Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 1, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Тіс тазалау
      Ол жуынатын бөлмеге кірді. Ол тіс пастасының қақпағын ашты. Ол тіс щеткасына тіс пастасын біраз тамызды. Ол суық суды ағызды. Ол үстіңгі тістерін тазалады, сосын тіс пастасының біраз бөлігін түкірді. Ол астыңғы тістерін тазалап, тағы да тіс пастасының біраз бөлігін түкірді. Ол тіс щеткасын жуды. Ол тіс щеткасын орнына қойды. Ол ыдысқа су құйып, аузын шайқады. Ол аузын шайып болған соң, жуынатын бөлмеден шықты.
Скрыть текст
      2. Лоторея билетін сатып алдым
      Ол шарап дүкеніне кірді. Ол лотерея билеттерін сататын бөлімге қарай барды. Ол СуперЛотерея формасын алды. Ол алты санды белгіледі. Ол оның және анасының туған күнінің нөмірі еді. Ол лотерея бөліміне жақындап қолындағы форманы берді. Сатушы форманы машинаға салды. Сатушы оған алты нөмір жазылған билетті шығарып берді. Ол сатушыға бір доллар берді. Сатушы: "Сәттілік тілеймін" деді. Ол сатушыға алғыс білдіріп дүкеннен шықты. Ол өзінің билеті миллион доллар ұтатынына үміттенді.
Скрыть текст
      3. DVD қарау
      Ол қаптамадан DVD-ді алды. DVD-де "Тірі қалу" телесериалының 2 маусымы бар . Ол пультті DVD-ге бұрды. Ол пульттегі "Ашу" кнопкасын басты. Плеерден диск салғыш шықты. Ол плеер тартпасына DVD-ді қойды. Ол пульттегі "Жабу" кнопкасын басты. Плеер тартпасы қайта ішке кірді. Теледидардың бетінде сөз пайда болды. Онда ФТБ DVD мен заңсыз әрекеттер жасағандарды қамауға алады делінген. Сосын "2-ші маусым" деген сөз бен сурет пайда болды. Ол пульттегі "Қайта бастау" кнопкасын басты. Фильм басталды.
Скрыть текст
      4. Киіну
      Ол іш киімін киді. Ол шалбарын киді. Ол белбеуді шалбардың ілмектерінен өткізіп алды. Ол қара шұлық киді. Сосын ол қоңыр туфли киді. Ол бауын байлады. Ол тұрды да, шкафқа барды. Ол гольф ойынына арналған қысқа жең көйлекті тауып алды. Ол ақшыл көк түсті . Ол оны басынан өткізіп киіп алды. Ол көйлекті шалбардың ішіне салды. Ол шалбардың замогын салып, белбеуін тақты. Ол айнаға қарады. Ол көйлектегі үш түймені тақты. Ол жағасының түзу тұрғанына көзі жетті. Ол қалтасына кілті мен әмиянын салды. Ол пәтерінен шықты.
Скрыть текст
      5. Кілемді шаңсорғышпен тазарту
      Ол кілемде ұсақ заттар қалып қоймағанын тексерді. Ол қағазға арналған скрепка мен резеңке көрді. Ол оларды алды. Оларды кішкентай қорапқа салып, ас үйдегі үстелдің тартпасына салып қойды. Ол шаңсорғышты электр желісіне қосты. Ол кнопканы басты. Мысық бөлмеден қашып кетті. Ол қонақ бөлмені тазарта бастады. Ол артқа, алдыға жүріп отырды. Он минуттан соң аяқтады. Жасыл кілем таза болып көрінді. Ол қабырғадағы розеткадан тоқты суырып алды. Ол шаңсорғышты кіреберістегі шкафқа апарып қойды. Мысық қонақ бөлмеге қайтып келді. Ол диванның арқасына мініп алды. Ол терезеден құстарға қарап отырды.
Скрыть текст
      6. Жаңа туфли
      Ол жас қыз. Оның аяқ киімі ескі. Ол бұл аяқ киімін жұмысқа киеді. Ол жұмысқа аптасына бес рет барады. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді. Ол даяшы болып жұмыс істейді. Ол мейрамханада жұмыс істейді. Мейрамхана үйінің қасында орналасқан. Ол мейрамханаға жаяу барады. Ол күні бойы тұрып жұмыс істейді. Ол жас және мықты. Бірақ оның аяқ киімі мықты емес. Оның аяқ киімі ескі. Ол газеттегі жарнаманы көрді. Аяқ киім дүкеніндегі барлық аяқ киімдерге жеңілдік болатын. Ол дүкенге кірді. Ол жан-жағына қарады. Ол бір қара аяқ киімді көрді. Бұл аяқ киім жақсы көрінетін. Ол бұл аяқ киімді киіп көрді. Бұл аяқ киім қолайлы болатын. Бұл аяқ киім аяғына жақсы келді. Аяқ киімнің бағасы 25$ ғана болатын. Ол қолма-қол ақша төледі. Ол жаңа аяқ киімімен үйіне жетті. Ол өзін жақсы сезінді. Ол келесі күнгі жұмысқа дайын болатын.
Скрыть текст
      7. Қонақ үйдегі микробтар
      Ол қонақ үйге хабарласты. Ол бір түнге бір бөлмелі нөмір сұрады. Ол қонақ үйге келді. Ол қонақ үйдің ішіне кірді. Портьер оған бөлменің кілтін берді. Ол өзінің бөлмесіне кетті. Ол кереуеттің жаймасын алып тастады. Ол жастықтың қабын алып тастады. Ол әжетханаға кірді. Ілгіште ілулі тұрған орамалды алып тастады. Ол сабын салғыштағы кішкентай сабынды лақтырды. Ол жол сөмкесін ашты. Ол екі жайманы шығарды. Ол екі қапты шығарды. Ол орамалды шығарды. Ол таза сабын шығарды. Ол кереуетке жайманы жайды. Ол жастықтарды қаптады. Ол ілгішке орамалын ілді. Ол сабын салғышқа сабынды салды.
Скрыть текст
      8. Жаңа велосипед
      Бұл жаңа, қызыл велосипед. Бұл жап-жаңа, қызыл велосипед болатын. Ол өзінің жап-жаңа велосипедін жақсы көретін. Оған 300 доллар төлеген еді. Бұл тауға шығатын он екі жылдамдығы бар велосипед еді. Ол барлық жерге велосипедпен баратын. Ол шұғыл төмпешіктерге көтеріліп түсетін. Лас жерлер мен тротуармен жүретін. Қаланың көшелерін кезетін. Ол жаңа велосипедке құлып сатып алды. Құлып - мықты. Оны елу долларға сатып алды. Үнемі велосипедті кілттеп, бекітіп қоятын. Бір күні кешкісін кітапханаға барды. Ол велосипедті арнайы жердегі діңгекке кілттеп қойды. Кітапханаға кірді. Ол онда екі сағат отырды. Кітапханадан шығып, велосипед діңгегіне барғанда, ол велосипедтің жоғалып кеткенін байқады. Велосипедтің құлпы жерде екіге бөлініп шашылып жатыр.
Скрыть текст
      9. Тост әзірледі
      Ол қаптамадан нанды алды. Ол ас үйдегі жылжымалы жәшіктен пышақты алды. Ол тоқашты ортасынан кесті. Ол абайлап кесті, өйткені тоқашты кеу қиын. Егер пышақ тайып кетсе, ол саусағын тіліп алуы мүмкін. Ол тоқаштың әр бөлігін тостерге салды. Ол тостердің тетігін астыға қарай басты. Бір минуттан соң тоқаштың екеуін де тостерден алып шықты. Ол оларға май жақты. Сосын ол тілімді қысқатолқынды пешке қойды. Ол қысқатолқынды пешті 15 секундқа қойды. Ол тілімдер суысын деп бірнеше секунд күте тұрды. Сосын ол тілімнің біреуін тістеді. Ол ыстық әрі жабысқақ болды. Ол өте дәмі болған. Ол оны кофеге батырып алды. Ол тағы бір рет тістеді. Енді ол шикі, әрі жабысқақ болып шықты.
Скрыть текст
      10. 30 жылға кешікті
      Ол подвалдан кітап тауып алды. Бұл өте ескі кітап. Кітапты ашып көрсе, кітапхана кітабы екен. Бұл кітапхананың ескі кітабы, өйткені кітаптың алғашқы бетінде кітапхана карточкасы бар. Онда кітапты қай уақытта кітапханаға қайтару керектігі көрсетілген. Уақытына қараса, қайтару уақыты бұдан 30 жыл бұрын өтіп кетіпті. О, құдайым! Төлем ақысы қаншаға өсті екен! Мен, қанша қарыз болдым екен. Ол не істерін білмей, ойланып қалды. Мен бұл кітапты лақтырып тастайын, ешкім біле қоймас. Ол кітапты қоқыс жәшігіне тастады. Өз ісіне өкініп, қатты ыңғайсызданды. Мен кітапты қоқыс жәшігіне тастамауым керек еді - деп ойлады. Сөйтіп, кітапты қайтадан қоқыс жәшігінен алды.
Скрыть текст
      11. Ешкі сатып алу керек
      "Мен газон шапқанды жек көремін", - деді Гил. "Апта сайын газон қырқуға тура келеді. Апта сайын алты ай бойы газон қырқуға мәжбүрмін. Не істей аламын?" "Саған оны қазып тастау керек", - деді Бренда. "Барлық шөпті жұлып таста. Аулаға төсем жаса. Бетон аула жаса. Сонда саған газон қырқып отыру керек болмайды. Шөп өседі, ал бетон өспейді". Гил бұл жаман идея деп ойлады. "Бұл жаман идея", - деді ол. Бетон ыстық болады. Бетон әдемі емес. Бетон қатты. "Ешкім бетон ауланы қаламайды", - деді ол. "Менде басқа идея бар", - деді Бренда. "Ешкі сатып ал. Ешкі барлық шөпті жейді. Ешкі шөп жегенді жақсы көреді. Итіңнен құтыл. Итің шөп жемейді. Итің жалқау. Ешкі - ынталы жұмысшы". Гил бұл жақсы идея деді.
Скрыть текст
      12. Қуырылған жұмыртқа
      Ол табаға кішкене өсімдік майын құйды. Пешті қосты. Тоңазытқышты ашып жұмыртқа алды. Кішкене тегешке жұмыртқаны жарды. Жұмыртқа қабығын ас қоқысын салатын пакетке салды. Май қызған соң жұмыртқаны табаға құйды. Екі минуттан кейін , жұмыртқаны аударды да, тағы екі минут қуырды. Пешті сөндіріп, қуырылған жұмыртқаны табадан алды. Жұмыртқаны кішкене тарелкаға салды. Жұмыртқаға тұз бен бұрыш септі. Ас бөлмедегі шкафтың тартпасынан шанышқы алды. Ол тарелка мен шанышқысын алып, ас бөлмедегі үстелге жақындап отырды. Дәмін татып көрді. Өте дәмді болыпты.
Скрыть текст
      13. Жолы болған бақытсыз
      Сэмми лоторея ұтып алды. Ол бақытты еді. Ол шаттықтан секіріп жүрді. "Мен лоторея ұтып алдым! Мен енді баймын! Өмір тамаша ғой! "-деп айқайлады ол. Ол онлайн нөмірлерді тағы да тексерді: 2, 22, 3, 33, 4, 44. Иә, бұл ұтыс нөмірлері болатын. Иә, бұл оның билетіндегі нөмірлер еді. Мега нөмір 44 еді. Билетінің мега нөмірі 44 болды. Ол енді бай болды! Оның билеті салықтарды шегергенде 41 милилион тұрды. Ол үй сатып алмақшы болды. Ол жаңа машина сатып алып алмақшы. Ол жаңа катер алмақ болды. О, өмір неткен тамаша! Ол өзінің билетін шарап дүкеніне алып келді. Ол оны сатушыға көрсетті. "Мен ұтып алдым! Мен ұтып алдым!" деді ол сатушыға. Сатушы нөмірді тексерді. "Сіз ұтып алдыңыз! Сіз ұтып алдыңыз!" - деді ол. Сосын сатушы Сэммидің билетін алып дүкеннен қашып кетті.
Скрыть текст
      14. Бетті қыру
      Ол жуынатын бөлмеге кірді. Ол суды қосып, бетін жуды. Ол қырынуға арналған кремді алды. Ол саусағымен шамалы крем алды. Ол кремді бүкіл беті мен мойнына жақты. Ол ұстараны алды. Ол бетінің екі жағын да қырып шықты. Сосын ол үстіңгі еріннің үстін қырды. Сосын ол иегін қырды. Сосын ол мойнын қырды. Ол мойнын астынан үстіге қарай қырды. Ол мойнындағы жұтқыншақтың маңын абайлап қырып шықты. Ол ұстараны тазалап жуды. Ол бетінен қырынуға арналған кремнің қалдықтарын жуып тастады. Ол бетін сүлгімен сүртіп, айнаға қарады. Оның бетінде қырыну кремі қалмаған еді. Қырыну аяқталды.
Скрыть текст
      15. Сәбіздi аршу
      Ол холодильникті ашты. Холодильниктен бір сәбізді алды. Ол шкафтан көкөніс тазалағышты алды. Ол сәбізді тазалады. Ол сәбізді ақ тәрелкеге салды. Ол көкөніс тазалағышты жуды. Ол сәбіздің ұштарын алып тастады. Оларды ақ тәрелкеге салды. Ол сәбізді турады. Ол сәбізді екіге бөлді. Ол пышақты жуды. Ол сәбіздің бір бөлігін тұздады. Ол сәбіздің бір бөлігін көгілдір түсті тәрелкеге салды. Ол көгілдір тәрелкені үстелдің үстіне қойды. Көгілдір тәрелке осыған арналған. Ол ақ тәрелкені еденге қойды. Ақ тәрелкеге үй қояны жүгіріп келді. Ол тәрелкедегі барлық тамақты жеп қойды. Қоянға тұз себу қажет емес.
Скрыть текст
      16. Әлдебіреу оны шағады
      Джо дәрігерге барды. Оның барлық денесінде шаққан қызыл іздер болды. Оның бетінде шаққан іздер болды. Оның кеудесінде шаққан қызыл іздер болды. Оның арқасында шаққан қызыл іздер болды. Оның аяғында шаққан қызыл іздер болды. Бірақ оның білегі мен өкшесінде шаққан қызыл іздер болған жоқ. "Неге сіздің өкшеңізде шаққан қызыл іздер жоқ? Неге сіздің білегіңізде шаққан қызыл іздер жоқ? - деп сұрады Браун дәрігер. "Мен білмеймін. Мен емделушімін, ал сіз дәрігерсіз. Неге менің барлық денемде шаққан қызыл іздер?"- деп сұрады Джо. Дәрігер оны шаққан бүрге деп айтты. "Сізде бүрге", - деді дәрігер. "Сіздің итіңіз бар ма?" Джо итінің жоқ екенін айтты. "Онда итті асырап алыңыз", - деді дәрігер Браун. "Маған иттің не қажеті бар?" - сұрады Джо. "Себебі бүргелер сізді емес, итіңізді шағады", - деді дәрігер Браун.
Скрыть текст
      17. Жаңа отбасы
      "Қазір бала тууға тым қартайғанмын" - деді Ким өзінің құрбысына. "Бірақ менде көп ақша бар. Менде бала асырап алу үшін қаражатым жеткілікті. Мен екі баланы асырап алмақшымын ұл және қыз." Ким бала асырап алу бойынша агенттігіне барды. Ой айтты: "Мен екі бала қалаймын. Мен кішкентай ұл мен қызды қалаймын". Агенттіктегі әйел жақсы деді. Ол Кимге көптеген қағаздарды толтыру керектігін айтты. Кимге әртүрлі көптеген үлгілерді толтыру керек болды. Ким оларды толтырып жазып болған соң ол қағаздарды әлгі әйелге берді. Әйел Кимге қазір оның күте тұруы керектігін айтты. Ол екі балақайды күтуі керек еді. "Маған қанша ұзақ күту қажет?" деп сұрады ол. Әлгі әйел оған мүмкін кемінде бір жылдай күтуі керектігін айтты. Ким айтты: "Жарайды. Мен бір жыл күте аламын".
Скрыть текст
      18. Қал
      Оның бетінде қалы бар еді. Ол оны жек көретін. Ол оның сол жақ бетінде еді. Ол оның ауызына жақын шыққан. Ол оны әр күн сайын ұстай беретін. Ол оның жоғалып кеткенін қалады. Ол бір ол кетпеді. Оның бетінде қоңыр көріксіз дөңес орын болды. Бұл қарындаштың өшіргішінің өлшеміндей қара-қоңыр түсті дөңгелек болатын. Оның қалы бәріне көрініп тұратын. Бәрі оның қалына қарай беретін. Ол өзінің қалын ұнатпайтын. Әр кеш сайын ол бетін күштеп тырналайтын. Күн сайын ол қалын саусағымен батырып әурелейтін. Мүмкін ол қалын сығып тастай алатын шығар. Ол анасынан қалын ұстарамен алып тастауын өтінді. "Мен оны ұстарамен кесе алмаймын" - деді анасы. "Мен дәрігер маман емеспін. Біз екеуміз дәрігерге барып көрейік. Мүмкін ол қалыңды ұстарамен кесіп алып тастайтын шығар".
Скрыть текст
      19. Тағы ұмытып кетті
      Майкл қатып қалған бурритоны (ішінде еті ,ірімшігі және бұршағы бар қамыр қабатты наны) қысқатолқынды пешке салды. Ол отырып газет оқи бастады. Ол спорт бөлімін оқып отырды. Ол тұрды. Ол қысқатолқынды пешке жақындады. Ол бурритоны алды. Ол ыстық болмаған.Ол жылы болып тұрды. Ол әліде қатып жатқан еді. Ол пешті қосуды ұмытып кеткен екен. Ол қысқатолқынды пешті қосып тағы үстелге отырды. Майкл кәстрөлге су толтырды. Ол кәстрөлге екі жұмыртқаны салды. Ол кәстрөлді плитаға қойды. Ол таймердің уақытын 15 минутқа қойды. Ол отырып газетін оқи бастады. Ол бизнес бөлімін оқып отырды. Таймер қосылды. Ол тұрды. Ол плитаға барды. Су қайнамаған екен. Ол қан жылым болды. Ол әліде салқын болған. Ол газ шілтерін жағуды ұмытқан екен. Ол шілтені жақты. Ол қайтадан таймер бұрап койды.
Скрыть текст
      20. Қоңыр дақтар
      Ол салат - латукті турады. Онда қоңыр дақтар болды. Сонан соң авокадоны турады. Онда да қоңыр дақтар бар. Енді алма мен бананды турады. Оларда да қоңыр дақтар бар екен. Барлығында да қоңыр дақтар! Қоңыр дақтар қайдан келді? Ол бұл қоңыр дақтарды жек көрді. Қоңыр дақтарды салат - латуктен, авокадодан, алмадан және бананнан сылып алып тастады. Қоңыр дақтары бар кесінділерді қоқыс шелегіне тастады. "Қош болыңдар, қоңыр дақтар! Мен сендерден құтылдым. Мен барлығыңнан құтылдым. Менің жаңа дайындалған тағамымнан аластаңдар" - деді ол. Қоңыр дақтар: "Сен, біздерден осы жолы ғана құтылдың. Бірақ, біз әлі күндердің күнінде қайтып келеміз" - деді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.2, стр.4 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.2  >>