Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Қасқыр мен жылқы   (неміс ертегісі)

Қасқыр әрқашан ауылдан қозыларды ұрлады. Бір күні адамдар оны ұстап алды және қатты таяқпен ұрды. Бірақ өлтірмеді. Енді ауылға келмеймін деп ойлады қасқыр.

Бірақ қасқырдың қарны ашты. Ол жайлауға келді. Жайлауда ол жылқы мен құлыншақты көрді.

– Бұл жерде жайлауға болмайды. Оны бәрі біледі. Сен заң бұздың, сондықтан мен құлыншақты алып кетемін. Мен мұнда күзетшімін, – деді қасқыр.

Жылқы қасқырға ұзақ жалынды, құлыншақты алма деді. Бірақ қасқыр көнбеді.

– Байғұс кішкентай балам-ай, енді не істейміз?

– Оның жасы нешеде?

– Анығын білмеймін. Бірақ оның аты және туған күні менің оң тұяғымда жазулы тұр. Сіз оқи алатын шығарсыз. Сіз күзетшісіз ғой.

Әрине, қасқыр сауатсыз болды, бірақ ол ұялды, сондықтан ол:

– Кәне, көрсет тұяғыңды, оқиын, – деді.

Қасқыр тұяққа қарады. Сол кезде жылқы тұяғымен қасқырдың басынан теуіп жіберді. Қасқыр құлап түсті. Сол уақытта жылқы мен құлыншақ қашып кетті.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қасқыр әрқашан қозыларды қайдан ұрлады?
2) Бір күні кімдер оны ұстап алды?
3) Адамдар не істеді?
4) Адамдар қасқырды өлтірді ме?
5) Қасқыр не деп ойлады?
6) Қасқырдың қарны ашты ма?
7) Ол қайда келді?
8) Жайлауда ол нелерді көрді?
9) Қасқыр жылқыға не деді?
10) Қасқыр сауатты болды ма, сауатсыз болды ма?
11) Жылқы не істеді?
12) Қайсысы құлап түсті?
13) Нелер қашып кетті?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Қасқыр әрқашан қаладан қозыларды ұрлады.
2) Жайлауда ол түлкілерді көрді.
3) Қасқыр сауатсыз болды.
4) Жылқы ұзақ жалынды.
5) Құлыншақ нешеде болды?
6) Жылқының түсі қандай болды?



Текст на казахском языке взят из:
"Түлкі мен қаздар". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Маймыл мен көзілдірік Вернуться к началу Үкі мен қарға  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв