Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
 Қаз 
 

Ақ аю

Белый медведь


      Ақ аю – сүтқоректілердің жыртқыштар отрядына жататын аң. Ол Солтүстік Мұзды мұхит пен оның айналасындағы теңіздерде тіршілік етеді.
      Ақ аюдың дене тұрқы 3 метрдей, салмағы 400–700 келі тартады. Денесі – шомбал, аяқтары – жуан, құлағы – кішкентай, құйрығы қысқа болады.
      Суда жақсы жүзеді және сүңгиді. Мұхит жағалауынан 97 шақырымға дейін ұзаған ақ аюды көргендер бар. Ақ аюдың денесіндегі 12 cантиметрлік май қабаты оны суықтан қорғайды және осы май қабатының әсерінен суға батпай қалқып жүре алады.
      Күзге қарай бойына 50 келіге дейін май жинайды да, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Қажетті мөлшерде май жиналмайынша, ұйқыға жатпайды.
      Аузында 42 тіс болады.
      Екі жылда бір (кейде 2­3) қонжық табады. Олар дүниеге келгенде жаңа туылған адам баласынан да кішкентай болады. Егеуқұйрықтың үлкендігіндей ғана қызыл шақалақтың салмағы жарты келіге де жетпейді. Қонжықтары 1,5 жылға дейін анасының қамқорлығында болады.
      Тоқ ақ аю өздігінен адамға шабуыл жасамайды (адам өзі барып ұрынбаса), ал ашыққан ақ аю қауіпті келеді.
      Ақ аюлар бұғыларды, құстарды, түрлі кеміргіштерді, шаяндар мен балықтарды қорек етеді. Жидек, өсімдіктер мен су балдырын жейтін ақ аюлар да бар.
      Ақ аю ызақор болғанымен, көбінесе біреуге шабуылдағаннан гөрі жөнімен кеткенді дұрыс көреді.
      1960 жылы Аляскадағы Коцебю бұғазынан салмағы 1002 келі тартатын еркек ақ аю атып алынды. Бұл – рекордтық көрсеткіштегі ауыр салмақ.
      Ақ аюдың қылшығы аппақ болғанымен, тұмсығы, көзі және аузы қап-қара.
      Ақ аюдың аппақ қылшығының астында күннен шашыраған жылуды өзіне тартатын қара түсті терісі болады.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Кенгуру Вернуться к началу Жайра  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой