Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Жұмысқа жиналған кезде
      Ол оянды. Ол төсектен тұрды. Ол ванна бөлмесіне барып душты қабылдады. Басында су суық болатын. Ол оны жылы қылып алды. Ол душты он минут қабылдады. Ол душтан шықты. Еден су болып қалды. Ол орамалды алды. Ол оранып алды. Ваннадағы айнаның алдына келді. Ол өзінің кескініне қарады. Ол әдемі көрінді. Бетінде сақалы өсіп кетіпті. Қырыну уақыты келді. Ол қырынуға арналған кремді алып, біраз мөлшерін қолына қысып шығарды. Ол қырынуға арналған кремді бетіне жақты. Ол ұстараны алып, қырына бастады. Ол байқаусызда бетін тіліп алды. Қан аға бастады. Ауырған жоқ. Ол бетін жуып, қырынудан кейінгі лосьонды жақты. Ол тіліп алған жеріне лейкопластырьды жапсырды. Тіліп алған жері аздап сыздады. Ол сүртінді де жұмысқа жинала бастады.
Скрыть текст
      2. Ұйқыға дайындық
      Ол жұмыстан кейін үйіне оралды. Сағатына қарап, есінеді. Сағат тоғызды көрсетіп тұрған еді. Ол бөлмесіне барып, киімін ауыстырды. Ол жамылатын көрпесін шығарып алды. Бөлменің іші суық болатын. Ол орынан тұрып, шкафқа барып, жамылуға қосымша көрпелер шығарып алды. Орынына келіп, жамылып жатты. Ол ұйқыға кетті. Түн ортасында ұйқысынан оянып, су алуға тұрды. Ол бір стакан су ішті. Ол бөлмесіне оралады. Есінеді де, ұйқыға кетеді. Арада екі сағат өтті. Ол тағы ұйқысынан оянып, әжетханаға барды. Ол терезе сыртынан шу естіді. Не болғанын білгісі келіп, терезеге қарай бет алады. Бұл жай ғана талға жорғалап бара жатқан мысық болған еді. Ол мысыққа қарап жекіреді. Мысық жалт берді. Ол ұйқысына оралды. Көзін жұмып, ұйқыға батты. Сол түні ол өте аз ұйықтады.
Скрыть текст
      3. Итпен серуенде
      Түн еді. Ол итін серуендетуге шықты. Иті ірі еді. Иттің аты - Макс. " Кеттік, Макс ," - деді итіне. Көршілес үйдің қасынан өтті, үйде жарық жоқ екенін байқады. Оның көршісі үйінде болмады. Ол базардың жанынан өтіп барып, азық-түлік алып жатқан адамдарды көріп, оның сүт алу керек екені есіне түсті. Максты діңгекке байлады. "Осы жерде күт", - деді итіне. Базарға кірді, он бес минут ішінде сүтті алып шықты. Итін шешіп, әрі қарай серуенін жалғастырды. Үй жағына барып, итін үйге кіргізіп, алдына табаққа салып, тамағын берді. Макс жылдам жеп қойды. Кеш түсті. Итін артқы аулаға шығарды, Макс өзінің үйшігіне кіріп жатты, кетіп бара жатып, итіне қайырлы түн тіледі, Макс оған үріп жауап қайтарды.
Скрыть текст
      4. Ыстық күнге арналған лимонад
      Күн ыстық болатын. Аспанда күн шақырайып тұрды. Ауа ыстық, әрі ылғалды еді. Жексенбінің екінші жартысы болатын. Джейн су ішкісі келді. Ол асүйге су ішуге келді. Ол тоңазытқышты ашты. Онда ішетін ештеңе болған жоқ. Ол бірнеше лимон және құмыра алды. Ол лимондарды қақ ортасынан бөлді. Ол құмыраны суға толтырды. Ол лимондарды сықты. Ол қант алуға шкафты ашты. Ол ыдыстағы суға және лимон шырынына кішкене қант салды. Ол сөйтіп лимонад жасады. Ол лимонадтан бір жұтым ішті. Оған біраз қант салу керек екен. Ол пакеттен қант салды. Ол тағы бір жұтым ішті. Ол дәмді болып шықты. Енді тек мұз салу керек болды. Ол аздап мұз алмақ болып, тоңазытқышты ашты. Мұз жоқ екен.
Скрыть текст
      5. Суық түнде ішкен кофе
      Түн өте суық еді. Аспанға қарасаң, жап-жарық әрі домалақ ай көрінеді. Терезеден ұрған суық жел Джимді тұрғызды да, терезені жабуға тура келді. Суық болғасын, денесі дірілдеп, Джим қатты тоңған күйі алақандарын ысқылап, асүй жаққа қарай бет бұрды. Ол кофе жасағысы келіп, шкафты ашты. Кофе дәндері салынған құтыны алды да, қақпағын ашып, кофенің иісін иіскеді. Балғын кофе дәндерінің иісі мұрын жарады. Джимге кофенің иісі ұнайтын, бірақ кофе ішкенді одан да қатты ұнататын. Кофе дәндерін кофеқайнатқышқа салып, аққұманын алды да, қайнатқыштың астына қойды. Түймешегін басып, кофе дайындала бастады. Джимнің денесі қайтадан дірілдей бастады. Денесін жылыту үшін ол сәл қимылдады. Кофе дайындауға он бес минут уақыт кетті. Джим дайындалған кофені саптыаяққа құйды да, бәрін тауысып ішті. Ыстық кофеден соң Джимнің денесін жылынып, дірілдегені басылды.
Скрыть текст
      6. Джим қарындасын күтіп алды
      Күн бұлыңғыр болатын. Жаңбыр жауайын деп тұрды. Ол резеңке аяқкиімі мен плащын киіп алды. Ол қолшатырын алып, үйден шығып кетті. Ол бастауыш мектептен кіші қарындасын алып кетуі керек. Сағат үш болды. Джимнің кіші қарындасының сабағы бітуге таяды. Ол көше бойымен жүріп келе жатты. Ол өз киіміне қарады. Оның аяқкиімі қара түсті. Плащы жасыл түсті. Джинсы шалбары көк түсті еді. Ал қолшатыры қызыл болатын. Ол жүріп келе жатып, жан- жағына қарады. Елдерде сол сияқты киініп алыпты. Бұлттар қоюлана бастады. Джим мектепке үштен жиырма кеткенде келді. Мектептің қоңырауы үш жарымда соғылады. Джимге енді он минут тосу керек еді. Ол кіреберіс есіктің алдында еді. Джимнің жанында басқа да ата-аналар тосып тұр еді. Мектептің қоңырауы соғылды. Балаларды кіреберіс есік алдына алып келді. Оның қарындасы жүгіріп жанына келді. Олар құшақтасып үйге қайтты.
Скрыть текст
      7. Джим Нэнсиді мектептен алып келе жатыр
      Джим және оның қарындасы мектептен келе жатыр. Джим: "Сабақтар қалай өтті?"- деп сұрады. Джимнің қарындасы: "Жақсы", - деді. Оның аты Нэнси. Нэнси жетіде болатын. Оның шашы қара. Оның шашы қысқа әрі тік. Сондай-ақ онда брекеті бар болатын. Джим Нэнсиге қолшатыр алуды ұмытып кетті. Джим мен Нэнси Джимнің қолшатырының астына бір-біріне жақындады. Жаңбыр онша қатты емес еді. Джим: "Тезірек жүрейік", - деді. Джим мен Нэнси тезірек адымдай бастады. Джим су басып кетті. Су шашырап кетті. Нэнсидің шалбары су болып қалды. Джим: "Кешір", - деді. Нэнси: "Ештеңе етпейді", - деді. Жаңбыр қатты жауа бастады. Көп кешікпей олар үйлеріне келді. Аспанда найзағай жарқылдады. Күн күркіреді. Олар үйде қауіпсіз жерде болды. Нэнсидің киімі су болып қалды. Ол басқа киім киіп алды. Джим де сөйтті. Қатты жаңбыр жауып тұрды. Ол үйде болғанына қуанышты еді. Джим де соны сезініп тұрды.
Скрыть текст
      8. Сэндвич жасауда
      Оның асқазаны қорылдады. Ол бес сағат бойы тамақ жемеді. Қарынның ашуы артып барады. Ол асүйге барды. Ол бір бөлке бидайдан жасалған нанды алды. Өзінің жақсы көретін наны еді. Ол екі тілім алды, сосын тоңазытқышты ашты. Ол барлық ингредиенттерді теріп алып, үстелге қойды. Ол бір құты майы аз майонезді ашып, пышақпен нанға жақты. Ол ветчинасы бар контейнердің сыдырма ілгегін ағытты. Ветчина қант шәрбатында болатын. Ол төрт жапырақ ветчинаны алып, тілім нанға салды, кейін ол бір контейнер ірімшікті ашты. Одан да бір тілімін алып ветчинаның үстіне салды. Ол салат қызанақ пен сүтшөпті турап, ірімшік пен ветчинаның үстіне салды. Ол бұның бәрін кетчуп пен қышамен араластырды. Сэндвич дайын болды.
Скрыть текст
      9. Ол омлет жасайды
      Бір күні ол ертеңімен тұрып, қарнының ашып тұрғанын сезінді. Кеше кешке ол ештеңе жемеген еді. Ол төсектен тұрып, асүйге барды. Асүй тап-таза еді. Ол таңғы асқа не ішетіні жайында ойланып отырды. Ол тоңазытқышты ашып, жұмыртқа салынған ораманы алды. Ол шкафты ашып, табақ алды. Ол табаққа төрт жұмыртқаны жарды да, қасықпен араластырды. Ол ас пісіретін пешке келіп, табаны қойды. Ол ас пісіретін пештің тұтқасын бұрады. От жанды. Ол тоңазытқыштан майдың кішкентай кесегін алды. Ол майды қызып тұрған табаға тастады. Ол араласқан жұмыртқасы бар табақты алды да, табаға аударып жіберді. Ол оны қалақшамен араластырды. Омлет санаулы уақытта дайындалды. Одан өте дәмді иіс шығып тұрды.
Скрыть текст
      10. Джон кітап оқығанды жақсы көреді
      Кітап оқу-қызықты іс. Кітаптар бізді ақылдырақ етеді. Сондай-ақ олар бізді күшті оқырман етеді. Джон кітап оқығанды жақсы көреді. Ол кітаптарды күн ашық кезде оқиды. Ол кітаптарды бұлтты күндері және жаңбырлы күндері оқиды. Джон өте көп кітап оқып шықты. Ең бірінші кітабын ол екінші сыныпта оқыды. Оның мұғалімдері таңданатын. Джон жақсы оқушы болатын. Сыныпта оның бағалары ең жоғары болды. Джон кітап оқып, көп нәрсе жаттады. Ол жаңа сөздерді жаттады. Ол жаңа етістіктерді жаттады. Ол жаңа сын есімдерді жаттады. Джон күнде оқиды. Ол әлем жайлы жаңадан көп нәрсе білді. Ол тарих жайлы жаңадан көп нәрсе білді. Ол жануарлар туралы көп білді. Ол адамдар жайлы көп нәрсе біліп алды. Джонға оқыған ұнайды. Ол күнде жаңадан бір нәрсе біліп тұрады. Джонның кітаптары көп. Оның кітап сөрелері үлкен. Олар кітапқа толып тұр. Джон кітап жинайды. Ол кітаптарды кітап дүкенінен сатып алды. Джон әлемде бар барлық кітапты оқып шыққысы келеді.
Скрыть текст
      11. Сэм теледидар қарағанды жақсы көреді
      Теледидар көрген - қызықты. Сэм теледидар көргенді жақсы көреді. Ол оны үнемі көреді. Ол оны таңертең көреді. Түсте көреді . Ол оны кешке де көреді. Ол түнімен отырып көреді. Сэмнің үйінде теледидар үнемі қосылып тұрады. Теледидардан ол көретін зат табылады. Сэм мультфильмдер көреді. Сэм жаңалықтар көреді. Сэм спорттық бағдарламаларды көреді. Ол деректі фильмдер көреді. Ол көркем фильмдер көреді. Сэм комедиялық фильмдер көреді. Комедиялық телехикаялар көру-оның жақсы көретін ісі . Телебағдарламалар бәрінен хабардар етіп отырады және ойың бөлінеді. Теледидар көру барлық адамдардың басын қосады. Сэмге достарымен теледидар көру ұнайды. Сэм теледидар бағдарламаларын жазып отырады. Оның теледидар бағдарламаларын жазып отыратын құралы болған. Сэм өзі жақсы көретін бағдарламаларды жазып отырады. Ол оларды қайтадан көріп шығатын. Сэмде жазылған бағдарламалар көп болатын. Сэм актер болғысы келеді. Ол телеэфирлерге түскісі келеді. Бұл оның арманы.
Скрыть текст
      12. Күнделікті жаттығулар
      Ол күнде жаттығатын. Ол ауыр көтеретін. Ол жүгіру жолымен жүгіретін. Ол әр жерде велосипедпен жүретін. Ол кермеге тартылатын және жерден серпілу жасайтын. Оған формада болған ұнайтын. Ол өзін тамаша сезінетін. Ол өзін өмірге толы сезінетін. Ол өзін қажымас сезінетін. Ол өзін тартымды сезінетін. Бұның бәрі оған өзіне сенімділік беретін. Адамдар оның сырт келбетіне тамсанатын. "Мына бұлшық етті қарамайсыңдар ма", - деп айтатын оған адамдар. "Раxмет, жаттығумен айналысам", - деп жауап беретін. Ол әрқашан мұндай жақсы формада болмаған. Кезінде ол семіз болған. Оған семіз болу ұнамайтын. Оған бәрі үнемі күлетін. Оның өз -өзін бағалауы төмен болатын. Ол өзін онша тартымды емес сезінетін. Ол өз денесін шаршағандай және зілдей сезінетін. Онда күш болмады. Ол өзінің өзгеру керектігін білетін. Бір күні ол айнаға қарады. Ол өзіне артық салмақты тастаймын деп уәде берді. Ол зиянды тағам жеуді тоқтатты. Ол көбірек қозғала бастады. Ол кешке аяңдап жүгіретін бола бастады. Ол үнемі гимнастикалық залға баратын болды. Ол салмақ тастады.
Скрыть текст
      13. Оның тамаққа деген құмарлығы
      Ол көп тамақ жейтін. Ол пицца жейтін. Ол чизбургерлер жейтін. Ол қытырлақ картоп жейтін. Ол тәттілер жейтін. Ол күн сайын осы тамақ түрлерін жейтін. Оның үнемі тамақ ішкiсi келетiн. Ол көкөністер мен жемістерді жақсы көрмейтін. Ол ешқашан су iшпейтiн. Ол тек газдалған су немесе шырын ішетін. Ол өте толық әйел болатын. Ол өте аз қозғалатын. Ол өзінің осындай сырт келбеті болғаны үшін бақытты еді. Жұрт оны келемеждейтін. Оған жұрт: "Салмағыңды таста", - дейтін. Сонымен қатар оған адамдар: "Жеуді доғар", - дейтін. Ол: "Жоқ, рахмет", - деп жауап беретін. Ол: "Мен осындай келбетімнің болғанына ризамын", - дейтін. Ол майлы тамақты жеуді ұнататын. Оның өзінің тамақтануын өзгертуге ештеңе мәжбүр ете алмайтын. Ол дәрігерге барды. Дәрігер оған салмақ тастау керек деді. Ол салмақ тастағысы келмеді. Дәрігер оған неге салмақ тастау керектігін түсіндірді. Бұлай жүрсе өліп кетуде мүмкін. Ол қорқып кетті. Ол өлгісі келмедi. Ол салмақ тастауды шештi.
Скрыть текст
      14. Жоғалған ит
      Ол көшеде итті көрді. Шамасы, бұл ит жоғалған сияқты. Ол иттің қасына келді. Ол оның басынан сипады. "Жақсы ит", - деді ол итке. Ит құйрығын бұлғаңдатты. Итте қарғыбау бар болды. Ол қарғыбауға қарады. Қарғыбауда иттің аты жазылған болатын. Оның аты Спайк екен. Спайк кішкентай ит болатын. Ол жақсы күтілген ит болып көрінді. "Кеттік, Спайк", - деді ол итке. Ит оның соңынан үйге барды. Ол итті екінші қабаттағы өзінің бөлмесіне апарды. Ол ит тамағы бар банканы ашты. Оның бұрын иті бар болатын. Ол ит тамағын ыдысқа салды. Ол ыдысты Спайктің алдына қойды. Спайк тамақты жей бастады. "Мен саған қамқор боламын, Спайк", -деді ол итке. Ол иттің өзіне тиесілі емес екенін білді. Ол Спайк туралы хабарландыру жазды. Хабарландыруда: "Ит табылды", - деп жазылған болатын. Ол хабарландыруды сол өңірге ілді. Спайкті алып кету үшін ешкім келген жоқ.
Скрыть текст
      15. Спайк атты ит
      Спайк жылы шырайлы ит болатын. Ол тілалғыш болатын. Оған не айтса, соны істейтін. Ол оған қатер төнгенде ғана үретін. Ол ешқашан ешкімді тістемеген. Спайк қуыспақ ойнағанды жақсы көретін. Спайк оған доп лақтырса, соның артынан жүгіретін. Спайк допты қожайынының қолына әкеліп беретін. Спайктің жүні қара болатын. Спайкті бұрынғы қожайыны қалдырып кеткен болатын. Оны бір бала тауып алған болатын. Бала Спайкті жақсы көретін, ал Спайк баланы жақсы көретін. Күннің екінші жартысында бала Спайкті серуендететін. Өтіп бара жатқан адамдар Спайкті еркелеткенді жақсы көретін. Спайк оны еркелеткенді ұнататын. Оған адамдардың беті мен қолдарын жалаған ұнайтын. "Мына жақсы бала кім?"-дейтін адамдар Спайкке. Спайк қуанып, секіретін. Спайк өте жақсы ит болатын. Бала ешқашан Спайктен бас тартамын деп ойламайтын. Спайк ешқашан қашып кетпеген. Спайк пен бала өздерінің соңғы күндеріне дейін дос болған.
Скрыть текст
      16. Құлап, қолын сындырып алды
      Ол автобусқа отыруға үлгеремін деп тырысқан еді. Автобус онсыз кетіп қалды. Ол жүгірді. Ол шалынып құлап қалды. Ол тротуардың үстінде жатты. "Сізде бәрі жақсы ма? " - деп сұрады бір қыз бала. Ол өзінің қолын ұстап отырды. Оның қолы ауырып тұрды. "Меніңше, мен қолымды сындырып алған сияқтымын", - деп айтты ол қызға. Қыз бала 911-ге қоңырау шалды. "Қазір сізге көмек келеді", - деп айтты қыз. Ол оған тұруға көмектесті. Ол орындыққа отырды. Ол неге құлап қалғандығына таңғалды. Ол өзінің бәтеңкесіне қарады. Оның баулары шешіліп қалған болатын. Ол ылғи да өзінің бауларын байлауды ұмытып кететін. Ол қолын сындырып алады деп ешқашан ойлаған емес. Ол өзіне келе бастады. Оның қолы сұмдық ауырып тұрды. "Жедел жәрдем тез арада келеді", - деді қыз. Ол да бір кезде қолын сындырған болатын. Ол бұның қалай ауыратындығы жайлы білетін. Жедел жәрдем дәрігерлері жігітті өзімен бірге алып кетті. "Рахмет", - деп айтты ол қызға. "Оқасы жоқ", - деп жауап берді қыз.
Скрыть текст
      17. Ол дөңгелекті конькимен сырғанауға үйренді
      Сағат үш болды. Ол дөңгелекті конькимен сырғанауды үйреніп жүр. Ол үнемі дөңгелекті конькимен сырғанауды үйренгісі келетін. Бұрын оның дөңгелекті конькиді сатып алуға жағдайы болмаған. Қазір ол есейді. Оның жұмысы бар. Өзінің алғашқы дөңгелекті конькиін ол кеше сатып алған. Бір нәрсеге үйрену қашан да кеш емес. Ол кеше саябақта болды. Ол қорғаныс киімдерін киді. Оның басында шлемі, тізесінде тізеқабы болды. "Қауіпсіздік ең бірінші орында",-деді ол өз - өзіне. Ол өзінің дөңгелекті конькиінен тайғанап құлап кетті. Ол орнынан тұрып, әрі қарай сырғанауын жалғастырды. Басында ол тұтқадан ұстап жүрді. Дөңгелекті конькиді киюге біраз именді. Біраз жаттыққаннан кейін ол жақсы сырғанай бастады. Біраз күннен кейін ол жақсы сырғанай бастады. Керемет болды. Бірнеше рет ол сүрініп, құлап жүрді. Құлаған сайын ол орнынан тұрып, қайта талпынды. Бірде бір рет те мертіккен жоқ. Оның шлемі мен тізеқабы оны жарақаттардан қорғады. Дөңгелекті конькимен сырғанау өте қызықты әрі көңілді болды.
Скрыть текст
      18. Жағажайда
      Ол жағажайда жатыр. Ол өзін тыныштықта сезінді. Жоғарыдан күн түсіп тұр. Күн қатты ыстық емес еді. Ауа райы тамаша. Ол екпетінен жатыр. Ол жұмақта еді. Кенеттен бір нәрсе болды. Біреу жанынан жүгіріп өтті. Аяқ астындағы құм үстіне шашылды. Ол таңқалды. Ол өзінің үстін кімнің құм шашқанын қарау үшін орнынан тұрды. Айналасында адамдар көп еді. Ол өзінің жанынан жүгіріп өткенді байқамады. Ол түршігіп кетті. Біреу оның күн астындағы бақытын бұзды. Ол қайтадан жатты. Бірнеше минуттан соң тағы да біреу жанынан жүгіріп өтті. Оның арқасына құм ұшты. Ол тез бұрылды. Ол тығылып тұрған баланы көрді. Ол күлді. Ол орнынан тұрып балаға жақындады. "Сен бе менің арқама құм шашқан?" - деп сұрады ол баладан. Бала қорқып кетті. Ол жылай бастады. Ол өзін баланы жылатқаны үшін кінәлі сезінді. "Жылама", - деді ол. "Кешіріңіз", - деді балақай. Ол сосын бұл жағажайға ешқашан барған жоқ.
Скрыть текст
      19. Үйден пісірілген нанның жаппай сатылуы
      Томмиге өзінің футбол командасына ақша жинау қажет болатын. Олар жаңа сыртқы киімге мұқтаж еді. Томми жаңа идеяны керек ететін. Ол анасынан көмек сұрады. Анасының жақсы бір ойы болатын, ол пісіруді жақсы көретін. Қолмен пісіргендерін жаппай сатуды көздеді. Томмиге анасының бұл ойы ұнады. Олар тәтті нан мен бәліш сатуды жөн көрді. Сату күнін келесі сенбіге белгілеп қойды. Томмиге екі жүз доллар жинау керек болды. Олар жұмысқа кірісті. Томми көптеген нәрселер дайындады, олар: тәтті нанның түр-түрі, бетінде шоколад ұнтағы бар печенье, сұлы печенье және қант печенье. Ол дәмін көрді, жақсы шыққан екен. Ал анасы бәліштің түр-түрін жасады, олар шие, алма, пекан және қаражидек бәліші. Жасағандарының барлығы да өтіп кетті. Томми көп ақша жинады, керек ақшасынан да көбірек. Қолдан пісіру жаппай сату жоспарлары сәтті аяқталды.
Скрыть текст
      20. Математикадан тест
      Математикадан тест өтетін күн келесі дүйсенбі еді. Оның дайындалуға үш күні бар. Ол математиканы ұнатпайтын. Бұл ол үшін ең қиын пән. Ол тесттен өтуі үшін дайындалуға мәжбүр. Ол өзінің бөлмесіне қамалып алды. Ол телефонын сөндіріп тастады. Ол компьютерін де өшірді. Ештеңе оны алаңдатпауы үшін бәрін сөндірді. Радионы ол қосулы күйінде қалдырды. Әуен оның дайындалуына көмектеседі. Күн сайын ол сағаттап дайындалды. Екі күннен кейін ол дайындығын тоқтатты. Оған көмек керек. Ол бір математикалық тапсырманы шеше алмады. Ол өзінің досына хабарласты. Оның досы математикадан мықты болатын. Ол досынан өзіне көмектесе алатын-алмайтынын соны сұрады. Оның досы көмектесе алатынын айтты да, оның үйіне келді. Оның досы үш сағат көлемінде оған көмектесті. Ол тест тапсыруға дайын. Оның досы оған сәттілік тіледі. Тест күні келді. Ол тест тапсыруға келді. Ол тесттен өтті. Дайындық зая кетпеді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.2, стр.5 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >>