Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 2, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Жел кезінде қонған ұшақ
      Соғыста қаза болғандарды еске алу күні болатын. «Оспрей» (балықшы құс) қалалық саябаққа ұшып бара жатты. Онда шамамен 200 адам жиналыпты. Олар "Оспрейді" жақыннан көру үшін күтіп тұрды. Олар қуанышты қобалжуды сезінді. «Оспрей» - бұл әскери ұшақ. Ол ұшақ сияқты ұшады, бірақ тікұшақ сияқты қонады және от алады. Оның екі үлкен пропеллері бар. «Оспрей» төмендей бастады. Ол ағаштардың басына жақындап келді. Пропеллер екпінінен соққан жел ағаштардың бұтақтарын майыстырды. «Оспрей» төмендей берді. Жел дауыл сияқты соқты. Ағаштар майысып жатты. Ағаштардың бұтақтары сынып жатты. Олар жерге түсіп жатыр. Жапырақтар жан-жаққа ұшты. Барлық жерде ағаш және пластик қоқыс ұшып жүр. Қоқыс бактары төңкеріліп жатты. Олар жерде қозғалып тұрды. Иттер үре бастады. Балалар жылай бастады. Олар жүгіріп жүр. Әке-шешелері балаларының соңынан жүгірді. Басқалары ұшқан қоқыстан қашып жатты. Барлығы «Оспрейден» қашты. «Оспрей» жерге қонды. Ұшқыш ұшақтан шықты. Ол айналасына қарады. Барлығы қайда кеткен, - деп таңқалды.
Скрыть текст
      62. Перформанс
      Марина перфонманспен айналысады. Ол жақында бес күндік акцияны аяқтады. Ол мұражайда үнсіз отырады. Ол онда күніне алты сағаттан отырады. Ол қозғалмайды және сөйлемейді. Еденде дөңгелек бейнеленген. Келушілер дөңгелектің айналасына жақындай алады. Олар оны бірнеше қашықтықтан көре алады. Олар оған сөйлей алады. Олар оған қолдарын бұлғай алады. Олар оған көз алмай қарай алады. Олар оған бет-аузын тыржита алады. Олар оған бәрін де жасай алады. Бірақ олар оған қолдарын тигізе алмайды. Жанында күзетші тұр. Перфоманстың бесінші күні еді. Соңғы бесінші сағаттың бес минут уақыты қалған кезде бір ер адам келді. Ол өзінің саусақтарын аузына тықты. Ол оған құсып жіберді . Марина тағы да бес минут отырды. Кейін ол орамалмен сүртінді. Ол ештеңе демеді. Оның бес күндік акциясы аяқталды. Ер адамды тұтқындады.
Скрыть текст
      63. Болашақтығы шар тәрізді тамақ
      Болашақ келіп жетті. Адамдар балықтар мен жануарлардың көп бөлігін жеп қойды. Мұхиттың құрамында тұз бар. Үй жануарларының көп бөлігі желінген. Құнарлығы кеткен топырақ жеміс-жидек пен дәнді-дақылдарды аз береді. Дүниежүзінде адамдар аштықтан көз жұмып жатыр. Зерттеушілер шар тәрізді тамақты ойлап тапты. Оның құрамында көміртегінің қос тотығы, сутегі және соя бар. Домалақ кішкентай шар лазер көмегімен іске қосылады. Әрбір іске қосылған домалақ кішкентай шар тек қана қоректі заттарды қамтып қоймайды, сонымен адамға тоқтық сезімін сезіндіреді. Олар күніне бір домалақ кішкентай шарды жұтады. Оның дәмі жоқ. Адамдар оны жек көреді. Жердің азық-түлік желісінің президенті хабарлады: "Ештеңеге қарағанда осы домалақ кішкентай шар жақсы. Ол өмірлерді құтқарады! Барлығы біз шамадан тыс жегенімізді біледі, бірақ соған қарамастан жеуін тоқтатпады. Егер біз жануарлардың қалпына келуіне 1 000 жыл уақыт берсек, олар бізге қайтып оралады. Сол кезде біз нағыз тамақ жей аламыз".
Скрыть текст
      64. Бұл ұл!
      Саша екінші балаға жүкті еді. Олар бұл жолы ұл болатынын білді. Олардың алғашқы баласы қыз. Полин төрт жасқа келді. Ол қуанышпен кішкене бауырының өмірге келуін асыға күтті. Ол бауырын тамақтандыруға көмектеседі. "Мен оны сөйлеуге үйретемін", - деді. "Мен оны алғашқы қадам жасауға, жүруге үйретемін. Мен оған алғашқы кітаптарымды оқуға үйретемін". Саша ауруханаға кетті. Ол өмірге денсаулығы жақсы кішкене ұл әкелді. Көп кешікпей Саша ауырып қалды. Бұл жұқпалы ауру еді. Оның ағзалары өздігімен аурумен күресіп жатты. Дәрігерлер тез көмек көрсетулері керек болды. Олар оның аяғын кесіп тастады. Сосын қолын кесіп тастады. Сөйтіп оның өмірін аман алып қалды. Ол дәрігерлерге риза болды. Оның күйеуі, кішкене қызы, жаңа туған нәрестесі бар. "Мен тірімін", - деді ол. "Мен тірі қалғаныма бақыттымын!"
Скрыть текст
      65. Жаңа кеңсе (1)
      Олар жаңа кеңсеге көшкелі жатқан. Неге? Олардың қазіргі кеңселері жақсы аудандағы жаңа үйде орналасқан. Ол темір жол мен автобус бағыттарының қасында. Ол мейрамханалар мен дүкендердің жанында. Бастық ақша үнемдегісі келді. Олар жаңа кеңсеге сейсенбіде көшпекші. Ол ескі қаладағы ескі үйде орналасқан. Автобус пен пойыздардың аялдамалары алыс. Дүкендер мен мейрамханалар да алыс болды. Олардың жаңа кеңселері үшінші қабатта орналасқан. Оның іші аралықтарға бөлінбеген және бөлімдері жоқ. Жұмыс үстелдері бір-біріне тым жақын орналасқан. Бір отырғыштың арқасы басқа отырғыштың арқалығына тиіп тұр. Гардеробтың орнына кішкентай шкаф болды. Дәретханалар дәліздің соңында. Шағын жедел сатының екеуі де жұма күні бұзылып қалды. Барлығы да баспалдақпен көтерілуге мәжбүр болды. Бәрі шағымданып жатты. Бастық ешқандай шағымды естімейтін болайын деді. "Бесінші қабатта болмағанымызға қуаныңдар", - деді.
Скрыть текст
      66. Жаңа кеңсе (2)
      Джон тым толық. Жаңа үстелдер мен орындықтар оған тар. Ол бастыққа шағымданды. Бастығы оған арықтау керек деді. Джон жұмыстан шығып кетті. Роберттің бұрын жеке кабинеті болатын. Қазір ол барлығымен бірге бөлмеде отырады. Ол компанияда 12 жыл қызмет істеп келеді. Ол бастығына шағымданды. Бастығы: "Егер ұнамаса кете бер" деді. Бәрі оның осылай айтқанын естіді. Роберт жұмыстан шығып кетті. Лизаның аллергиясы бар еді. Кеңсенің желдетіп ауаны айдау жүйесі онша емес . Оның әріптестерінің көбі әтір мен иіс су себетін. Ол бұған шыдай алмады. Лиза да жұмыстан шығып кетті. Сэм вегетериан. Әріптестері күн сайын тамақты қысқа толқынды пеште пісіретін. Олар жұмыс үстелдерінде тамақтанатын. Сэм күн сайын гамбургер мен пиццаның иісін сезіп жүрді. Сэм де жұмыстан шықты. "Барлығы жұмыстан кетіп жатыр" деді менеджердің орынбасары бастыққа. "Жақсы болды" деді бастық. "Мен енді аз айлық сұрайтын жұмысшыларды алсам болады".
Скрыть текст
      67. Семіру
      Ол бұрқылдап жүрді. Ол шалбарын киіп жатыр. Шалбарын бір жыл бұрын сатып алған болатын. Ол жоғарғы түймесін салуға тырысты. Оны түймеге арналған ілгекке тартып жеткізе алмады. "Мынаған қарашы", – деді ол күйеуіне. "Бұл мен жуғаннан кейін отырып қалған шалбар ма?" – деп сұрады күйеуі. Ол жоқ деді. Бұл басқа шалбар. Бұл жуғаннан кейін отырып қалған шалбар емес. Бір жыл бұрын дәл болатын. Күйеуі оның диетаға отырып көруін айтты. Ол 10 пайызға аз жеу керек деді. "Диета зиян келтірмеуге тиіс", – деді ол. Ол күрішке арналған кішірек тегешті пайдалан деді. "Күріштің бос калориясы көп". Ол жемісті азырақ же деді. "Жақсы көретін көкөністер мен еттің бәрін жей бер", – деді. "Артық салмақтан құтыласың". "Толып кетсем, мені бұрынғыша жақсы көресің бе?" – деп сұрады әйелі. "Әрине", – деді ол. "Жақсы көретін нәрсе де көбейеді".
Скрыть текст
      68. Бірден кіріп келді
      Билл пәтерінің есігіне келді. Біреу есігіне қағазды салып жіберіпті. Бұл үй басқарушысынан хабарландыру болатын. Олар оның пәтерін жәндіктерден тазартпақшы. Оның пәтерінде ешқандай жәндіктер жоқ . Олар пәтерді жұма күні таңертең тазалайтын болады. Жұма күні таңертең ол ваннада болатын. Ол есікті қаққанды естіді. Ол қырынып жатқан. Ол бетін жуды. Ол есіктің ашылып жатқанын естіді. "Жәндіктерден тазарту!" деді жұмысшы. Билл бұған сене алмады. Жұмысшы Биллдің есікке жақындағанын күте алмады. Ол есікті қақты да, кіріп кетті. Қандай адамдарда барлық құлыптардың кілті болуы керек деп ойлады Билл. Ол жұмысшыға айқайлады "Бүгін ешқандай да тазалау болмайды!" Жұмысшы жақсы деп шығып кетті. Адамдарда кішкене шыдам болуы керек қой деп ойлады Билл. Келесі жолы тазалау жүргізілетін болса ,ол есіктерді шынжыр баумен жауып қояды. Құлыптардың кілті шынжыр бауға қарағанда дәрменсіз.
Скрыть текст
      69. Ал жарайды, рахмет
      "Сіз рахмет айтуды ұмытып кеттіңіз", - деді үй басқарушысы. "Не үшін рахмет?" деп сұрады Сид. "Сіздің электронды хатыңыз есіңізде ме?" деп сұрады әйел. Ол шынында да қауіпсіздік жайлы электронды хат жіберген. Ол вестибюльге шыны есік орнатуды ұсынған. Кейде вестибюлден шығып келе жатқан адамдар есікті күшпен итереді. Шыны есік адамдардың шығып келе жатқандардың көруге мүмкіндік беріп оларды құлатпайды. Екі күннен соң шыныдан жасалған есік орнатылды. "Көрдіңіз бе, сіздің сұранысыңызды тез орындағанымызды?" деді әйел. Сид не үшін оған алғыс білдіру керек екеніне таңданды. Есіктің соққысынан құлап қалған адам ғимараттың иесін сотқа беруі мүмкін. Меншік иесіне сот талаптарын орындап бітімге келу керек болар. Сидтің ұсынысы сот талаптарына құтылуға мүмкіндік беретін. Ол олардың ақшасын үнемдеп қалды. Қауіпсіздік туралы хабарлап, ол өзінің ғимарат басқару жұмысын істеген. Олар оған риза болулары тиіс. Бірақ ол күлімсіреп: "Рахмет", - деді.
Скрыть текст
      70. Ол соған тұрарлықтай
      Телефон шырылдады. Бұл оның ұлы. Алты жыл бұрын олар туған жерден кетіп қалған болатын. Анасы бизнесін сатты. Ол ұлының Америкада білім алғанын қалады. Анасы ағылшынша сөйлей білмейтін. Ал ұлы аздап ағылшынша сөйлейтін. Анасының достары мен туыстары есінен адасқан ба? - деді. Ол ұлымен Америкаға көшті. Ұлын мектепке орналастырды. Онда оқу қиынға түсті. Ұлы ағылшын тілін түзетіп үйрететін курста оқыды. Анасы оны мектепке дейін шығарып салып отырды. Ол баласына үйде сабақ оқытатын мұғалім жалдады. Ұлы мектепті жек көрді. Анасы айтқанында тұрды. Баласын жақсы оқуға мәжбүрледі. Ұлының ағылшынша сөйлеуі жақсарды. Оның бағалары да жақсара бастады. Ол жақсы оқитындардың қатарына қосылды. Ол орта мектепті аяқтады. Ол екі жылдық колледждің дайындық тобына түсті. Колледжді аяқтады. Сонан соң төрт жылдық университетке ауыстыру туралы өтініш берді. "Анашым, мені Калифорния университетіне қабылдады!" - деді. "О, құттықтаймын!" - деп қайталай берді анасы. Ол ұлын мақтан етті. Қуаныштан отырып жылады.
Скрыть текст
      71. Топтың нашар басшысы
      Бренда - толық әрі көрікті емес қыз. Вильям - топтың басшысы. Вильям Бренданы елемейді. Бренда сұрақ қойса, Вильям кейінірек сұра дейді. Ол Брендаға анықтамалықтан қара дейді. "Қандай анықтамалықтан?" - деп сұрайды Бренда. Вильям оны түсінбегендей кейіп танытады. Вильям қолым бос емес дейді. Вильям Брендаға басқа біреуден сұра дейді. Вильям ұнатпай көзін алайтады Вильям Брендаға, есінейді. Бренда Вильямды жек көреді. Бренда басшысынан басқа топқа ауысуыма бола ма деп сұрады. Басшысы мүмкін келесі жылы ауысуыңа болады деді. Басшысы жаңа жұмысшы алды. Оның аты Фей. Фей Вильямның тобына кірді. Фей - жас әрі әдемі. Фей сұрақ қойған кезде, Вильям оның барлық сұрақтарына мұқият жауап береді. Сосын Вильям : "Сіздің тағы сұрақтарыңыз бар ма?", деп сұрайды. Вильям сағат сайын Фейдің үстеліне келіп, көмек керек пе деп сұрайды. Вильям күн сайын Феймен бірге түскі ас ішуге барады. Бренда әрқашан өзінің жұмыс орнында түскі асын ішеді.
Скрыть текст
      72. Тойға шақыру
      Томның немере ағасы маусымның бас кезінде үйленді. Том өзінің немере ағасын онша жақсы біле қоймайтын. Олар анда - санда әңгімелесіп тұратын. Көбіне анасы Эдамен сөйлесетін. Том осы тойға шақырылмайтынына сенді. Ол тойға барғанды ұната қоймайтын. Бұлар өзінің тойын еске түсіретін. Оның тойы жақсы өтті, бірақ некесі апатты болып шықты. Содан бері тойлар оған апатты есік сияқты болып тұрады. Оған себепсіз ақша жұмсау ұнамайтын. Тойларға шақыру ол үшін иә немесе жоқ деп жауап беруге тура келеді. Ол жоқ деп жауап берсе де, оған сыйлық беріп жіберуге тура келеді. Яғни 100 долларды желге ұшырып жіберу деген сөз. Ол алыс жолға шығуды жек көретін. Егер ол иә деп жауап берсе, екі сағаттық жол жүретін автобуспен баруға тура келеді. Егер жоқ деп жауап берсе, онда адамдар оған өкпелеуі мүмкін. Отбасылары, отбасы мүшелерінің тойларында болғанын қалайды. 30 мамыр күні Томға тойға шақыру қағазы келмеді. Ол жеңілденіп қалды, бірақ өзін қорланғандай болып сезінді.
Скрыть текст
      73. Ұшаққа билет
      Фил Майамиге барып қайтуға билет сатып алды. Бірақ ол Бостонға қайтып келмейтін болды. Ол Майамиде қалуды қарастырған. Ол барып қайтуға билетті әдейі алған, өйткені бір жаққа баратын билетке қарағанда 400 доллар арзан тұратын. Ол өзіне риза болды. Ол Авиакомпанияны алдап кетті. Бірақ досы Энди авиакомпания оның кредит картасынан 400 долларды ұстап қалады . "Олар Нэнсидің Бостонға қайтпаған кезде кредит картасынан 200 долларды қайтарып алған". деді Энди. Нэнси барып қайтуға 200 долларға билет алып, үнемдедім деп ойлаған. Бірақ авиакомпания оны тек бару жолақысын өтеуге мәжбүр етті, өйткені ол барып кейін қайтпай қалды. "Егер авиакомпания оның картасынан ақша ұстап қалса, мен заңгерімді жұмыстан шығарып жіберемін", - деді Фил. Энди Ненсидің авиакомпанияға заңгер жалдайтынын айтты. Авиакомпания: "Не істесең оны істе!" - деді. "Заңгерді жалдадың ба?" деп сұрады Фил. "Әрине жоқ" деді Энди. "Заңгерлер сағатына 200 доллар алады".
Скрыть текст
      74. "ВК" сізді суретке түсіреді
      Бразилиядағы "Бургер кинг" бургер сатады. Ол тағы суретке түсіреді. Ол тұтынушыларды суретке түсіріп оларды қаптамаға шығарады. Суретке түсу үшін қосымша ақша алынбайды. Ол тегін. "Біз мұны көбірек клиент жинау үшін істеп жатырмыз", - деді "ВК" басқарушыларының бірі. Ол суретке түсіру клиенттерді жинайды деді. Адамдарға өздерінің суреттерін көрген ұнайды деді. Фотосуретте ерекшелік бар. "Бұл сізді атыңызды атап шақырғанмен тең", - деді. Кейбір клиенттер шағымданып жатты. Жеке ақпараттарды ұрлаушылар фотосуреттерді алаяқтық жасауға қолданады деді. "Біз жеке ақпараттың ұрлануына жол бермейміз" деді "ВК" басқарушысы. Макдолальдқа бұл идея ұнап қалды. Олар да клиенттерін суретке түсіруді жоспарлап жатыр. Бірақ фотосуреттерді қаптамаға, ыдыс аяққа, майлықтарға және чектерге шығаратын болады. "«ВК» ауқымды ойламайды", - деді МакДональд басқарушыларының бірі.
Скрыть текст
      75. "МакБургерс" стақандарын қайтарып алып жатыр
      Он екі миллион стақан бұл аз емес. "МакБургерс 12 миллион стақанды қайтарып алып жатыр. Стақандар Шрек туралы жаңа фильмді жарнамалаған. Стақанда фильмдегі әр түрлі кейіпкерлер бейнеленген. Суреттер әдемі шыққан. Бірақ суреттер бояуының құрамында химиялық заттар бар екен. Ол денсаулыққа зиян. Ол адамдарды ауру қылуы мүмкін. Стақандарды толық қайтарып алу үшін Макбургерс "Стақанды қайтарғаныңыз үшін ақшасын екі еселеп аласыз" деген бағдарламаны бастады. Әр клиент стақанның бастапқы құнынан екі есе артық алды. "Бұл керемет қой", - деді Дайана. Ол бес стақан сатып алған. Бірақ ол күте тұруды жөн көрді. Соңында қайтарылмаған стақан саны бесеу болды. Олар үлкен құндылыққа ие болады. Ол стақанды бастапқы бағадан жүз есе артық баға талап ететін болады. "Егер «МакБургерс» ақысын төлемесе мен телевидениеге жаңалықтар редакциясына қоңырау шаламын", - дейді Дайана.
Скрыть текст
      76. 20 жыл ішіндегі 10 миллион доллар
      Бір адам түрмеде жазықсыз 20 жыл өткізеді. Ол 58 жасында түрмеден шықты. Екі жылдан кейін Нью-Йорк оған өтемақы ретінде 10 миллион доллар төледі. Алан әйел өлімі үшін сотталған. Ол әйелді өлтірген жоқ. Ол мүлдем ешкімді өлтірген жоқ. Ол жазықсыз болатын. Әйелді полицей өлтірді.Полицей әйел Алан өлтірді деп сендірді. Алқа төрешісі полицейге сенді. Әркім полицейге сенеді. Кейін полицей түрмеге отырды. Алан түрмеден босау өміріндегі ең бақытты күн екенін айтты. Ол түрмеде өлемін деп ойлады. "Кінәсіз тұтқында отыру - бұл сұмдық", - деді. "Саған ешкім сенбесе - сұмдық". Алан өтемақыға риза болды. Бірақ түрмеден босатылудан өткен бақыт жоқ шығар. Тіпті 10 миллион доллар да. "Ақша - жаман емес", - деді, - "бірақ бостандықпен ештеңе теңеспейді".
Скрыть текст
      77. Оны ұялы телефон құтқарады
      Герман 23 жаста болды. Ол сауық кешінде болды. Ішімдік ішіп, уақытын көңілді өткізді. Досы оған осында түнеуін өтінді. "Бүгін саған көлік айдауға болмайды", - деді досы. Герман осында қонып қалуға келісті. Бірақ ол көлігіне отырып жүріп кетті. Ол жолды жақсы білетін. Бірақ бұрылыстар туралы ескермепті. Оның көлігі 120 метр жылдамдықпен ауада ұшып келе жатты. Көлігі қалың орманның ішіне келіп тоқтады. Ол көзге көрінбейтін жер еді. Келесі күні Германның досы полицияға қоңырау шалды. Полиция Германды төрт күн іздеп таппады. "Біз оның қай жерде екенін білуіміз керек. Ұялы телефоны отырып қалмағанда, телефон сигналы арқылы қайда екенін білуімізге болады", - деді полиция. Олар Германды іздеп тапты. Ол тірі екен. Бірнеше күн өсімдіктермен қоректеніп, суды бұлақтан ішіпті. Бұлаққа еңбектеп жетіпті. Дәрігер Германның жақсы болып кететінін айтты. Ол ауыр жарақат алған. Оның аяқтары сал болып қалған еді.
Скрыть текст
      78. Жігіттер мен қыздар
      Гас пен Боб сөйлесіп тұрған. Олар қыздар туралы сөйлесіп тұрған. Олар қыздармен танысудың қандай қиын екені туралы айтып тұрған. Қыздарға не керек? Олар ойланып жатыр. Сол жерден Джерри өтіп бара жатқан. Ол әңгімеге араласты. Ол қыздарға не керектігін айтты. Оларға өзіне сенімді жігіт керек. Оларға қалтасы қалың жігіт керек. Оларға әдемі көлігі бар жігіт керек. Оларға көңілді жігіт керек. "Бұл өлеңіндегідей" деді. "Қыздардың тек көңіл көтергілері келеді. Ал сендер екеуің де ішті пыстырып жібересіңдер" Джерри кетіп қалды. "Мүмкін Джерридің айтқаны дұрыс шығар" деді Гас. Боб Джерридікі дұрыс емес деді. Иә, қыздарға өзіне сенімді, ақшасы мен машинасы бар жігіт керек. Иә, оларға көңілді жігіт керек. Бірақ, қыздарға осының бәрімен бірге жақсы жігіт керек, - деді Боб. Ал олар екеуі де жақсы жігіттер. "Сонымен, не істейтін болдық?" деп сұрады Гас. "Біз жақсы жігіттердің бәрінен де жақсы істей алатынын жігіттер боламыз" деді Боб. "Күтетін боламыз. Үміттенетін боламыз".
Скрыть текст
      79. Темекі шегу тісжегісін тудырады
      Нью-Йорктің мэрі темекіге қарсы. Темекі өнімдерін сататын дүкендер темекіге қарсы үлкен плакаттар іліп қоюға тиіс. Плакаттардың бірінде шіріген тіс суреттелген. Плакаттағы жазу былай дейді: "Темекі тіс жегісін тудырады. Темекіні бүгін тастаңыз. 311 немесе 1-886-НЮКУИТСке қоңырау шалыңыз". Дүкендердің иелері ренішті. Мұндай хабарландыру олардың сөз бостандығын бұзады. Сөз бостандығы оларға тек өздері қалаған хабарландыруларын қоюға рұқсат береді. Олар темекіге қарсы жарнаманы қойғылары келмейді. Хабарландырулар олардың саудасына кесірін тигізеді. Хабарландырулар олардың кәсібіне кері әсерін әкеледі. Қалалық билік тұтынушылар факттерді білулері керек дейді. Олар темекінің қауіпті екенін білулері керек. Дүкендердің иелері қалалық билікпен соттасып жатыр. Бірақ бір дүкен иесі: "Бұл жарнама маған кедергі келтірмейді. Темекінің қауіпті екенін онсыз да бәрі біледі. Біздің елімізде осыны білмейтін бір адам бар ма? Темекі шегетіндер жарнамаға мән бермейді. Темекі шегетіндер өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Оларды алаңдататын тек келесі шылымның қалғаны", - деді.
Скрыть текст
      80. Егіздер дауласып жатыр
      Деррик егіз ағасымен дауласып жатты. Олардың жасы 52 де болатын. Олардың аналары екі ай бұрын қайтыс болды. Олар анасының дәулеті туралы дауласып жатты. Ол өсиет қалдырмаған еді. Кім нені алады? "Мұнда неге дауласасыздар?" деп сұрады отбасылық заңгер. "Сіздер барлығын тең бөлісесіздер. Сіздер егізсіздер. Әрқайсыңыз жарты бөлігін аласыздар". Деррик келіспеді. Ол үлкені еді. Ол бірінші туған еді. Ол інісінен бір минутқа үлкен . Ол мүліктің 50 пайызын емес 60 пайызын алуы тиіс. Інісі мен заңгер екеуі күліп алды. Деррик олардың екеуінде атты. Олардың бетіне атты. Ол машинасына отырды. Ол қаланың маңында келе жатты. Ол жолда келе жатқан 12 адамды көрді. Олардың бәрін атып тастады. Деррик олардың көбісінің бетіне атты. Ол 12 адамды өлтіріп, тағы 12 адамды жарақаттады Сосын оқты өзінің бетіне атты. "Ол өзін-өзі ұстай алмай қалды " деп полиция қызметкері мәлімдеді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Еркежан Каймоллаева, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Жанара Қабина, Гаухар Назымбекова, Аслан Бисенов, Сауле Ибраева, Señor Chingón, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкое чтение. Том 2, стр.2 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >>