Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Жаңа даяшы
      Марк Смитке жаңа жұмыс табу керек болатын. Оның бір кемшілгі - ол аздап жалқау еді, оның оңай бір іспен айналысқысы келді. "Таптым! Менің даяшы болғым келеді!"- деді ол. " Бұл саған үйлесетін жұмыс деп ойламаймын" дейді оған анасы.
      "Неліктен олай ойлайсыз?" - деді анасына Марк. Оған бұл өте жеңіл жұмыс болып көрінді "Бар болғаны, міндетім - үстел үстіндегі ыдыс-аяқтарды жинау ғана. Сонымен қатар, мен көп мөлшерде шайлықтар алып отырамын ғой" - деді Марк.
      Маркты шағын кафеге жұмысқа қабылдады. Кейіннен Марк анасының айтқаны рас болғанын түсінді. Кафеге келушілер өздерінен кейін үстел үстінде соншама көп қоқыс қалдырады, Марк болса оны жинауды жек көретін болды. Оның үстіне, Марк өте жай және қолындағы ыдыстардың барлығын дерлік қолынан түсіріп ала берді. Мұнымен қоймай, ол келушілермен дөрекі сөйлесетін, сондықтан оған шайлыққа өте аз ақша қалдыратын. Үш күннен соң Марк жұмыстан шығарылды.
Скрыть текст
      22. Қыш жұмыстары - әйелдердікі
      Шэрон Картер қыш жұмыстары курсына барғысы келеді. Ол жалғыз барғысы келмеді. Ол өзінің күйеуіне бірге баруын өтінді. "Мен оны жасағым келмейді", - деді Картер мырза. "Қыш жұмыстары әйелдерге арналған!"
      Бұл Шэронды қатты ашуландырды. Ол мұны күйеуі айтып тұрғанына сене алмады. "Бұлай тек әйелдерді жек көретіндер ғана айтады!" - деп айқайлады Шэрон. Ол онымен ұзақ уақыт дауласты. Картер мырза ұрсысудан жалығып кетті. Ол тек Шэронның тынышталуы үшін ғана баруға келісті.
      Бірінші сабақ өте жақсы өтті. Картер мырзаның қыш құмыралары расымен де өте жақсы шықты. Нұсқаушылар оны жақсы көріп кетті. "Сіз өте дарындысыз!"- деп айтты барлығы. Осыдан кейін Картер мырза қыш құмыра жасау сабағына әр апта барып жүрді. Ол бұл жұмысты жақсы көріп кетті!
Скрыть текст
      23. Күйінішті серуендеу
      Дебора мен Пол Эванс табиғатты сүйеді. Оларға әсіресе жаяу серуендеген ұнайды. Олар күнде кешкісін тауда серуендейтін. Олар үнемі өздерінің күшігі Дружокты да алып шығатын. Дружок өзінің қожайындарын жақсы көретін. Жаяу серуен оның да сүйетін ісі.
      Бір күні жаңалықтардан тауда қабылан байқалды деп хабарланған болатын. Репортер «Тауда серуендеп жүргендерге кешкісін абайлап жүрсін» деген. Сол кеште Дебора мен Пол үйде қаламыз ба деп ойлады. Пол « Әдетте қабыландар адамдардан тасаланады. Ешқандай қауіп-қатер жоқ, сенімдімін» деді.
      Дебора, Пол және Дружок таудың басына сәтті көтерілді. Кенеттен ырыл естілді. Қабылан оларға шап берді. Ол Дебораға бетпе бет келіп қалған. Дружок Дебораны құтқару үшін қабыланға тап берді. Ол қабыланды үркітіп жіберді. Келесі күні мистер мен миссис Эванс оған көптеген тәттілер мен ойыншықтар алып берді.
Скрыть текст
      24. Ұсақ үй жануарлары жоғалды
      Кеннет Бейкер жексенбі күні таңертеңгісін ерте оянды. Қорқынышты жағдайға тап болды. Оның мысығы жоғалып кетті. Мүмкін, тағы да қашып кеткен болар деп ойлады Кеннет. Ол көшеге шығып, көршілерінен сұрастырды. "Қызық екен", - деді оның көршісі Сандра."Менің де чихуахуам кеше кешкісін жоғалып кетті".
      Кеннет ықшамауданмен жүріп кетті. Ол көше аралап кеткен мысығын тауып алатынына сенімді еді. Керісінше, басқа жағдайға тап болды. Барлық жерде хабарландырулар ілінген. Олардың барлығында: "Мысық жоғалды", "Ит жоғалды" деп жазылған.
      Барлық ұсақ үй жануарлары үйден қашып кетуі мүмкін емес деп ойлады Кеннет. Кенет Кеннет бір сұмдықты көріп қатты қапаланды. Жерден қанды іздерді көрді. Олар тау жаққа қарай кеткен. Мүмкін, барлық ұсақ үй жануарларын түнде койот таситын болған ғой.
Скрыть текст
      25. Қысқа шортылар
      Лиза Адамс достарымен қыдыруға шыққан болатын. Оны анасы тоқтатқан кезде ол үйден шығып қойған еді.
      "Сен үстіңе не кидің?" - деп Адамс ханым айқайлады. "Кәдімгі шорты!" - деп жауап қайтарды Лиза. Адамс ханым оны көбірек іш киімге ұқсатты. "Сен бұл киіммен ешқайда бармайсың!" - деп айтты. Жарты сағат айтыс-тартыстан соң Адамс ханым Лизаға қыдырып келуге рұқсат берді.
      Келесі күні Адамс ханым және Лиза бір жерге түскі ас ішуге барды. "Сен не киіп алғансың?" - деп айғайлап жіберді Лиза. Ол мұндай ашық киінген анасымен жүруге ұялды. "Бұл жай ғана шорты ғой!" - деп жауап берді Адамс ханым.
Скрыть текст
      26. Жаңа татуировка
      Кевин өзіне татуировка жасатқысы келді. Ол өзіне бірінші рет татуировка жасатуды асыға күтті. Татуировкалар қымбат. Кевин өзі үшін кәсіби маманға баруға мүмкіндігі болмады. "Уайымдама", - деді оның досы. Мен тегін жасап беретін бір адамды білем. Кевин оның қауіпсіз екендігіне сенімсіз болды. Дегенмен ол келісті.
      Кевин татуировкашыдан өзінің қолына раушанды салуды сұрады. Татуировканы жасау өте ауыр болды. Ол көзін қатты жұмды. Ол татуировка түлгелімен салынбағанша көзін ашпады. "Бұл не?" -деп айқайлады Кевин. "Бұл раушан" - деді татуировкашы. Ол гүлге емес, тасқа ұқсайтын сияқты көрінді Кевинге. Ол ешқашан қайтадан тегін татуировка жасатпады.
Скрыть текст
      27. Епсіз миллионер
      Хелен Янгтың үнемі жолы болмаушы еді, ол неше түрлі жағымсыз жағдайларға ұрынатын. Оның жолында әрдайым келеңсіз жағдайлар кездеседі, алайда әлдебір оқиғаның себептерінде оның кінәсі жоқ болатын.
      Бір жыл бұрын кішігірім жер сілкінісі болған еді. Оның салдарынан телефон бағанасы, Хеленнің көлігінің үстіне құлады. Тағы бір жағдай, әлсін-әлсін найзағаймен жауын жауып тұрған кез еді, ал Хелен болса жаңбырлы ауа райын ұнататын. Ол осы сәтті тамашалауға шыққанында, оны найзағай соқты.
      Айналадағылардың барлығы Хеленнің жолы болмағыштығын мысқылдайтын болған. Бірақ, күндердің бір күнінде бәрі өзгерді. Хелен жолда келе жатып сәл сүрініп қалды, сол кезде оның көзіне жерде жатқан лотерея билеті түсті. Оны қолына алып қарағанда, бұл лотерея ұтыс нөмірлі болып шықты. Бүгінде Хелен жай емес, епсіз миллионер болды.
Скрыть текст
      28. Уақыт капсуласы
      Джордж Эрнандестың мектеп кезінен достасқан екі жақын досы болған. Қазір олар ер жеткен- Джордж жоғары оқу орнында білім алуға жол жүргелі отырды, Стивен басқа қалада отбасы құрмақшы болды, ал Чарльз болса өзге штатта жұмыс тапқан болатын. Олар бөлек жолдармен кетуге мәжбүр болды.
      Джордж достарымен мүлдем қатынассыз қалғысы келмеді, сондықтан ол "Уақыт капсуласын ойлап табайық!" - деп достарына ұсынды. Олар үйге барып, үшеуінің бірге бас қосқан сәттерін еске түсіретін заттарды іздей бастады. Бірден ойыншықтар, фотосуреттер мен дискілер тауып, оларды жәшікке салды. Содан соң сол жәшікті саябақтағы жерге көмді. Үш дос он жылдан кейін кездесуге уәделесті. Көмілген жәшікті қазып алып, өздерін балалық шағындағыдай сезінетін болады.
Скрыть текст
      29. Сәбиге арналған жамылғы
      Бетти Скоттың керемет жаңалығы бар, оның жалғыз ұлы жақында балалы болады. Сәбидің дүниеге келуін тағатсыздана күткен. Бетти "Әйтеуір әже атанатын болдым-ау!" - деп толқыды.
      "Мен немереме ерекше сыйлық әзірлеуім керек!"-деп шешті Бетти. Ол немересіне жамылғы тоқуды ұйғарды. Бетти егде жастағы әйел еді, сондықтан оның қолдарының күші бұрынғыдан әлдеқайда аз болатын. Қолдары дірілдеп, жиі ауыратын. Тоқу ол үшін бұрынғыдан бетер қиындай түсті, алайда Бетти "Немерем үшін ең болмаса осыны сыйлайын"-деп, жамылғы тоқуды жалғастыра түсті.
      Бетти жамылғыны бірнеше ай бойы тоқыды. Жамылғы дәл сәби дүниеге келер алдында дайын болды. Бұл сәбидің сыйлықтарының ішіндегі ең жақсысы еді.
Скрыть текст
      30. Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл
      Брайан Нельсон жұмысқа кешігіп бара жатты. Ол кептелісте жарты сағат тұрды. Ақыры көліктер қозғала бастады. Брайанға жұмысқа он минут ішінде жету керек болды. Егер ол кешігетін болса, оның бастығы тарапынан үлкен мәселе туындайды.
      "Жұмысқа уақытында жетуге ешқандай да мүмкіндік жоқ", - деді Брайан. Кенеттен оны көлік басып озды. 3 секундтан кейін тағы бір көлік оның жанынан өте шықты. Олар шамамен сағатына 80 миль жылдамдықпен жүрді. Жұмысқа уақытында жетуге жалғыз мүмкіндік - жылдамдықты арттыру екенін Брайан түсінді. Ол айналасына қарады. Полицейлер көру аясында болмады. Ол өз жылдамдығын 70-ке дейін арттыруды ұйғарды. Екі секунд өткеннен соң ол арт жағынан сирена дабылын естіді.
Скрыть текст
      31. Сіңлілер
      Линданың кішкентай сіңлісі бар. Оның аты Руфь. Руфь әдетте Линданы ызаландырады. Линда одан аулақ жүруге тырысады. Руфь, жоғалған күшіктей, оның артынан қалмайды. Қазір Линда оған үйренді.
      Руфь әрдайым Линдадан үлгі ап жүреді. Ол Линданың істегенінің бәрін істеуге тырысады. Бір күні Линда өзінің құрбыларымен қыдыруға жиналды. Линда макияж жасап жатқанында, Руфьтің оған мұқият қарап тұрғанын байқамады.
      Линда үйге оралғанда, Руфь оның бөлмесінде күтіп отырған. Оның беті жуса да кетпейтін маркерлермен баттастырылып боялған еді. «Сен не істедің?» - деп айғайлап жіберді Линда: «Мен бетімді сен сияқты боядым», - деп жауап берді Руфь.
Скрыть текст
      32. Әке қорғауында
      Элизабет Вильямс сұлу қыз болды. Ол әкесімен бірге тұрды. Оның әкесі қызына шектен тыс қамқорлық көрсететін. Ол қызына көптеген бозбалалардың қызыға қарайтынын білетін. Вильямс мырза олардың бәрінің бетін қайтару үшін қолынан келгеннің бәрін жасады.
      Ұлдар болса, Элизабеттің назарын өздеріне аударуға тырысып бақты. Кейбіреулері оның терезесіне тас лақтырды. Олар бізге Вильямс мырза дым істей алмайды деп ойлады. Ал Вильямс мырза екі күзет итін сатып алды. Және ол иттерді терезеге тас лақтырғысы келген жігіттерді қуып тастауға үйретті.
      Кейбір жігіттер Элизабетті үйіне дейін шығарып салуға әрекеттеніп көрді. Вильямс бұл тірлікті де болдырмады. Ол күн сайын мектептің дәл алдына келіп, қызын машинамен күтіп тұратын. Онымен қоймай, өзімен бірге екі итін де ала келетін. Элизабет ұзақ жылдар бойы жалғыздықта күн кешті.
Скрыть текст
      33. Ұшақтар көлікке қарағанда қауіпсіз
      Дональдтың Нью-Йоркке баруы керек болды. Ол Лос-Анджелесте тұратын. Ол жаққа көлікпен баруға үш күн кететін еді. Оның басқа жалғыз мүмкіндігі ұшақпен ұшу болатын. Бұл шамамен алты сағат уақыт алатын еді.
      Дональд ұшақпен ұшқаннан қорқатын. Ол ешқашан бірде біреуімен ұшып көрмеген. "Бұл ақымақтық,"-деді оның досы. "Көліктер ұшаққа қарағанда қауіптірек. " Дональд бұның өтірік екеніне сенімді болды. Ол ауадағы бұндай нәрсеге сенбейтін.
      Дональд досының сөздерін елемеді. Ол үш күн көлікпен жүруді шешті. Жарты жол жүріп біткен соң, Дональд ұйқысы келе бастағанын сезді. Ол жолда келе жатты. Ол үлкен тіркемеге соғылды.
Скрыть текст
      34. Мұхиттағы сыйлық
      Кимберли мен Джейсон серфингпен шұғылданады. Олар онымен әр демалыс айналысты. Олар мұхиттың ішінде жағадан алыс жерде еді. Кенет Джейсонның аяғына бірдеңе тиіп кетті. Джейсон қорыққаннан мұздап кетті.
      Кимберли: "Бірдеңе болды ма?" - деп сұрады. "Қозғалма" – деп жауап берді Джейсон. "Астымызда акула бар деп ойлаймын". Кимберлиді үрей биледі. Ол су астында жүзуге арналған масканы киді де, судың астында не бар екенін қарады.
      Ол су бетіне шыққанда жүзінде күлкі бар еді. Ол қатты күліп жіберді. "Бұл күлкілі емес!", – деді Джейсон. Бір сәтте серфингке арналған тақтаға итбалықтың төлі секіріп түсті. Джейсон шыңғырып суға секірді. Онда ол бір минуттай жасырынып қалды. Кимберли: "Міне, акула!" – деді. Джейсон ыңғайсызданып қалды.
Скрыть текст
      35. Үлкен жанжал
      Мистер және миссис Кингтің Мишель есімді бойжетіп қалған қызы бар еді. Олар онымен үнемі дауласып жүретін. Мишель жақсы қыз болатын. Алайда ата-анасы өте қатал кісілер еді.
      Бірде кешқұрым Мишель серуендеп келгісі келді. Ата-анасы оған қарсы болды. "Бөлмең таза емес!" - деп айқайлады миссис Кинг. Мишель үйден жасырынып шығып кетуді жөн көрді. Оның қайда жол тартқанын ата-анасы білмеді.
      Келесі күні таңертең Кинг Мишельдің бөлмесіне кірді. Ол қызына тым қатал болғандығы үшін одан кешірім сұрамақшы болған еді. Мишель ұшты-күйлі жоқ болып шықты. Қызының қайда баратынын сұрап алмағандықтан, оны қайдан іздеу керектігін олар білмеді. Содан бері олар Мишельді көрмеді.
Скрыть текст
      36. Балықты көл
      Райттардың отбасы балық аулағанды жақсы көреді. Олар əр демалыста жақын жердегі көлге барып балық аулайды. Бұрын олар көп балық аулайтын. Қазір олар көп дегенде екі балық аулайтындары үшін де риза. Көлде басқа да айырмашылықтар бар. Бұрында көл таза көкпеңбек болатын. Жақында ол жасыл болып көріне бастады. Ол тіпті жағымсыз иістенген. Бұл Райт мырзаны алаңдата бастады.
      Бір шақырымдай жерде зауыт бар. Бұл өзгеріске солар кінəлі деп ойлайды Райт ханым. "Бəлкім, бұлар өз қалдықтарын суға төгетін шығар", - деді ол. "Бəлкім, балықтарды өлтіретін осы шығар". Енді олар өздері аулаған балықты жемейтін де шығар.
Скрыть текст
      37. Әйелдер көлік жөндей алмайды
      Сараның көлігі оталмай жатыр. Ол қозғалып тұрған моторды байқады да, мәселенің неден болып тұрғанын түсінді. Оны жөндеу үшін жаңа бөлшек сатып алу қажет болған соң, жергілікіті көлік шеберханасына бет алды.
      Жаңа мотор сатып алған соң, қызметкер Сараға оны көлігіне қондырып беруге жәрдемін ұсынады, алайда Сара "Рахмет, бұл өзімнің де қолымнан келеді" деп, көмегінен бас тартты. Осыны айтқаннан кейін әлгі қызметкер күле бастады. "Мұның несі күлкілі?" - деп сұрады Сара. "Қыздар көлік жөндей алмайды ғой" - деп жауап қатты ер адам.
      Бұл Сараны әбден ашуландырды. Ол әлгі қызметкерді алған жаңа мотормен ұрып жіберуге де дайын еді, алайда мұның орнына Сара оның бастығына жолықты. Кейін сыртқа шығып бара жатқанда ол зат толы сөрені құлатып жіберді. "Ер адамдардың қолынан зат жинау келеді деп ойлаймын", - деді ол.
Скрыть текст
      38. Аласа бойлы адамдарға арналған спорт
      Дэвид аласа бойлы жігіт еді. Ол әрқашан сыныбындағы ең кішкентай бала болатын. Ол есейген кезде оның бойы бес футтан сәл асатын – 152 сантиметр. Өз бойының себебінен Дэвид өзін-өзі төмендете бағалайтын. Ол мұны өзгерткісі келді.
      Дэвид әрдайым спортты ұнататын. Өкінішке орай, бойына бола аласа бойлы адамдарға көптеген спорттық командалар қатарына кіру қиын болатын. Бір күні оның досы: «Сен жокей болуды ойламадың ба?» - деп сұрады. Дэвид тырысып көруге бел буды.
      Келесі күні Дэвид жергілікті ипподромға кетті. Дэвидтің өзін таныстыратын мүмкіндігі де болған жоқ. Оның жанына үш адам келіп, оның ат спорттық командасының құрамына кіру ықыласы бар ма деп сұрады. Оның бойы түпкі нәтижесінде үлкен артықшылық болды. Дэвид ең лайықты адам болып шықты.
Скрыть текст
      39. Елестер жоқ
      Томас серi жiгiттер сияқты көрiндi. "Менi ешкiм қорқыта алмайды" - дейтiн ол. "Тiптi елестер де ме?"- деп сұрады оның досы. "Әрине, жоқ" - дедi Томас. "Елестер мүлдем жоқ".
      Келесi күнi Томас пен достары зерiгiп кеттi. Олар төңіректi аралап қайтуға шықты. Олар ескi үйге тап болды. Олар Томасты үйге кiргiзуге айдап салды. Ол үйдiң iшiнде бес минут тұру керек болатын.
      Басында Томас сондай батыл болды. Ол қараңғыда ештеңе көре алмады. Кенеттен ол бiр дыбыстарды ести бастады. Ол зар еңiреген әйелдiң дауысы сияқты едi. Томас айқайлап үйден жүгiрiп шықты.
Скрыть текст
40. Лас–Вегас
Майкл Миннесотада тұрды. Ол батыс жағалауында саяхат жасады. Оның саяхатында қасында достары болды."Мен тек Лас - Вегасты көргім келеді!"- деді Майкл. "Сен сенімдісің бе?"- деп сұрады достары. Майкл айтқанынан кайтпады. Ол өмір бойы Лас-Вегасқа баруды армандап еді. Майкл Лас-Вегас туралы көп фильмдер көрген. Ол жақта бәрі әдемі және керемет болып көрінді. Ол соны көргенше шыдай алмады.
Олар сол қалаға жеткен кезде, Майкл түсініксіз жағдайғада болды. Көшелер өте лас және ескі болып көрінді. Фильмдерде барлық адамдар өте бақытты болып көрінді. Бірақ шын мәнінде халықтың жартысы мас болды. Ал екінші жартысы казинодан ұтылып қалғаны үшін ашулы болды. "Бұл мен елестеткендей емес", - деді Майкл.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.5 Вернуться к началу Пословицы  >>