Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Фразеологизмы
А
Ә
Б
Г Ғ Д
Е
Ж
З И
К
Қ
Л М
Н
О
Ө
П Р
С
Т
У Ұ
Ү Х
Ш
Ы І
    Пословицы
Родина, Народ
Семья, Дети
Дружба, Вражда
Труд, Дело
Учение, Мудрость
Слово, Речь, Язык
Добро, Зло
Богатство, Бедность
Смелость, Риск
Цель, Мечта
Здоровье
 Еда (хлеб)
Разные
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
Если хотите сказать
 Қаз/Qaz 

Слово, Речь, Язык

 
 1
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.Кто слово не ценит, тот себя не ценит. Söz qadırın bılmegen öz qadırın bılmei.
Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады.Зажжённый огонь тело греет, доброе слово – душу. Janğan ot tän jylytady, jaqsy söz jandy jylytady.
Қиыстырып қаласаң отын жанар, қиыстырып айтсаң халық нанар.Если ладно сложишь, дрова загорятся, если складно скажешь, люди поверят. Qiystyryp qalasañ otyn janar, qiystyryp aitsañ halyq nanar.
Ми ойлағанды тіл тындырады.Что в голове зарождается, язык на свет выдает. Mi oilağandy tıl tyndyrady.
Жыланның уы – тісінде, адамның уы – тілінде.Яд змеи – в зубах, яд человека – в языке. Jylannyñ uy – tısınde, adamnyñ uy – tılınde.
Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.Плохое слово до слёз доводит, хорошее слово утешает. Jaman söz jylatady, jaqsy söz jūbatady.
Құлаққа кірген суық сөз – көңіліңе барып мұз болар.Вошедшее в ухо холодное слово, в душе льдом становится. Qūlaqqa kırgen suyq söz – köñılıñe baryp mūz bolar.
Жаман сөз – жанға кірген тікен.Дурное слово занозой вонзается в душу. Jaman söz – janğa kırgen tıken.
Өсекшінің тілі қышып тұрады.У сплетника язык чешется. Ösekşınıñ tılı qyşyp tūrady.
Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.Многословие – серебро, молчание – золото. Köp söz – kümıs, az söz – altyn.
 2
Айтылған сөз – атылған оқпен бірдей.Сказанное слово выстрелянной пуле подобно. Aitylğan söz – atylğan oqpen bırdei.
Ойнап айтсаң да ойлап айт.Даже говоря в шутку, продумав говори. Oinap aitsañ da oilap ait.
Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз.Глаза украшают лицо, слово украшает уста. Jüzdıñ körkı – köz, auyz körkı – söz.
Әңгіме жол қысқартады.Приятная беседа дорогу сокращает. Äñgıme jol qysqartady.
Жақсы сөз – жан азығы.Хорошее слово – пища для души. Jaqsy söz – jan azyğy.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.Говори не о том, что вычитал, а о том, что осмыслил. Oqyğandy aitpa, toqyğandy ait.
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.Куда человек сам не может ступить, дойдут его слова. Adamnyñ özı jetpegen jerge sözı jete.
Сұраумен Меккеге барасың.Спрашивая, можно до Мекки дойти. Sūraumen Mekkege barasyñ.
Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас.Щедрый о том, что отдал, не скажет, джигит от того, что сказал, не отступит. Jomart bergenın aitpas, er aitqanynan qaitpas.
Ит үреді, керуен көшеді.Собака лает, караван идёт. İt üre, keruen köşe.
 3
Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.Умный и собой ладен и речь у него складная. Jaqsynyñ özı de jaqsy, sözı de jaqsy.
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.Веревка хороша длинная, а речь – короткая. Jıptıñ ūzyny, sözdıñ qysqasy jaqsy.
Тіл – көңілдің кілті.Язык – ключ к душе человека. Tıl – köñıldıñ kıltı.
Аузы жаман елді былғар.Сплетник пачкает честных людей. Auzy jaman el bylğar.
Жыртық үйді жел табар.Ветер находит рваную юрту (правда побеждает ложь). Jyrtyq üi jel tabar.
Түйе көтермегенді тіл көтереді.Что верблюд поднять не сможет, то поднимет язык. Tüie kötermegen tıl kötere.
Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады.Много повидав, становятся вождями, много раз выступая, становятся ораторами. Köre-köre kösem bolady, söilei-söilei şeşen bolady.
Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған шешен аттан түсіріпті.Батыра, с сабли которого капала кровь, заставил спешиться красноречивый, с языка которого капал мёд. Qylyşynan qan tamğan batyrdy, тілınen bal tamğan şeşen attan tüsırıp.
Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал.Краса лица – глаза, краса уст – слово, краса слов – пословица. Jüzdıñ körkı – köz, auyz körkı – söz, sözdıñ körkı – maqal.
Құрғақ сөз бас ауыртар.Пустые слова тоже боль причиняют. Qūrğaq söz bas auyrtar.
 4
Өнер алды – қызыл тіл.Высшее искусство – красноречие. Öner aldy – qyzyl tıl.
Тұз – астың дәмін келтıреді, мақал – сөздің мәнін келтіреді.Соль проявит вкус пищи, пословица донесёт смысл речи. Tūz – astyñ dämıт keltıre, maqal – sözdıñ mänın keltıre.
Ұзын шапан аяғыңа оралады, ұзын тıл мойныңа оралады.Длинный чапан обвивает ноги, а длинный язык – шею. Ūzyn şapan aiağa oralady, ūzyn tıl moinyña oralady.
Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық.Увиденное глазами – правда, услышанное ушами – неизвестность (Не всё то правда, что люди говорят). Közben körgen anyq, qūlaqpen estıgen tanyq.
У ішкен бір рет өледі, ант бұзған мың рет өледі.Принявший яд умирает один раз, нарушивший клятву – тысячу раз. U ışken bır ret öle, ant būzğan myñ ret öle.
Тура сөз туғанына жақпас.Правдивое слово родному не по душе (правда глаза колет). Tura söz tuğanyna jaqpas.
Жаман айтпай, жақсы жоқ.Не сказав плохое, не будет хорошего (нет худа без добра). Jaman aitpai, jaqsy joq.
Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады.Знающий скажет умело, невежда укусит словами. Bılgen tauyp aitady, bılmegen qauyp aitady.
Бал тамған тıлден у да тамады.С языка, источающего мёд, может и яд капать. Bal tamğan tılden u da tamady.
Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады.Кто болтает – по миру пойдёт, кто действует – добра наживёт. Söz quğan pälege jolyğady, jol quğan oljağa jolyğady.
 5
Алмас қылыш майданда серік, асыл сөз майданда да, сайранда да серік.Алмазный клинок – друг в бою, доброе слово – друг и в бою и на пиру. Almas qylyş maidanda serık, asyl söz maidanda da, sairanda da serık.
Аз сөйле, көп істе.Меньше говори, больше делай. Az söile, köp ıste.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.Вода горы и камни разрушает, слово дружбу разбивает. Tau men tasty su būzar, adamzatty söz būzar.
Жақсы сөз – жарым ырыс.Доброе слово – половина блага. Jaqsy söz – jarym yrys.
Аз сөйле, көп сөйле, ойланып сөйле.Много или мало говоришь – говори подумав. Az söile, köp söile, oilanyp söile.
Каhарлы сөз қамал бұзар.Мужественное слово и крепости покоряет. Kaharly söz qamal būzar.
Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.Рана от копья затянется, рана от слова останется. Qylyş jarasy bıter, tıl jarasy bıtpes.
Орынсыз сөз өзіңе тиер.Слово не к месту сказать, только себя наказать. Orynsyz söz özıñe tier.
Ауыр жүк иығыңды басар, ауыр сөз еңсеңді басар.Тяжёлая ноша на плечи давит, от тяжёлого слова духом падаешь. Auyr jük iyğdy basар, auyr söz eñseñ basar.
Тіл тікенді де алады.Язык и занозу вынимает. Tıl tıken de alady.
 6
Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.Руки мастера и язык оратора – для всего народа. Şeberdıñ qoly ortaq, şeşennıñ sözı ortaq.
Аз сөйлесең де саз сөйле.Говори редко, но метко. Az söileseñ de saz söile.
Өткен күн оралмас, құнды сөз жоғалмас.Прожитый день не вернётся, а мудрое слово останется. Ötken kün oralmas, qūndy söz joğalmas.
Сиыр мүйізінен жазады, адам тілінен жазады.Корове беды приносят рога, человек страдает из-за языка. Siyr müiızınen jazady, adam tılınen jazady.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.Стремись изучить язык семи народов и семь разных наук. Jetı jūrttyñ tılın bıl, jetı türlı bılım bıl.
Қол шешпеген түйінді тіл шешеді.Узел, непосильный рукам, языку под силу. Qol şeşpegen tüiın tıl şeşe.
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.Язык камни разбивает, камень не разобъёт, так голову расшибёт. Tıl tas jarady, tas jarmasa, bas jarady.
Тілде тиек жоқ.Язык ограды не имеет. Tılde tiek joq.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. Не говори ребёнку своим языком, а говори его языком. Balağa öz tılıñmen söileme, öz tılımen söile.
Тіл – асыл ойдың бұлағы.Язык – источник мудрости. Tıl – asyl oidyñ būlağy.
 7
Ана тілің алпыс тілге татиды.Родной язык стоит шестидесяти других языков. Ana tılıñ alpys tılge tatidy.
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.Каждый народ счастлив только с родным языком. Ärbır halyq özınıñ ana tılınde ğana baqytty.
Тәрбие тілден басталады.Воспитание начинается с языка. Tärbie tılden bastalady.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.езумный не тот, кто не знает свой язык, а тот, кто не хочет знать свой язык. Tılın bılmeitınder emes, tılın bıl kelmeitınder – mäñgürt.
Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.Язык – корень, на который опирается нация, объект почитания. Tıl – ūlttyñ süienetın tamyry, syiynatyn täñırı.
Тіл – атадан қалған асыл мұра.Язык – благородное наследие предков. Tıl – atadan qalğan asyl mūra.
Тіл – білім, тәрбие тұғыры.Язык – пьедестал образования и воспитания. Tıl – bılım, tärbie tūğyry.
Тіл – достықтың мерейі.Язык – престиж дружбы. Tıl – dostyqtyñ mereiı.
Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.Язык – источник культурного сокровища. Tıl – mädeni qazynanyñ qainar būlağy.
Тілді қорлау – халықты қорлау.Унижение языка – унижение народа. Tıl qorlau – halyqty qorlau.
 8
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.Народ с мёртвым языком – мёртвый народ. Tılı ölgen el – tırı ölgen el.
Туған ел – тұғырың, туған тіл – қыдырың.Родной народ – твой пьедестал, родной язык – твоя сопутствующая удача. Tuğan el – tūğyr, tuğan tıl – qydyr.
Ұлттың қуаты – тілінде.Мощь нации в её языке. Ūlttyñ quaty – tılınde.
Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.Исчезновение нации начинается с исчезновения его языка. Ūlttyñ öşuı tıldıñ öşuınen bastalady.
Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.Материнское молоко увеличивает рост, родной язык увеличивает сознание. Ana sütı boi ösıre, ana tılı oi ösıre.
Білім кілті – тіл.Ключ к знаниям – язык. Bılım kıltı – tıl.
Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.На ласковую речь и змея из норы выползает. Jyly-jyly söileseñ, jylan ınnen şyğady.
Ойламай сөйлеген, отты үрлегенмен тең.Не подумав, болтаешь, огонь раздуваешь. Oilamai söilegen, otty ürlegenmen teñ.
Жақсы сөзге жан семіреді.От хорошего слова полнеет душа. Jaqsy sözge jan semıre.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.Слов гора, а суть как крупица мала. Toqsan auyz sözdıñ tobyqtai tüiını.
 9
Көңілдегі кір айтса кетеді, көйлектегі кір жуса кетеді. Стирка одежду отмывает, хороший разговор душу очищает. Köñıldegı kır aitsa kete, köilektegı kır jusa kete.
Тіл жердің астында жатқанды шығарады.Язык докопается до того, что ещё под землей валяется. Tıl jerdıñ astynda jatqandy şyğarady.
Тіл ащы да болар, тәтті де болар, жұмсақ та болар, қатты да болар.Язык и горек, и сладок, бывает тверд, бывает мягок. Tıl aşşy da bolar, tättı de bolar, jūmsaq ta bolar, qatty da bolar.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.Язык не знает преграды, мысли не знают конца. Tıl buynsyz, oi tüpsız.
Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды. Ветер озеро приводит в движение, слово – мысль. Köl jel qozğaidy, oidy söz qozğaidy.
Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.Похвальба вдохновит, колкость может убить. Maqtağan jetkızer, şaqqan öltırer.
Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың. И о слово споткнёшься, если оно неграмотное. Sauatsyzdyñ sözıne sürınıp qūlarsyñ.
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі. Добрый человек заговорит – будто цветы вокруг рассыпает, дурень рот откроет – поток грязи вливает. Jaqsy söilese, auzynan gül tögıle, jaman söilese, auzynan jyn tögıle.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Учение, Мудрость Вернуться к началу Добро, Зло  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга