Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 2, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Шаршылар мен дөңгелектер
      Өмірде әр түрлі пішіндер бар. Қораптар мен жол белгілері - шаршы немесе тік төртбұрышты пішінді. Күн мен ай - дөңгелек пішінді. Неке сақиналары - дөңгелек. Жұмыртқа мен электр шамдары - дөңгелек пішінді. Пирамидалар мен садақ ұштары - үшбұрышты. Үстел мен кітаптар - шаршы мен тік төртбұрыш пішінді. Есіктер мен тоңазытқыштар - тік төртбұрыш пішінді. "STOP" белгісі - сегіз қырлы. Үш бұрыштың үш қабырғасы бар. Қарындаштар мен қаламдар - ұзын және дөңгелек пішінді. Аяқтарыңыздағы саусақтар - қысқа және дөңгелек пішінді. Көптеген заттардың кескіні әр түрлі болып келеді. Адамдар мен жануарлардың кескіні әр түрлі. Бет әлпеттер де әр түрлі. Бұлттар да әр түрлі кескінді. Үйлер мен ғимараттар да әр түрлі кескінді. Ұшақтардың да кескін келбеттері де әр түрлі. Басқа заттардың кескін келбеттері әр түрлі. Картада әр мемлекеттердің кескін келбеттері әр түрлі. Көліктер мен құралдардың пішіндерінің өзіндік кескін келбеті бар. Пішіндер өз алдына әдемі де болып келеді. Ер балалар футбол добы мен төрт доңғалақты ұзын ағаш тақтайша пішіндері әдемі деп ойлайды. Ерлер ең әдемі кескін келбеттілер әйелдер деп ойлайды.
Скрыть текст
      2. Үйлену тойы
      "Ертең менің өмірімдегі ең жақсы күн болады", - деді Бетти. "Ия", - деді оның анасы. "Мен сен үшін сондай қуаныштымын. Пол - сондай жақсы адам. Ол керемет күйеу және әке болады. Ол өте жақсы адам. Біз әкең екеуміз оны жақсы көреміз". Бетти Полмен аяғын сындырып алғаннан кейін танысты. Ол шаңғы теуіп жүріп аяғын сындырып алған болатын. Пол оның аяғын емдеген дәрігер еді. Ол ауруханаға Беттидің хал-жағдайын білуге күнде келетін. Кейін ол Беттидің хал-жағдайын білуге үйіне келетін болды. Ол Беттиге "Тезірек жазыл" деген сөздері бар ашық хаттар мен сыйлықтар алып келетін. Олар бір-біріне ғашық болып қалды. "Мен аяғымның сынғаны ешқашан пайдалы болады деп ойламаппын", - деді Бетти анасына. "Бірақ бұл сенімен болған ең жақсы нәрсе. Өмір кейде қызық болады", - деді оның анасы. Беттидің аяғы жазылғаннан кейін олар Полмен кездесе бастады. Олар кино мен мейрамханаға баратын. Ол бірге сондай бақытты еді. Бір күні Пол Беттиден оған тұрмысқа шығуын сұрады. "Бізде көп бала бола ма?" - деп сұрады Бетти. "Әрине", - деді Пол. "Бірақ коньки тебуді үйретуге маған рұқсат бер". Олар екеуі де күліп жіберді.
Скрыть текст
      3. Сіз не киесіз?
      Әртүрлі жұмысшылар әртүрлі киімдер киінеді. Құтқарушы суда киетін костюм киеді. Көп жұмысшылар формалы киім киеді. "Burger Hut" тез дайындайтын тағам мейрамханасының жұмысшылары қара түсті жейде киеді. Менеджерлер де қара түсті жейде киеді. Менеджерлер тағы галстук тағады. Механиктер мен малярлар комбинезон киеді. Комбинезондар олардың киімдерін қорғайды. Комбинезондар олардың киімдерін май мен бояудан қорғайды. Ұшқыштар көк немесе қара түсті униформа киеді. Кейде олар ақ жейде де киеді. Медбикелер ақ униформа киеді. Дәрігерлер ақ күртеше киеді. Автобус жүргізушілері мен сарбаздар униформа киеді. Полицейлер мен өрт сөндірушілер көк униформа киеді. Сотталушылар қызғылт сары түсті униформа киеді. Қызғылт сары ашық түс. Қызғылт сары түсті тез көзге түседі. Сотталушылар қызғылт сары түсті униформадан тығыла алмайды. Шеф-поварлар ақ пиджак және биік ақ қалпақ киеді. Ковбойлар джинсы мен етік киеді. Күлдіргіштер үлкен пластмасса мұрын мен үлкен башмақ киеді. Сәнгерлер әдемі киім киеді. Көп жұмысшылар формалы киім кимейді. Мұғалімдер мен жүк таситын көлік жүргізушілер күнделікті қарапайым киім киеді. Көп жұмысшылар қарапайым киім киеді.
Скрыть текст
      4. Адамдар – кедей
      Адамдар бүкіл Америкада ұзын кезектерде тұр. Бұл ұзын кезектер жұмыссыздардың кезектері. Жұмыссыздар кезектерінде жұмысы жоқ адамдар тұрады. Миллиондаған американдықтардың жұмысы жоқ. Бұрын олардың жұмысы бар болатын, бірақ оларды жұмыстан шығарып жіберді. Оларды рецессияның - ұзақ уақыт бойы өндіріс қарқынының төмендеуі себебінен жұмыстан шығарды. Америкадағы рецессия. Қытайдағы, Еуропадағы және бүкіл әлемдегі рецессия. Рецессия дегеніміз не? Рецессиялар - бұл адамдардың аз ақша табатын уақыты. Олар жаңа зат сатып алмайды. Егер олар жаңа зат сатып алмаса, фабрикалар мен зауыттар жаңа заттарды шығаруды тоқтады. Өндірістер жұмысшыларды жұмыстан шығарады. Рецессия кезінде адамдар тағам өнімдері сияқты тек қажет заттарды ғана сатып алады. Олар жаңа теледидарлар, жаңа машиналар немесе жаңа үйлер сатып алмайды. Олар жаңа аяқ киім сатып алмайды. Олар ескі аяқ киімдерін аяқ киім жөндейтін шеберханаларда жөндетеді. Олар қымбат мейрамханаларға бармайды. Олар жедел тамақтандыру мейрамханаларына барады. Олар киноға бармайды. Олар теледидар көреді. Олар Диснейлендке бармайды. Олар қалалық саябақтарға барады. Барлығы рецессия жақында аяқталады деп үміттенеді.
Скрыть текст
      5. Орынсыз іс жасамаңдар
      Адамдар неге орынсыз іске барады. Кейбір адамдар үлкен ұзын жолдан өтіп кетпекші болады. Оларды көлік қағып өлтіреді. Кейбіреулер тік жардың жиегінде тұрады. Олар сырғанап кетіп төменге құлап өледі. Кейбір адамдар қару оқталмаған екен деп ойлайды. Ол қаруды досына кезенеді. Олар шүріппеге басып, досын атып өлтіреді. Кейбіреулері дауылды жақыннан бақылағысы келеді. Олар мұхитқа жақындайды. Желді сезінеді. Үлкен толқындарды көреді. Олар көңілді шабытты сезінеді. Дәл осы сәтте қатты толқын оларды мұхитқа қарай алып кетеді. Содан суға батып өледі. Көп адамдар мектепті бітірмей оқуды тастап кетеді. Олардың мектепте іш пысады . Олар көңіл көтергілері келеді. Мектепте көңілсіз. Үй тапсырмаларын орындауды ұнатпайды. Олар МакДональдсқа жұмысқа тұрады. Тұтынушыларынан: "Сізге фри - картобын немен берейін,?" - деп, күні бойы сұраумен болады. Бұл жақсылық па? Жоқ, бұл орынсыздық. Адамдар өз әйелдерін немесе ерлерін алдайды. Олар ұсталып, некелері бұзылады. Сонан соң жалғыз қалады. Адамдар шылым шегеді. Олар қатерлі аурудан қайтыс болады. Көбі мас күйінде рольге отырады. Мас күйінде көлік жүргізу өте қауіпті, орынсыз. Бірақ адамдар орынсыз істерді күнде жасайды.
Скрыть текст
      6. Менің отбасымның үйі
      Біздің керемет үйіміз бар. Оның үш жатын бөлмесі бар. Оның үш жуынатын бөлмесі бар. Бұл бір қабатты үй. Мұнда сатылар жоқ. Мұнда екінші қабат жоқ. Мұнда подвал жоқ. Мұнда шатырдағы бөлме жоқ. Үйде құбыр мен ошақ бар. Ас үй бар. Үлкен ас ішетін бөлме бар. Қонақ бөлме бар. Қонақ бөлмеде үлкен диван мен үлкен теледидар бар. Біздің қонақ бөлме-бұл отбасылық бөлмеміз. Біз бірге теледидар қараймыз. Біз бірге ойнаймыз. Біз "Скрэббл" мен "Монополия" сияқты ойындарды ойнаймыз. Біз бұл ойындарды ұнатамыз. Бұл ойынды ойнаған көңілді. Біздің кішкентай алдыңғы ауламыз бар. Біздің бассейніміз жоқ. Біздің бақшамыз жоқ. Біздің екі көлік сиятын гаражымыз бар. Менің анамда көк түсті "Кодиллак" бар. Менің әкемде қызыл "Хонда" бар. Менде шайтанарба мен скейтборд бар. Әпкемде де бар. Ол қыздарға арналған скейтборша. Біз тыныш көшеде тұрамыз. Біз ешқашан полицейлер мен өрт сөндіру көліктерінің дыбыстарын естімеппіз. Мен керемет мектепте оқимын. Кейін мен үйленемін. Менің тыныш көшеде орналасқан керемет үйім болады. Менің артқы аулада орналасқан бассейнім болады.
Скрыть текст
      7. Екінші жұмыс
      "Біздің қаражатымыз таусылып барады" - деді әкесі. "Мен тағы бір жұмыс тауып алуым керек". Анам мен әкем ұстаз болатын. Олардың төрт баласы бар. Кішкене бүлдіршіндері сирек кездесетін аурумен ауырады . Ол әрдайым ауырады . Оны жиі дәрігерге көрсетуге апарады. Дәрігердің қабылдауы қымбатқа түсетін. Бірақ дәрігер бүлдіршінге шын көңілмен қарайтын. Ол бүлдіршіннің біраз жылдан соң сауығып кететінін айтқан. Бірақ бүлдіршіннің әкесі дәрігерге көп қарызданып қалды. Әкесі газеттегі хабарландырулар арқылы жаңа жұмыс іздеді. Ол достары арқылы да сұрастырды. Соңында ол жұмыс тапты. Сонымен ол такси жүргізушісі болып орналасты. Мектептегі сабағы аяқталған соң, ол кешкі асын ішіп, таксомотор паркіне бет алатын. Таксиімен әуежайға барады. Әуежайдан адамдарды алып қайтады. Әуежайға адамдарды апарады. Кей адамдар оған көбірек ақша береді. Кейбіреуі аз ақша береді. Кейбіреуі мүлдем ақша бермейді. Ол таксиді сегіз сағат жүргізеді. Сонан соң үйге қайтады. Шаршап, тез ұйқыға кетеді. Әр түн сайын ол түс көреді. Ол бір көрген түсін күнде көретін. Әр түн сайын оның түсіне ақшалар кіретін. Әр түн сайын оның түсінде ақшалар жанып жататын.
Скрыть текст
      8. Ұшақпен жасалған қысқа сапар
      Ұшқыш пен жолаушы ұшаққа көтерілді. Бұл шағын ұшақ болатын. Оның бір ғана қозғалтқышы болатын. Өзі ескі болатын. Ұшқыш қозғалтқышты оталдырды. "Жағдайыңыз дұрыс па?" - деп сұрады жолаушыдан. Ол ұшқышқа бәрі дұрыс деп жауап қайтарды. Олар аралға ұшып бармақшы. Аралға ұшып бару үшін 30 минут кететін. Бұл қысқа сапар болу керек. Ол мейірбике, ал оның күйеуі дәрігер болатын. Дәрігер аралда болатын. Оған дәрі қажет. Дәрі оның сөмкесінде болатын. Осы дәрінің арқасында кішкентай баланың өмірін құтқаруға болады. Кішкентай бала қатты науқас. Ұшақ әуеге көтерілді. Қозғалтқыштың даусы бір түрлі шықты. Ұшқыш қабағын түйді. "Бәрі дұрыс па?" - деп сұрады жолаушы. "Өкінішке орай, жоқ", - деді ұшқыш. "Қозғалтқышқа бірдеңе болды. Ұшақты отырғызуымыз керек". Ол ұшақты отырғызды. Мейірбике ұшақтан шықты. Ол әуежайды көзімен шолып өтті. Ол басқа ұшақты көрді. Бұл ұшақтың екі қозғалтқышы болатын. Ол ұшақтың жанына келді. "Бұл жаңа ұшақ па?" - деп сұрады ұшқыштан. Ұшқыш ұшақтың жаңа екенін айтты. "Жақсы", - деді ол. "Өтінемін, мені аралға апарып тастаңызшы".
Скрыть текст
      9. Лос-Анджелестегі баскетбол
      Көп адамдар баскетбол көргенді жақсы көреді. Лос-Анджелес Лейкерс - керемет баскетбол командасы. Лос-Анджелес Клиперс – нашар баскетбол командасы. Екі команда да Лос-Анджелесті өздерінің туған қаласы деп санайды. Олар Стейплс-центрде ойнайды. Стейплс-центр - жаңа спорттық ғимарат. Бұл жайнаған жаңа арена. Ол Лос-Анджелестің ортасында орналасқан. Ол екі жылдам автомагистральдің жанында орналасқан. Ол 110 және 10 автомагистральдерінің жанында. 110 авмагистраль солға және оңға жүреді. 10 автомагистраль шығысқа және батысқа жүреді. Баскетболдың көптеген жанкүйерлері Стейплас-центрге жету үшін автомагистральдерді қолданады. Олар артық күш түсірілген автомагистральдермен жүреді. Артық күш түсірілген автомагистральдерде көліктер тым көп. Жанкүйерлер өздерінің көліктерін үлкен автотұраққа қояды. Тұрақтың бағасы арзан емес. Ол 22 доллар тұрады. Автотұрақтан аренаға дейін жанкүйерлер жаяу жүреді. Олар билет сатып алады. Арзан билеттер 10 доллар тұрады. Қымбат билеттер 2600 доллар тұрады. Бай адамдар қымбат билеттерді сатып алады. Кедей адамдар арзан билеттерді сатып алады. Бай адамдар баскетбол алаңына өте жақын отырады. Олар ойыншылармен сөйлеседі. Кедей адамдар баскетбол алаңынан алыс отырады. Олар бір-бірімен сөйлеседі.
Скрыть текст
      10. Темекі
      Ол стақанға газдалған суды құйды. Көпіршіктер стаканның бетіне көтеріліп жатты. Ол көпіршіктерге қарап отыр. Ол олардың дыбыс естіп отыр. Ол стаканға екі мұз текшесін тастап жіберді. Ол стаканның бетінде қалқып тұр. Ол мұз текшелері кішірейгенше күте тұрды. Ол газдалған судан бір ұрттады. Оның дәмі жағымды әрі салқын еді. Ол стаканды үстелге қойды. Ол үстелге күлсауытты қойды. Ол "Мальборо" қорабынан бір тал темекіні суырып алды. Ол темекіні бір-екі рет шертті. Ол темекіні ауызына салды. Ол шырпы қорабынан бір шырпыны алды. Ол қорапшаны жапты. Ол шырпыны жақты. Ол шырпыны темекінің басына тақады. Ол тартып жіберді. Түтін оның аузына кірді. Ол тағы да тартты. Түтін оның өкпесіне енді. Ол темекіні ауызынан алып тастады. Ол демін шығарды. Асхананы түтіннің үлкен будағы толтырып жіберді. Ол түтіннің қалай сейіліп жатқанын қарап отырды. Ол темекіні қайтадан аузына салып тартып жіберді. Сондай рахат күй еді. Ол тәнінің босаңсуын сезді. Оның әйелі ваннадан шықты. "Терезені аш!" деп айқайлады ол күйеуіне. "Сен бүкіл үйді мүңкітіп жібересің!"
Скрыть текст
      11. Балық аулауға барғанда
      "Балық аулауға барайық", – деді әкесі. "Жақсы идея", – деді анасы. Олар балаларды машинаға отырғызды. Олар қармақтарды машинаға салды. Олар құрт салынған банканы машинаға салды. Олар көлге жол тартты. Көлдің аумағы үлкен екен. Көл Сары көл деп аталады. Оның айналасындағы жердің құмы сары еді. Құм алтын сияқты жарқырайды. Бірақ бұл алтын емес. Бұл тек құм ғана еді. Олар машинаны қойды. Олар машинадан шықты. Олар құмға жайғасты. Олар құрттарды қармаққа ілді. Олар қармақтарын суға лақтырды. Олар балықтың жемді қашан қаба бастайтынын күтті. Олар 30 минут күтті. Сосын балалардың бірі бір үлкен балықты ұстап алды. Бұл бақтақ болатын. Бұл құбылмалы бақтақ еді. Ол кемпірқосақ сияқты түрлі-түсті болатын. Бірақ оның қарны ақ екен. Олар қармақтан бақтақты шығарып алды. Олар бақтақты су құйылған шелекке салды. Бақтақ ұсақ шеңбер жасап жүзіп жүрді. Ол түк түсінбей қалды. Үлкен көл қайда кетті? Олар одан басқа тағы үш бақтақты ұстады. Сосын үйлеріне қайтты. Олар кешкі асқа дәмі тіл үйіретін қуырылған балық дайындады "Балық аулауға күнде бара аламыз ба?" – деп сұрады балалар әке-шешесінен.
Скрыть текст
      12. Казинода
      Ол казиноға барған. Казино - бұл құмар ойын үйі. Адамдар казиноларда ақша үшін ойнайды. Олар өздерінің ақшаларымен тәуекел етеді. Олар ұтысқа жетуге үміттенеді. Кейде олар шынында да ұтып жатады. Бірақ көбіне олар ақшаларынан ұтылып қалады. Оның туған күні еді. Ол өзімен бірге казиноға 100 доллар алып келді. Ол ақша айырбастау кабинасына келді. Ол ақшасын айырбастап алды. Ол 100 долларға 25 центтен 400 монета алды. Монеталар үсті-үстіне жинастырылып қағазға буылған еді. Әр бумада қырық монета болды. Ол монеталарды пластикті шелекке қойып ойын автоматына жақындады. Ол ойын автоматтарын жақсы көретін. Ол монеталардың бір бумасын ашты. Ол бір монетаны автоматқа салып жіберді. Ол тұтқаны басты. Ол экранға қарады. Маған үш шие берсе екен, деп ойлады ол. Немесе үш банан берсе. Екі шие не бір шие - бұл ұтылыс болады. Ол бірнеше сағат ойнады. Кейде ол ұтып отырды. Оның ұтысқа жеткені оған ұнайтын. Бірақ көбіне ол ұтылып жатты. Соңында ол барлық монетасынан ұтылып қалды. Ол үйіне қайтты. Ол 100 доллар жұмсады, бірақ ол уақытын көңілді өткізді. Тағы да келесі туған күнімде ойнауға барармын, деп ойлады ол.
Скрыть текст
      13. Үйі жоқ адамдар
      Лос-Анджелес - үлкен қала. Мұнда миллиондаған адамдар тұрады. Бірақ мыңдаған адамдардың үйі жоқ. Олар тротуарларда түнейді. Оларды дала адамдары деп атайды. Олардың көліктері жоқ. Олардың қол арбалары бар. Олар арбаны өздерінің дүниелерімен толтырады. Олар арбаға өздерінің артық киімдерін салады. Олар арбаға өз көрпелерін салады. Көптеген үйсіздер қала орталығында тұрады. Олар газет баспасы ғимаратының жанында өмір сүреді. Олар сот ғимаратының жанында өмір сүреді. Олар зәулім, көп қабатты үйлердің жанында тұрады. Олардың ақшалары жоқ. Олар күні бойы тротуарда отырады. Олардың жанынан адамдар өтеді. Олар адамдардан ақша сұрайды. Адамдар ақшалары жоқ деп жауап береді. Қала орталығында миссиялар бар. Олар үйі жоқ адамдарға тамақ береді. Олар оларға тегін түскі ас таратады. Оларды күнде тамақтандырады. Кейбір миссияларда төсектер бар. Үйсіз адамдар осы төсектерде ұйықтайды. Бірақ үйсіз адамдардың саны көп болғандықтан, олардың барлығына төсектер жетпейді. Сол себепті үйі жоқ адамдардың көбі тротуарда ұйықтайды. Олар өздерінің қол арбаларының жанында ұйықтайды.
Скрыть текст
      14. Құдай балаларды жақсы көреді
      Ерлі-зайыптылар сәбилі болғысы келді. Олар құдайдан сәби сұрады. Құдай олардың тілектеріне жауап берді. Дәрігер оларға сәби сүйе алатындарын айтты. Әйелі: "Қанша?"-деп сұрады. Дәрігер әзірге белгісіз деді. Ерлі-зайыптылар бақытты еді. Қазір олардың сәбилері болады. Олар сәби болғанын қалады. Олар бір айдан астам уақыт дәрігердің қарауында болды. Ол әйелін тексерді. Ол арнайы құрылғыны қолданды. Ол сәбиді көрді. Ол бірнеше сәбиді көрді. Ол екі баланы көрді. Ол тек қана екі сәбиді көрген жоқ. Ол сәбилерді санады. Ол әйеліне: "Сізде бір ғана сәби болмайды. Сіздің сегіз сәбиіңіз болады" - деді. Әйелі сенгісі келмеді. Жолдасы да сенбеді. Сегіз сәби. "Біздің үлкен отбасымыз болады" - деді жолдасы. "Бірақ біз бұл сәбилерге қалай ақша төлейміз? - деп сұрады ол. Біз бір ғана сәбиге төлей аламыз. Сегіз сәби көп ақша тұрады. Сегіз сәбиге қалай ақша төлейміз?" Әйелі: "Бір жолын табармыз. Құдай бір жолын табуға көмектеседі". Олар жымиды. Олардың үлкен отбасы болады.
Скрыть текст
      15. Ол гольф ойнайды
      "Футболдан матч қашан басталады?"- деп сұрады Джон. "Ол сағат үште басталады. Сен нешеде келесің".,- деп сұрады Марк. Джон сол жерде сағат екіде болатыны айтты. Сосын ол қоштасты да, телефон тұтқанын қойды. Оған құттықтау xат жіберу үшін поштаға бару керек болды. Келесі аптада оның қызының туған күні еді. Құттықтау xаттың сыртында әдемі күлкісімен гольф ойнап тұрған әйелдің суреті бейнеленген. "туған күн-бұл шұңқырға бірінші соққымен кіргізу". Шэрон жиырма беске толды. Мектепте оқып жүрген кезден ақ ол колледжде тегін білім алу құқығына ие болған. Тегін білім алу төрт жыл болатын. Оның барлық ақшаларын колледж төлейтін. Төрт жыл бойы ол гольф командасында болды. Колледжден кейін Шэрон гольфтің кәсіби ойыншысы атанды. Ол барлық әлемге гольф ойнауға барған. Бір күні ол турнирлі жеңіске жетті. Ол әйелдер арасында ең жақсы болмаған, бірақ ол жақсы ойыншы еді. Әр жыл сайын ол үздік онның қатарына енетін. Әдетте ол жылына жүз мың доллар табатын. Сонымен қатар оның уақыты көңілді өтетін. Джон қызының жетістіктерін мақтан ететін. Қызын мақтан тұтатын. "Қыз емес алтын дерсің", - деп айтатын ол достарына.
Скрыть текст
      16. Желді күн
      Бүгін желді күн. Жел қатты соғып тұр. Барлық жерде қағаздар ұшып жүр. Жел ер адамның қалпағын ұшырып жіберді. Жел әйелдің қалпағын ұшырып жіберді. Жел телефон сымынан құсты ұшырып жіберді. Басқа құстар күлді. Жел әлі соғып тұр. Ағаштар майысып жатыр. Көшедегі адамдар бүгіліп жатыр. Жел жүруді қиындатуда. Жел машинаны жүргізуді қиындатуда. Үлкен жүк көліктері жолдың жиегіне шығуға мәжбүр. Олар автомагистральдің жиегіне тоқтауға мәжбүр. Бір жүргізуші тоқтамады. Ол асығыс еді. Жел оның жүк көлігін аударып жіберді. Үлкен жүк көлігі бір жағымен жатыр. Доңғалақтары желден айналып жатыр. Жүргізуші зақымданбады. Ол көтергіш кранды күтіп отыр. Кран жүк көлігін көтереді. Кран жүк көлігін қайтадан тұрғызады. Жүргізуші жақсы сабақ алды. Ол енді ешқашан жел кезінде жүргізбейтін болады. Жел ұшақтардың ұшуын да қиындатады. Ұшқыштар желдің қауіпті екенін біледі. Ол желді ауа-райы кезінде кішкентай ұшақтарда ұшпайды. Ол жерге құлап, қирағысы келмейді. Соқтығысу оларды өлтіруі мүмкін. Олар әуежай отырады. Олар кофе ішеді. Олар желдің қашан тоқтайтынын күтеді.
Скрыть текст
      17. Жаңа заң
      Эд велосипед теуіп бара жатты. Артынан ит қуды. Ол итке айқай салды. Ол сосын итті теуіп жібермекші болды. Ол тепе-теңдікті жоғалтып алды. Ол велосипедтен құлап қалды. Ол жаяужолдың шетіне басын соғып алды. Көршісі оның қалай құлағанын көрді. Ол 911-ге қоңырау шалды. Жедел жәрдем келіп жетті. Оны шұғыл жәрдем бөлімшесіне алып кетті. Бірақ тым кеш болды. Дәрігерлер оны құтқара алмады. Эд қайтыс болды. Эд Техас штаты губернаторының ұлы еді. Губернатор мен оның әйелі қатты қайғырды. Губернатор басқа балалардың өлгенін қаламады. Ол басқа ата-аналардың қайғырғанын қаламады. Олардың балаларынан айрылғанын қаламады. Ол штаттың заң шығарушыларымен келіссөз жүргізді. Ол балаларды қорғау үшін, жаңа заң қабылдауларын сұрады. Заң шығарушылар келісті. Олар да ата-ана. Олар балаларды қорғау үшін, жаңа заң қабылдады. Губернатор жаңа заңға қол қойды. Жаңа заң шлем жайлы болды. Балалар велосипед, шана тепкенде немесе атпен жүргенде шлем киюге тиіс. Олар сноуборд немесе скейтборд тепкенде шлем киюге тиіс. "Техас қазір балалар үшін қауіпсіз штат" – деп мәлімдеді губернатор. "Біз қауіпсіздікте жүрген шығармыз, – деді балалардың бірі, -бірақ оған қуанбаймыз. Шлем жиіркеніш тудырады".
Скрыть текст
      18. Үлкен мысық
      Таулар тамаша, бірақ олар кейде қауіпті болуы мүмкін. Кеше бір әйелге пума шабуыл жасапты. Ол тау ішіндегі соқпақпен құрбысымен келе жатыпты. Донна Линданың алдында келе жатты. Олар тау ішіндегі соқпақпен жоғары көтеріліп келе жатты. Бұталардың арасынан пума атып шықты. Ол Доннаны бас салды. Донна айқай салды. Линда пуманы жолқапшығымен бір салды. Пума жолқапшықты ауызымен жұлып алды. Ол жолқапшықпен бірге бұталарға кіріп жоқ болды. Әйелдер жолда отырып жылады. Доннаның аузы мен құлағынан қан ағып жатты. Бес минуттан кейін оларға ер адам жолықты. Ол не жағдай болғанын сұрады. Оның ұялы телефоны бар еді. Әйелдердің бірі 911 номерін терді. Бірақ тау ішінде болғандықтан ұялы телефон жұмыс істемеді. Ер адам біреулерді көмекке шақыратынын айтты. Ол соқпақпен төмен қарай жүгіріп кетті. Донна мен Линда тау ішінде қалуға қорықты. Олар орындарынан тұрып, ақырындап соқпақпен төмен түсті. Екеуі үнсіз бір бірінің қолынан ұстап келе жатты. Олар жан жақтарына, арттарына қарап қояды. Олар қатты қорыққан еді. Түсініксіз дыбыстарды естіп, селк ете қалады. Бұл пума ма оларды аңдып жүрген?
Скрыть текст
      19. Екі бала
      Әйел екі баласы - ұлы мен қызы болғанын қалады. Ол алдымен ұлды, бір жылдан соң қызды тапқысы келді. Осылайша олар бірге өсер еді. Күйеуі солай болсын деді. Әйелі: "Солай болсын" деген не? Сен "солай болсын" демеуің керек. Сен де мен сияқты екі баланы қалайтыныңдай айтуың керек. Егер мен сияқты екі бала болғанын қаламасаң, онда мұны ұмытайық", - деді. күйеуі: "Мұны ұмыт дейсің бе? Егер мен шынымен екі бала болғанын қаламасам, бізде екі бала болмайды дегің келіп тұр ма?"- деді. Әйелі: "Иә, дұрыс айтасың. Егер шынымен де екі бала болғанын қаламасаң, онда бізде екі бала болмайды", - деді. "Жақсы, – деді күйеуі, - онда бізде екі бала болмай-ақ қойсын". "Оған сенімдімісің?" – деп сұрады әйелі. Күйеуі басын изеді: "Иә, сенімдімін. Бір баланы да асырай алмаймыз". "Жақсы", – деді әйелі. "Қош бол". "Қош бол" деп нені айтқың келіп тұр?" – деп сұрады ол күйеуі. Әйелі онымен айрылысатынын айтты. Әйелі өзімен бірге екі бала болғанын қалайтын еркекті тауып алатынын айтты. Күйеуі жай қалжыңдағанын - әрине, шынымен де екі баласы болғанын қалайтынын айтты. "Кешігіп қалдың", – деді әйелі. "Сен маған ойыңдағыны айтып қойдың".
Скрыть текст
      20. Қыдырып қайтқысы келді
      Әйелінің бір жерге барып қайтқысы келді. Одан күйеуі қайда барғысы келетінін сұрады. Ол жолға шығып, жолда бір немесе екі күн көлікпен жүргісі келетінін айтты. Оған үйден, қаладан шығып серуендеп келгісі келді. Олар ішкі киімдерін, шолақ шалбарын, тіс щеткасын және басқа заттарын кішкене шабаданға салып жолға жиналды. Олар картаға қарады. " Тауға ма, әлде жағалауға барамыз ба?" - деп сұрады күйеуі. Әйелі оған: ол маңызды емес екенін айтты. Ертеңіне олар ерте тұрды. Олар шабаданды автокөліктің жүксалғышына салды. Жанармай құятын станцияға келіп, көліктің багын жанармайға толтырды. Автожолға шығып, шығысқа қарай жол тартты. " Біз яғни, жағалауға барамыз ба?" - деді әйелі. Иә - деді күйеуі. " Мүмкін, киттерді көрерміз" - деді әйелі. Екі сағат өткен соң олар мұхитты көрді. Олар солтүстікке қарай екі жолақты жолмен келе жатты. Енді бірер сағаттан соң ол автокөлігін тоқтатты. Олар көліктен шығып, жағажайға бет алды. Күннің желді, салқындылығына қарамастан олар мұхиттан серфингистерді көрді. Олар тақтайшаларына отырып, толқынның көтерілуін күтіп тұрды. Әйелі дірілдеп тоңа бастады, ал күйеуі оны құшағына алып, жылынуға көмектесті. Әйелі оған қарап жымиды. " Кәне, әрі қарай жүрейік " - деді. " Күн жоғары көтерілгенше, біз тағы да бір жерге тоқтармыз".
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Еркежан Каймоллаева, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Жанара Қабина, Гаухар Назымбекова, Аслан Бисенов, Сауле Ибраева, Señor Chingón, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкое чтение. Том 1, стр.5 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >>