Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 1, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Ол оны жақсы көріп қалды
      Бір адам әйелді өртеп жіберді. Әйел түнгі клубта биші болатын. Ол адам түнгі клубқа айына бір рет келетін. Ол сол әйелден телефон нөмірін сұрады. Ол айтпады. "Мен сені танымаймын" деді ол. "Неге мен сізге нөмірімді беруім керек?" Ол оны жақсы көріп қалғанын айтты. Ол оған бұның ессіздік екенін айтты. Ол қалайша оны жақсы көріп қалды? Ол оны білмейді ғой. Ол адам әйел туралы ештеңе де білмейді. Ер адам ішімдігін тауысып ақысын төледі. Ол түнгі клубта шығып кетті. Ол өзінің автотұрақта тұрған машинасына отырды. Әлгі әйел оның кетіп қалғанына қуанды. Біраздан соң ол әйел темекі шегу үшін далаға шықты. Әлгі адам көлігінен шықты. Әйел оны көрмеді де, естімеді де. Әлгі адам оның үстіне бензин құйып, шырпы лақтырып жіберді. Ол өртеніп жатты. Әйел айқайлай бастады. Ол клубтың ішіне жүгіріп кірді. Менеджер үстіндегі күртесімен отты сөндіріп жатты. Бірақ оның беті мен қолдары қатты күйіп қалды. Енді ешкім оның телефон нөмірін сұрамайтын болды.
Скрыть текст
      82. Қолды жуыңдар
      Қолды жуыңдар. Қолды жиі жуыңдар. Қолды күніне он рет жуыңдар. Таза қол микробтармен күреседі. Таза қол жақсы көрінеді. Таза қолдан жақсы иіс шығады. Сенің әрбір ұстаған затыңда микробтар бар. Ақшада микробтар бар. Микробтар ақшаның бетінде ұзақ өмір сүреді. Қағаз ақшалар лас болады. Темір ақша да лас болады. Қағаз ақшалар таза емес. Монеталар да лас. Бәрі ақшаны ұстайды. Ауырып жүрген адамдар ақшаны ұстайды. Есік тұтқасын ұстағаннан кейін қолды жуыңдар. Адамдардың бәрі таза жүрмейді. Адамдарда да микробтар бар. Микробтар адамдарды жақсы көреді. Микробтар адамдардың денесінде айлап өмір сүреді. Басқа адамдарды ұстап қалсаң кейін қолды жуып жүріңдер. Басқа адаммен амандасқаннан кейін қолды жуыңдар. Қолды жиі жуған артық болмайды.
Скрыть текст
      83. Попкорн
      Бөлке нан жержаңғақ майының қасында тұр. Жержаңғақ пакеті сүт қорабының қасында жатыр. Печеньесі бар тәрелке тауық сорпасы тұрған тостағанның қасында тұр. Бір шынаяқ кофе стакандағы шырынның қасында тұр. Шанышқы қасықтың жанында жатыр. Пышақ тұз сауытының қасында жатыр. Тұз сепкіш бұрыш сепкіштің қасында тұр. Сүт қорапта. Су стаканда. Кофе кружкада. Сорпа тостағанда. Сүт тоңазытқышта. Газдалған сусын да тоңазытқышта тұр. Балмұздақ мұздатқышта . Шам үстелдің үстінде тұр. Тостер ас үстелінде тұр. Тостер тоққа қосылып тұр. Қысқа толқынды пеш те ас үстелінде тұр. Қысқа толқынды пеш тоққа қосылмаған. Біреу оны тоққа қосты. Кім қысқа толқынды пешті тоқтан алып тастаған? Мен оны қайта қосып қойдым. Менің попкорн жегім келіп кетті. Мен біраз ыстық жаңа піскен попкорн жегім келді. Мен қысқа толқынды пешті қостым. Мен ыстық попкорн жеймін, газдалған сусын ішемін.
Скрыть текст
      84. Автобус түскен көлік апаты
      Автобус көлік апатына түсіп қалды. Автобус түскен көлік апаты бөгет маңында болды. Автобус жолдан шығып кетті. Автобус бір жағына құлап аударылып түсті. Екі адам мерт болды. Сегіз адам жарақат алды. Автобус жүргізушісі тым қатты айдаған. Жол екі жолақты. Бұл тар жол. Бұл кең жол емес. Жол тік емес. Оның көп бұрылыстары бар. Оның қисық жерлері көп. Жол жылан ізі секілді көрінетін. Жылдамдық шектеуі сағатына 25 мил еді. Автобус сағатына 50 мил жүріп отырды. Жолаушылар қорқып отырған. Автобус жолдың қоршауына соғылды. Автобус бір бетіне аударылып қалды. Жолаушылар айқалап жатты. Жолаушылар құлап жатты. Жолаушылар бірінің үстіне бірі құлап жатты. Олардың жүктері ауада ұшып жатты. Ауыр жүктер адамдарға құлап жатты. Ол жүктер адамдардың бетіне құлап жатты. Жүктер адамдардың шекесіне, басына тиіп жатты. Терезелер сынып жатты. Алдыңғы терезе сынды. Олардың әйнектері барлық жерге шашылды. Барлық жерде адамдар жатты. Олардың жүктері барлық жерде шашылып жатты. Жедел жәрдем көлігі келді. Олар адамдарды ауруханаға алып кетіп жатты. Полицейлер де келді. Олар жүргізушіні түрмеге алып кетті.
Скрыть текст
      85. Өмір жақсы болады
      Ол кедей еді. Ол ақшаға мұқтаж болды. Ол жақсы жұмысқа зәру болды. Оның жұмысы бар еді. Бірақ бұл жақсы жұмыс емес. Бұл нашар жұмыс. Ол даяшы еді. Ол мейрамханада жұмыс істейтін. Бұл арзан мейрамхана болатын. Ондағы ас мәзірі арзан . Келушілер де қалталы емес. Олар оған аз тиын тебен беретін. Кейде олар оған доллар беретін. Кейде олар оған ештеңе де бермейтін. Бұл оны ашуландыратын. Неге олар ештеңе бермейді? Ол сыпайы болатын. Сонда да олар оған ештеңе бермейтін. Ол сондай келушілерді шығарып жібергісі келетін. Бірақ оның түрмеге отырғысы келмейді. Сондықтан ол оқуға барды. Оқу тегін еді. Оның механик болғысы келді. Ол әр түрлі заттарды жөндегенді ұнататын. Ол машиналарды жөндегісі келетін. Ол машина сататын дүкеннің иесі болғысы келетін. Ол ақша табатын болады. Ол басқа механиктерді жалдайтын болады. Олар оған жұмыс істейді. Ол үй сатып алатын еді. Ол үйленетін еді. Ол жанұясы болатын еді. Өмір жақсаратын еді. Қазір оның өмірі жақсы емес. Бірақ ол оны жақсартқысы келеді.
Скрыть текст
      86. Сәтті күн
      Бүгін оның сәтті күні еді. Ол автобусқа кешігіп бара жатыр еді. Бірақ автобус уақытынан кешігіп келе жатқан. Сондықтан ол автобусқа үлгерді. Ол жұмысына кешігіп келді. Бірақ оның бастығы да жұмысқа кешігіп келді. Бастығы оның кешігіп келгенін білмеді. Оның түскі асқа ақша болмаған еді. Бірақ оның құрбысында түскі асқа екі адамға арналған купон бар еді. Сөйтіп ол түскі асты тегін ішіп алды. Оның бастығы аздап ауырып қалған екен. Сондықтан ол оларды түстен кейін қайтарып жіберді. Ол паркке барды. Парктегі орындықтың астында жасыл қағаз жатыр. Ол оны алды. Бұл 5 долларлық ақша екен. Ол жан-жағына қарады. Қайдан келген ақша? Айналада ешкім жоқ. Ол паркте жалғыз өзі. Паркте тиіндер мен құстар болған. Бірақ бұл олардың ақшасы емес қой. Бұл енді оның ақшасы. Бұл оның сәттілік ақшасы еді. Ол жолды өтіп, шарап дүкеніне кірді. Лотереядағы джекпот 10 миллион доллар болған. Ол бес лоторея билетін сатып алды. Ол билеттердің біреуі сәттілік алып келетінін білді. Бұл оның сәтті күні еді.
Скрыть текст
      87. Менің жүзгім келеді
      "Сен маған жүзуді қашан үйретесің?" - деп сұрады ол. "Мен батып кетуден қорқамын. Мен терең судан қорқамын. Мен қайықта жүзгеннен қорқамын. Мен ұшақпен мұхит үстінен ұшудан қорқамын. Мен жүзуді үйренгім келеді". "Сен жүзуді үйренбесең де болады" деді оның күйеуі. "Саған бар керегі суда қалқып үйрену. Су бетінде қалқып тұру оңай. Әсіресе бұл әйелдерге оңай болады, өйткені әйелдерде еркекке қарағанда май көп болады. Кел саған жедел сабақ берейін. Қалқу үшін, шалқаңнан жат. Аспанға қарап жат. Аяқтарың мен қолдарыңды жай. Бір қалыпты тыныс ал. Міне осылай" "Иә, бұл оңай сияқты", - деді ол. "Бірақ мен қалай жүзу керектігі туралы білгім келеді. Жүзу жақсы жаттығу болады. Жүзу маған салмақ тастауға көмектеседі. Қалқып тұру маған салмақ тастауға көмектеспейді. Егер мен бір күн қалқып тұрсам, мен бір кило салмақ та тастамаймын". "Жарайды" деді ол. "Мен саған осы аптада қалай жүзу керек екенін үйретемін. Бұл бар болғаны бірер сағат уақыт алады. Сосын сенбі күні кешке балықтай жүзетін боласың".
Скрыть текст
      88. Жаңа ерін далабы
      Ол киінді. Оған сыртқа шығу керек болатын. Ол жаңа ерін далабын алмақшы еді. Ол сыртқа машинасына барды. Машина жол бойында тұрған. Ол машинасына отырды. Ол жолдың бойына шықты. Ол Лейк Авенюмен оңтүстікке қарай айдап бара жатты. Ол қызыл шам белгісіне тоқтады. Ол Колорадо көшесіне солға қарай бұрылды. Ол дәріхананың тұрағына барып тоқтады. Ол дәріхананың ішіне кірді. Ол ерін далаптары бөліміне қарай барды. Оның жақсы көретін түсі қою қызыл түс еді. Оның сүйікті брэнді Бобби Броун еді. Ол Бобби Броунның ерін далабын тапты. Ол қою қызыл түсті іздеді. Бірақ ол қою қызыл түсті таба алмады. Оның орнына ол шие қызғылт түсті тапты. Ол шие қызыл түсті ұнататын. Оны аздап ерніне жақты. Ол айнаға қарады. Оның еріндері әдемі көрінді! Ол далапты алып, кассаға келді. Ол кассирге 20 доллар берді. Ол артық ақшасын қайтарып берді. Ол далапты пакетке салды. "Күніңіз жақсы өтсін", - деді ол. Ол үйіне қайтты. Ол күйеуін жаңа далабымен сүйіп алуға асықты.
Скрыть текст
      89. Өрт
      Джордж орманның қасындағы үйдің иесі. Оның үш көршісі бар. Олардың барлығының үлкен әдемі үйлері бар. Олар өздерінің шағын ауданын ұнататын, өйткені бұл орманның қасында болатын. Бұл шулы қала мен жол қозғалысының қасында емес. Орманда кұстар мен әртүрлі аңдар бар. Бір күні Джордж үйіне су таситын көлікпен келді. Су таситын көлігіне көп су сияды. Джордж өрт шықса, су оларды өрттен қорғайды деп ойлады. Су таситын көлігінде 2 000 галлон су бар. Бұл 50 000 мың доллар тұрады. "Бұл көп ақша. Бұл біздің үйімізді өрттен қорғаса, осыған тұрарлық ақша", - деді көршілеріне. Олар оның айтқанымен келісті. Бір жылдан соң орманда өрт шықты. Джодж суды үйлерге шашты. Олар өртеніп кетпеді, өйткені олардың сырты су болды. Джордж су көлігімен барлық үйді құтқарып қалды. Көршілері оның батыл екенін айтты. Олар оған үйлерін сақтап қалғаны үшін рахметтерін айтты. Ол Джорджға үлкен кеш ұйымдастырды. Олар оған өрт сөндірушінің қызыл қалпағын сыйлады.
Скрыть текст
      90. Нашар экономика
      Экономика нашарлап кетті. Жұмыссыз адамдар көп. Ал жұмысы бар адамдар жұмысынан айырылып жатыр. Адамдарды жұмысынан босатып жатыр. Адамдар жұмыссыз қалуда. Адамдардың жұмыс істегісі келеді. Бірақ ешкім жұмысқа қабылдамайды. Ешкімге жұмысшылар керек емес. Әрбір адамның аз ғана ақшасы бар. Әрбір адам аз ақша жұмсайды. Әрбір адам арзан затты сатып алуда. Адамдар артық еш нәрсе сатып алмайды. Олар тек қажет заттарын алуда. Олар жаңа машина сатып алмайды. Олар ескі машинамен жүр. Олар жаңа үй сатып алмайды. Олар сол баяғы үйінде тұрып жатыр. Олар жаңа киім-кешек сатып алмайды. Олар ескі киімдерін киіп жүре береді. Олар демалыста ешқайда бармайды. Олар үйінде қала береді. Олар мейрамханаға бармайды. Олар тек арзан жерлерді іздейді. Олар кітапханаға барады. Олар паркке барады. Олар мұражайға барады. Олар жағажайға барады. Олар үйде отырып теледидар қарайды. Өмір қиын. Өмір ауыр. Әрбір адам экономика жақын арада жақсарып кетер деп үміттенеді. Олар осы қиын кезең жақында өтер деп үміттенеді.
Скрыть текст
      91. Нью Йорк
      "Мен Нью Йоркке көшемін" деді ол. "Сен менімен барасың ба, бармайсың ба?" Ол Нью Йоркті жақсы көретін. Ол жерасты жолдарын жақсы көретін. Ол автобусты жақсы көретін. Ол жаяу да, таксимен де барлық жерге баратын. Оған кез-келген жерге өз машинасымен бармаса да болатын. Лос Анджелстегідей қыдыру жоқ енді. Ол Лос Анджелсте машинамен жүруді жек көретін. Нью Йоркте биік ұзын ғимараттар бар. Жолдар- машинаға, тротуарлар адамдарға лық толы. Онда Бродвей бар. Онда Таймс–сквері бар. Онда Орталық саябақ бар. Онда Уолл- Стрит бар. Онда әр кварталда бір мейрамхана бар. Онда тамақты немесе киімді жеткізіп беруші адам бар. "Сен кез-келген нәрсені сатып алсаңыз, оны 20 минутта жеткізіп береді" деді ол. "Сен Нью Йоркте қиындықтармен кездесесің" деді ол. Ол қыс кезінде тоңатыныңды айтты. Ол жаз кезінде жанып кететініңді айтты. Нью Йорк қымбат қала. Онда адамдар көп. Бұл террористтер үшін жақсы нысан. Олар бүкіл қаланы жарып жіберуі мүмкін. Бұл шулы қала. Бұл қауіпті, әрі лас қала. "Сен барасың ба, бармайсың ба?" деп тағы да сұрады. "Әрине, мен барамын" деп жауап берді ол. "Неге бармасқа?!"
Скрыть текст
      92. Шындықты айтуға тырысты
      Әжең саған өтірік айтушы болма деді. Атаң да саған өтірік айтушы болма деді. Анаң шындықты айт деді. Әкең де шындықты айт деді. Сен шындықты айтуға тырысасың. Сен әрқашан шындықты айтуға тырысасың. Бірақ сен шындықты әрқашан айта алмайсың. Ешкім де шындықты әрқашан айта бермейді. Бәрі де кейде өтірік айтады. Сенің анаң кейде өтірік айтады. Сенің әкең де кейде өтірік айтады. Сенің мұғалімің кейде өтірік айтады. Сен де кейде өтірік айтасың. Сен сыпайы болып көріну үшін өтірік айтасың. Сен өзің жақсы көретін біреуді қорғау үшін өтірік айтасың. Сен өзіңді қорғау үшін де өтірік айтасың. Сен ұсталып қалған кезде өтірік айтасың. Сен өзің қалайтын затты алу үшін өтірік айтасың. Сен танымал болу үшін өтірік айтасың. Сен өтірікті жұмыстан қашу үшін айтасың. Сен жанұяңа өтірік айтасың. Сен өз достарыңа өтірік айтасың. Сен бейтаныс адамдарға өтірік айтасың. Өтірік айту қалыпты жағдай. Кейбір адамдар өтірік айтқан жаман дейді. Олар өтірік айтқан жауыздық дейді. Олар ешқашан өтірік айтпаймыз дейді. Бұл да үлкен өтірік. Әрине олар кейде өтірік айтады! Бәрі кейде өтірік айтады. Өтірік айту күлген сияқты: бұл осы өмірдің бір бөлшегі.
Скрыть текст
      93. Адамдар мен жануарларға арналған жүгері
      Фермер трактор жүргізіп келеді. Трактор жерді қазып жатыр. Ол жерге сары жүгері егіп жатыр. Ол сары жүгеріні көктемде егеді. Жүгері жазғы уақытта өсіп піседі. Жаңбыр жүгерінің өсуіне көмектеседі. Бұл жақта жаңбыр болмаса жүгері солып қалады. Көп жаңбыр жауса, онда жүгері көп өнім береді. Ол жаздың соңына қарай сары жүгері жинап алады. Ол жүгеріні көкөніс палаткасында сатады. Ол бір тал жүгеріні 25 центке сатады. Ол төрт тал жүгеріні 1 долларға сатады. Ол барлық жүгеріні бір айда сатып бітіреді. Көршілері жүгері жақсы көреді. Жүгері жаңа піскен. Ол ашық сары түсті. Бұл өте дәмді. Құстар да жүгеріні жақсы көреді. Құстар жүгеріні егістікте жейді. Олар жүгеріні пісірмейді. Олар жүгері үшін ақша төлемейді. Фермер бұл үшін ашуланбайды. Құстар да бірдеңе жеу керек. Сиырлар да бірдеңе жеу керек. Фермердің бір сиыры бар. Ол жаз бойы сиырға жаңа піскен жүгері береді. Сиыр жүгері жақсы көреді. Ол жаз бойы көптеген сары жүгері жейді. Кейде ол сары түсті сүт береді.
Скрыть текст
      94. Семіріп кетпеңдер
      Американдықтар семіріп барады. Жаңа зерттеулер бойынша американдықтардың көбі қатты семіріп кеткен. Бұл шындық па? Айналаңдағы адамдарға қарашы. Олардың көбі семіз бе? Олардың көбі арық па? Әлде олардың көбі орта денелі ме? Семіз адамдар ауырады. Олар жасына жетпей қайтыс болады. Дәрігерлер бұл адамдардың ұзақ өмір сүруіне болатынын айтады. Олар көкөніс пен жеміс жидектерді көбірек жеу керектігін айтады. Олар етті аз жеуі тиіс. Олар көбірек балық жеуі тиіс. Олар қуырылған тағамды аздап жеуі керек. Олардың фаст фут дәмханаларында тамақтанбағандары жөн. Чизбургер, картофель фри жеуді тоқтату керек. Олар нан және макарон тағамдарын аздап жеу керек. Егер олар аз тамақтанса, олардың салмағы да аз болмақ. Сондай-ақ американдықтар жаттығулар жасау керек. Олар көбірек жаяу жүруі керек. Оларға жүгірудің қажеті жоқ. Олар баспалдақпен көтерілмесе де болады. Оларға тек жаяу жүру керек. Жай ғана күніне 30 минут жүру. Бұны орындау қиын ба? Азырақ тамақтан. Көбірек жүр. Ұзақ өмір сүру. Бұл оңай шығар. Бірақ адамдар тамақ жегенді жақсы көреді. Тамақтану жақсы. Тамақ керемет. Сондықтан азырақ тамақ жеу оңай болмайды. Осыны орындауға тырыс. Бұны орындау қиын болмақ.
Скрыть текст
      95. Жаңбыр жауатын секілді
      ТВ ауа-райының синоптигі көп нәрсе айтты. Ол көп ақпарат берді. Ол күн ыстық әрі күншуақты болады. Ауа райы суық және жаңбырлы болады. Бізге нөсер жауын келеді. Бізге екі дюйм жаңбыр жауады. Бізге үш дюйм қар жауады. Бүгін түнде температура бағамы 50 дейін төмендейді. Ертең температура 73 градус болады. Күн 6:30 атады. Күн 6:15 батады. Таңертең жағажайда тұман болады. Қыстың дауылдары жақындады. Тау жаққа қар түседі. Жағажайдағы толқындар биік болады. Санта Анна желі келіп қалды. Бұл ыстық әрі желді болады. Біз сақ болуымыз керек. Біз өрт қауіпсіздігін сақтауымыз керек. Ауа райын болжаушы тағы айтып жатыр. Ол ауа райы туралы айтуда. Оның әдемі суреттері мен карталары бар. Ол картадан көрсетіп жатыр. Ол ғажайып технологияларды қолданады. Бізде ондай технологиялар жоқ. Бізге ондай технологиялар қажет емес. Біз ауа-райы қандай екенін білгіміз келсе, жай ғана терезеге қарай саламыз.
Скрыть текст
      96. Жаңбыр мен бұршақ
      Аспанды қара бұлт торлады. Күн батып келеді. Салқын тартып барады. Жел көтеріліп келеді. Ағаштардың жапырақтары түсіп жатыр. Ауада қағаздар ұшып жүр. Адамдар күртелерін киіп шыға бастады. Жаңбыр енді жауа бастады. Басында ол жай жауып тұрған. Сосын ол құя бастады. Бұл дауыл болатын. Жаңбыр өте қатты құйып кетті. Ер адам теледидардың дауысын естімей кетті. Ол дауысын көтерді. Енді ол теледидарының дауысын ести бастады. Ол есігінен сыртқа қарады. Ол жаңбырға қарады. Жаңбыр шатырдан құйылып жатыр. Бұл нағыз су тасқыны. Сосын ол найзағайды көрді. Сосын күннің күркірегенін естіді. Бұл өте салқын түн еді. Жаңбыр енді бұршаққа айналды. Бұршақтың дауысы өте қатты болып кетті. Ол ТВның дауысын тағы көтерді. Енді ТВның дауысы жақсы естіле бастады. Ол теледидарды біраз қарап отырды. Сосын тағы далаға қарады. Барлық машиналар аппақ болып кетіпті. Көше аппақ түске енген. Жердің түсі де аппақ. Бұршақ барлық жерді басып қалыпты. Бұршақ кәдімгі қар секілді көрінді. Ол аққала жасағысы келді. Бірақ аққаланы бұршақтан жасай алмайсың. Аққаланы тек қардан жасайды.
Скрыть текст
      97. Бас ауруы
      Оның басы ауырып тұр. Оның басы бір сағат бұрын ауыра бастаған. Ол басын жарылып кететіндей сезінді. Әрине оның басы жарылып кетпейді. Бұл солай сезіліп жатыр. Оның басы желке жақтан басталады. Бұл әдетте ауыратын жері еді. Кейде ол бастың ауырғанын үстіңгі жағынан сезеді. Кейбір кезде ол басының ауырғанын алдыңғы жағынан сезеді. Кейде ауру көздерінің ортасынан сезілетін. Кейде оның басы түгел ауырады. Бірақ көбінесе басының артқы жағы ауырады. Оның бас ауруы оқып отырған кезде басталды. Оқу оның басын ауыртатынды туғызады. Ол басының ауырғанын жек көреді, бірақ оқығанды жақсы көреді. Ол тек 15 минуттан оқиды. Сосын ол оқуды тоқтатады. Сосын ол үзіліс жасайды. Егер ол 16 минут оқып қойса оның басы ауыра бастайды. Сондықтан ол 15 минут сайын үзіліс жасаудан шаршап кетті. Бірақ кейде ол үзіліс жасауды ұмытып кетеді. Бүгін ол үзіліс жасау керектігін ұмытып кетті. Енді ол басының ауырғанын қойғанын күтуі тиіс. Бұл бір немесе екі сағат уақытын алады. Сосын ол тағы оқи берсе болады. Бірақ қазір ол аурумен бірге өмір сүруге мәжбүр.
Скрыть текст
      98. Екі ер адам
      10 шақты адам шағын мейрамханада отырған. Бұл түннің ортасы еді. Дженни мен Давид бұрыштағы үстелде отырған. Олар екеуі бір супермаркетте жұмыс істейтін. Олар өз жұмыстарын ұнататын. Олар бірге жұмыс істейтін және бірге көңіл көтеретін. Олар шіркеуге де бірге баратын. Олар екеуі үйленіп бірге тұруды жоспарлап жатқан. Олар бірігіп үй алуға ақшаларын жинап жүрген. Олар жақсы ауданнан жаңа үй сатып алғысы келді. Алғашқы төлем жасау үшін 30 000 доллар қажет еді. Олардың жинағаны 16 000 доллар болды. Оларға үстіне тағы 14 000 доллар керек болды. Сосын олар өздеріне жаңа үй сатып ала алатын еді. Олар сорпасын ішіп отырған. Екі ер адам мейрамханаға кіріп келді. Олар біреумен ұрсысып жатқан. Сосын олар қаруларын алып кезенді. Олар ата бастады. Давид Дженниді еденге құлатты. Ол оны өз денесімен қорғады. Қарулы адам атысты тоқтатып мейрамханадан шығып кетті. Мейрамхана іші тыныш болып қалды. Біреу жылай бастады. Олар екі адамды өлтірді. Оны біреуі кассир еді. Ол екіншісі менеджер болатын.
Скрыть текст
      99. Кешігіп қалма
      Ол кешігіп жатқан. Ол әрқашан кешігіп жүретін. Уақыт неге зымырап өтеді. Уақыт әрқашан тез өтіп кетеді. Ол қол сағатына қарады. Ол қабырғадағы сағатқа қарады. Екеуді 6:10 көрсетіп тұр. Ол 10 минуттан кейін шығуы керек. Бірақ алдымен ол қырынып алуы керек. Сосын ол тісін тазалауы керек. Сосын ол киінуі керек. Қырынуға уақыт керек. Тісті тазалауға уақыт керек. Дұрыстап киініп алуға уақыт керек. Бірақ оның тек 10 минуты бар. Сондықтан ол теледидарды сөндірді. Ол радионы да сөндірді. Ол үстел шамын да өшірді. Ол жуынатын бөлмеге барды. Ол қырынды. Ол тісін тазалады. Ол бөлмесіне барды. Ол киініп алды. Ол сағатына қарады. Ол қабырғада ілулі тұрған сағатқа қарады. Олар екеуі бірдей 6:25-ті көрсетіп тұр. Оған тездету қажет. Ол сыртқа көлігіне қарай шықты. Ол жылдам айдады. Ол тоқтау белгісінде тоқтамады. Полицей оны көрді. Полицей оған айыппұл салды. Сіз тоқтауға болмайды деген белгіге неге тоқтадыңыз?" деп сұрады. "Офицер, мен асығыс едім" деді ол. Ол оған айыппұл жазып берді: "Келесі жолы үйіңізден ертерек шығыңыз".
Скрыть текст
      100. Жағажайдағы бір күн
      Ол қалаға жаңадан келген еді. Қала мұхиттың қасына жақын орналасқан еді. Ол жағажайды көріп қайтқысы келген. Ол жаңа құрбы тауып алды. Ол жаңа құрбысына өзін жағалауға апаруын сұрады. Оның құрбысы келісті. Олар жағажайға кетті. Бұл ыстық күншуақты күн болатын. Жағалау адамдарға толы еді. Олар құмға үлкен сүлгіні жайды. Олар суға түсті. Олар судың ішіне кірді. Олар аяқтарымен суда жүрді. Олар сүлгі жайған орындарына қайтып келді. Олар сүлгілеріне отырды. Олар қайықтар мен серферлерді қарап отырды. Олар шағалаларды бақылап отырды. Олар бірнеше дельфинді көрді. Құтқарушы адам олардың қасына жақындап келді. Ол сәлем деді. Олармен біраз әңгімелесті. Олар жағажайда кешке дейін қалатын болды. Олар адамдардың көңіл көтеріп жатқандарын қарап отырды. Олар күннің батуын қарады. Ол үлкен сары түсті болды. Ол мұхиттың ішіне батып кетті. Олар сүлгілерінен құмды қақты. Олар сүлгіні жинастырып машинаға қарай келді. "Бұл керемет болды" деді құрбысына. "Мен жағалауды жақсы көремін. Мені жағалауға бүгін ертіп барғаның үшін саған көп рахмет".
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкое чтение. Том 1, стр.4 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >>