Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Қызыл телпек   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Баяғыда бір қыз болыпты.   Прослушать
Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты.   Прослушать
Қыз телпекті ешқашан шешпепті.   Прослушать
Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті.   Прослушать
Бір күні шешесі самса пісірді.   Прослушать

– Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі.   Прослушать
– Жарайды, – деді Қызыл телпек.
  Прослушать

Қызыл телпек самсаны, майды алды, әжесіне кетті.   Прослушать
Жолда ол қасқырды көрді.   Прослушать

– Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?   Прослушать
– Әжеме бара жатырмын.   Прослушать
– Әжең қайда тұрады?   Прослушать
– Әжем шеткі үйде тұрады.   Прослушать

Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті.   Прослушать
Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті.   Прослушать

– Бұл кім? – деді әжесі.   Прослушать
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім.   Прослушать
– Жіпті тарт та, кір.   Прослушать

Қасқыр жіпті тартты, үйге кірді.   Прослушать
Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жатты.   Прослушать
Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті.   Прослушать

– Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.   Прослушать
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім.   Прослушать

Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді.   Прослушать
Қасқырға жақындады, сосын:   Прослушать

– Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен?   Прослушать
– Сені көру үшін.   Прослушать
– Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен?   Прослушать
– Сені құшақтау үшін.   Прослушать
– Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?   Прослушать
– Жақсы жүгіру үшін.   Прослушать
– Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?   Прослушать
– Жақсы есту үшін.   Прослушать
– Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен?   Прослушать
– Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп қойды.   Прослушать

Сол кезде аңшылар үйге кірді. Олар қасқырдың ішін жарды.   Прослушать
Одан Қызыл телпек пен әжесі шықты. Сөйтіп олар аман қалды.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Шешесі қызға не сыйлады?
2) Неге жұрт қызды Қызыл телпек деп кетіпті?
3) Бір күні Қызыл телпектің шешесі не пісірді?
4) Шешесі қызға не деді?
5) Қызыл телпек жолда нені көрді?
6) Қасқыр не деді?
7) Қызыл телпек не деді?
8) Қасқыр не істеді?
9) Қасқыр әжеге не деді?
10) Қасқыр әжені жеп қойды ма?
11) Қызыл телпек қасқырға не деді?
12) Аңшылар не істеді?
13) Кімдер аман қалды?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңіздер.
1) Қыз телпекті ешқашан шешпепті.
2) Жолда қыз аюды көрді.
3) Жіп қызыл болды ма, жасыл болды ма?
4) Қасқыр үйді тез тапты.
5) Сен қасқырсың, саған есікті ашпаймын, – деді әжесі.
6) Қызыл телпек нешеде болды?


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Баяғыда бір .................... болыпты.
Бір күні оған шешесі қызыл телпек .................... .
Қыз телпекті .................... шешпепті.
Сондықтан .................... оны қызыл телпек деп кетіпті.
Бір күні шешесі самса пісірді.
– Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда .................... сөйлеспе, – деді шешесі.
– Жарайды, – деді Қызыл телпек.
Қызыл телпек самсаны, майды ...................., әжесіне кетті.
Жолда ол қасқырды .................... .
– Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?
– Әжеме бара жатырмын.
– Әжең .................... тұрады?
– Әжем шеткі .................... тұрады.
Қасқыр қысқа .................... жүгіріп кетті.
Ол үйді тез .................... . Қасқыр есікті .................... .
– Бұл кім? – .................... әжесі.
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, - деді .................... жіңішке дауыспен. – Сізге .................... мен май әкелдім.
– Жіпті тарт та, .................... .
Қасқыр жіпті тартты, үйге кірді.
Сосын әжені жеп қойды да, төсекке .................... .
Бір уақытта Қызыл телпек ...................., есікті түртті.
– Бұл ....................? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.
– Бұл ........ , Қызыл телпекпін, сізге самса мен май .................... .
– Жіпті тарт та, кір, – деді қасқыр.
Қызыл телпек жіпті тартты да, .................... кірді.
Қасқырға жақындады, сосын:
– Әже, әже, неге сіздің көзіңіз ....................?
– Сені көру үшін.
– Әже, әже, .................... сіздің қолыңыз үлкен?
– Сені құшақтау үшін.
– Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?
– Жақсы .................... үшін.
– Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?
– Жақсы .................... үшін.
– Әже, әже, неге сіздің .................... үлкен?
– Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп қойды.
Сол кезде .................... үйге кірді. Олар қасқырдың.................... жарды.
Одан Қызыл телпек пен әжесі шықты. Сөйтіп олар аман .................... .
Керекті сөздер:
жүгіру, қыз, кім, аңшылар, үйде, деді, түртті, көрді, есту, әкелдім, жатты, келді,
ешкіммен, үйге, сыйлапты, үлкен, мен, ішін, алды, ешқашан, тісіңіз, неге, тапты,
самса, қайда, кір, жолмен, жұрт, қалды, қасқыр.



Источник текста на казахском языке:
«Түлкі мен қаздар». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Айога Вернуться к началу Шегіртке мен құмырсқа  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга