Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 19

Составитель: Рауль Керимбаев

19-01
Емтихан тапсырғаннан кейін үйге барамыз. – После сдачи экзаменов поедем домой.
Ол қарқылдап күліп жіберді. – Он расхохотался.
Ендеше болыңдар тез. – Ну тогда, давайте быстрее.
Неғып жатсың? Не болды саған? – Что ты? Что с тобой?
Бәрін түгелсіңдер ма? – Все здесь?
Енді ұқтым. Бұл арамзалық кімнен шыққан да білем. – Теперь я все поняла. Я знаю, чьи это интриги.
Келсе қайтейін? Қабылдар жайым жоқ оны! – Ну и что, если она приедет? Я не могу ее принять!
Ол өзі менің соңғы тәжрибем болатын. – Это был мой последний опыт.
Есебіңді әкел! – Счёт!
Сен иттей массың. – Ты пьян, как сапожник.
19-02
Ұйқыдан басқа ештеңе керек болмай тұр. – Ничего не нужно, кроме постели.
Айтқаныңыз болсын! – Слушаюсь!
Сен не деген түсінбейтін адамсың? – Почему ты такая непонятливая?
Сен не көкіп тұрсың, шырағым? – Что ты мелешь, дорогой?
Кім туралы айтасың? – Ты про кого говоришь?
Тиісті жеріне хабарлаймын. – Я сообщу куда надо.
Аз іш деймін, мас боп қаласың! – Я тебе говорю, пей помаленьку, опьянеешь!
Не дедің, естіген жоқпын? – Что ты сказал, я не расслышал?
Кейін бәрін түсінесің. – Потом всё поймёшь.
Соқырсың ба? Көрмей тұрсың ба? – Ты что слепой? Не видишь что ли?
19-03
Мен сенбеймін. Бәрі жалған. – Я не вею. Всё враньё.
Мен айтпаған сияқты едім. Қалай аңғардың? – Я вроде не говорил. Как ты догадался?
Маған неге қарай береді? – Почему он смотрит на меня?
Ол саған қарап тұрған жоқ. Бәрімізге қарап тұр. – Он на тебя не смотрит. Он смотрит на всех.
Кәне, жоғары шығыңдар! Неге тұрсыңдар қақиып? – Ну-ка давайте, проходите! Что встали, как вкопанные?
Енді болары болып қойды. – Но теперь поздно.
Үні биязы, жұғымды. – Голос у него деликатный, приятный.
Тек жүрексінбе. – Только не трусь.
Бағыңды байлама. – Не отказывайся от счастья.
Уәдеңізді беріңіз, жібермеймін әйтпесе. – Пообещайте, а то не отпущу.
19-04
Оны істеймін дей алмаймын. – Этого я не обещаю.
Сен мұнда неғып тұрсың? – Ты что здесь делаешь?
Мен сізді түгел қостаймын. – Совершенно с вами согласен.
Ұйықтап алайыншы деп ем, көзім ілінбей қойды. – Хотел уснуть, и не могу.
Бәріңді өз балаларымдай жақсы көрем. – Я вас всех люблю, как своих детей.
Өзіңді күткенімізге көп болып еді. – Мы тебя давно ждали.
Көргеніме өте қуанып кеттім. – Я очень обрадовался, увидев тебя.
Шаруа жайың қалай? – Как хозяйство?
Ақыры тыншыды. – Она успокоилась наконец.
Сен қандай топ-толықсың! – Какой ты толстый!
19-05
Әжем бір орында отыра алмайтын кісі. – Моя бабушка не может сидеть спокойно.
Бұның бәрін Алла разылығы үшін істедім. – Все это я сделал для довольства Бога.
Ешқайда да кетпейсің. – И никуда ты не пойдешь.
Бәрін бүлдіріп алып, енді таймақшысың ғой. – Натворил все и хочешь смыться.
Біз жай сенен кеңес сұрамақшы едік. – Мы просто хотели спросить у тебя совета.
Мен отбасының басшысымын, ол міндетімді ұмытпаймын. – Я ведь глава семьи и не забываю этого.
Бәрі де өз қалпына келеді. – Всё наладится.
Орайы келсе. – Если будет возможность.
Сіз бізге келіп кете аласыз ба? – Вы можете к нам прийти?
Сіз маған қалай жәрдем етесіз? – Как Вы можете мне помочь?
19-06
Маған мұңды-зарлы кітапты алып беріңізші. – Дайте мне жалобную книгу.
Сен қабағыңды неге түйесің? – Ты почему хмуришься?
Мені уайымдауға мәжбүрлеме. – Не заставляй меня переживать.
Қазір айта алмаймын, себебі асығып тұрмын. – Сейчас я не могу сказать, потому что тороплюсь.
Олар бізге бас салуы мүмкін. – Они могут на нас напасть.
Бұл арада неге тығылып тұрсың? – Ты что здесь прячешься?
Сен массың, бырып ұйқыңды қандыр. – Ты пьян, иди выспись.
Мен маспын ба? Құдай куә аузыма бір ұрттам арақ алғам емеспін. – Я пьяный? Бог свидетель, не единой капли во рту не было.
Осындай уақытта арақ ішуге ойға келе ма? – Разве придёт в голову пить водку в такое время?
Неге ұйықтамай жүрсіңдер? – Почему вы не спите?
19-07
Ұйықтайтын уақыт па? – А что время спать?
Қызғанып тұрғам жоқ. – Я не завидую.
Ақыры жақсы болады. – А всё будет хорошо.
Қымс етсе-ақ сөйтеміз. – Чуть что, мы всегда так.
Сен бұлтақтама, шындықты айт! – Ты не крути, правду говори!
Басыңды жоғары ұста. – Держи голову выше.
Ананы тексеріп шықшы. – Проверь вон того.
Күдікті зат жоқ. – Подозрительных вещей нет.
Маған сенімен көзбе-көз сөйлесу керек. – Мне нужно поговорить с тобой наедине.
Күннен күнге қызық нəрселер көбейіп бара жатыр. – С каждым днём происходит всё больше интересных вещей.
19-08
Қазір бәрі басталады. – Сейчас все начнётся.
Қайда кетіп қалдың? – Ты куда уходил?
Қалай, ол риза болды ма? – Как, он остался доволен?
Риза болған-болмағанын білмеймін. – Не знаю, остался он довольный или нет.
Сендердің көмектерің керек. – Нужна ваша помощь.
Әзірше ол туралы ештеңе айта алмаймын. – Об этом пока ничего не могу сказать.
Шабытым келмей отыр. – У меня нет вдохновения.
Сол жайлы өте өкініштімін. – Я очень сожалню об этом.
Бәрі жақсы болады деп сенейікші. – Давайте верить, что все будет хорошо.
Бізде кішкене жағымды өзгерістер болды. – У нас произошли небольшие приятные изменения.
19-09
Одан бері талай заман өтті ғой. – С тех пор прошло много времени.
Көп нәрсе өзгерді. – Много чего изменилось.
Қабырғаның да құлағы бар. – Даже у стен есть уши.
Басынан түсінікті болған. – С самого начала было понятно.
Көңіл-күйің неге жоқ, бір жерің ауырып тұрған жоқ па? – Почему у тебя нет настроения? У тебя нигде не болит?
Сағат үште өзім күтіп аламын. – В три часа я сам встречу.
Тоң майға піскен шикі бауырсақсың! – Ты - недоваренный на топленном масле баурсак! (апашка ругается)
Күшті айтылған екен. – Сильно сказано.
Сен қайда қарап тұрсың? – Ты куда смотришь?
Ол ұзақ әңгіме. – Это длинная история.
19-10
Мен олай ойламаймын. – Я так не думаю.
Ол жағын уайымдамаңыз. – Об этом не переживайте.
Маған жолығып кетші. – Зайди ко мне.
Өзара айтқанда. – Между нами говоря.
Осындай болатынын білгем. – Я знал, что так будет.
Ал сіз қалай ойлайсыз? – А Вы как думаете?
Мені ешкім іздеген жоқ па? – Меня никто не спрашивал?
Көңіл-күйіңді құртпай-ақ қой. – Не порть себе настроение.
Ештеңе айтпа! – Ничего не говори!
Сенің орныңда болсам былай етер едім... – На твоем месте я поступил бы так же...
19-11
Сіз сондай мейірімдісіз. – Вы так добры.
Сіздің жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын. – Я никогда не забуду Вашу доброту.
Сенде не қызық бар? – Что у тебя интересного?
Мәселе онда емес. – Не в этом дело.
Уақытты зая жібермейік. – Не будем терять время.
Шын айтқанда, бұл тәрбиенің мәселесі. – И, в сущности, это вопрос воспитания.
Сізге айтып тұрмын осыны. – Я это Вам говорю.
Сұрай алмайсың. – Не сможешь спросить.
Ол саған не үшін керек? – Он зачем тебе нужен?
Біз қайырымдылықпен айналыспаймыз. – Мы не занимаемся благотворительностью.
19-12
Менде де сондай әсер. – И у меня такое же ощущение.
Бас тартып жатсың ба? – Ты отказываешься что ли?
Сұрағыма тұрып жауап берiңiз. – Встаньте и ответьте на мой вопрос.
Олай етуге болмайды. – Так делать нельзя.
Мен бұдан ары шыдай алмаймын. – Я больше не могу терпеть.
Сізге ештеңе айтуға болмайды екен. – Вам, оказывется, ничего нельзя говорить.
Тұра тұр. – Погоди.
Оны жайына қалдыр! – Оставь её в покое.
Заң бұздың ба, жауап бер?! – Нарушил закон, отвечай?!
Мен дұрыс айтып тұрмын ба? – Я правильно говорю?
19-13
Біз көп нәрсе білмейміз. – Мы много чего не знаем.
Жарайды, оны әлі көрерміз! – Ну, это мы ещё посмотрим!
Кешіресің бе, білмеймін? – Не знаю, простишь ли ты?
Саған айтуға тиіспін. – Должен сказать тебе.
Мені мұнда жалғыз қалдырма. – Не оставляй меня тут одну.
Бірдеңе дедің ба? – Ты что-то сказал?
Кінәмді мойындаймын. – Признаю свою вину.
Сіз мені кім деп тұрсыз? – За кого Вы меня принимаете?
Сен жақсы жігіт сияқтысың. – Ты вроде хороший парень.
Бас әріппен жазылады. – Пишется с большой буквы.
19-14
Қазір еркін өмір, еркін стиль. – Сейчас свободная жизнь, свободный стиль.
Не істерсің, не лаж етерсің? – Но что же, что же делать?
Арғысын көре жатармыз. – Там видно будет.
Солай деп ойласың ба? – Ты так думаешь?
Қалайсың өзің? Сұрауға да болмай ма? – Какая же ты? Спросить даже нельзя что ли?
Сен маған қылмыңдама. – Ты со мной не заигрывай.
Тірімісің? – Ты живой?
Не деп тұрсың, неге менің намысыма тиесің? – Ты что говоришь, ты почему задеваешь мою честь?
Көптен тұр ма? – Давно ждёт?
Не керек өзіңізге? – Что Вам нужно?
19-15
Аулақ жүріңіз, аулақ. – Уйдите, уйдите.
Егер бір нәрсе керек болып жатса, маған айт. – Если что-нибудь понадобится, скажи мне.
Қандай тілің ащы! – Какой ты остроумный!
Түсінбей сөйлеме. – Не разобравшись, не говори.
Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады. – Чем больше Вы будете говорить об этом, тем лучше.
Әке-шешеңе сәлем айт. – Передавай привет родителям.
Былайша айтқанда өзіне де сол керек. – Иначе говоря, так ему и надо.
Отырған жерде тып-тыныш отыра бермей ма. – Сидел бы тихо на своём месте.
Үйленгенсің бе? – Ты женился?
Тұрмыс құрғансың ба? – Ты вышла замуж?
19-16
Жарайды, балам, әдейі істеген жоқсың ғой. – Ладно, сынок, ты же не специально сделал.
Енді ұқыпты болуға тырыс. – Теперь постарайся быть аккуратным.
Қайда екенімді біледі деп ойлаймын. – Я думаю, он знает, где я нахожусь.
Жерге кетсе де тап! – Найди его, даже если он сквозь землю провалился!
Мен сізге өтінішпен келдім. – Я пришёл к Вам с просьбой.
Қашанға біреудің көңіліне қараймыз? – До каких пор мы будем подстраиваться под всех.
Бірдеңенің дұрыс болмай қалуын ешқашан алдын ала білмейсің. – Никогда зараннее не знаешь, что может пойти не так.
Қызық екенсің өзің. – Ты странный какой-то.
Мен жылап жатқан жоқпын. – Я не плакала.
Тауып алған адам қуанып қалсын. – Пусть нашедший порадуется.
19-17
Киімге тоймайды екенсің. – Тебе всё мало одежды.
Сенің сөзіңе қосар да алар да жоқ! – К твоим словам ничего прибавишь и не убавишь!
Сіз өте кішіпейіл екенсіз. – Вы крайне любезны.
Мархабатты мырзалар! – Милостивые государи!
Біз үшін бәрінен де борышымыз жоғары. – Для нас долг превыше всего.
Біз келгенше шаң сүртіп, шаңсорғыштап кішкене үйді жинап қой. – Да нашего прихода ты протри пыль, пропылесось, немного приберись по дому.
Басеке, неге тоқтаттыңыз? Ереже бұзған жоқпын ғой. – Басеке, почему остановили? Я же не нарушал правила.
Мен қалжыңдап тұрғам жоқ. – Я не шучу.
Айтқанымды орында. – Делай, как я сказал.
Есіңізге салайын. – Я хочу Вам напомнить.
19-18
Мен күресуден бас тартым. – Я отказался бороться.
Саған біздің есік ашық. – Тебе наши двери открыты.
Кез келген уақытта келе бер. – Приходи в любое время.
Ал, іске кірісейік. – Так, приступим к делу.
Іске көшсе көшейік. – За дело, так за дело.
Полиция келіп, қолына кісен салды да алып кетті. – Пришли полицейские, одели на него наручники и увели.
Қандай айып таңғанын айтты ма? – Что ему инкриминируют?
Жолын бөгейін деп едім. – Я хотела помешать.
Сен аясыз әйелсің. – Ты беспощадная женщина.
Бизнесің не болды? – Что с твоим бизнесом?
19-19
Оған не болушы еді. Әйтеуір жүріп жатыр. – А что с ним будет? В общем идёт.
Саған ылғи жетпейді. – Тебе постоянно не хватает.
Қандай кенес бересің? – Какой дашь совет?
Пайдасы тиеді деп ойлайсың ба? – Думаешь, что поможет?
Бізді ұстап ала жаздады. – Нас чуть не поймали.
Жүздесу деп айта алмаймын. – Не могу сказть, что на свидание.
Іскерлік кездесу деп айтса болады. – Деловая встреча, можно сказать.
Жүрші сөйлесіп қайтайық. – Пойдём поговорим.
Сізбен танысқаныма қуанып тұрмын. – Я рад знакомсту с Вами.
Ал менің қуанышымда шек жоқ. – А у моей радости границ нет.
19-20
Қызғанбайсыз ба? – Вы не ревнуете?
Сізді ешқайда жібермеймін. – Я Вас никуда не отпущу.
Ертең ерте тұру керек. – Завтра ранов ставать.
Бұл сіздің еркіңізде емес. – Это не в Вашей воле.
Мені ешкім түсінбейді. – Меня никто не понимает.
Өмірде осындай да болады, сондықтан үмітті ешқашан үзуге болмайды. – В жизни бывает и такое, поэтому, никогда не надо терять надежды.
Сенің маған айтарың жоқ па? – Тебе нечего мне сказать?
Қызыма зияны тисе, өз қолыммен өлтіремін! – Если навредишь дочери, убью своими руками!
Әркім өз күнәсі үшін жауап береді, жеке-жеке. – Каждый ответит за свои грехи, по отдельности.
Егер артық кеткен жерім болса, кешіріңіздерші мені. – Если я зашел слишком далеко, простите меня пожалуйста.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 18 Вернуться к началу Полезные фразы 20  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв