Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Родина, Народ
Семья, Дети
Дружба, Вражда
Труд, Дело
Учение, Мудрость
Слово, Речь, Язык
Добро, Зло
Богатство, Бедность
Смелость, Риск
Цель, Мечта
Здоровье
Еда (хлеб)
    Пословицы
      (разные)
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
             Фразеологизмы
 А – Ә / A-Á
 Б – Д / B-D
 Е – Ж / E-J
 З – К / Z-K
 Қ – Л / Q-L
 М – П / M-P
 С – Т / S-T
 У – І / Ý-İ
Другие фразеологизмы
Если хотите сказать
 Кирил/Latyn 

Пословицы, стр.6

 
Грамматика казахского языка. Просто о сложном


Составитель: Татьяна Валяева

 41
Қарын дәмді болса, итке тастамас еді. Если б требуха была вкусной, ее б собакам не давали. Qaryn dámdi bolsa, ıtke tastamas edi.
Қолағашы мықты болса, киіз қазық жерге кірер. Если крепкий молоток найдётся, и войлочный кол в землю вобьётся. Qolaǵashy myqty bolsa, kıiz qazyq jerge kirer.
Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демейін.Гость, ты мясо не проси, я не скажу тебе «уходи». Qonaǵym, sen «et» deme, men «ket» demeıin.
Өліспеген көріседі. Не умрём - так встретимся. Ólispegen kórisedi.
Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен. Если невежда мулла, то у него огромная чалма. Saýatsyz moldanyń sáldesi úlken.
Ұрлық еткен жазасыз кетпес. Если воруешь - наказания не минуешь. Urlyq etken jazasyz ketpes.
Ағайының бай болса, асағаның май болар. Если родня богата, масло будешь кушать. Aǵaıynyń baı bolsa, asaǵanyń maı bolar.
Түсі келгеннен түңілме. Приличной внешности все доверяют. Túsi kelgennen túńilme.
Алтынды тот баспайды. Золото не ржавеет. Altyndy tot baspaıdy.
Аңшының кешіккеніне сүйін. Если охотник запаздывает, радуйся (значит охота удачная). Ańshynyń keshikkenine súıin.
 42
Бақсының емі өзіне қонбайды. Знахарь сам заболеет и лекарства от болезни не имеет. Baqsynyń emi ózine qonbaıdy.
Бермейтін нәрсе болмайды - сұрауын таппайды. Если правильно просить, то всё можно получить. Bermeıtin nárse bolmaıdy - suraýyn tappaıdy.
Ажал айтпай келеді, қонақ күтпей келеді. И смерть является внезапно, и гость является незвано. Ajal aıtpaı keledi, qonaq kútpeı keledi.
Азған денеге ауру үйір. К истощенному организму все болезни привязываются. Azǵan denege aýrý úıir.
Есер баладан ерке бала жаман. Избалованный ребёнок хуже дурака. Eser baladan erke bala jaman.
Әжеме де барайын, бұзауымды қарайын. И к бабушке пойду и за телёнком присмотрю. Ájeme de baraıyn, buzaýymdy qaraıyn.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық. Если женщина рано встаёт, на одно дело болше успеет, джигит, если рано встаёт, на одно счастье больше найдёт. Erte turǵan áıeldiń bir isi artyq, erte turǵan erkektiń yrysy artyq.
Жылауық болса да, баланың бары жақсы, бақырауық болса да, түйенің бары жақсы. Иметь бы верблюжонка, пусть даже крикливого; иметь бы ребёнка, пусть даже плаксивого. Jylaýyq bolsa da, balanyń bary jaqsy, baqyraýyq bolsa da, túıeniń bary jaqsy.
Ит иесіне үрмес. Собака на своего хозяина не лает. It ıesine úrmes.
Кезі келсе, күміс те күлге айналар. И серебро со временем в пыль превращается. Kezi kelse, kúmis te kúlge aınalar.
 43
Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар. И дорожка лучше ковра бывает, и бедняк лучше хана бывает. Kilemge bergisiz alasha bar, hanǵa bergisiz qarasha bar.
Кісідегінің кілті аспанда. Ключи от чужого сундука на небе хранятся. Kisideginiń kilti aspanda.
Қабаған ит үрмей жүгіреді. Коварная собака исподтишка нападает. Qabaǵan ıt úrmeı júgiredi.
Қалауын тапса, қар жанар. И снег огнём запылает, если умелец зажечь пожелает. Qalaýyn tapsa, qar janar.
Қанша тұлпар болса да, жоқты қуып жете алмас. И на самом быстром коне не догнать того, чего нет. Qansha tulpar bolsa da, joqty qýyp jete almas.
Қасқыр да қандасына қастық қылмайды. И волк не пакостит своему приятелю. Qasqyr da qandasyna qastyq qylmaıdy.
Қасық тары ботқа болмас, ботқа болса да, жұртқа болмас.Из ложки пшена каши не сварить, а если и сварить, всех не накормить. Qasyq tary botqa bolmas, botqa bolsa da, jurtqa bolmas.
Қойшы көп болса, қой арам өледі. Когда много пастухов бывает овцы дохнуть начинают. Qoıshy kóp bolsa, qoı aram óledi.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді. Когда у собаки чешутся лапы, она бежит за караваном. Ittiń tabany qyshysa, kerýenge eredi.
Күріш арқасында күрмек су ішеді. Когда рис поливается - и сорняк воды напивается. Kúrish arqasynda kúrmek sý ishedi.
 44
Өлімнен қорыққан өлімге жүгіреді. Кто смерти боится, тот к смерти стремится. Ólimnen qoryqqan ólimge júgiredi.
Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайына тиер. На головку кетменя наступишь, по лбу черенком получишь. Ketpenniń basyn bassań, saby mańdaıyna tıer.
Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол. Лучше быть нищим с умом своим, чем быть богатым с умом чужим. Kisi aqylymen baı bolǵansha, óz aqylyńmen jarly bol.
Кісінің жырын жырлама, өз жырынды жырла. Не пой чужую песню, пой свою. Kisiniń jyryn jyrlama, óz jyryndy jyrla.
Кішіні мақтап, үлкенді мін. Маленького жеребёнка хвали, на большого коня садись. Kishini maqtap, úlkendi min.
Кішкене тас бас жарар. Маленький камешек бывает, большую голову пробивает. Kishkene tas bas jarar.
Көкек өз атын өзі шақырады. Кукушка сама свое имя выдает. Kókek óz atyn ózi shaqyrady.
Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді әділ би. Много говорит плохой судья, мало говорит справедливый судья. Kóp sóıleıdi zalym bı, az sóıleıdi ádil bı.
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді. Добрый сын народными заботами живёт, непутевый - народные труды проживёт. Atadan jaqsy ul týsa, eliniń qamyn jeıdi, atadan jaman ul týsa, eliniń malyn jeıdi.
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас. Рядом аул когда, собака не боится волка. Aýyly jaqyn ıt qasqyrdan qoryqpas.
 45
Сойылды сілтей білмеген өзіне тигізер. Кто с дубинкой обращаться не умеет, тот себя ею огреет. Soıyldy silteı bilmegen ózine tıgizer.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Красива не красивая, красива любимая. Sulý sulý emes, súıgen sulý.
Шай ішкен қымыз сұрамас. Кто чай любит, тот кумыс просить не будет. Shaı ishken qymyz suramas.
Ат иесіз болмас, қазан күйесіз болмас. Лошадь не бывает без хозяина, казан не бывает без сажи. At ıesiz bolmas, qazan kúıesiz bolmas.
Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас. Не всякий конь скакуном считается, не всякая птица за сокола принимается. Attyń bári tulpar bolmas, qustyń bári suńqar bolmas.
Түн иесі - шырақ, су иесі - мұрап. Лампа - хозяин ночи, мираб - хозяин воды. Tún ıesi - shyraq, sý ıesi - murap.
Ұлықсыз жұрт - бассыз дене. Народ без главы, что тело без головы. Ulyqsyz jurt - bassyz dene.
Ұры бүлікке құмар, шыбын шірікке құмар. Мухи вьются вокруг гнилья, где неурядицы, там много жулья. Ury búlikke qumar, shybyn shirikke qumar.
Аяғы кіші сүйгенін киеді, аяғы үлкен сыйғанын киеді. Тот, у кого маленькие ноги одевает то, что нравится, тот, у кого большие ноги одевает лишь то, что подходит. Aıaǵy kishi súıgenin kıedi, aıaǵy úlken syıǵanyn kıedi.
Шөбі жоқ деп, жерден түңілме, малы жоқ деп, ерден түңілме. Не отступайся от земли, если и скудна она, не отступайся от джигита, если и беден он. Shóbi joq dep, jerden túńilme, maly joq dep, erden túńilme.
 46
Ақтың ісін құдай жақтайды. Праведное дело и Бог поддержит. Aqtyń isin qudaı jaqtaıdy.
Атың болмаса, аяғыңа жалын, аяғын болмаса, таяғыңа жалын. Нет коня - на ноги свои полагайся, ногам тяжело - на палку опирайся. Atyń bolmasa, aıaǵyńa jalyn, aıaǵyn bolmasa, taıaǵyńa jalyn.
Аузы күйген үрлеп ішер. Обжегшийся однажды, сначала подует, потом уже пьёт. Aýzy kúıgen úrlep isher.
Әділ би халқы үшін, залым би құлқы үшін. Справедливый хан о народе печётся, хан плохой за карман свой трясётся. Ádil bı halqy úshin, zalym bı qulqy úshin.
Байлаулы ит үреген, байлаулы өгіз сүзеген.Привязанная собака постоянно лает, привязанный бык сильно бодлив. Baılaýly ıt úregen, baılaýly ógiz súzegen.
Ауызбен айтқанды қолыңмен істе. Обещанное устами, выполняй руками. Aýyzben aıtqandy qolyńmen iste.
Бір ит көріп үреді, бір ит еріп үреді. Одна собака лает, когда чужих замечает, другая - с ней за компанию лает. Bir ıt kórip úredi, bir ıt erip úredi.
Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман. Один улыбающийся недруг, опаснее тысячи угрожающих врагов. Gúrildep kelgen jaýdan, kúlimdep kelgen qas jaman.
Дихан жауына тынады, балықшы дауылда тынады. В дождь пахарь отдыхает, рыбак в бурю отдыхает. Dıhan jaýyna tynady, balyqshy daýylda tynady.
Ескіге жаңа өлшеуіш, жаманға жақсы өлшеуіш. По новому старое измеряют, по хорошему плохое определяют. Eskige jańa ólsheýish, jamanǵa jaqsy ólsheýish.
 47
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма. В злачный дом не заходи, в стране, где нет главы, не живи. Ádepsiz úıge kirme, ákimsiz elde turma.
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің. Пока есть силы, трудись, будет на что тебе в старости жить. Áliń barda eńbek et, eńkeıgende emersiń.
Жағымпаз надан жаудан жаман. Льстец опасней подлого врага. Jaǵympaz nadan jaýdan jaman.
Жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат. От хорошего человека всегда идёт добро, от плохого - зло. Jaqsydan - sharapat, jamannan - kesapat.
Жаман ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды. Плохая родня завидует тебе, а помочь не может в беде. Jaman aǵaıyn bar bolsań, kóre almaıdy, joq bolsań, bere almaıdy.
Жаман жігіт қыз таңдайды, жаман етікші біз таңдайды. Плохой джигит невест перебирает, плохой сапожник шило перебирает. Jaman jigit qyz tańdaıdy, jaman etikshi biz tańdaıdy.
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы койшы жайлауын мың күн жейді. Плохому чабану джайлау на один день хватает, хорошему - на тысячу дней хватает. Jaman qoıshy jaılaýyn bir kún jeıdi, jaqsy koıshy jaılaýyn myń kún jeıdi.
Жамандық көрмей, жақсылық болмас. Нет худа без добра. Jamandyq kórmeı, jaqsylyq bolmas.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар. Одежду не по тени кроят. Kóleńkege qarap kóılek pishpes bolar.
Қайғыдан бойың азар, мылжыңнан ойың азар. От грусти тело худеет, от многословия мозги худеют. Qaıǵydan boıyń azar, myljyńnan oıyń azar.
 48
Қой үріккен жағына беттемейді. Овца не пойдёт туда, где её напугали. Qoı úrikken jaǵyna bettemeıdi.
Қойға өзінен басқаның бәрі жау. Овце все враги, кроме себя самой. Qoıǵa ózinen basqanyń bári jaý.
Қонағын сүймеген баласын ұрады, я үйін сыпырады. ри госте детей бить или пол подметать - к гостю неуважение проявлять. Qonaǵyn súımegen balasyn urady, ıa úıin sypyrady.
Қонақтың орны - төрде. Место гостя - на почётном месте. Qonaqtyń orny - tórde.
Қорқак ит үреген. Трусливая собака лает громче всех. Qorqak ıt úregen.
Қыс азығын жаз жина. Пищу на зиму летом готовь. Qys azyǵyn jaz jına.
Бір күнгі ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. От однодневного спора сорокадневное бедствие. Bir kúngi urystyń qyryq kúndik qyrsyǵy bar.
Бір мал иесіне пайда келтіреді, бір мал иесін өлтіреді. Один скот хозяину богатство принесёт, другой скот хозяина убьёт. Bir mal ıesine paıda keltiredi, bir mal ıesin óltiredi.
Мешкей деген жақсы ат емес. Обжора - прозвище не из лучших. Meshkeı degen jaqsy at emes.
Жүйрік тоқтығын білдірмес, жомарт жоқтығын білдірмес. Скакун сытость не покажет, щедрый о нищете своей не скажет. Júırik toqtyǵyn bildirmes, jomart joqtyǵyn bildirmes.



©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Пословицы, стр.5 Вернуться к началу Фразеологизмы А-Ә / A-Á  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга