Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 33

Составитель: Рауль Керимбаев

33-01
Періштем менің. – Мой ангел.
Айтуға аузым бармайды. – Не могу сказать.
Мен сені өлтірем, ұқтың ба! – Я тебя убью, ты понял!
Біз өзіміз тындырамыз. – Мы сами справимся.
Сен бара бер, мен қуып жетемін. – Ты иди, я тебе догоню.
Жыбырламай, тыныш отыршы. – Сиди спокйноо, не ёрзай.
Мен ол туралы ойламаппын. – Я об этом не подумал.
Ыңғайсыз болып қалды. – Неудобно получилось.
Сіз қараған да жоқсыз. – Вы даже не посмотрели.
Ал егер сендерге бір нәрсе болып қалса ше? – А если бы с вами что-нибудь случилось?
33-02
Мен бұл істі аяғына дейін жеткіземін деп ойлаймын. – Я думаю, что это дело доведу до конца.
Біз оларға көмек бермей жүрміз бе? – Мы что им не помогаем?
Әрине, көмектесіп жүрміз. – Конечно, помогаем.
Қартайғанда әкең құтырып жүр. – На старости лет твой отец с ума сходит.
Сенімен сөйлескісі келді. – Он хотел поговорить с тобой.
Сен әуелі менің айтқанымды жаса – Ты сначала выполни то, что я сказал.
Мазаларыңды алып жатыр ма? – Он беспокоит вас?
Маған кеңес берші. – Дай мне совет.
Біреумен жүздесуге бара жатырсыз ба? – На свидание с кем-то собрались?
Қобалжыма, бәрі жақсы болады. – Не волнуйся, все будет хорошо.
33-03
Сіз бірдеңе дедіңіз бе? – Вы что-то сказали?
Қонағына төсекті сал. – Застели постель гостям.
Ешкімге айтпаймын деп уәде берші. – Дай обещание, что никому не скажешь.
Келесі жолы жолыңыз болар. – В следующий раз Вам повезёт.
Сені танымайтын адам жоқ. Сот пен прокуратурада танысың бар ма? – Тебя все знают. Есть у тебя знакомые в суде и прокуротуре?
Маған қарап бедірейіп тұр. – Стоит и смотрит на меня неодобрительно.
Ол жағын ойламаппын. – Я об этом не подумал.
Солай шығар. – Наверное, так.
Мәселе сонда ғой! – В этом весь смысл!
Менің басым бос. – Я свободна (не замужем, не в отношениях).
33-04
Неткен өкінішті! – Как жаль!
Мен диетадамын. – Я на диете.
Енді маған қарыздар болдың. – Теперь ты мне должен.
Үмітім сіздерде. – Вся моя надежда на вас.
Мен осы сұрақ¬ты күткенмін. – Я ждал этого вопроса.
Екеуміз бір арбаға жегілеміз. – Потянем мы с тобой одну телегу.
Iстiң нақтылы жайы. – Реальное положение дел.
Айтқаныңды түсіне алмадым. – Я не понял, что ты сказал.
Бір жөні болар. – Все обойдётся.
Жас бала сияқты болма. – Не будь, как ребёнок.
33-05
Сіздер нешеусіздер? – Сколько вас?
Сенікі жөн шығар. – Возможно, ты прав.
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар. – Соблюдайте правила пожарной безопасности.
Тынық мұхитта. – На Тихом океане.
Сен не кішкентай қызсың ба? – Ты маленькая девочка что ли?
Сен сұрағыма жауап берсеңші? – Ответь на мой вопрос, пожалуйста.
Ол жауабын ұзаққа созбады. – Он с ответом не тянул долго.
Біз ол бірдеңе бүлдірді деп тұрған жоқпыз. – Мы не говорим, что он что-то натворил.
Шаршамай келдіңіз бе? – Как приехали, не устали?
Ол жаққа барғым келмейді. – Я не хочу идти туда.
33-06
Мен сізді жақсы түсінемін. – Я Вас хорошо понимаю.
Бізде бәрі бар! – У нас всё есть!
Мен сендерге тек қана қиындық туғызамын. – Я вам только проблемы создаю.
Мені ұмытып кеттiңiз бе? – Вы меня забыли?
Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз. – Питайтесь правильно, отдыхайте вовремя.
Мені бұл өмірде жоқ деп есептеңдер. – Считайте, что меня нет в этой жизни.
Үй шаруасы ешуақытта бітпейді. – Домашние дела никогда не закончатся.
Мен қасында боламын. – Я буду рядом.
Бала-шағаны ойламайсың ба? – Подумай о детях.
Ол емтиханды ойдағыдай тапсырды. – Он сдал экзамены успешно.
33-07
Не істесем де, сені көндіре алмаймын. – Чтобы я не делал, тебя не переубедить.
Шай ішіп кетіңіз. – Выпейте чаю.
Жүрегім сен деп аңсайды. – Мое сердце мечтает о тебе.
Жақсылап тынығып ал. – Хорошенько отдохни.
Сондай шаршаңқы көренесін. – Ты выглядишь таким усталым.
Ол жақта бәрі басқаша. – Там все по другому.
Ең қауіптісі сол. – Это самое опасное.
Кім маған көмекке келуге тиісті? – Кто должен прийти ко мне на помощь?
Мен оны қорғай алмадым. – Я не смог его защитить.
Мен оған куәмін. – Я этому свидетель.
33-08
Егер ол үлгермей қойса сонда біз не істер едік? – Если бы он не успел, чтобы тогда мы делали?
Олай болса мен не істеп жүрмін осында? – Тогда что я здесь делаю?
Айтсаңшы кісіні зарықтырмай! – Говори же, не томи ожиданием!
Сен мені естіп отырсың ба? – Ты меня слышишь?
Сен әлі киінбегенсің бе? Кеш қаламыз ғой! – Ты до сих пор не оделась? Мы же опоздаем!
Ол солай деді ме? – Он так сказал?
Мен саған рұқсат етпеймін. – Я тебе не разрешу.
Сен ол қандай екен білмейсің ғой. – Ты же не знаешь какой он.
Бүған не дейсің? – Что скажешь на это?
Сендер жассындар. Жас шақта бәрі болады. Біз де жас болғамыз – Вы молодые. В молодости всё бывает. Мы тоже были молодые.
33-09
Сен не деп шатып отырсын? – Что за вздор ты несёшь?
Мен махаббаттың барына сенбеймін. – Я не верю, что любовь есть.
Саған енді сенбеймін, жаным. – Дорогой, я тебе больше не верю.
Оның орнында кез келген адам сөйтеді. – На его месте любой человек так поступил бы.
Мен оның орнында болсам олай істемес ем. – Я на его месте так не поступил бы.
Бұл оның таңдауы. – Это его выбор.
Кейін білесің, әзірше құпия! – Потом узнаешь, пока секрет!
Менің жауабымды естідіңіз ғой. – Вы же слышали мой ответ.
Сен олай ақылсыма! – Ты так не умничай!
Қарап тұрсам тілің шығып қалыпты. – Я смотрю, у тебя язык прорезался.
33-10
Менің қолым тимей тұр. – Мне некогда.
Маған мектепке кету керек. – Мне нужно идти в школу.
Мені ештеңе білмейді деп ойлама. – Не думай, что я ничего не знаю.
Сабағыңды оқыдың ба? – Ты учил уроки?
Бізге сабақ берген жоқ. – Нам не задавали.
Неге көмек сұрамайсың? – Почему не просишь помощи?
Мен олай деген жоқпын! – Я так не говорил!
Түк істегің келмейді. – Ничего не хочешь делать.
Мүмкін біз бірдеңе түсінбейтін шығармыз. Онда түсіндіріп берші. – Может мы чего то не понимаем. Тогда объясни, пожалуйста.
Жақсы, айтқың келмесе, айтпай-ақ қой. – Хорошо, не хочешь говорить - не говори.
33-11
Маған керегі осы да. – Мне это и нужно.
Енді маған мұнда қалуға болмайды. – Теперь мне здесь оставаться нельзя.
Себепсіз мазамды алмашы. – Не беспокой меня безпричинно.
Мен мұнда екінші рет келіп тұрмын. – Я сюда пришёл во второй раз.
Ертең сөз болмасын! – Чтоб не было завтра разговоров!
Мен қазақ тілін тырысып оқып жүрмін, бірақ сонда да кейде толық ойымды жеткізуге тіл жетпей қалады. – Я старательно учу казахский язык, но всё равно ещё не полностью могу донести свои мысли.
Олар лайықты ізбасарлар. – Они достойные продолжатели.
Ауа-райы кенет өзгеріп кетті. – Погода резко изменилась.
Желдің өтінде отырма. – Не сиди на сквозняке
Жел өтіне шықпа. – Не выходи на сквозняк.
33-12
Ол қатаң жауап берді. – Он резко ответил.
Мен толықтырамын. – Я дополню.
Бұл нағыз оңбағандық. – Это просто безобразие.
Сіз дайын болуыңыз керек. – Вы должны быть готовым.
Сен қанша сұрасаң да, мен саған қарызға ақша бермеймін, өйткені мен де ақша жоқ. – Сколько бы ты не просил, я тебе в долг не дам, потому что у меня нет денег.
Көрдің бе? Құрбың үшін не істеймейсің? – Видишь? Чего только не сделаешь ради подруги?
Мен тұншығып барамын. – Я задыхаюсь.
Күні бойы осы үйде қамалып отырмын. – Целыми днями сижу закрытой в этом доме.
Бұлай жынданып кетуге де болады. Неге түсінбейсің? – Так можно и с ума сойти. Почему ты не понимаешь?
Осының бәрі өң бе, әлде түс пе? – Всё это явь или сон?
33-13
Кел, бір-біріні шымпшып көрейікші. – Иди сюда, поробуем ущипнуть друг друга.
Сен жатып дем ал. Ләйліп қаласың. – Ты ложись, отдохни, а то опьянеешь.
Сізді не мазалайды? Тыңдап отырмын. – Что Вас беспокоит. Я слушаю.
Көп созбай айтыңыз енді. – Ну, говорите не, не тяните.
Әзілдейсіз бе? – Вы шутите?
Қане, көрейінші… – Ну-ка дайте посмотрю...
Уәде орындалу керек! – Обещание нужно выполнять!
Бір де ноль, сіздің пайдаңызда. – Один ноль в Вашу пользу.
Мені ертерек оятарсың. Жұмыстан кеш қалып, жүрмейін. – Меня пораньше разбудишь. Не опаздать бы мне на работу.
Техникалық ақауларға байланысты. – В связи техническими неисправностями.
33-14
Біз онымен келіссөз жүгізіп жатырмыз. – Мы с ним ведём переговоры.
Өмір өзгереді, жас ұлғаяды – Жизнь изменяется, человек стареет.
Мен саған қашан өтірік айтып ем? – Когда я тебя обманывал?
Қысылмаңыз, өз үйіңіздей көріңіз. – Не стесняйтесь, будьте как дома.
Не болды, неге кешігіп жатырсыңдар? – Что случилось, почему задерживаетесь?
Бұл сіздің кенжеңіз бе? – Это Ваш младший?
Осы бала менің шашымды ағартып бітті. – Из-за это ребенка я поседела.
Ой-бой, оның маған көрсетпеген құқайы жоқ. – Ой, чего только не натерпелся от него.
Әзілдемей айтсаңшы. – Говори без шуток, пожалуйста.
Бүгін мен басқа ештеңе жасай алмаймын. – Сегодня я другое делать ничего не могу.
33-15
Бұл жігіт менің адамым. – Этот парень мой человек.
Білмеп пе едің? – Ты не знал?
Мен жаман адам емеспін. – Я не плохой человек.
Оны қорғау үшін бір нәрсе жасауың керек. – Чтобы ее спасти, тебе нужно сделать одну вещь.
Қолыңнан келе ме? – Ты сможешь сделать?
Сен бұл жерде не істеп жүрсің? – Ты что здесь делаешь?
Мен оны күттім. – Я ждал его.
Сіздің келетініңізді білдім. – Я знала, что Вы придёте.
Оның жағдайы қалай? – Как у него дела?
Жағдайы жаман емес. – Дела у него неплохие.
33-16
Кішкіне шыдаңыз. – Немного потерпите.
Оны да түсінуге болады. – Его тоже можно понять.
Әрдайым осындай болыңдар. – Будьте всегда такими.
Сіз бұйырсаңыз болды. – Вы только прикажите.
Мырзалар, сабыр етіңіздер. – Господа, успокойтесь.
Техникалық ақаулық боп қалды. – Произошла техническая неисправность.
Біздің рұқсатымызсыз ешқайда кетпе. – Без нашего разрешения никуда не уходи.
Мынау тамаша идея екен. – Это отличная идея.
Осы ұсыныс қабылданды. – Это предложение было принято.
Менің басқа айтарым жоқ. –Мне больше нечего сказать.
33-17
Сіздің не айтып тұрганыңызды ұқпадым. – Я не понял, что Вы говорите.
Басқа не керек? – Что ещё нужно?
Ол енді бізге кедергі келтіре алмайды. – Он теперь нам не помешает.
Менің кім екенімді ұмытпаңыз. – Не забывайте, кто я такой.
Отпен ойнамаңыз. – Не играйте с огнём.
Ештеңе деген жоқпын. – Я ничего не говорил (ештеңе демедім).
Сіздің кім екеніңіз енді бізге мәлім. – Теперь нам известно, кто Вы такой.
Оның сөзіне сенбеңіз. – Не верьте его словам.
Біздің әуеніміз жырланып бітті. – Наша песенка спета.
Тілді толық меңгердім деп айта алмаймын. – Не могу сказать, что полностью освоил язык.
33-18
Әлі күнге дейін қазақ тілін үйреніп жүрмін. – До сих пор продолжаю учить казахский язык.
Аяғына дейін тыңдасаңшы. – Ты дослушай до конца.
Жарайды, айта ғой. Ары қарай не болды? – Ладно, говори. Что было дальше?
Қай жерде тұрасың? – Где ты живёшь?
Ол қай жерде істейді? – Где он работает?
Оны дәлелдеу өте қиын. – Это доказать очень трудно.
Неге оны еске алдыңыз? – Почему Вы его вспомнили?
Баламыз үйленетін еді. – Наш сын собирается женится.
Қатарынан қалмасын деп едік. – Мы хотели, чтобы он был не хуже других.
Осыны қалай түсіндіресіз? – Как Вы это объясните?
33-19
Сонда әкелерсіз. – Принесёте туда.
Бірақ қылмыстылар еркіндікте жүр. Олардың жолын кесу керек. – Но преступники ходят на свободе. Их надо присечь.
Мен енді сендерге теле¬фон соғып мазаламаймын. Жаңалық болса, өздерің хабарласыңыздар. – Я больше не буду вам звонить и беспокоить. Если будут новости, сами звоните.
Сіз тәжірибеңіз бар адамсыз. Кәне, ақылыңызды айтыңызшы, не істейміз?– Вы опытный человек. Ну-ка, посоветуйте, что нам делать?
Олардың кім екенін мен қайдан білейін. – Откуда знаю, кто они такие.
Оны дәлелдеуіміз керек. – Это нам нужно доказать.
Жұмысқа асығып бара жатырмын. – Я тороплюсь на работу.
Әйтпесе, өмірге келгеніңе өкінетін боласың. – А иначе, пожалеешь, что родился на этот свет.
Біз кісі жатырқамаймыз. – Мы не чуждаемся людей.
Сіздермен қалай байланысамын? – Как я свяжусь с вами?
33-20
Сізді құттықтауға болатын шығар. – Вас, наверное, можно поздравить.
Қылмыскер әлі ұсталған жоқ, бостандықта жүр. Құттықтауыңыз әлі ерте, жолдас майор. – Преступник еще не пойман, на свободе. Поздравлять еще рано, товарищ майор.
Маған сіздің пікіріңіз ауадай қажет. – Мне, как воздух, нужно Ваше мнение.
Қышқылды жаңбыр. – Кислотные дожди.
Мен сені күтіп тұрмын. – Я тебя жду.
Мұндай нәрсемен адам әзілдемейді. – Такими вещами не шутят.
Өкінішті екен. – Жаль.
Көрген сайын менің әкемнің атын сұрайды. – Каждый раз, увидев меня спрашивает, как моя фамилия.
Ол менің кәрі серігім. – Он мой старый товарищ.
Байқаусызда құлап қалдым. – Я нечаянно упал.


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 32 Вернуться к началу Полезные фразы 34  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв