Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 4, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Жартасқа өрмелеу
      Брэд және оның достары бір іспен айналысқылары келді. Олардың не нәрсемен айналысуға болатыны миына да кірмеген. Бұл тірлік сенбілік таңда болған еді. Брэдтің досы Джереми жартасқа өрмелеуді ұсынды. Олардың ешқайсысы бұрын мұнымен айналысқан емес. Брэд құптап қызық болады деп айтты.
      Олар жасанды жартас алаңына көлікпен жетті. Кіруге олар 10 доллар төледі. Олар барлық жарлар мен жабдықтарды қарап шықты. Брэд пен достары аздап қобалжып тұрды. Олар өздеріне керекті жабдық-жарақтарын таңдай бастады. Олар өзара жарыспақ болды. Джереми жартастың биігіне бірінші боп жетті. Олардың барлығы жақсылап көңіл көтерді. Олар үйге қайтқылары келмеді.
Скрыть текст
      62. Жаяу серуендеу үшін тамаша күн
      Сол мен Виктор жаяу серуендегісі келді. Бүгін серуендеу үшін тамаша күн болды. Күн салқын, ауа температурасы 20 градус. Оларға бес шақырым жоғары көтеріліп, бес шақырым төмен түсу керек. Серуендеу үшін олар өздерімен көп ауызсу алып шықты. Сол өзінің итін де өзімен алып шықты.
      Олар тауға шығып барады. Биікте сарқырама болды. Олар көріністі тамашалады. Көрініс тамаша болды. Сосын олар қайтадан төмен түсті. Серуеннен кейін Сол мен Виктор шаршағанын сезінді. Олар денсаулыққа пайдалы жеміс смузиін дайындамақ болды. Олар Виктордың үйіне келіп, смузи әзірледі.
Скрыть текст
      63. Серфингпен шұғылдану
      Бүгін керемет күн болды. Ауа райы да тамаша болған. Нағыз жағажайға баратын уақыт екен. Андреа серфингпен айналысу керек деп шешті. Ол жағалауға өз жанұясымен бірге барды. Ол көліктен шыға сала бірден суға барды.
      Су алғашында салқындау болды. Жел жақсы соғып тұрғандықтан, толқындар да керемет болды. Андреа серфингті қатты жақсы көреді. Бүгін ол үшін көңілді күн болды. Олар бүкіл отбасымен серфингпен айналысып уақытты тамаша өткізді. Су бетінде тақтайда сырғанап болып, ол отбасымен бірге түскі ас ішті. Олар қақтамада шұжықтар қуырды. Ол отбасымен бірге жақсы сәттерді өткізді.
Скрыть текст
      64. Жаздың ыстық күні
      Жаздың ыстық күні еді. Күн өртеніп тұрды. Күннің ыссылығы 40 градус дерлік еді. Балалар далаға шыққысы келмеді. Барлығы үйде қалды, олар кондиционер қосты, ал кейбіреулер желдеткіш қосты. Судан ауыздарын алмайтын. Бұл жылдың ең ыстық күні болды.
      Балалар көк терге түсіп, ата-аналары ыстықтан әлсіреп қалды. Көбісі суға барып шомылуды шешті. Су оларға салқындауға көмектесті. Жағажайда суға шомылып жүрген балалар көп болды. Барлығы мәз-мейрам болды. Күннің ыстығы да білінбей қалғандай болды, олар денелеріне күнге күюге қарсы май жағып алды. Май денелерін күннен қорғайды, олар терілеріне зиян келтіргісі келмейді.
Скрыть текст
      65. Құтқарушының міндеттері
      Эмили жергілікті бассейнде құтқарушы болып жұмыс істейді. Оның жұмысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ол бассейндегі жағдайды бақылап отыруы тиіс. Ол балалар суға батып жатқан жағдайда оларды құтқаруы керек. Эмили жақсы жүзе алуы тиіс. Ол сонымен қатар қалай жасанды тыныс беру керектігін білуі керек. Ол суға түсіп жүргендерді үздіксіз бақылауда ұстауы керек. Ол бәрінің барысын білуі керек. Және де ол балалардың тілін таба білуі керек.
      Эмили өз жұмысын ұнататын. Оған қуанышты балаларды көру рахат сыйлайтын. Бірақ барлық қиын жұмыстың бәрі оған қарап тұрған жоқ. Оның жұмыс уақытынан тыс кезде бассейнді пайдалана алатын мүмкіндігі бар.
Скрыть текст
      66. Лотерея
      Джош лотерея ұтып алды. Ол қазір миллионер. Ол бұған сене алмады. Қазір оның көп нәрсе сатып алуға мүмкіндігі бар. Ол бірінші өзінің студенттік қарыздарын жапты. Әйтеуір қарыздардан құтылды-ау. Сосын ол Гавайяға билет сатып алды. Сондай-ақ өз жолдастарына да билет алды.
      Олар барлығы бірге Гавайяға ұшып кетті. Онда болғанда ақша жөнінде қам жеген жоқ. Джош өте жақсы отельде орналасты. Ол өте нәрлі дәмді тамақпен тамақтанды. Үйге қайтқанда жоғарғы класпен ұшты. Енді онда 800000 доллар қалды. Қалған ақшаны банктегі есепшотқа салуға шешім қабылдады. Ол сондай ақылсыз болғысы келмеді.
Скрыть текст
      67. Балмұздақ дүкенінде қызмет атқару
      Сара балмұздақ дүкенінде қызмет атқаратын. Ол балмұздақпен қоршаулы болғанды жақсы көретін. Ол күн сайын қуанышты күлкі көретін. Ол балалар мен олардың жанұяларына қызмет көрсеткенді жақсы көретін. Ол адамдардың жүзінде күлкі шақырғанды жақсы көретін. Сонымен бірге оның тегін балмұздақ алу мүмкіндігі бар болатын. Ол көп балмұздақ жемеуге тырысатын. Көп балмұздақ денсаулыққа зиян.
      Ол аптада бір рет балмұздақ алатын. Оның жақсы көретін дәмі шоколад болатын. Ең танымал дәм ваниль болатын. Дүкенде 20 түрлі балмұздақ дәмі бар болатын. Олардың 3 түрлі мөлшері бар болатын және 2 түрлі стақанда сатылатын. Дүкен өте танымал болатын. Сара осында жұмыс істегеннен рахаттанатын.
Скрыть текст
      68. Оның иті жоғалып қалған
      Кара жұмыстан үйіне келді. Итін іздей бастады. Оны таба алмады. Ол жоғалған еді. Ол барлық жерді қарап шықты. Атымен де шақырып көрді. Ол жоқ боп кетті. Иесі көршілерден сұрайын деді. Олар оның итін көрмепті. Іргелес ауданды қарап шықты. Нәтижесіз. Ол хабарландыру беруге бел буды.
      Хабарландыруда итінің белгілері мен суреті бар еді. Ол достары мен отбасын хабарландыруды ілуге көмектесуін өтінді. Бірер сағаттан соң оған телефон шалды. Біреу оның итін тауып алыпты. Ол қатты қуанды. Ол өз итін басы аман тапқанына шаттанды.
Скрыть текст
      69. Марафонға дайындық
      Синди марафон жүгіруге дайындалды. Марафон ұзындығы – 26 миля (42 шақырым). Оған қатысу үшін көп жаттығу керек. Ол марафонға жақсылап дайындалмақ болды. Ол күніне 5 миля жүгіре бастады. Күн сайын 1 милядан қосып отырды. Кейін 26 миля жүгіретін болды. Қазір ол марафонға дайын.
      Ол осы күнге тыңғылықты дайындалды. Ол пайдалы ас ішті. Таңертең сұлы қауызын жеді. Түскі аста салат жеді. Кешкі асқа тауық пен күріш дайындады. Сондай-ақ ол протеин батондарын жеді. 26 миля жүгіру үшін көп күш-қуат керек. Марафон күні ол ыңғайлы кроссовка мен спорттық киім киді.
Скрыть текст
      70. Жарықтың өшуі
      Әдеттегі күндердің бірі еді. Кенет жарық өшіп қалды. Электр қуатын ажыратып тастапты. Сэм терезеден сыртқа үңілді. Көшенің бәрінде жарық жоқ еді. Шырақ іздеп кетті. Шырақты жақты. Электр қуаты бірнеше сағат бойы болмады.
      Ертеңге дейін жазба жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бүгінгі кеште оны жазуы тиіс еді. Шырақты пайдаланды. Ата-анасы оған көмек ретінде фонарь тауып әкелді. Қуаттың сөнгені ештеңеге зиян келтірмеді. Керісінше, Сэм электр қуатынсыз өмірді көрді. Ол жазба жұмысын едәуір ерте бітірді, егер технология жетістіктеріне үңіліп отырғанда, көп уақыты зая кететін еді.
Скрыть текст
      71. Билеуді үйренді
      Әрқайсысы би орындауы керек болды. Өнер көрсету келесі жұмаға белгіленді. Қойылым «Шорбуынға арналған билер» деп аталды. Ол қаржы жинау үшін жүргізілді. Әр билет бес доллар тұрды. Ақша шорбуынды емдеуге көмектесу үшін қайырымдылыққа арналды.
      Джоу да көмектескісі келді. Алайда ол билей алмайтын. Ол масқара болудан қорықты. Ол видеоны көруге шешті. Ол үйренуге тырысты. Ол мұны істей алмады. Ақырында ол өзінің досына барды. Ол шебер биші . Ол оған әртүрлі би қимылдарын үйретті. Досымен бірге айналысқаннан кейін Джоу өнер көрсетуге дайын болды. Ол маңызды іске көмектесуге қуанышты болды.
Скрыть текст
      72. Қызметтің жоғарылауынан масаттану
      Джим киімдер дүкенінде жұмыс істеді. Ол онда екі жыл көлемінде жұмыс атқарды. Демалыс бөлмесінде ол жарнамалық парақша көріп қалды. Онда жаңа басшы керек деп жазылған. Джим көтерілгісі келді. Өтініш тастады. Мәлімдеме толтырды. Бір аптадан соң оны сұхбатқа шақырды.
      Оның өзіне деген сенушілігі зор болды, сұхбаттасудан сәтті өтті. Бір аптадан кейін оған жауап берді. Қызметке ие болды. Жаңа жұмыс Джимге ұнады. Оның қызметі жоғарылағаны үшін қуанышқа бөленді. Дүкенге көмектесу жолдарын ойластыра бастады.
Скрыть текст
      73. Жаңа көлік
      Томның көне көлігі бар еді.20 жыл бойы ол бір көліктен түспеді. Бірде оның көлігі бұзылып қалды. Ол көлігімен жүріп-тұра алмады. Ол жаңа көлік алатын уақыт келді деп шешті. Ол көлік сатып алуға жөнелді. Ол өзімен бірге інісін ала жүрді. Ол дилерден оған бәрін көрсетуін өтінді. Том қолжетімді де сенімді біреуін іздеген.
      Ол орташа өлшемді көлік қарастырды. Ол төрт есікті , бес орынды көлікті қалады. Ол көлік қарап, бірнеше сағат өткізді. Ақыры ол біреуіне тоқталды. Енді оған бағасын анықтап алу қажет. Дилер оған жақсы баға ұсынды. Том інісімен бірге үйіне су жаңа көлікпен қайтты.
Скрыть текст
      74. Пицца сарайы
      Клэрдің туған күні еді. Ол туған күнін пиццерияда өткізбекші болды. Ол Пицца сарайын таңдады. Пицца оның сүйікті тағамы еді. Кештің тақырыбы да пиццамен байланысты болды. Ол «Пицца патшайымы» деген жазуы бар жейдені киді. Ол «Гавайская» деген пиццаны жақсы көретін. Ол пиццаның бетіндегі ананас тілімдерін жақсы көретін.
      Тағаммен бірге Пицца сарайында ойын автоматтары залы болды. Мұнда ойын көп: әуе хоккейі, баскетбол, тіпті Dance Dance Revolution. Клэр өте қуанышты. Бұл ол үшін ең сәтті күн. Ол уақытын достарымен бірге өткізуді ұнатады. Клэр өте көңілді. Ол өзінің келесі туған күнін де жылдамырақ тойлағысы келді.
Скрыть текст
      75. Ол алғаш рет тамақ дайындады
      Пэм ешқашан тамақ әзірлемейтін. Ол жалғыз тұрмақшы болатын. Ол үйренетін кез келді деп шешті. Ол тамақ әзірлеумен байланысты кітаптар сатып алды. Ол сонымен қатар желіде видео қарайтын. Ол қарапайымнан бастамақшы болды. Ол алдымен макарон әзірлеуді үйренуді ұйғарды.
      Ол макаронды пісіру үшін суды қайнатты. Сосын ол қызанақтардан соус әзірледі. Ол дәмін шығару үшін бұрыш қосты. Сонымен қатар ірімшікті де қосты. Бәрі дайын болған соң ол тамаққа кірісті. Ол өз қолымен әзірленген тамақты жеп отырғанына қуанды. Тамақ сондай керемет болған жоқ, дегенмен жеуге болады. Ол көбірек жаттығу керек деген шешімге келді.
Скрыть текст
      76. Кітапханадағы жұмыс
      Элан кітапханада жұмыс істейді. Ол - кітапханашы. Оның жұмысы адамдарға кітаптар беру болып табылады. Ол тағы оларға кітаптарды табуға көмектеседі. Ол адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Оның жақсы көретін ісі - адамдармен кітаптар туралы әңгімелесу. Әр апта сайын ол кітап сүйер қауымға үйірме өткізеді. Ол кітаптарды сөрелерге бөліп қоюға көмектеседі.
      Эланның жақсы көретіні қиял-ғажайыптар жанрындағы кітаптар. Ол кітап туралы ойымен басқа біреумен бөліскенді ұнатады. Кітапхана оның екінші үйі секілді. Ол адамдарға кітапхана өзіне қалай жайлы болса, оларға да солай жайлы деп үміттенеді. Кітаптар өз мәселелеріңнен бір сәт алыстауға мүмкіндік береді. Кітапхана әрбір жан үшін ашық . Оған әртүрлі адамдармен жұмыстас болған ұнайды.
Скрыть текст
      77. Ұқсамайтын егіздер
      Лилианның егіз сіңлісі бар еді. Оның аты Ивонна. Түрлері ұқсас болғанымен, олардың ортақ ештеңесі жоқ. Олардың мінезі мүлде бөлек. Лилиан өнерге құштар. Ол көркем сурет пен графиканы жақсы көретін. Көп уақытын музыка тыңдап, сурет салумен өткізетін. Сондай-ақ ол ұқыпсыз еді. Бөлмесіндегі барлық заттар шашылып жататын.
      Ивонна кітап оқығанды жақсы көретін. Ол әңгіме жазып, проблемаларды ойлауды ұнататын. Ол көп уақытын кітап оқумен өткізетін. Сондай-ақ ол өте тәртіпті еді. Лилиан шығармашылыққа жақын, ал Ивонна ақылдырақ болатын. Екеуінің ұқсастығы да бар. Екеуі де спортпен айналысқанды ұнататын. Екеуі де теннис командасында ойнайтын.
Скрыть текст
      78. Америкаға сапар
      Уго Америкаға келді. Америкада оның ағасы тұратын. Ол өзінің ағасын көруге келген. Ол шамалы ағылшынша білетін , бірақ ол ағылшынша әзірше жақсы сөйлемейтін. Оның ағасының аты Пабло еді. Пабло оған Американы көрсетті.
      Ол оны тамақтануға болатын ең күшті жерлерге апарды. Ол оған барлығына әйгілі көрнекті жерлерді көрсетті. Олар Нью-Йоркта , Калифорнияда, Вашингтонда, Пенсильванияда қыдырды. Пабло оны көптеген мұражайлар мен саябақтарға алып барды. Ол тағы оған дүкендер мен кітапханаларды аралаттырды. Уго уақытты керемет өткізді. Әрине ол аздап өз үйін сағынды.
Скрыть текст
      79. Тегін бұрама тоқаштар күні
      Бүгін жұмыста тегін бұрама тоқаштар таратты. Тегін бұрама тоқаштар күні жұмысшыларды ынталандыру негізінде жүргізілген. Бәрі де қуанышты, мәз-мейрам сезімде болды. Барлығы тегін тоқаштарды жақсы көретін. Әртүрлі бұрама тоқаштар болды: даршынмен, тұздалған және кәдімгі тоқаш.
      Ең көп таңдалған тұздалған тоқаштар еді. Тағы ұнтақталғандары да болды. Сіз тоқашқа шоколад , бадам немесе тәтті шәрбат қосуыңызға болады. Тегін бұрама тоқаштар арқасында ұжымның жұмысқа деген құлшынысы арта түсті. Тоқаштан соң бәрінің күш қайраты тасып тұрды. Бұрама тоқаштар күні үлкен табыс алып келді.
Скрыть текст
      80. Брекеттер
      Полға брекеттерге тағайындама жазып берді. Ол он үш жасқа келіп қалған еді. Оның ата-анасы оған брекет таққызатын уақыт келді деп шешті. Пол қисық тістейтін еді. Оған қоса оның тістері тым қисық орналасқан еді. Брекеттер қымбат тұратын. Бірақ не болса да оған оны салдыру керек еді. Ол ертеңіне қабылдауға тіркеліп қойды. Ол қорықты. Ол ауыртады деп ойлады.
      Стоматолог-ортодонт оның тістерін қарап шықты. Ол рентген сәулесімен бірнеше фотосурет жасады. Ол Полға брекет салу қажеттігін айтты. Полды қорқыныш жайлап алды. Алайда ол ойлағандай ауыртарлық болған жоқ. Ортодонт шаруасын бітіргенде, Пол бір жеңілдеп қалды. Десе де оған тісінде бір темір затты сезіну ыңғайсыз боп көрінді. Оған тамақтану қиынға соқты. Оның ата-анасы оған балмұздақ сатып әперді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Жанара Қабина, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Рахат Уйсымбаев, Norah Jones, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Бағлан Көке, Мади Толегенов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.4, стр.3 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв