Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 1, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Үлкен ойын
      18 желтоқсанда қар жауып тұрды. Бұл үлкен ойын күні болатын. Үлкен ойын - бұл футбол матчы. Бұл екі жоғары мектептердің арасындағы футбол матчы болатын. Бір мектеп Смолвиллден, ал екіншісі Грэндвиллден еді. Үлкен ойын жыл матчы еді. Матчқа бәрі келген. Бәрі өздерінің командасының жеңгенін қалайды. Бәрі өз қарсыластарының жеңілгенін қалайды. Осы екі команданың жалпы өткізген матчтарының қорытынды есебі тең түскен еді. Смолвилл 40 матчта жеңді. Грэндвилл де 40 матчта жеңіске жеткен. Бұл 81-ші матч еді. Екі ауданның әкімдері бәстескен еді. Жеңіліп қалған әкім жеңген әкімнің үйінің алдындағы қарды тазалауы тиіс еді. Ол басқа әкімінің тротуарын қардан тазалап шығу керек болған. Үлкен ойын тең есеппен аяқталды. Қорытынды есеп 17 : 17 болды. Екі әкім де өте риза болды.
Скрыть текст
      22. Өзіне кофе демдеп алды
      Ол мұздатқыштан кофе түйіршіктерінің пакетін алып шықты. Ол оны мұздатқышта сақтайтын, өйткені қаптама сыртындағы нұсқаулықта осы орын ең жақсы делінген. Ол түйіршіктерді кофемолкаға төкті. Ол кофемолканың кнопкасын басып 10 секунд бойы ұстап тұрды. Кофе ұнтақталған еді. Ол пластикті құйғышқа қағаз сүзгіні қойды. Ол құйғышты кофе кружкасының үстіне қойды. Ол ұнтақталған кофені құйғышқа төкті. Сосын ол құйғышқа ыстық су құйды. Ыстық су ұнтақталған кофенің арасына өтті. Ол кружка толғанша құя берді. Ол сүзгі мен ұнтақталған кофені қоқысқа тастады. Ол кофесі бар кружканы асханаға үстелге апарып қойды. Ол кофе аздап ұрттап , газет оқып отырды.
Скрыть текст
      23. Тұмау да келіп жетті
      Джейсон жаңалықтарды оқып шықты. Ол жаңалықтарды қарады. Ол жаңалықтарды тыңдады. Шошқа тұмауы жақындап келеді. Шошқа тұмауы өте қауіпті. Ол өлімге әкеп соғады. Бұл тұмау қаншама адамның ажалына себеп болды. Сондықтан барлығына екпе жасау керек. Джейсон доңыз тұмауына онша мән бере қоймады. Оның денсаулығы мықты болатын. "Мен, бұқа секілді мықтымын!" - деді ол. "Мен ешқашан тұмаумен ауырмаймын. Мен ешқашан ештеңемен ауырмаймын". Джейсон ток - шоу жүргізушісі. Ол радиода жұмыс істейді. Радио арқылы күніне үш сағат сөйлейтін. Ол: "Мен, шошқа тұмауына қарсы екпе жасатпаймын" - деді. Джейсонға дәрігер қоңырау шалды. Дәрігер оған екпе жасатуын талап етті. Дәрігер: " Менің кабинетіме келіңіз. Мен сізге тегін екпе жасаймын" - деді. Джейсон бас тартты. Ол бұқа секілді мықты болатын. Бір ай өткен соң , Джейсон жұмысқа келмей қалды. Ол жұмыста бір аптада болмады. Ол шошқа тұмауымен ауырып қалды.
Скрыть текст
      24. Нью - Йоркте киім сатып алу
      Мен бүгін "21 ғасырға" бардым. "21 ғасыр" - бұл танымал киім дүкені. Көптеген адамдар содан киім сатып алады. Одан көп пайдалы сауда жасауға болады. Ондағы бағалар өте тиімді. Киімді тиімді бағамен сатады. Мен бүгін қысқы малақай сатып алдым. Мен онымен құлағымды жауып аламын. Қысты күні малақай ішінде құлағым жылы жүреді. Тағы екі жұп былғары қолғап сатып алдым. Қыста оның ішінде қолым жылы жүреді. Екі жұп етік сатып алдым. Қыста аяғым жылы жүреді. Малақай, қолғап және етік үшін 170 доллар төледім. Әдеттегі бағасы 355 доллар. Ал мен бүгін 185 доллар үнемдедім. Бұл дүкенді жақсы көремін. Мен жұбайыма, балаларыма, жолдастарыма осы дүкеннен сатылым жасаңдар деп айтамын. "21 ғасырда" әрқашан адамдар көп болады. Ол дүкен адамдарсыз болмайды. Барлығы бұл дүкенді ұнатады.
Скрыть текст
      25. Бөлме антеннасы
      Брайнның кабель телевидениесі жоқ. Оның спутник телевидениесі жоқ. Оның теледидарға арналған антеннасы бар. Оның бөлмеге арналған антеннасы бар . Бірақ бұл ескі антенна болатын. Қабылдауы нашар . Оған жаңа антенна алу керек болды. Ол "Жақсысын сатып алыңыз" деген дүкенге барды. Антенналар қорапта болған. Ол қораптарды қарап шықты. Ең жақсы қай антенна? деп сұрады сатушыдан. Сатушы : "Мынау ең жақсы антенна", - деді. Ол Брайнға қорапты көрсетті. Брайн бағасын сұрады. "Бағасы қанша?" - деп сұрады ол. Сатушы бағасы 50 доллар болатынын айтты. Брайн антеннаны үйіне алып келді. Ол антеннаның тоғының бір шетін теледидарға жалғады. Ал басқа шетін қабырғадағы розеткаға тықты. Ол теледидарды қосты. Оның қабылдауы нашар болды. Ол антеннаны қайтарып берді.
Скрыть текст
      26. Дөңгелек ауыстыру
      Ол машинасынан шықты. Бірдеңе дұрыс болмай тұр. Ол сол жақтаған артқы дөңгелекке қарады. Оның желі шығып кеткен. Шеге тесіп жіберген шығар деп ойлады. Шинаны ауыстыруға мәжбүр болды. Ол жүксалғышты ашты. Ол қосымша шинаны алып шықты. Ол домкратты да алып шықты. Ол гайка бұрайтын кілтті алып шықты. Ол тесілген дөңгелектің қалпағын алып тастады. Ол домкратпен машинаны көтерді. Ол дөңгелектің барлық төрт гайкасын бұрап алып тастады. Ол машинадан тесілген дөңгелекті алып тастады. Ол қосымша дөңгелекті машинаға кигізді. Ол дөңгелектің гайкасын бекітті. Ол машинаны жерге түсірді. Ол жаңа дөңгелекке қалпақты кигізіп қойды. Ол тесілген дөңгелекті жүксалғышқа тастады. Ол домкрат пен кілтті де жүксалғыштағы орнына салды. Ол жүксалғышты жапты. Ол пәтеріне барып қолын жуды.
Скрыть текст
      27. Өмір бойы жалғыз
      "Мен ешқашан күйеуге шықпаймын" деді Пола. "Міндетті түрде біреуге әйел боласың" деді сіңлісі Джоан. Пола өзінің әдемі еместігін айтты. Еркектер әдемі әйелге үйленгісі келеді. "Мен сені әдемі деп санаймын. Әйтеуір бір еркек саған үйленеді. Анамызға қарашы" деді Джоан. "Анамыз әдемі болмаған, бірақ әкеміз оған үйленген. Сондықтан саған да біреу үйленеді. Әрине, сен біреуге әйел боласың". Пола олай ойламады. Оның жасы 30-да. Ол күйеуге шықпаған. Оның жақын досы жоқ. Соңғы рет оның жақын досы 10 жыл бұрын болған. Ол кездесуге барып көрмеген. Ешқандай ер адам оны кездесуге шақырмаған. "Мен кіммен кездесуге барамын" деді Пола. "Мен қалайша тұрмысқа шығамын, мені кездесуге ешкім шақырмаса?" Джоан оған уайымдамау керектігін айтты. Ол еркекті қалай табуға болатыны туралы ойлай беруін қойғанда, еркекті табады.
Скрыть текст
      28. Ол жалғыз қалды
      Ол Нью-Йоркте тұратын. Жігіті Лос-Анджелесте тұрады. Олар бір-бірін сүйеді. "Мен өзімді жалғыз сезінемін" деді ол. Ол жылайтын. "Сенің отбасың Лос-Анджелесте. Сенің аға-інілерің бар. Сенің апа-қарындастарың бар. Сенің әке-шешең бар. Ал менің кімім бар? Менің ешкімім жоқ. Менің аға-інілерім жоқ. Менің апа-сіңлілерім жоқ. Менің ата-анам Қытайда. Мен үйге пәтеріме күнде кешке келемін. Менімен ешкім амандаспайды. Мені ешкім құшақтамайды. Мені ешкім сүймейді. Менің үлкен бос бөлмем бар. Мен оны жек көремін. Ол сондай үлкен әрі бос". Ол тағы да жылап алды. Ол бет аузын сүртті. "Сен қашан осында көшіп келесің?" деп сұрады. Жігіті: "Менің бастығым маған онда көшіп баруға әлі тағы алты ай рұқсат бермейді – деді, - Менің бастығым сен жаққа қазір көшіп баруға рұқсат етпейді". Қызы: "Саған кім маңызды - сенің бастығың ба, әлде мен бе?" – деді.
Скрыть текст
      29. Ақ дақтар
      Марк шуды естіді. Бұл не шу? Бұл үзіліссіз шығып жатқан. Бұл онша қатты емес шу еді. Бұл үзіліссіз жай дыбысты шу еді. Ол пәтерінің есігін ашты. Ол сыртқа қарады. Көрші үйде сырлаушы адам жүр. Ол сыршашқышпен дуалды сырлап жатыр. Ол сыршашқышпен көрші үйдің дуалын сырлап жатыр екен. Ол дуалды ақ бояумен сырлап жатқан. Марк астыға түсті. Ол өзінің машинасына келді. Оның машинасы қара-көк түсті болған. Ол өзінің қара-көк түсті машинасында ұсақ ақ дақтар жоқ па деп қарап шықты. Ол ұсақ ақ дақтарды байқамады. Ол машинасына отырды. Ол оны көшеге айдап шықты. Ол машинасын көшедегі тұраққа қойды. Ол үйге қайтып келіп жоғарыға көтерілді. Сырлаушы дуалды сырлап болды. Марк көлігіне келді. Ол машинасындағы үлкен ақ дақтарды көрді. Ол жоғарыға ағашқа қарады. Ол ағаш басында қара үлкен құсты көрді.
Скрыть текст
      30. Гольф ойыны бойынша сабақтар
      Тим Говардқа қоңырау шалды. Тимге көмек керек болды. Ол доп таяқпен соққы беріп үйрену жөнінде көмекке мұқтаж болды. Оның соққысы нашар болған. Ол гольфте нашар ойыншы еді. Говардта доп таяқпен соққысы жасау жақсы шығатын. Ол гольфті жақсы ойнайтын. "Сен маған тура соққымды жақсартуға көмектесесің бе?» - деп сұрады Тим. "Иә мен сенің ұрған соққыңды жақсартуға көмектесемін". деді Говард. "Неге сен оны жақсартқың келеді?" Тим: "Бастығым мені гольфті жақсы ойнайды деп ойлайды. Ол менімен келесі аптада гольф ойнағысы келеді". деді. "Келесі аптада?" деп сұрады Говард. "Сен соққыңды келесі аптаға дейін дұрыстағың келе ме? Мен саған көмекте алмаймын". "Неге сен маған көмектесе алмайсың?" деп сұрады Тим. "Өйткені сенің соққы беруің нашар. Оны дұрыстау үшін бірнеше апта кетеді" деді Говард. "Бірақ менде тек бір апта уақыт бар" - деді Тим. Говард Тимге келесі аптада жаңбыр жауып кетсін деп тіле деді. "Жарайды, мен жаңбыр жаусын деп тілеймін" - деді Тим.
Скрыть текст
      31. Сыра жақсы көретін адам
      Хэнк сыраны жақсы көретін. Ол сыраны күнде ішетін. Ол күніне 12 құты сыра ішетін. Ол өзінің жүк көлігін айдағанды жақсы көретін. Ол жүк көлігінде жүріп сыра ішкенді жақсы көретін. Ол босаған сыра құтыларын көлігінің ішіне тастай берді. Бос құтылар жолаушы орындығының астында жататын. Ол ешқашан мас болғанша ішпеген. Ол достарына былай дейтін: "Мен ешқашан мас болғанша ішпеймін". Оның достары оған сенбейтін. "Әрине сен әбден масайғанша ішесің" дейтін олар. "Рульге отырғанда ішімдік ішпе". Ол достарының айтқандарын тыңдамайтын. Бірде Хэнк жұмыстан үйіне келе жатқан. Ол қиылысқа жақындады. Бағдаршамда қызыл жанып тұрған. Ол қызыл түсті көрмеді. Ол полиция машинасымен соқтығысып қалды. Полиция машинасын да көрмеді. Оны қамап қойды. Түрмеде отырған оған ұнамады. Оның сыра ішетін мүмкіндігі болмады. Ол тек су ішуге мәжбүр болды.
Скрыть текст
      32. Мектепке арналған арзан оқулықтар
      Мистер Хупер мұғалім. Ол шағын колледжде ағылшын тілінен бастауыш курстан беретін. Оның студенттері байдың балалары емес. Олардың қалталары қалың емес. Оқулықтар біраз ақша тұратын. Бастауыш курсқа арналған ағылшын тілінің оқулығы қымбат тұратын. Хуперге бір жақсы ой келді. Ол өзінің оқулығын жазды. Ол бастауыш курсқа арнап оқулық жазды. Оқулық 100 беттен тұрды. Ол оқулықты ғаламторға шығарып қойды. Студенттер оны жүктеп жазып алды. Оның студенттері барлық 100 бетті принтерден басып шығарып алды. Жаңа оқулық арзан болды. Оқулықты басып алу да арзанға түсті. Студенттерге жаңа оқулық ұнады. Олар Хуперге ризашылықтарын білдірді. Хупер математика пәнінің мұғалімімен сөйлесті. Мистер Миллер математика негіздерінен сабақ беретін. Оған жаңа оқулық жайлы ой ұнады. Ол өзінің математика негіздері кітабын жазып шықты. Оның студенттері жаңа оқулықты жазып жүктеп алды. Олар жаңа оқулықты принтерден басып шығартып алды. Оларға математика негіздері бойынша жаңа оқулық ұнады. Олар Миллер мырзаға да ризашылықтарын білдіріп жатты.
Скрыть текст
      33. Мұз салынған кофе
      Қарт адам "Бургер-Бургер" атты дәмханаға барды. Оның жасы 82 еді. Кеш батып кеткен. Түнгі он екі жарым. Оның қарны аш еді. Ол бір нәрсе жеп алғысы келген. Дәмханада асты машинаға апарып беретін. Ол екі қабат гамбургер, кофе және картофель фри көбірек порцияға тапсырыс берді. Ол машинасын алдына жылжытты. Ол даяшыға 6 доллар беріп, күтіп отырды. Ол оған екі қабат гамбургер берді. Оның иісі дәмді еді. Ол оны тезірек жеп алғысы келді. Даяшы оған картофель фридің үлкен порциясын әкелді. Оның да иісі дәмді еді. Ол бұны да тезірек жеп алғысы келді. Даяшы оған үлкен стакандағы кофе берді. Ол оны тезірек ішкісі келді. Бірақ оның қақпағы тығыз жабылмапты. Ыстық кофе төгіліп кетті. Ол оның тізесіне төгілді. "Өй" деп ақырып жіберді ол. "Маған мұз беріңіз!" Даяшы оған үлкен стакандағы мұзды берді. Ол оны тізесіне төкті. "А-а", деді ол, - "осылай жақсырақ".
Скрыть текст
      34. Ыстық шоколад
      Донна киінді. Күн суық болатын. Ол жылы күртесін, малақайын киіп, көшеге шықты. Күн суық. Ол аузынан шыққан буды көрді. Ол басқа адамдардың да аузынан шыққан буды көрді. Көшенің бұрышында тұрған үйге келіп, есік қақты. Есікті Уайт ханым ашты. "Сәлем, Донна" - деді ол. " Төрлет, жарқыным. Күн сондай суық. Мен саған бір шыны ыстық шоколад дайындап берейін". Донна үйге кірді. Ол екі шыны ыстық шоколад ішті. Сонан соң Уайт ханыммен қоштасып, келесі бұрыштағы үйге келіп, есік қақты. Есікті Браун ханым ашты. "Сәлем, Донна", - деді ол. " Кіре ғой, жарқыным, күн сондай суық қой. Мен саған бір шыны ыстық шоколад дайындап берейін". Донна: "О, Браун ханым сізге көп рахмет". Скрыть текст
      35. Бұл не қылған ызың?
      "Мен бірдеме естіп тұрмын" деді Бен дәрігерге. "Сіз не естіп тұрсыз?" - сұрады дәрігер. Бен ызыңды еститін. Ызың масаның ызыңы сияқты естілетін. Ызың оның құлағында маса жүрген секілді естілетін. "Қай құлағыңызда?" - деп сұрады дәрігер. " Екі құлағымда" - деді Бен. "Сіз ызыңды әрқашан естисіз бе?" сұрады дәрігер. "Иә мен бұл ызыңды әрқашан естимін" деді Бен. Дәрігер Беннің сол құлағын қарады. Дәрігер Беннің оң құлағын қарады. "Менің құлағымда масалар бар ма?" сұрады Бен. "Жоқ" деді дәрігер. "Сіздің құлағыңызда масалар жоқ". "Онда мен неге ызылдаған дауыс естимін?" - деді Бен. "Сізде тиннитус" деді дәрігер. "Тиннитус? Ол не сонда?" - деп сұрады Бен. Дәрігер теннитус деген бұл құлақтағы ызың деді. "Сіз мені бұл нәрседен арылта аласыз ба?" сұрады Бен. "Жоқ арылта алмаймын. Сізге осы ызыңмен бірге өмір сүруге тура келеді" деді дәрігер.
Скрыть текст
      36. Үретін ит
      Оның көршісінің иті үнемі үреді. Ол таңертеңнен кешке дейін үреді. Кевин алдыңғы және артқы есіктің жанынан өткен сайын ол үреді. Біреу өткен сайын ол үреді. Ол үйдің басқарушысына бұл жөнінде айтты. "Осы әйелдің иті үнемі үреді", - деді ол. Үйдің басқарушысы сол әйелмен сөйлесетінін айтты. Алайда ол онымен сөйлескен жоқ. Кевин иттің үргенін тоқтатуын қалады. Өзі кішкентай ит болатын. Иттің аузы өзінен үлкен болатын. Кевиннің қолынан не келеді? Бірде ол итке; "Ақымақ ит, аузыңды жап!"- деп айғайлады. Ит Кевинге үрді. Әйел ашуланды. Ол Кевинге айғайлады. "Сахар, ақымақ емес. Оны ақымақ демеңіз" - деді ол. "Ол сізден әлдеқайда ақылдырақ".
Скрыть текст
      37. Жәй жөтел ғой
      Телерепортер жөтеліп қалды. Сосын ол тағы да жөтелді. Басқа телерепортер уайымдап кетті. "Сенің жағдайың жақсы ма?" деп сұрады ол. Ол жауап бере алмады. Ол жөтеліп жатқан еді. Ол жөтеле берді. Басқа репортер 911 нөмірін терді. "Бұл қандай жедел шаруа?" деп сұрады 911 қызметкері. "Мен құрбым өлім аузында тұр деп ойлаймын" деді репортер. "Сіздің мекенжайыңыз қандай?" деп сұрады 911 қызметкері. "Біз Вест Хилл де нөмірі 123 мекенжайы бойындамыз" деді репортер. "Қазір сіздерге біреу барып қалады" -деді 911 қызметкері. Бірақ сол кезде әлгі әйел жөтелуін тоқтатты. Ол бәрі ойдағыдай деді. Ол басқа репортерға ризашылығын білдірді. Ол: "Оқасы жоқ" - деді. Ол тағы да 911 қызметіне қоңырау шалды. Ол құтқару қызметінің қажет еместігін айтты. Ол құрбысының қалы жақсы екенін айтты. Ол өлмейді. Ол өмір сүретін болады. 911 қызметкері бұны естігеніне қуанышты болды.
Скрыть текст
      38. Асүйдің едені су (1)
      Эдди сэндвич жасаған. Ол оны түскі асқа дайындаған. Ол оны күркетауықтан дайындап жатқан. Ол тостерге екі тілім нанды қойды. Ол тостердің тұтқасын астыға басты. Ол тоңазытқыштан шамалы күркетауық етін алды. Ол күркетауықты бөлшектерге кесіп қысқатолқынды пешке қойды. Ол пиязды кесті. Ол қызанақты тілді. Ол нанды тәрелкеге қойды. Ол күркетауық етін нанның үстіне қойды. Ол нанға пиязды қойды. Ол нанға қызанақты қойды. Ол сэндвичті жеді . Ол тәрелкені жуды . Ол пышақты жуды. Ол асхананың еденіне қарады. Еденде су. Қай жерден ағып тұр. Ол раковинаның астын қарады. Ол қоқыс ұсақтағышқа қарады. Су соның астынан тамып тұр. Су асүйдің еденіне ағып жатқан. Қоқыс ұсақтағыш ескі болатын. Эддиге оны ауыстыру керек болды.
Скрыть текст
      39. Асүйдің едені су (2)
      Қоқыс ұсақтағыш ескі болатын. Ол су жіберіп тұрған. Эддиге оны ауыстыру керек болды. Ол өзінің құрал-саймандары жатқан жәшігін ашты. Ол одан бұрауышты алды. Қоқыс ұсақтағыштың үш бұрандасы болды. Ол оларды бұрап алды. Ол қоқыс ұсақтағышты алды. Ол оны асүйдің еденіне қойды. Ол оны дүкенге алып барғысы келген. Ол дүкеннен дәл сондай жаңасын алғысы келді. Бірақ бір мәселе бар. Қоқыс ұсақтағыш кабельге жалғанған еді. Бұл элекр кабелі болатын. Эдди электр тоғы жайлы жақсы білмейтін. Ол электрмен жұмыс жасау қауіпті екенін білетін. Ол электр тоғы өлтіретінін білетін. Ол қоқыс ұсақтағышты орнына салып қойды. Ол бұрандаларды бекітті. Ол изолентамен қабырғадағы электроажыратқышты орап тастады. Ол қоқыс ұсақтағышты қоса алмады. Ол үйдің меңгерушісіне хабарласты. Ол меңгерушіге қоқыс ұсақтағышты ауыстыру керектігін айтты.
Скрыть текст
      40. Мұғалімнің басы айналды
      Мұғалім сыныпқа кірді. Ол: "Барлығыңа қайырлы кеш" - деді. "Қайырлы кеш, мұғалім мырза" - деп жауап берді оқушылар. Ол өзінің үстеліне жақындады. Ол үстелге сөмкесін қойды. Ол сөмкесін ашып ішінен блокноты мен кітаптарын шығарды. Кенет ол басының айналғанын сезді. Бөлме айналды. Ол отырды. Оған не болды? Ол үстелге қолын қойды. Үстел де айналды. Ол көзін жұмды. Ол көзін ашты. Ол не істерін білмеді. Не болды? Ол орындықта отыр. Бірақ ол ауада ұшып жүргендей сезінді. Бірақ ол ауада ұша алмайды ғой. Ол орындықта тағы бірнеше минут отырды. Оқушылар бір-бірімен сөйлесіп жатыр. Олар мұғалімнің қалай сезінгенін білмеді. Бірақ ол өзін қалай сезініп тұрғанын айтпады. Ол ештеңе демеді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкое чтение. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.3  >>