Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Саяхатшы бақа   (орыс ертегісі)   Прослушать

Звук Прослушать: Маида Байбугина

Аудио сказки (скачать mp3)

Ертеде бір бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты.   Прослушать

Бір күні ол өзен жағасында отырды. Бір кезде жағаға үйректер қонды.   Прослушать

– Жол алыс, – деді бір үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.   Прослушать

Бұны бақа естіді.   Прослушать

– Кешіріңіз, қайда ұшасыздар? – деді бақа.   Прослушать

– Оңтүстікке ұшамыз, – деді бір үйрек.   Прослушать

– Оңтүстік жылы ма?   Прослушать

– Иә, жылы.   Прослушать

– Онда маса, шіркей көп пе?   Прослушать

– Иә, көп, – деді үйрек.   Прослушать

– Онда мені ала кетіңдер.   Прослушать

– Сенің қанатың жоқ, қалай ұшасың?   Прослушать

– Білмеймін, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – деді бақа.   Прослушать

Бақа бiраз ойланды, сосын:   Прослушать

– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екі үйрек таяқтың екі ұшынан тістейді, мен ортасынан тістеймін. Бірақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.   Прослушать

– Жарайды, – деді үйрек.   Прослушать

Сөйтіп олар ұшты. Екі жақта екі үйрек, ортасында бақа. Бұл қызық көрініс болды.   Прослушать

Бұны балалар көрді.   Прослушать

– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.   Прослушать

Бақа мақтанып кетті.   Прослушать

– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түсті.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қашан бір бақа болыпты?
2) Бір күні ол қайда отырды?
3) Жағаға нелер қонды?
4) Бір үйрек не деді?
5) Бақа үйректерге не деді?
6) Үйректер не деп жауап қайтарды?
7) Қайсысы: – Таптым, таптым, – деп айқайлады?
8) Олар қалай ұшты?
9) Оларды кімдер көрді?
10) Балалар не деп айқайлады?
11) Қайсысы мақтанып кетті?
12) Бақа не деп мақтанды?
13) Бақа қайда құлап түсті?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Бақа батпақта тұрды.
2) Бір кезде жағаға қаздар қанды.
3) Бақа мақтанып кетті.
4) Бақа көлге құлап түсті.
5) Үйректер қандай деревняның үстінен ұшты?
6) Өзеннің аты қандай?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар:
Ертеде бір .................... болыпты. .................... батпақта тұрыпты. Бір күні ол .................... жағасында .................... . Бір кезде жағаға .................... қонды.
– Жол алыс, – деді бір .................... . – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.
Бұны .................... естіді.
– .................... , қайда ұшасыздар? – деді бақа.
– .................... ұшамыз, – деді бір үйрек.
– Оңтүстік .................... ма?
– Иә, жылы.
– Онда маса, шіркей .................... пе?
– Иә, көп, – деді үйрек.
– Онда мені ала кетіңдер.
– Сенің қанатың ...................., қалай ұшасың?
– .................... , бірақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – деді бақа.
Бақа біраз ойланды, сосын:
– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – .................... үйрек таяқтың екі ұшынан тістейді, .................... ортасынан тістеймін. Бірақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.
– Жарайды, – деді үйрек.
Сөйтіп олар ұшты. Екі жақта екі үйрек,.................... бақа. Бұл қызық көрініс .................... .
Бұны балалар ..................... .
– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – .................... айқайлады .................... . – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.
Бақа мақтанып кетті.
– Мұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде .................... құлап түсті.
Керекті сөздер:
ол, көрді, білмеймін, болды, екі, кешіріңіз, отырды, көп, шалшыққа, бақа, қанатың, оңтүстікке, үйректер, өзен, бақа, үйрек, мен, деп, жылы, жоқ, ортасында, балалар.



Текст на казахском языке взят из:
"Түлкі мен қаздар". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Қасқыр мен кемпір Вернуться к началу Бұйра қыз  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв