе?
      – Тіпті одан да жақсы, судья жолдас...
Скрыть текст
02-44
      Емделушіге дәрігер:
      – Өміріңізді ұзартам десеңіз, ішпеңіз.
      – Дәрігер мырза, сіздікі шынайы шындық. Мен бір апта ішпеп едім, ол маған бір жылға тең болып көрінді.
Скрыть текст
02-45
      Мейрамхана қожайыны келушіге мақтанышпен айтып жатыр:
      – Мейрамханамыздың мақтауға тұрарлық ерекшелігі, ол - тасбақалар!
      Қонақ байсалдылықпен жауап қатты:
      – Білемін, кеше біреуі маған қызмет көрсетті.
Скрыть текст
02-46
      Ұзақ жаңа жыл мерекелері орыс халқына жыл бойы барлық жиған тергендерін ішіп, жеу үшін беріледі.
Скрыть текст
02-47
      Екі ит кездесіп:
      – Менің естуімше, сен өз иеңді қатты қауып алыпсың ғой. Соншалықты, не үшін?
      – Түсінесің бе, ол ішіп алып менің бүкіл медальдарымды тағып алыпты.
Скрыть текст
02-48
      Әйел адамның қай жастағысымен болмасын, бір нәрсені анықтау мүмкін емес: бойжеткеннің ойы жайлап, әйелдік құпияға ауысады, ал олар өз кезегімен - қарттық ұмытшақтыққа.
Скрыть текст
02-49
      – Балам, сен ұрысуды қайдан үйрендің?
      – Бұны үйрену мүмкін емес. Бұл туа бітетін қасиет.
Скрыть текст
02-50
      – Сіз ағылшынша сөйлей аласыз ба?
      – Тек сөздікпен ғана. Әзір адамдармен сөйлесуге ұялам.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова, Saule Ibraeva
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 01 Вернуться к началу Выпуск 03  >>