Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 Елена Романенко (видео + текст)
1. Сен не ойлайсың?
2. Сен кітап оқығанды... ?
3. Саған не істеген ұнайды?
4. Сіз сонғы рет қашан... ?

5. Сен неге сонша... ?
6. Ол саған не дедi?
7. Сiз ашуланшақсыз ба?
8. РомаБанкке күзетшi...

Полезные фразы

Сборник 16

Составитель: Рауль Керимбаев

16-01
Қанша қайтала беремін? – Сколько я могу повторять?
Бөтен сияқтымын. – Я, как , чужой.
Егер сіз қарсы болмасаңыз. – Если Вы не против.
Мен жеңілдім. – Я проиграл.
Мені кешесің бе? – Ты простишь меня?
Сіз не, маған сенбей тұрсыз ба? – Вы что, мне не верите.
Кез келген уақытта. – В любое время.
Оның қолынан келмейтіні жоқ. – У него золотые руки.
Мына орын бос па екен? – Это место свободно?
Жүре ғой, айналайын, күнім менің. Олардың сөзің тыңдама! – Иди ко мне, дорогая, солнце моё. Не слушай ты их!
16-02
Ондай ойдан аулақпын. – Я далёк от таких мыслей.
Мен саған айтқанмын. – Я тебе говорил.
Сен сияқтылардың көзін құрту керек. – Таких, как ты, надо уничтожать.
Қозғалсаңыздаршы! – Двигайтесь же! Продвигайтесь!
Мені күтіп тұрғансыз ба? – Вы ждали меня?
Қайда баратынымды сұрамадыңыз ғой? – Вы же не спросили, куда мне нужно ехать?
Сұрап қайтем? – Зачем мне спрашивать?
Маған былай қажет. – Мне вот так нужно.
Ал, балам, бүгін әкеңді қалай қуанышқа бөлейсің? – Ну, сынок, какой радостью ты сегодня поделишься с отцом?
Сәлемдемелеріңізді күтемін! – Жду ваших посылок!
16-03
Сіздердің ұжымдарыңызга сәттілік тілеймін. – Желаю удачи вашему коллективу.
Бұл жайлы сен не ойлайсың? – Что ты думаешь об этом?
Жоқтан өзгеге шамданып шыға келеді. – По всяким пустякам сразу обижается.
Тағдыр менi қай жаққа айдамаған. – Куда только не загоняла меня судьба.
Маған енді жолама. Жақындама. – Больше ко мне не подходи. Не приближайся.
Өте дұрыс жасағансың. – Очень правильно поступила.
Бәрі ойдағыдай. – Всё в порядке.
Өтірік айтып нем бар? – Зачем мне врать?
Сергек болыңдар! – Будьте бдительны!
Сізден бірдеңе жасырып болмас. – От Вас ничего не скроешь.
16-04
Бұл жөнінде сіз қандай ойдасыз, дәрігер Ватсон? – Что Вы об этом думаете, доктор Ватсон?
Мен де солай ойлағам. – Я тоже так думал.
Ұйқыбас. – Засоня.
Жүрегім қан жылап тұр. – Сердце кровью обливается.
Ондайға қалай алданып жүрсің? – Как ты могла на это повестись?
Ол маған айқайлай бастады. – Он начал на меня кричать.
Мен онсыз өмір сүре алмаймын. – Без нее я не проживу.
Сенсіз зарығып кеттім. – Мне без тебя очень тоскливо.
Өзімді жат сезінемін. – Чувствую себя чужим.
Мен қазір полициядамын. – Я сейчас в полиции.
16-05
Оларда барлық дәлел бар. – У них есть все доказательства.
Алла көрісуге жазсын! – Дай Бог встретиться!
Сен қазір кім болып жұмыс істейсің? – Ты сейчас кем работаешь?
Ал енді не қыл дейсің маған? – И что ты прикажешь мне делать?
Ал, енді оны маған қашан әкеп бересің? – Ну, теперь, когда ты мне её принесешь?
Болар іс болды не істейсің. – Что было, то было, что поделаешь.
Сізде қандай арман бар? – Какая у Вас есть мечта?
Басты мақсатыңыз қандай? – Какая главная цель у Вас?
Иығымнан тас түскендей жеңілдеп қалдым. – Мне стало легче, будто камень свалился плеч.
Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. – Садись поудобнее, выпей вина с водой и рассказывай, что случилось.
16-06
Мен бұны білетін едім. – Я это знал.
Білсем айтар едім. – Я бы сказал, если знал.
Былай істейік. – Давай сделаем так
Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз? – Что бы вы сделали в этом случае?
Сіз қалай аударар едіңіз? – А как бы Вы перевели?
Одан сіз жүз есе әдемісіз. – Вы в сто раз красивее, чем она.
Үлкенмен сөз жарыстырма! – Не спорь со старшими.
Футбол туралы айтпа маған. – Не говори мне про футбол.
Не болды саған, үлкен адам сияқты күрсінесің? – Что с тобой, вздыхаешь, как взрослый?
Мен не қылдым саған? – Что я тебе сделал?
16-07
Сенің сандырағыңды тыңдап жалықтым. – Надоело слушать твой бред.
Менің айтайын дегенім ол емес еді. – Я не то хотел сказать.
Осыны айтайын дедім. – Я это хотел сказать.
Бар айтарың сол ма? – Это всё, что ты хотел сказать?
Жаратқан жар болсын! – Да хранит тебя Созатель!
Бірақ бəріміз сіз сияқты ойлауға міндетті емеспіз. – Но мы не обязаны думать так, как Вы думаете.
Қақсай бермеші. – Не гунди.
Сені ешкім ренжітпей ма? – Тебя никто не обижает?
Мына жерде жатушы еді. – Она здесь находилась (о вещи).
Тағы кешектің ғой. – Ты опять опаздала.
16-08
Ол заман өтті-кетті. – Те времена прошли.
Біз бірге талай тау қопарамыз. – Мы с тобой вместе много гор свернём.
Жалғыз өзім үлгермеймін ғой. – Я ведь одна не успею.
Көреміз кімнін кім екенін. – Посмотрим кто есть кто.
Қазір ол мүлде өзгерді. – Сейчас он совершенно изменился.
Артынан ерме. – Не ходи за мной.
Партияласпыз ғой. – Мы же однопартийцы.
Қайсысы жақсырақ? – Какая лучше?
Қайсысы болса да әрқайсысы өзінше әдемі. – Какая бы не была, всякая красивая по своему.
Біз қайдамыз? – Где мы находимся?
16-09
Көңіл көтеріңдер! – Развлекайтесь!
Нақты жоспарыңыз бар ма? – У Вас есть конкретный план?
Екі нұсқасын әзірлеп қойдым. – Я подготовил два варианта.
Өзінің наразылығын білдірдім. – Я выразил свое недовольство.
Сіздің алдыңызда өте кінәмін. – Я очень виноват перед Вами.
Сен мені бағаламайсың. – Ты меня недооцениваешь.
Неге сонша дөрекісің? – Почему ты такая грубая?
Әркімнің қабілеті бөлек. – У каждого свои способности.
Әркім өзінше өмір сүреді. – Каждый живёт по-своему.
Сен оны не үшін істедің? – Зачем ты это сделал?
16-10
Сен қайдан келдің? – Ты откуда пришёл?
Өмірде тек ойнап-күліп жүр. Ең бастысы бақытты бол! – Живи весело, играючи. Самое главное, будь счастлива!
Біреу ренжітті ма сені? – Кто-то тебя обидел?
Ол маған рухани көмек көрсеткен. – Он мне оказал моральную помощь.
Құлағым керең емес. – Я не глухой.
Неге жүйкемді қоздыра бересің? – Ты что нервируешь меня?
Кегін қайтарды. – Он отомстил.
Оның тағдыры шешілді. – Судьба его решена.
Оның не айтқысы келгені түсініксіз. – Непонятно, что он хотел сказать.
Сатып алғанда байқаңыздар, алданып қалмаңыздар. – Будьте осторожны при покупке, не обманитесь.
16-11
Біз олардың сөзіне сеніп қала жаздадық. – Мы чуть не поверили им.
Сіз қашан оянасыз? – Вы когда просыпаетесь?
Ерте тұруға әдеттенемін. – Я привык рано вставать.
Жаныма батты. – На душе у меня наболело.
Біз сендерді байқамай қалдық. – Мы вас не заметили.
Бас тартуға болмайды. – Отказы не принимаются.
Не туралы сөйлестіңіздер? – О чём вы говорили?
Менің жігітім көзіме шөп салып тұр. – Мой парень мне изменяет.
Қуанышты хабар әкелдім. – Я принёс радостную весть.
Демек, ол мені ұнатады. – Значит, я ему нравлюсь.
16-12
Ол маған ұнамай қалды. – Он мне не понравился.
Өмір жайлы әңгіме тоқтамас. – Про жизнь можно говороить бесконечно.
Бар білгені осы ма? – Это всё, что ты знаешь?
Бұл барып тұрған өтірік. – Это ложь в высшей степени.
Ол уақытша нәрсе. – Это временно.
Сен босқа қызасың. – Ты напрасно горячишься.
Мені үйге жеткізіп салшы. – Довези меня до дома.
Менің борышым осыны бұйырады. – Так повелевает мне долг.
Сөйтіп, құпия ашылды. – Таким образом, тайна раскрыта.
Бірақ екінші жағынан... – Но с другой стороны...
16-13
Ол – біздің тұрақты аларманымыз. – Он наш постоянный покупатель.
Мұны анықтау мүмкін болмады. – Этого определить не удалось.
Бұған қөңіл аудармаппын. – Я не обратил на это внимание.
Шынымен солай ойласыз ба? – Вы, действительно, так думаете?
Неге бұл соншалықты маңызды? – Почему это так важно?
Әңгімеңізді айта беріңіз, өте қызық хикая екен. – Продолжайте свой рассказ, очень интересная история.
Қай жерден алдың, сол жерге апарып таста. – Где взял, туда отнеси и оставь.
Рақмет, зауқым жоқ. – Спасибо, нет желания.
Есік алдында тосып тұр. – Ждёт у дверей.
Қанша қарыз екенімді сұрап біліңізші. – Узнайте, сколько я должен.
16-14
Досыңызды үйге аттандырып салыңыз. – Отправьте своего друга домой.
Сізді ана жерде жолықтырғанда шынымен таңырқап қалдым. – Я, дествительно, удивился, когда встретил Вас там.
Өзіңізді көргенде мен сізден де гөрі қаттырақ таңырқадым. – И все же я удивился еще больше, чем вы, когда увидел Вас.
Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! – У меня такое большое горе!
Маған қол ұшын беретін кім бар екен! – Мне нужна помощь!
Шошытып жібердің ғой. – Ты так напугала.
Сіз үйленген адамбысыз? – Вы женатый?
Отбасыңыз бар ма? – У Вас есть семья?
Бәрі осыдан басталды. – С этого всё и началось.
Құрып кеткір! – Чёрт побери!
16-15
Қызметіңізді атқаруға қашан кірісе аласыз? – Когда вы могли бы приступить к выполнению ваших обязанностей?
Бірақ аяқ астынан тамам болды – Но все вдруг закончилось.
Тамам болды? – Закончилось?
Осыны айтатыныңды біліп едім – Так и знал, что ты это скажешь.
Ең қызығы енді басталады. – Самое интересное только начинается.
Солай деп жүр ғой жүрт. – Так говорят в народе.
Сосын кейін, бәлкім, өмір бойы өкінермін. – Потом, может, всю жизнь буду жалеть.
Сонда мен басқалардан кем болғаным ба? – Чем я хуже других?
Көмектеспегенде мен бұл арада не бітіремін. Әрине, көмектесемін. – Конечно, помогу. Что здесь еще делать?
Мен сенің жеке тірлігіңе тиісіп жатқан жоқпын, сен де маған тиіспе. – Я в твою личную жизнь не вмешиваюсь, и ты в мою не вмешивайся.
16-16
Сен не, есіңнен мүлде адасқанбысың? – Ты что, совсем спятила?
Әзірше ештеңені де білмеймін. – Ничего пока не знаю.
Бәрі ағады, бәрі өзгереді. – Все течет, все изменяется.
Не істедіңіз? – Чем занимались?
Бұл адам тәжірибелі маман ба? – Этот человек оптытный специалист?
Не айтайын дедің? – Что ты хотел сказать?
Жер жұттып кетті ме, қайда кетті? – Как сквозь землю провалился, куда он ушёл?
Қазір қолыңыз бос па? – Сейчас Вы не заняты?
Сіздің мекен-жайыңыз қандай? – Какой у Вас адрес?
Мен ренжіткен жандар болса, мені кешіріңдерші. – Если я кого обидел, простите меня.
16-17
Қанша ұрыссақта, сені қап қатты жақсы көремін, қырсығым менің. – Сколько бы не ругались мы, я тебя очень сильно люблю, моя упрямица.
Ол менің қарсымда отыр. – Он сидит напртив меня.
Мен жоқ деп айта салшы – Скажи, что меня нет.
Сізді көріп қойды. – Он Вас увидел.
Көріп қойды ма? Онда кірсін. – Увидел? Тогда пусть входит.
Менде сізге кішігірім кеңес бар. – У меня к Вам есть маленький совет.
Тыңдай бергің келеді. – Хочется слушать.
Айттым ғой сендерге! – Говорил же я вам!
Е, осылай екен ғой! – Вот, оказывается как!
Ол барлық шындықты айтып қоя жаздады. – Он чуть не рассказал всю правду.
16-18
Кезегі түскенде өшімді алармын. – Придёт момент, и я отомщу.
Негізі бұл кісіні де түсінуге болады ғой. – В принципе, можно и понять этого человека.
Бір адам бәріне үлгере бермейді. – Один человек всё не успеет.
Енді бұл болмайтын нәрсе үшін ренжісеміз бе? – И что, из этой мелочи мы поссоримся?
Ол сондай көңілді. – Он такой весёлый.
Кезектің соңы кім? – Кто крайний?
Мен сізден кейін. – Я за Вами.
Сіздің кезегініз келді. – Ваша очередь подошла.
Сөз Баукеңе беріледі. – Слово предоставляется Бауке.
Отырғандар қол шапалақтасты. – Сидящие зааплодировали.
16-19
О жағын білмедік. – Мы не знали об этом.
Ішіп алыпсың ғой, мынау не? – Ты выпил же, что это с тобой?
Рас, мен іштім. Бірақ мас емеспін. – Это правда, я выпил. Но я не пьяный.
Өкпелеген түріне қарашы! – Ты посмотри на него, обиделся он!
Жоқ, сондай мақсат алдымда қойылмаған. – Нет, такой цели я не ставил.
Кеттік, бал-шағамыз аштан өлейін деп жатыр. – Идём, а то наши дети с голола умирают.
Анашым, далага шығып ойнайыншы? – Мама, можно мне поиграть на улице?
Отыр үйде, не бар көшеде? – Сиди дома, что делать на улице?
Маған мынаны айтыңызшы... – Скажите мне это...
Көрнекті кісі ме екен? – Это был видный человек?
16-20
Бойы ұзын ба? – Он высокого роста?
Қара шашты, аппақ шөлмектей кісі ғой? – Бледный, с тёмными волосами?
Оқиға деп осыны айт. – Вот так история.
Сөйткеніміз жөн болар. – Поступить так будет правильно для нас.
Ал, сіз өзіңіз не істемексіз? – Сами Вы что намерены делать?
Мен қазір 20 минуттан кейін шығамын. – Я сейчас, через 20 минут выйду.
Өзіңіз хабардарсыз шығар. – Вы сами, наверное, в курсе.
Мазаңызды алсам – ғафу етерсіз. – Если беспокою – простите меня.
Олар көпшілігі елдің өмірің біле бермейді. – Многие из них не знают жизнь народа.
Кез келген адам ажырасу кезінде күйзеліске түседі. – Любой человек при разводе впадает в кризис.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 11 Вернуться к началу Сен не ойлайсың?  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв