Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Нағыз құрбылар
      Олар нағыз құрбылар болатын, айналадағылар оларды апалы-сіңлілі деп ойлады. Олар барлық жұмысты бірге істейтін. Олар бір-бірімен барлық нәрсемен бөлісетін. Олар орта мектепте танысты. Қазір олар бір колледждің қабырғасында білім алып жүр. Олар кейде ренжісіп қалатын, бірақ сосын жылдам татуласатын. Колледжде оқу кей кезде қиынға соғады. Олар сабаққа бірге барып жүрді. Олар сабаққа бірге дайындалатын. Олар әрқашан бір-біріне көмектесіп жүрді. Олар жақсы оқып жүрді. Олар Колорадодан болатын. Олар үй жаққа бірге қайтатын. Олар бір қалада тұратын. Олардың білетін адамдары ортақ болатын. Олардың отбасылары бір-бірін білетін. Олар колледжге бірге қайтып баратын. Олар бір бөлмені бөлісіп жүрді. Олар өздерін апалы-сіңлілі сияқты ұстап жүрді. Нағыз құрбы болған жақсы. Әркімнің өз нағыз құрбысы немесе досы болуы керек.
Скрыть текст
      82. 16-шы туған күн
      Оның түған күні болатын. Ол 16 жасқа толды. Ол тамыз айының 15 күні туған. Ол туған күніне байланысты мереке ұйымдастырды. Туған күніне барлығы келуі керек еді. Ол барлық достарын шақырған еді. Оның сонымен қатар тәте- ағалары да көп еді. Ол оған өте қуанышты еді, себебі бұл оған арналған сыйлықтар көп болады дегенді білдіретін еді.Ол бұл кешке көп дайындалды. Ол өзінің ең әдемі киімін киді. Оның анасы тағамдарды әзірлеп қойды. Ол үшін арнайы алдын-ала тапсырыс берілген тортты алуға әкесі кетті. Оның ағасы үстел-орындықтарды орын-орнына жайғастырып жатты.Кеш үйдің артқы ауласында өткізілетін болып шешілді. Кеш төрт сағаттан соң басталады. Олар дайындалып болып қалды. Әкесі шоколадты торт әкелді. Анасы барлық тамақты дайындап қойды. Ал ағасы үйдің артқы ауласын кешкі тойға дайындап қойды. Туған күн кеші керемет өтті.
Скрыть текст
      83. Әдемі үй
      Ол үлкен үйде тұрды. Үй ақ түсті болатын. Шатыры көк түсті. Ақ қоршауы болды. Үйдің алдында өсімдіктер болды. Сыртқы аулада биік ағаш өсіп тұр. Үйде алауошақ бар. Ол оны суық кеште жағатын. Ол өзінің жұбайымен тұратын. Олар барды қанағат тұтатын. Олар көп жұмыс істейтін. Еңбектері ақталды, үй үш қабатты. Онда жертөле де бар. Үйде бес жатын бөлме бар. Олар үлкен отбасын құруды жоспарлаған. Үлкен жанұя үшін үй жеткілікті үлкен болатын. Үйде қоңыр кілем бар. Үйде сонымен қатар ағаш еден болды. Терезелер де көп. Терезеден әдемі көріністер көрінеді. Үйде оқу залы бар. Оларда үлкен кітапхана болатын. Үйде музыкалық бөлме де болатын. Онда пианино бар. Сондай-ақ сурет салу бөлмесі де бар. Бұл керемет үй болатын.
Скрыть текст
      84. Тонау
      Ол кенеттен оянып кетті. Сынған әйнек дыбысын естіді. Дыбыс қатты еді. Ол төсекке отырды. Шуға құлақ түрді. Қадамдарды естіді. Төменде біреу болды. Үйге біреу кіріп кетті. Ол шкафқа барып өзінің таяғын алды. Оған қорқынышты болмады. Ол ақырындап баспалдақпен төмен түсті. Ол ештеңе көрмей, сипап жүрді. Ол төменге қарады. Өте қараңғы еді. Ол бір адамның көлеңкесін көрді. Адам қара киім киінген еді. Жарық болмады. Ол баспалдақпен түсуді жалғастырды. Ол дыбыс шығармады. Көлеңке жылжымалы жәшіктерді қарап жатты. Бұл тонау еді. Ол көлеңкеге қаттырақ жақындауға тырысты. Оның жүрегі дүрсілдеп қатты соғып жатты. Ол терең дем алды. Ол көлеңкеге атылды. Ол көлеңкені басынан ұрды. Көлеңке жерге құлады. Ол полицияға хабарласты.
Скрыть текст
      85. Әжесінің қайтыс болуы
      Әжесі қайтыс болғасын, ол қатты қайғырды. Әжесін өте жақсы көретін. Әжесі оны мәпелеп өсіріп, қамын ойлайтын. Немересінің ер жеткенін көріп, оның өміріндегі орны ерекше болатын. Ол барлық адамдарға мейірім танытатын. Бәрі оны жақсы көретін. Ол ұзақ ғұмыр жасап, жетпіс алты жасқа таяған кезде о дүниелік болды. Әжесінің ұзақ ғұмыр кешкеніне қуанса, енді әжесі кеткесін, күліп өткен көздерін мұң басты. Әжесінің кеткеніне сене алмады. Әжесіне айтқан соңғы сөздері әлі есінде еді: «Әже, сені жақсы көремін. Біраздан соң тағы келемін». Әжесін құшақтап, кетерде бетінен сүйді. Бірнеше күн өткесін, әжесі көз жұмды. Ол қатты жылады. Әжесінің жерлеу рәсімі тез өтті. Бүкіл туыстары жиналып, достары да келді. Табытты көтеріп апарып, қатты қиналды. Ол әжесін ешқашан ұмытпайды.
Скрыть текст
      86. Цирк
      Қалаға цирк келді, бұл жайт жұртшылықты қызықтырады, барлығы оны көргісі келді. Циркте клоундар шоқпармен әдістер жасап, би биледі, балалар клоундарды өте жақсы көреді. Сонымен қатар циркте сиқыршылар түрлі сиқырлар жасап, жасөспірімдердің көңілін тойдырды. Циркте жануарлар жаттықтырушыларымен болды. Олар көрермендерге түрлі қойылымдар ұсынды. Жаттықтырушылар жануарларды шеңбер арқылы секіртті, жолбарыс гимнастикалық шеңберден секірді, маймыл үш дөңгелекті велосипедпен шыр айналды, аю екі табанына тіреліп тұрды, тіпті кей жануарлардың үстіне мініп серуендеуге болатын еді. Бұл цирк қаладан қалаға көшті, мұнда цирк үш күн болды. Циркке бару барлығына ұнады.
Скрыть текст
      87. Генри - мықты жігіт
      Генри мықты жігіт болды. Ол ауыр заттарды таси алды. Ол үшін көшуге көмектесу қиын емес. Мэри Генриден: "Көмектесе аласың ба?" - деп сұрады. Ол: "Әрине", - дедi. Мэридың көп жиһазы болған. Генри оның бәрін тасыды. Ол жиһаз фургонының ішіне қойды. Ол қиналмады. Ол күштi және епті жiгiт болды. Мэри: "Рахмет, Генри!" - дедi. Генри: "Оқасы жоқ", - дедi. Ол көмектескеніне қуанды. Генри көше бойымен жүріп келе жатты. Ол мынандай көрініске ұшырады, көлік ішінде ер адам отыр екен, ал көлігі оталмай қойды. Артында басқа көліктер тұрған еді. Жолды жауып қалыпты. Генри шара қолданбақшы болды. Ол көлiктiң артына тұрды да, оны бар күшімен итере бастады. Ол көлiктi алға жылжытты. Ол ендi жолда кесе көлденең тұрмады. Ер адам Генриге алғыс айтты. Ер адам: "Сiз күштi жiгiтсiз", - дедi. Генри келiстi. Ол қош айтысып, қол бұлғады.
Скрыть текст
      88. Отбасымен зообаққа саяхат
      Бұл отбасылық сапар еді. Олар саябаққа бара жатты. Зообақ үйден алыс жерде орналасқан. Балалар өте қуанышты болды, өйткені олар бұрын-соңды жабайы аң-жануарларды тірілей көрмеген, тек мысықтар мен иттерді көрген еді. Олар аю, гориллаларды көргісі келді.Алайда үйдің үлкен баласы бұл сапарға онша қуанышты болмады, өйткені ол зообаққа бірнеше мәрте барған еді. Бұл оның оныншы сапары еді. Ол онда барғысы келмеді. Ата-аналарына зообаққа бару ұнайтын. Бұл балаларды жаңа нәрсеге баулудың жақсы мүмкіншілігі болатын. Аталары да осы сапарға бірге шыққан, ол жол бойы ұйықтап жатты. Олар зообаққа жетіп, барлық жануарлар түрлерін көрді. Аюдың ырылдаған даусын естіді, теңіз жұлдыздарын ұстап көрді, гориллаларды көрді. Бұл өте ұзақ күн болды. Отбасы сапардан шаршап, тамақ ішіп, тынығып алған соң, машиналарына оралып, үйлеріне қайтты.
Скрыть текст
      89. Тіс ауруы
      Бойжеткеннің тісі ауырды. Ол тамақ жей алмады. Ол шайнаған сайын, тісі ауырды. Ол тіпті жұта да алмады. Ол не істеу керек екенін білді, алайда қатты қорықты. Оның тіс дәрігеріне бармағанына бірнеше жыл болды. Қабылдауға жазылатын уақыт келді. Олардың нөмірлеріне қоңырау шалды. Қабылдауға жазылып қойды. Оны жұма күні сағат беске жазып қойды. Оның тіс дәрігеріне мүлдем барғысы келмеді, өйткені ол аурудан қорқатын еді, алайда басқа амалы болмады. Ауру оның жанына батты. Тісін жұлдыру керек еді. Тіс дәрігері де осыны айтты. Ол креслоға шалқасынан отырды. Дәрігер оған ауруды басатын ине салды. Ол сонда да аздап ауырғанды сезінді. Көп ұзамай ауру қойды. Тісі жұлынды. Енді ол шайнаған кезде ауырмайды. Жеңілденіп қалды. Казір ауырсынусыз жеп, шайнай алады.
Скрыть текст
      90. Гитарашы
      Ол гитараны тартатын. Ол блюздердi айтатын. Бұл оның әуесі едi. Ол дарынды болатын. Бәрі оған солай айтатын. Ол күні бойы гитарада ойнауға жаттығатын. Оның еңбегі текке кетпедi. Ол қаладағы гитарада ең жақсы ойнайтын адам болды. Оның достары қайран қалатын. Ол гитараны әрқашан өзімен бірге алып жүретiн. Ол оны арқасына асып жүретiн. Ол оны саябаққа алып келетiн де, орындыққа отыратын. Ол тарта бастайтын. Адамдар оның қасынан өтетін. Олар оның музыкасын байқай бастады. Ол шайлық алатын. Бұл ол үшін көңілді болды. Басқаларға ойын көрсету - тамаша. Ол кейде күйгелектенетiн. Бiрақ қуанышты албырт сезім қаттырақ болды. Адамдар оны Гитарашы атады. Оны барлық жерде бiлетiн. Бұл оның жалған аты болды. Ол мектепте өз гитарасын тартатын. Ол пойызда өз гитарасын тартатын. Гитараны тарту оның құштарлығы болды. Ол саусақтары ауырғанша тартатын. Ол аз уақытқа тоқтап қалатын. Содан кейін қайтадан тарта бастайтын.
Скрыть текст
      91. Орманда адасқандар
      Олар өткен түнді ашық аспан астында өткізді. Олар орманда жалғыз болды. Таңертең олар тұрғанда қайда екендерін білмеді. Олар адасып кетіпті. Маңайында ешкім көрінбеді. Олар екеуі ғана еді. Олар басында шошып, сасып қалды. Кейін олар өздерін қолға алды. " Бәрі дұрыс болады, " -деп айтты олар бір-біріне. Олар ұялы телефондарын үйде ұмытып кетіпті. Олар түтіндеткіш белгіні тұтатты. Оны ешкім көрген жоқ. Олар кейін шегінуге шешім қабылдады. Олар келген іздерімен кейін қайтты. Ол көп уақытты алды. Олар біраз қашықтық жүрді. Олар әбден шөлдеді. Олар өзен жағасына тоқтады. Олар өзеннен су ішті. Олар өз жолын жалғастырды. Маңайдан ешқандай тіршіліктің белгісі де білінбеді. Қараңғы бола бастады. Оларға тездетіп адамдарды табу керек болды. Ақыр аяғында олар біреуді кездестірді. Ол табиғат аясында демалып жүрген адам екен. Бұл адам оларға тығырықтан шығу жолын көрсетті. Бұл қорқынышты саяхат еді.
Скрыть текст
      92. Сынған ұялы телефон
      Ол телефонын жерге түсіріп алды. Жерден көтеріп қараса, телефонының беткі шынысы сынып кеткен екен. Ол қапа болды, өйткені бұл телефонның ол үшін маңызы зор болатын. Бұл телефоннан жиі жазбалар жолдап, қоңыраулар шалатын, телефонында ғаламтор желісі орнатылған - бұл оның бар әлемі еді. Телефоны арзан тұрмайтын еді, алайда жаңасын алуға мәжбүр болды. Қаражаты жеткіліксіз болса да, телефон сататын жерге барып, сатушымен ақылдасты. Оған телефонын түсіріп алып, беткі шынысының сынғанын айтты. Сатушы телефонды көрсетуді өтінді. "Сіз оны жөндей аласыз ба?"- деп сатушыдан сұрады. Сатушы оң жауап қатты да, сол кезде телефонын жөндеп берді. Жөндеу жаңа телефон сатып алғаннан гөрі арзанға түсті. Телефонын жөндеп, оған қорғаныс қаптамасын кигізді, ол өзін бақытты сезінді.
Скрыть текст
      93. Пасха
      Пасха мейрамы болып жатқан еді. Оның отбасы Пасха мейрамын тойлайтын болатын. Олар балалар үшін барлығын жасайтын. Барлығы бірігіп оның үйінде жиналатын. Олар Пасха қоянының рөлін сомдайтын, арнайы костюм киген адамды шақыртатын болған. Үлкендер барлық үй ішіне жұмыртқаларды тығып қоятын. Балалар жасырынған жұмыртқаларды іздеп табулары керек болатын. Пасха қояны жасырынған жұмыртқаларды іздеп табуға көмектесетін. Барлығы өте көңілді өтіп жатты. Балақайлар табылған жұмыртқаларының ішінен сыйлықтар алды. Үлкендер болса бақшада дастархан жайды. Ешкімге қауіп төнбес үшін, олар балаларға қарауыл болып отырды. Бұл қауіпсіз әрі көңілді шара болды. Пасха қояны балаларға өте сыпайы қарады. Ол балалармен ойнап-күліп, би биледі. Пасха – бұл дәстүр. Оның отбасы жыл сайын бұл мейрамды тойлайды. Пасха – бұл мейрам. Көп адамдар Пасханы тойлайды. Бұл өте көңілді мейрам.
Скрыть текст
      94. Түнгі аспан
      Ол жоғары қарады. Ол түнгі аспанды көрді. Аспанда жұлдыздар көп еді. Ол аспанға біразға дейін қарап тұрды. Жұлдыздар көз тартарлық әдемі еді. Олар жарқырап тұрды. Олар гауһар тасқа ұқсайды. Ол бір өлең жолын еске түсірді. Ол айға қарап тұрды, түнгі аспанды бақылап қарады. Ол нұрын төгіп тұр. Ай аппақ болып көрінді. Ол ірімшікке ұқсап кетті. Ол бұған таң қалды. Айлы аспанға қарап тұрды. Ол айда суық екенін елестетіп көрді. Оған айда жүрген суық болып көрінді. Ол жұлдыздарға қарады. Олар көп еді. Олар топ-топ болып тұрады. Олардың атаулары да көп. Ол үлкен жеті қарақшыны көрді. Ол кіші қарақшыны да көрді. Ол сонымен қатар Орион белдігін де көрді. Бұл керемет көрініс болды. Ол аспанға әр түн сайын қарайтын. Ол бөгде планеталықтарға сенетін. Ол басқа біреулерді көрем деп үміттенді. Аспан ғажайыпқа толы.
Скрыть текст
      95. Түн ортасында соғылған қоңырау
      Үйдің телефоны шырылдады. Ол бірінші қабатқа түсті. Ол аяғының астына мұқият қарап, ақырындап, асықпай сатымен түсті. Қараңғы болатын. " Бұл кім екен телефон шалған?"- деп сұрады ол өзінен. Ол бірінші қабатқа түсті, телефон ас бөлмеде болатын. Ол жарық қосатын қосқышқа қолын тигізді. Ол жарықты қосты. Ол көзін зорға ашты. Тым жап- жарық болып кетті. Ол көзін аша алмай тұрды. Телефон әлі де шырылдап жатыр еді. Ол ас үйге жалаң аяқ барды. Ол ойыншықты аяғымен басып кетті. Ол аяғын ауыртып жіберіп секіріп кетті. Ол есікке қарады. Ол құралатын Лего ойыншығын аяқпен басып кеткен болатын. Оның ұлы бар. Ол ешқашан шашқан ойыншықтарын жинамайды. Ол ас бөлмеге жетті. Телефон әлі де шырылдап жатты. Ол тұтқаны көтерді. Ол нөмірді анықтайтын аппарат еді. Бұл нөмір таныс емес екен. Ол телефонға жауап берді: "Алло". Жауап болмады. Телефонды қоя салыпты. Біреу нөмірді қате терген ғой.
Скрыть текст
      96. Комикстер
      Комикстер-бұл суретті әңгімелер. Ол комикстерді жақсы көретін. Онда комикстердің көптеген түрі бар болатын. Олардың бәрі сөрелерде тұратын. Оның достары да комикстерді жинайтын. Кей кезде ол достарымен комикстермен алмасатын. Ол комикстерді түнімен оқитын. Жарықты өшіріп, қолшамды қолына алды. Ол көрпеге оранып алып, төсекте отырды. Ол ұйықтамай кітапты оқуды жалғастырды. Уақыт ол үшін қызықты өтіп жатты. Ол үнемі кітап дүкеніне баратын. Ол онда әр жұмада сабақтан кейін баратын. Комикстер дүкені керемет болатын. Дүкенде комикстердің жаңа шығарылымдары бар болды. Оның комикс ішіндегі сүйікті кейіпкері Спайдермэн болды. Ол оның барлық шығарылымын сатып алды. Ол бірнеше сағат бойы комикстер дүкенінде жүре алатын еді. Дүкен ішінде диван болатын. Онда үнемі ақша бола бермейтін. Ол комикстердің жаңа шығарылымын сол диванда отырып оқитын. Ол өзінің қалта шығындарынан үнемдеп, сол ақшаға сосын комикстер сатып алатын.
Скрыть текст
      97. Зәулім
      Ол көп пәтерлі зәулім үйдің ең жоғарғы жағында еді. Бұл зәулім ғимарат. Ол әкесінің жұмыстағы әріптестерімен танысты. Олардың барлығы өте мейірімді жандар еді. "Мынадай биіктікте жұмыс істеу қорқынышты емес пе?" - деп, ол әкесіне сұрақ қойды. Ол жоқ деп жауап берді. Ол: "Мен тіпті байқамаймын", - деді. Оның ұлы байқап отырды. Бұл ой оның миынан шықпай қойды. Ол аспанда тым биікте еді. Ол көз алдына ғимарат құласа не болатынын елестетумен болды. Ол бұның көкірегіне қорқыныш ұялатты. Оның әкесі бұл жайлы ойламауды тапсырды. Бірақ ол ойынан бір сәт те шығара алмады. Үйге қайтатын уақыт та келіп жетті. Ол жедел сатымен түсті. Жедел сатының жерге жетуі ұзақ болып көрінді. Енді оның мұнда келгісі келмеді. Бүгін қорыққаны да жетеді.
Скрыть текст
      98. Лос-Анджелестегі Джейн
      Оның есімі Джейн. Ол Лос Анджелесте тұрады. Ол Лос Анжелесті жақсы көреді. Ол Лос Анжелестің орталығына барып жұмыс істейтін. Лос Анджелесте адамдар көп. Ол жұмысына күнде өз машинасымен барады. Ол өз машинасының терезесінен күнде қарап отыратын. Көшеде адамдардың өтіп бара жатқанын қарап отыратын. Кей адамдар ақ түсті, кейбіреулері қара, кейбірі қоңыр түсті болатын. Олардың түстерінің айырмашылығы маңызды емес , олардың барлығы Лос Анджелес тұрғындары болатын. Кейде ол да өз достарымен көңіл көтеруге шығып тұратын.Ол ресторандарға және қойылымдарға барып тұратын. Лос Анджелесте ресторандар көп. Оның жақсы көретін рестораны үнді рестораны болатын. Лос Анджелесте көптеген орындаушылар бар. Ол атақты әртістер мен оркестрлерді көретін. Лос Анджелесте қыдырып, бір жақтарға шығып тұрған қызықты. Ол үйге ылғи кеш келетін. Ол үйге аман -есен келетін. Ол танымайтын адамдармен тілдеспейтін. Ол қауіпті көшелерден аулақ жүретін. Джейн ешқашан Лос Анжелестен кеткісі келмейді. Ол - оның мақтанышы.
Скрыть текст
      99. Шеру
      Шеруге шығу қызықты болатын. Ол шеруге жыл сайын баратын. Ол ешбір шеруден қалған емес. Шеру ертең басталу керек. Ол әдетте өзінің қызымен баратын. Оның қызының есімі Мэри. Бұл жолы ол өзінің кіші қарындасын ертіп баруды жоспарлап қойды. Оның кіші қарындасы әлі шеруге бірде –бір рет барған емес. Ол үшін бұл шеру алғашқысы болмақ.Ол өте қуанышты, толқып жүр еді. Ол шеруге бір күн қалғанда жоспар құрды. Оларға таңертең ерте тұру керек. Олар өздерімен бірге жейтін тамақ пен, ішуге су алу керек. Олар сонымен қатар ыңғайлы аяқ киім киюлері керек. Шеру бір күн бойы жалғасады. Шеру күні де келіп жетті. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатты. Шеру керемет өтті. Олар үрмелі оркестрдің жүргендерін көрді. Олар жылжып бара жатқан платформаны көрді. Кейбіреулері өте үлкен болатын. Шеру түстен кейін бітті. Олар әбден шаршады, бірақ өте бақытты еді. Олар үйлеріне қайтты. "Біз тағы да шеруге шығамыз ба?" - деп сұрады қарындасы. Ол қарындасына қарап, күлімсіреді. Ол жауабын білетін еді.
Скрыть текст
      100. Музыкалық фестиваль
      Бүгін музыкалық фестиваль өткізілді. Ол соған баруды шешті. Оның ұнайтын әншісі шығатын еді. Ол өзімен қолтаңбаларға арналған дәптершесін алды. Ол әншіге жеткілікті жақын баруға үміттенді. Ол оның қолтаңбасын алғысы келді. Ол осыған қол жеткізуді нақты шешті. Музыкалық фестивальге ол ертерек шықты. Ол болатын орынға бір сағат ішінде жетті. Оған көлік қоятын орынды табу үшін біраз қиналуға тура келді. Ол көлігін музыкалық фестиваль болатын жерден алыс қойды. Ол таба алған ең жақын көлік қоятын орын осы болды. Ол жаяу жарты шақырымдай жүрді. Ол фестивальге келді. Ол сахнадан алыс емес орын тапты. Ол фестивальдің басталуын күтті. Басталу көп күттірмеді. Музыкалық фестиваль басталды. Ол жан-жағына қарады. Алаңшада жүзге жуық адам болды. Барлығы қозғалды және секірді. Музыка ойнады. Сахнаға оның ұнататын әншісі шықты. Оған оның қолтаңбасы керек болды. Ол сахнаға жүгіріп шықты. Ол оның қолтаңбасын алды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.4 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.3, стр.6  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв