Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Кішкентай Жанат   (ағылшын ертегісі, Л. Мурр)   Прослушать

Звук Прослушать: Маида Байбугина

Аудио сказки (скачать mp3)

– Бүгін сенің туған күнің, – деді мамасы кішкентай Жанатқа, – енді сен үлкенсің.   Прослушать

– Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма?   Прослушать

– Әрине, болады.   Прослушать

Кішкентай Жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрді.   Прослушать

– Сен қайда бара жатырсың?   Прослушать

– Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын.   Прослушать

– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба?   Прослушать

– Қорықпаймын. Ол қорқынышты ма?   Прослушать

– Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт.   Прослушать

Кішкене Жанат тоғанға келді.   Прослушать

– Әй, тоғанда отырған, шық, – деп айқайлады.   Прослушать

Бірақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады.   Прослушать

Кішкене Жанат бетін тыржыйтты. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтты.   Прослушать

Кішкене Жанат таяқты көтерді. Ол да таяқты көтерді.   Прослушать

Кішкене Жанат қатты қорқып кетті. Ол үйге жүгірді.   Прослушать

– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.   Прослушать

– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлімде.   Прослушать

Жанат солай істеді. Тоғанда отырған біреу де оған күлімдеді.   Прослушать

Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп жинады.  Прослушать

– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба? – дедi маймыл.  Прослушать

– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған күлімдейдi, – деді кішкене Жанат.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Мамасы кішкентай Жанатқа не деді?
2) Кішкентай Жанат не деді?
3) Оны қайсысы көрді?
4) Маймыл кішкентай Жанатқа не деді?
5) Кішкентай Жанат не деп жауап берді?
6) Ол тоғаннан не көрді?
7) Не бетін тыржыйтты?
8) Кішкене Жанат нені көрді?
9) Қайсысы қатты қорқып кетті?
10) Ол мамасына не деді?
11) Ол мамасы не деді?
12) Неге кішкене Жанат қуанып кетті?
13) Ол не жинады?
14) ОМаймыл не деді?
15) Кішкене Жанат не деп жауап берді?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар:
– Бүгін сенің .................... күнің, – деді мамасы кішкентай Жанатқа, .................... сен үлкенсің.
– Онда орманға барып, өлең шөп .................... бола ма?
– Әрине, болады.
Кішкентай Жанат орманға .................... жатты. Оны маймыл .................... .
– Сен .................... бара жатырсың?
– Мен тоғанға өлең шөпке .................... жатырмын.
– Сен тоғанда отырған нәрседен .................... ба?
– Қорықпаймын. Ол .........................................ма?
– Иә, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны .................... .
Кішкентай Жанат тоғанға .................... .
– Әй, тоғанда отырған, шық, – .................... айқайлады.
Бірақ айнала .................... болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған .................... қарады. Кішкене жанат бетін тыржыйтті. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтті. Кішкене Жанат таяқты .................... Ол да таяқты көтерді. Кішкене Жанат қатты .................... Ол үйге жүгірді.
– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.
– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған .................... .
Жанат .................... істеді. Тоғанда отырған біреу де оған .................... . Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп .................... .
– Сен .................... отырған нәрседен қорықпадың ба? – деді маймыл.
– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған ...................., – деді кішкене Жанат.
Керекті сөздер:
Туған, әкелуге, келе, көрді, қайда, енді, қорқынышты, бара, қорықпайсың, келді, деп, қорқыт, біреу, қорқып кетті, көтерді, күлімде, жинады, тоғанда, маған, тып-тыныш, ешқашан, солай, күлімдеді, күлімдейді.



Текст на казахском языке взят из:
"Кiшкентай жанат". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Кірпі мен қарға Вернуться к началу Қасқыр мен кемпір  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв