Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 4, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Кітапханадағы кітаптар мен фильмдер
      Кейлин кітапханаға барды. Оған оның жобасы үшін Барак Обама туралы кітаптар керек еді. Ол оның өмірбаянын тапты. Бұл ол туралы көп мағлұмат жиналған ауыр кітап екен. Ол беттерін парақтады. Кітапта Обаманың әдемі суреттері болды. Кітап пайдалы болып шықты. Ол оны кәрзеңкесіне салды.
      Ол фильмдер бөлімін көріп қалды. Ол жақтан үйіне бірдеңе алғысы келді. Оған үш күнге тегін берілетін бір фильм алуға болар еді. Егер ол жеті күнге алса, бұл үш доллар тұрар еді. Ол диабетпен ауыратын қыз туралы фильмді алды. Оны кәрзеңкесіне салды. Карточкасына кітаптың қайтарып беру күні мен фильмді жазып берді.
Скрыть текст
      42. Ешқашан берілме
      Кеннет – жақсы теннис ойыншысы. Ол оны жеті жастан бастап ойнап келеді. Қазір ол 16 жаста. Ол бүкіл ел бойынша басқа ойыншылармен жарысады. Олар да өте жақсы ойнайды. Ол ертең өз жасындағы үздік теннисшімен жарысады. Ол қобалжып жүр. Оның қарсыласы туралы әртүрлі қауесет бар.
      Басқа ойыншының аты - Антонио. Антонио жақсы емес. Ол өте қатыгез. Ол адамдарды ауыртып қинаудан қорықпайды. Бұрын біреуді ұрып-соғыпты. Кеннет өз әкесіне жарысқа қатысудан бас тартқысы келетінін айтты. "Неге? Сенің қолыңнан бәрі де жақсы келеді ғой!" – деді Кеннеттің әкесі. "Мен Антониодан қорқамын", – деді ол. "Ешқашан берілме", – деді Кеннеттің әкесі.
Скрыть текст
      43. Жаңа бірдеңенің дәмін тату
      Ширли тағамды өте қатты талғайды. Ол ірімшік қосылған тағамдарды жемейді. Ол тауық пен шошқа етін ұнатпайды. Ол жаңа бірдеңенің дәмін татуды ұнатпайды. Бірде Ширли бір құрбысының үйіне келді. Құрбысының әкесі оларға камбоджилік тағам әзірлеп қойыпты. Ширли америкалық тағамдарға үйренген. "Мен мұны жей алмаймын", - деді Ширли құрбысына.
      "Жеуге тиіссің! Менің әкем мұны саған арнап әзірледі", - деді ол. Ширли ыңғайсызданып қалды. Ол шанышқыны қолына алды, ақырындап тағамды шанышқысымен шаншыды. Асықпай шайнап отырды. Тағам таңқаларлықтай дәмді болып шықты. Ол тағамын бес минут ішінде жеп қойды. "О! Мен саған тағы бір порция салып берейін", - деді құрбысының әкесі.
Скрыть текст
      44. Ол өзін суретке түсіргенді қаламайды
      Чарлиді объектив алдында қорқыныш билейді. Ол өзін суретке түсіргенді қаламайды. Ол жиі фотоаппараттан аулақ болуға тырысатын. Чарли достарымен Гаваяда болды. Боб топпен суретке түсірмек болды. Жағажай суретке түсу үшін керемет орын деп есептеді. Чарли күйгелектене бастады. Оның достары бір- бірімен тығыздалып тұрысты. Чарли тысқары шығып кетті.
      "Чарли, мұнда кел!" - деп шақырды достары. Чарли олардың сөзін елемеді. Боб фотоаппаратын қойып, оны қуа жөнелді. "Чарли, сен білесің бе, фото суреттер неге маңызды екенін?" Чарли басын шайқады. " Ертең қартайған шағыңда, балаларың және өзің жас кезіңде қандай болғаныңды көру үшін қажет", - деді Боб.
Скрыть текст
      45. Жағажайда
      Джейн мен Тара жағажайға кетті. Ыстық болған. Күн шақырайып тұрды. Аспан шайдай ашық еді. Джейн күнге қарсы жақпамай жағып алды. Ол оны бетіне, қолына, аяғына жақты. Ол терісінің қарайып кеткенін қаламады. Оның жақпасының аты SPF 50. Бұның мағынасы оның күн астында жақпа майсыз қалғанға қараған да 50 есе ұзақ болуына мүмкіндік береді дегенді білдіреді.
      SPF 50 кремімен Джейннің терісі күймеуі мүмкін. Ол Тараға кремнің қажет –қажет емесін сұрады. "Жоқ, менде бәрі жақсы", - деді Тара. Джейн оның күнге күйіп кетуі мүмкін екенін ескертті. Тара бұған мән бермеді. Олар үйлеріне оралғанда Тара жай ғана күнге қарайған еді. Ол күйіп қалған жоқ. Кейбір адамдар күннің көзіне күймейді.
Скрыть текст
      46. Қыpсықты көлік
      Тайлер өзінің қызыл Honda-сын 20 жыл бойы айдап жүр. Оның көлігі не көрмеді. Онда көптеген сызаттар бар. Олардың көбісі жолдың жиектас қоршауына соғылғаннан болған еді. Бірде әлдекім оның көлігін кілтпен сызып кеткен. Қызыл түсті бояуы оңып кеткен еді. Жылыту және салқындату жүйесі тіпті күлкіңді келтіреді. Көшеде онсыз да ыстық болса, керісінше тек қыздырғыш жұмыс істейді. Ал көшеде ызғарлы болғанда тек салқындатқыш қосылатын. Терезені ашсаң, тек жартысына түсетін. Тек бір ғана кантри музыкасының радиостанциясын ұстайтын. Терезетазартқыштар терезені сызып сүртетін. Көлікті жабу үшін есіктерді кілтпен бұрап шығу қажет. Тайлер жаңа көлік алайын деп жоспарлап жүр. Ол жеткілікті қаражат жиналғанша күтіп жүр.
Скрыть текст
      47. Рұқсаттың орнына кешірім
      Хейли бала кезінен құлағын тескісі келді. Бірақ оның ата-анасы рұқсат бермеді. Оларға тесілген құлақтың көрінісі ұнамайтын. Олар бөлек тұрған кезде, құлағын тесе алатынын айтты.
      Хейлидің барлық жақын достарының құлағы тесілген болатын. Олар оған құлағыңды тес деп айтатын. Олар оған тесігін шашыңмен жаба аласың дейтін. Бірақ Хейли бар уақытын алаңдаумен өткізгісі келмейтін. Егер ол құлағын тессе, ата-анасы ашуланады. Бар болғаны осы. Олар өмір бойы ашулана алмайды. Хейли терең тыныс алды. Ол құлағын тесті.
Скрыть текст
      48. Хайуанаттар паркінің жануарлары
      Ганна, Стефани және Эрика хайуанаттар паркіне келді. Олар көптеген сүйкімді жануарларды көрді. Хайуанаттар паркінде мойындары ұзын керіктер болды. Түрлері адам түріне ұқсас маймылдар болды. Алайда олар көп банан жейді. Жалы сұлу аттар да болды. Коала болды - австралиялық қалталы аю. Пандалар болды. Олар үлкен болды. Игуандар болды. Олар қызықты көрінді. Аюлар болды. Олар жұмсақ болып көрінді. Ганна, Стефани және Эрика хайуанаттарды ұстағылары келді. Олар олай жасай алмады. Олар тек қана суретке түсіре алды.
Скрыть текст
      49. Шоколад тым тәтті
      Сюзи шоколад жегенді жақсы көреді. Ол карамелі бар шоколадты қатты жақсы көреді. Оның анасы оған шоколад плиткасын берді. Сюзи бақытты. Ол плитканы тістеді. Плитка дәмді. Ол шөлдей бастады. Шоколад тым тәтті. "Анашым, сен маған сусын бере аласың ба?" - деп сұрады ол. Оның анасы оған сусын берді. Сюзи оны ішті. Бұл шоколадты сүт.
      "Тым тәтті!" - деп айғайлады Сюзи. "Сен қандай сусын қалайтыныңды айтпадың ғой", - деді анасы. Сюзи орнынан тұрды. Ол суы бар бөтелкені алды. Ол көп су ішті. "Енді жақсырақ", - деді ол. Ол шоколад жеуді жалғастырды.
Скрыть текст
      50. Тістің жақсы күтімі
      Чактың тістері аппақ. Онда бұрын ешқашан кетік болған емес. Ол тісін жақсы күтеді. Ол ағартқыш тіс пастасымен тісін 5 минут тазартады. Ол тістерін айналмалы қимылдармен тазартады. Ол тілін де ұмытпайды. Осыдан кейін ол ауыз қуысына арналған жалбызды шайғышты қолданады. Ол тісін бір минут шаяды. Ауыз қуысы біраз шымшылайды. Енді ол тістерінің арасын тіс жібімен тазартады. Бұл үдерісті ол тамақтан кейін орындайды. Ол мұны жеңіл тамақтан кейін де жасайды. Ол тіс тазартатын құралдарын өзімен алып жүреді. Оларды тіпті мектепке де алып барады!
Скрыть текст
      51. Мүмкін емес жағдайлар болмайды
      Кейт қиындықпен қол жеткізетін нәрселерді қалайды. Ол 35 жасқа жеткенде Құрама Штаттардың президенті болғысы келеді. Ол Гарвардта оқығысы келеді және 1 миллион достары болғанын қалайды. Өзінің 10 бауыры мен сіңілілері болса екен дейді. Іш билерінің орындаушысы болғысы келеді. Бүкіл әлемді аралағысы келеді.
      Мақсаттары мен армандары туралы анасымен ой бөлісті. Анасы оған: " Сенде шынайылылық сезім болуы керек", - деді. Кейти: "Бірақ мен ерекше болғым келеді", - деді. Анасы оған: "Әр нәрсені ең кішісінен баста", - деді. Кейт анасының сөзін елей қоймады. Ол үшін ешқандай мүмкін емес жағдайлар болмайтындай көрінді.
Скрыть текст
      52. Ол ештеңе қаламады
      Доннаның туған күні жақындап қалды. Оның достары туған күніне қандай сыйлық қалайтынын сұрады. Донна ешқандай сыйлық қаламайтынын айтты. Ол ешкімге қарыздар болғысы келмеді. Ата – анасы да туған күніне не қалайтынын сұрады. Донна оларға ешқандай сыйлық алғысы келмейтінін айтты. "Сен сенімдісің бе?"- деді анасы. Әрине.
      Ата -анасы мен достары Доннаның сөзіне сене қоймады. Олар Донна сыпайылық танытып жүрген шығар деп ойлады. Солай бола тұрса да, олар оған сыйлық жасады. Доннаның анасы оған гауһар тасты білезік сыйлады. Әкесі гүл сыйлады. Ал достары тосынсый мен сауық кешін ұйымдастырды. Донна оларға алғысын білдірді. Бірақ осының бәріне көңілі толмады. Тосын сыйлықты сауық кешінде өзін көңілсіз сезінді.
Скрыть текст
      53. Қашықтықта сақталған қарым-қатынас
      Артур мен Бетти бір орта мектепте оқыған. Мектеп бітірген соң олар екі түрлі колледжге оқуға түсті. Бірақ олар сонда да араларындағы сенімділіктерін сақтап қалуға тырысты. Артур Калифорнияда тұрады. Ал Бетти Массачусетсте тұратын. Олар бір-бірімен жиі сөйлесіп тұратын. Олар телефон арқылы сөйлесетін. Олар бір-біріне хат жіберіп тұратын. Ол бір-біріне өздерінің немен айналысып жүргенін көрсететін фото суреттерін жіберетін. Олар өзара ғаламтор арқылы да сөйлесетін.
      Бірақ бұл қиынға соқты. Артур мен Бетти уақыт айырмашылығымен санасуға мәжбүр болды. Массачусетсте уақыт Калифорнияға қарағанда үш сағатқа алда болды. Кейде Артур қоңырау шалуды ұмытып кетеді. Ол Беттимен Калифорния уақытымен күндізгі сағат 11-де сөйлескісі келді. Бірақ бұл кезде Массачусетсте сағат 2 болатын. Олар бір-бірін қатты сағынып жүр.
Скрыть текст
      54. Атқа мініп серуендеу
      Бүгін Сара қуанышты сезімде еді. Ол бірінші рет атқа мініп серуендейді. Оның ағасы оны жылқылар тұратын атқораға алып барды. Жылқылар оның әрдайым жақсы көретін жануарлары болатын. Ол жылқыларды көрген кезде оның жүрегі қуанышқа толатын.
      Ол серуендеу үшін жылқылардың ішінен біреуін таңдап алды. Ол өзің киім-кешегін алды. Киіп алғаннан кейін ол аттың үстіне отырды. Басында серуеннің селкілі көп болды. Көп кешікпей ол үйреніп алды. Ол өзін ұшып келе жатқандай сезінді. Кететін уақыт болғанда ол келесі жолы осы жерге атқа мініп серуендеуге келетіні жайлы ғана ойлады.
Скрыть текст
      55. Компьютердің бұзылуы
      Джон өзінің компьютерінде жаңа ойын ойнап отырды. Ойын өте тартысты болып жатты. Ол соңғы деңгейге жеткен еді. Кенеттен бір құбыжық шығып, ойын кейіпкеріне шабуылдады. Ол қалып қойды. Джон қатты ашуланды. Компьютерді жұдырығымен бір ұрды. Компьютер экраны қарайып кетті.
      "О, жоқ!" - деп Джон айқайлап жіберді. Компьютер сынып қалды. Джон бұл жағдайды ата-анасына айтуға мәжбүр болды. Олар Джон үшін өте қапаланды. Келесі күні олар компьютерді жөндеу үшін шеберханаға алып барды. Джон өзін өте нашар сезінді. Ол ашуымды бұлай алмауым керек деп өзіне сабақ түйді. Ол бұл ойынды ойнауын қойды.
Скрыть текст
      56. Жаңа диван сатып алу
      Джонсондардың диваны ескі еді. Ол олардың отбасында жиырма жылдан астам уақыт тұрды. Диванда олардың түскі астары мен кешкі астарынан қалған дақтар болды. Оны олардың мысығы жыртқан. Оның үстіне диваннан жағымсыз иістер шығып тұрды. Енді жаңасын сатып алатын уақыт келді.
      Олар жиһаз дүкеніне барды. Олар диванның барлық түрлерін қарады. Олар диванның ұзынын, қысқасын, былғарысын және матамен тартылған түрлерін көрді. Олар диванның төртеуі де сиятын, түсі қара былғарысын алатын болды. Диванды олардың үйіне жеткізді. Джонсондар бақытты. Барлық отбасы жаңа диванға жайғасып теледидар көрді.
Скрыть текст
      57. Дукендегі сауда
      Тара және оның анасы дүкенде сауда жасап жүр еді. Кешкі асқа оларға тума-туыстары келу керек еді. Тара алма шырынын сатып алуға кетті , ал сол уақытта оның анасы салатқа жас көкөністер қарауға кетті. Оның анасы салат құрамына керектінің барлығын сатып алды. Ол қызанақ , салат , тауық еті және сары майда қуырылған тұздалған нан тілімдерін сатып алған. Тара тамақтан соң жаңғағы бар шоколадты бәліш беруді ұсынды. Ол жаңғақты бәліштің ішіне салатын қоспа сатып алды. Олар тауық пен макаронды да алды.
      Олар кассаға жақындады. Кассир олардың алғандарының бағасын санап шықты. Ол ақысын төледі. Олар азық-түліктерін қалталарға бөліп салып алған соң дүкеннен шықты. Енді кешкі ас дайындау үшін оларда керектері нәрселердің бәрі болды.
Скрыть текст
      58. Көз дәрігерінде
      Саманта мұғалімнің тақтаға жазғанын анық көре алмайтын. Ол бұны анасына айтты. Анасы оған көзін тексертіп, жаңа көзілдірік алатын уақыт келгенін айтты. Ол көз дәрігеріне барды. Өз кезегі келгенде ол көз дәрігерінің кабинетіне кірді. Көз дәрігері оның көзін тексерді. Саманта өзіне таңдап алды. Ол жаңа көзілдірігін тағып көрді. Ол көзілдірікпен өте жақсы көретін болды.
      Біраз уақыттан соң, оған көзілдірігі дайын, алып кетсе болады деп айтылды. Ол өте қуанышты болды. Келесі күні сабақта ол бәрін анық көретін болды. Саманта енді көзін жыл сайын тексеріп тұруды ұмытпайды.
Скрыть текст
      59. Барлық билеттер сатылып кетті
      Кэтлин өзінің сүйікті тобын көргісі келді. Олар осы қалада өнер көрсетпекші. Концерт бір-екі айдан кейін болады. Билеттерді онлайн сату бір сағат бұрын басталды. Билеттер сатылымда болғанда, ол ұйықтап жатты. Ол оянған кезде барлық билеттер сатылып кетті. Кэтлин өзінің сүйікті музыкалық тобын көре алмайтынына қапа болды.
      Ол төсегінде отырып, олардың соңғы ән жинағын тыңдады. Ол ұйықтап қалғаны үшін өзіне ренжіді. Сәлден кейін оған құрбысы келді. Құрбысы оған билет сатып алғанын айтты. Кэтлиннің қуанғаннан төбесі көкке жетті. Ол құрбысын құшақтай алды. Ол құрбысымен концертке баратынына қатты қуанды.
Скрыть текст
      60. Қант шәрбаты мен мұздың ұсақ түйіршіктері қосылған түтікшедегі балмұздақ
      Жазғы лагердегі соңғы күн болатын. Күн ыстық болатын, термометр көрсеткіші 35 градусқа дейін жетті. Тәрбиешілерге балаларды ыстықтан қорғаудың амалын табу керек болды. Осы мәселені талқылай келе, олар балаларға түтікшедегі балмұздақты таратуды жөн көрді. Балмұздақ шәрбат пен мұз түйіршіктерінен жасалатын болды. Шәрбаттың алуан түрі болды, мысалы құлпынаймен, таңқураймен және қара жидекпен. Кейбір балалар балмұздақтың бір түрін таңдаса, өзгелері бірнеше түрін араластырып алды.
      Барлық балаларға түтікшедегі балмұздақ ұнады. Бұл күні бәрінің көңілі көтеріңкі болды. Бәрі осы тартуды тамсанып жеді. Түтікшедегі балмұздақ ойдағыдай болып шықты. Балалар балмұздақты жеп болған соң, ойын алаңына кетті. Балмұздақ балаларға салқындауға көмектесті.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Жанара Қабина, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Рахат Уйсымбаев, Norah Jones, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Бағлан Көке, Мади Толегенов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.4, стр.2 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв