Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 3, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Теннис ойнын бақылау
Дороти теннис ойнын қарап отыр. Ол өзінің мектебінде өтіп жатыр. Оның мектебі басқа мектеппен сайысқа түсті. Теннис командасында оның әпкесі ойнайды. Доротиға әпкесінің ойнын тамашалаған ұнайды. Теннис ойнын қарау шыдамдылықты талап етеді. Оған әсіресе қатты соққылар ұнайды. Әпкесінің соққылары шынында да қатты еді. Әпкесі барлық үш ойында да жеңіске жетті. Оның мектебі жеңіске жетті. Олар үлкен алшақтықпен жеңіске жетті. Доротиға ойынды бақылау және әпкесіне күш беру қызықты еді. Сонымен қатар ол командадағы достарына да күш беріп отырды. Дороти әпкесін жеңісімен құттықтады.
Скрыть текст
62. Мектептегі түскі ас
Балалар мектептегі түскі асты онша жақтырмайтын. Олар өте дәмсіз болатын. Кейде оларға еттің орнына түсініксіз бірдеңелер беретін. Бүгін оларға хот-дог берді. Ондағы шұжықтардың түсі бір түрлі еді. Нан да қаттылау және бүгінгі піскен нан емес еді. Түскі ас тегін берілетін. Көп балалар шағымданбайтын. Бірақ та мұндай түскі ас денсаулыққа пайдалы емес. Оқушылар тамақ туралы шағым жазуды шешті. Олар астың денсаулыққа пайдалы, жаңа дайындалған болғанын қалады. Олар көп қол жинады. Мектеп басшылары балалардың сөзін қолдауды жөн деп санады. Олар тамақ тізіміне жаңа тамақ түрлерін қосты. Оқушыларға енді салат, йогурт бере бастады, ал хот-дог пен гамбургерді тамақ тізімінен алып тастады. Балалар қуанды. Тамақ енді жеуге тұрарлық болды.
Скрыть текст
63. Сатып алуға құштар адам
Мишель жаңа ғана ғаламтор арқылы сатып алу мүмкіндігін біліп алды. Мұның ыңғайлы екені ұнады. Оған компьютерден алыстаудың қажеті жоқ. Тек қана теріп, басу керек. Технология - керемет нәрсе! Ол мектепке оқулық сатып алмақшы болды. Кейін ол ұялы телефонына қап іздеді. Ол жолақты дизайнды қапты сатып алды. Кейін ол киім сайтына кірді. Ол 100 долларға киім алды. Оның бөлмесіне әпкесі кірді. Ол оның қанша сатып алғанын байқады. Оны әпкесі бөлмесінен шығарып жіберді. Мишельге енді ғаламтор арқылы сатып алуға тиым салды
Скрыть текст
64. Көңілсіз күн
Бүгін Кенде сабақ болған жоқ. Кенге бүгін үйдегі жұмысты жасау керек емес. Кен бүгін жұмыс істемеді. Ол үйде жалғыз болды. Оның демалыс күні. Әдетте оның қолы бос емес. Ол екі сағат теледидар көрді. Оның іші пысты. Ол видео ойындар ойнады. Оның тағы іші пысты. Ол кафеге барды. Ол кофе мен нанға тапсырыс берді. Ол оны жеп қойды. Оның тағы іші пысты. Ол паркте жүгірді. Оның іші пысты. Ол достарына қоңырау соқты. Олардың қолы бос емес еді. Ол өзінің бос болмағанын қалады. Ол жұмысқа қоңырау соқты. Бастығынан офисқа келуге бола деп сұрады. Бастығы күліп жіберді. Кен қоңырауды қойды. Қандай көңілсіз күн.
Скрыть текст
65. Суретке түсу күніндегі келеңсіз жайттар
Норт шағын ауданындағы оқушылар мектеп формасын киюлері керек болатын. Бірақ Суретке түсу күні саналмайтын. Бұл күні оқушылар не кисе де өздері білетін. Қыздар бұл мүмкіндікті пайдаланып көйлектерін киетін. Ұлдар болса бұл күні күнделікті киімдерін киетін. Джимми өзіне бәрінің назарын аударғысы келді. Ол дөрекі сөз жазылған жейдесін киіп келді. Ол дәлізде ары-бері жүрді. Адамдар оны байқады. Оның жоспары іске асты. Оны мұғалім көріп қойды. Оны келеңсіздік күтіп тұр. Ол қаша жөнелді. Ол қыздар дәретханасына кіріп кетті. Ол жақтан оны ешкім таппайды.
Скрыть текст
66. Кофенің көмегі
Эми 24 сағат бойы ұйықтамауға бәстескен еді. Басында бәрі оңай болды. Ол күнделікті істерімен айналысып жүрді. Ол мектепке барды. Ол музыка үйірмесіне барып, пианинода ойнап жаттықты. Ол үй тапсырмасын дайындады. Үй шаруаларын бітірді. Ол біраз уақытты достарымен өткізді. Түн ортасында оған сергек болу қиынға түсті. Оның ата-анасы ұйықтап жатқан. Достары да ұйықтап жатты. Ол немен айналысатынын білмеді. Ол теледидарды қосты. Қызықты ештеңе көрсетіп жатқан жоқ. Ол кітап оқыды. Бұдан қатты ұйқысы келді. Эмми өкіне бастады. Ол ас үйге барды. Ол өзіне кофе демдеп алды. Ол үш шыныаяқ кофе ішті. Ұйқысы ашылып кетті.
Скрыть текст
67. Рюкзак сəннен шықты
Джоаннаның көк түсті рюкзагы бар. Ол онымен бір ай бойы жүрді. Ол енді сондай əдемі болған жоқ. Ол өткен жылы сəнді болатын. Биыл рюкзак сəннен шықты. Барлық танымал қыздар сөмкемен жүреді. Бай қыздар дизайнерлік сөмкемен жүреді. Қазір рюкзакты тек жігіттер ұстайды. Алайда Джоанна əлі де рюкзакпен жүр. Бір жаман қыз оны мазақтап, күлді. Джоанна қызарып кетті. Ол өзін сондай жайсыз сезінді. Үйде ол өз рюкзагын қоқыс шелегіне лақтыра салды. Анасы рюкзакты сонда көрді. Ол Джоаннадан не болғанын сұрады. Джоанна болған жағдайды айтып берді. "Оны тастауға болмайды. Ерекше бол", - деді анасы. Джоанна анасының айтқанын дұрыс деп шешті. Ол рюкзакты қайтадан алды.
Скрыть текст
68. Тұйық бала
Рамирес мырза оқушыларының сабақта еркін сезінулерін қалайтын. Бұл оның бірінші мақсаты болатын. Ол өзін игі іс жасап жүрмін деп ойлайтын. Оқушыларының арасында тұйық бала болатын. Оның достары жоқ. Ол сыныпта презентация жасамайтын. Ол сабақ айтуға ешқашан қол көтерген емес. Оның аты Брэндон. Бәрі оны тұйық бала деп атайтын. Тұйық бала қандай мағына береді? Рамирес мырза тек оның қалай күлетінін көргісі келді. Ол оған әзілдер айтты. Тұйық бала күлмеді. Ол жай кітап оқуын жалғастырды. Рамирес мырза оған күлкілі әңгіме айтты. Тұйық бала күлмеді. Рамирес мырза оған әдемі суреттер көрсетті. Тұйық бала жымиды. Рамирес мырза бақытты. Ол тұйық баланың суретке бейім екенін білді.
Скрыть текст
69. Көп міндеттер
Мэдисон жақында жүргізуші куәлігін алды. Ол бақытты. Қазір оның бос уақыты көп. Ол қазір қалаған жеріне бара алады. Енді оған мектепке жаяу барудың қажеті жоқ. Ол өз көлігімен достарына қонаққа бара алады. Медисонның Лиза деген сіңілісі бар. Лиза 14 жаста. Оның мектептегі сабағы таңғы сағат 8-де басталады. Мэдисонның ата-аналары Лизаны күнде таңертең мектепке апарып тастауын сұрады". Маған ерте тұрудың қажеті не?" – деп сұрады Мэдисон. "Жүргізуші куәлігі сені көп міндеттерге жүктейді", - деді анасы. Ата-анасы одан азық-түлік алып келуін сұрады. Мэдисонға енді куәлігінің болғаны ұнамады.
Скрыть текст
70. Маңдайдағы безеу
Джеймс оянды. Оның мектепке жиналуы керек еді. Ол айнаға қарады. Оның маңдайында үлкен қызыл ісік тұр. Бұл безеу болатын. Ол өзін жайсыз сезінді. Ол оның болмағанын қалады. Ол бетін жуды. Безеу сол күйінде тұр. Ол оны саусақтарымен қысты. Ол бәрібір тұр. Ол одан да жаман болып кетті. Ол қып-қызыл еді. Ол оны жасырып қоюға тырысты. Ол әпкесінің опа-далабы сұрады. Әпкесі оған күлді. Оны ұмыту керек деп ойлады . Кейін ол компьютерін қосты. Ол безеуден қалай құтылу керектігі туралы түрлі кеңестер іздей бастады. Оған тек сабыр сақтау керек болды.
Скрыть текст
71. Көшіргіш құрбы
Анна ашуланды. Кейт одан көшірді. Кейт математикадан бақылаудың бірде бір сұрағының жауабын білмеді. Ол Аннадан жауаптарын көшіріп алды. Мұғалім бұл туралы біліп қойды. Ол екеуіне де ашуланды. Анна Кейттің көшіргенін білмегенін түсіндірді. Кейт екеуінің келіскенін айтты. Кейт шындықты айтпады. Мұғалім екеуін де жазалады. Олар екеуі де бақылаудан екі алды. Анна Кейтті жек көріп кетті. Олардың ортақ достары болған. Анна Кейттің іс-әркеттерін айтып берді. Олар барлығы Кейтпен дос болмаймыз деп келісті. Түсте Кейт үстелдің басында жалғыз отырды.
Скрыть текст
72. Бір-біріне сай келмейтін шұлықтар
Меруерт мектепке жиналып жатыр. Ол бір қызғылт шұлықты алды. Ол екіншісін тауып алуға тырысты. Оны тауып алу оңай. Қызғылт түс басқаларына қарағанда тез көзге түседі. Әсіресе ақ шұлықтардың арасында. Бірақ ол оны таба алмады. Ол төсектің астын қарады. Ол оны кір жуатын машинаның ішінен іздеді. Ол оны кептіргіштен іздеді. Ол кір киім салатын кәрзеңкені қарады. Оны ешқай жерден таба алмады. Ол мамасынан қызғылт шұлығын көрмеді ме деп сұрады. "Ақ шұлықпен ұзын джинсыды кие салсаңшы", - деді мамасы. Бұл жақсы ой! Егер шұлықтарын ешкім көрмесе, олардың бір-біріне сәйкеспейтіні маңызды емес еді. Ол ақ шұлықты алып шықты. Ол оны сол аяғына киді. Ол мектепке баруға дайын болды.
Скрыть текст
73. Батарейканың қуаты бітіп қалды
Трейси телефонды көп қолданады. Ол телефонды көңілсіз сәтте қолданады. Ол бәрінен тез жалығады. Ол телефонды мектепте қолданады. Ол тамақ ішіп отырғанда қолданады . Ол тіпті адамдармен сөйлесіп тұрғанда да , телефонды қолданады. Бірде ол қуат көзін қосу кнопкасын басып қалды. Экраны қап қара болып тұрып алды. Телефонның қуаты бітіп қалды. Ол телефон арқылы жұмысқа тұру үшін әңгімелесуден өту керек еді. Қандай сәтсіздік. Оның үйден қуаттағышты алуға уақыты жоқ. Ол жақын жердегі электроникалық дүкенге барды. Ол қуаттағыш сатып алды. Ол жақын жердегі тоқ көзін тауып қосты. Ол телефонын қосты. Экраны қосылды.
Скрыть текст
74. Ол поэзияны жек көреді
Эрик роман оқығанды ұнатады. Эрик журнал оқығанды жақсы көреді. Эрик тіпті газет оқығанды жақсы көреді. Бірақ ол поэзияны жек көреді. Поэзия мағынасыз. Поэзия түсініксіз. Эрикке заттарды елестеткен ұнамайды. Эрик Шекспирдің поэзиясын оқығанды ұнатпайды. Ол оны түсіне алмайды. Жеңіл өлеңдерді оқыған жақсы. Эрик Сьюз доктордың өлеңдерін жақсы көреді. Оларды оңай түсінуге болады. Эрик ағылшын тілі сабағына өзінің жеке өлеңін жазу керек. Ол ұйқасы бар өлең шығаруға тырысып жатыр. Бастапқыда бәрі жақсы болған. Артынан қиындап кетті. Ол "апельсин" сөзіне ұйқас таба алмады. Ол қайта басынан бастады.
Скрыть текст
75. Олар бұлттарға қарағанды ұнатады
Кристина мен оның ұлы бұттарға қарағанды ұнатады. Олар үйден шықты. Ол сүлгінің жерге жайды. Ол оның үстіне жатты. Олар жоғарыға аспанға қарай бастады. Кристина бір бұлтты көрсетіп: "Қалай ойлайсың мына бұлт неге ұқсайды", - деп сұрады. Баласы бұлтқа қарады да: "Ол бұғының артынан қуып бара жатқан адамға ұқсайды" - деді. Ол таң қалды. "Меніңше ол жылап тұрған қызға ұқсайды", - деді ол. Баласы оған күліп жіберді. "Қалай ойлайсың анау неге ұқсайды", - деді ол. "ОЛ жай бұлтқа ұқсайды", - деді анасы. "Ал меніңше ол саған ұқсайды", - деді баласы. Анасы басын шайқап күліп жіберді.
Скрыть текст
76. Пайдаланылған тауарлар дүкеніндегі саудалар
Марина киім-кешекті жақсы көреді. Және ол ерекше болуды ұнатады. Оның мектебіндегі қыздардың көбісі сауданы бірдей дүкендерден жасайды. Марина басқа қыздармен бірдей киінгенге шыдай алмайды. Міне сондықтан ол киімдерді пайдаланылған тауарлар дүкенінен сатып алады. Бұл дүкен адамдар тапсырған заттарды сатады. Негізінен онда бұрын қолданған заттар болады. Кейде киімде дақтар мен жыртықтар болады. Заттар, киімдер өте арзан бағамен. Марина ілінген киімдерді қуана қарап шығады. Ол әшейінде өзіне ұнаған кем дегенде бір киім табады. Ол көйлек тауып алды. Ол қара түсті, және ұзын. Бұны маскарадтық кешке кисе өте жақсы болар еді.
Скрыть текст
77. Президенттік сайлауға түсу
Ванесса мен Эмили орта мектептегі президенттік сайлауға түспекші. Тек біреуі ғана жеңіске жету керек. Ванесса мен Эмили әр түрлі нәрсе істемекші. Ванесса мектепті рухани жағынан жақсартқысы келеді. Ол оқушыларға әртүрлі мерекелер ұйымдастырып отыруды ұсынды. Оның ұсыныстарының бірі футболдан тегін матч ұйымдастыру. Эмили мектеп тестерінің бағалары жоғары болғанын қалайды. Оның ойының бірі оқушыларға тегін кеңес беру. Оқушылар көңілді ойындардың көп болуын қалағандықтан Ванессаның президент болуын құптайды. Мұғалімдер мен жұмысшылар Эмилидің президент болуын құптайды, өйткені оқушылардың сабаққа бар ынтасымен дайындалғанын қалайды.
Скрыть текст
78. Жанартаудың жасалуы
Ғылыми жобалар жәрмеңкесі жақындап қалды. Хулио жеке жобасын таныстыруға тиіс болды. Биыл онымен жалғыз өзі жұмыс жасады. Ол бәрін өзі істей алатынын дәлелдегісі келді. Материалдар іздеп отырып, желіде жанартау жасау идеясын кезіктірді. Ол жанартау - жәрмеңкеде ғылыми жобаларды жеңудің тәсілі деп шешті. Ол ата-анасының дүкенге бірге алып барып, жанартау жасауға қажеттің бәрін сатып беруін сұрады. Жанартаумен бірнеше сағат жұмыс жасағаннан кейін оны сынап көрмекші болды. Ол оны қосып қойды да, одан лаваның қалай ағатынын бақылай бастады. Бұл таңқаларлық дүние еді. Ол ісіне масаттанды. Келесі күні жобасын ғылыми жобалар жәрмеңкесінде таныстыру үшін мектепке алып барлы.
Скрыть текст
79. Үйсіздерге тегін консервілер
Бүгін тамақ жинайтын күн. Олар мектепте консервілер жинады. Жаңа, жарамдылық мерзімі өтпеген консервілердің барлығы қабылданды. Консервілер үйсіздерге таратылады. Неғұрлым көп консерві жинаса соғұрлым жақсы. Сара он құты алып келді. Том бес құты алып келді. Сэм он үш құты алып келді. Басқалары да консерві алып келді. Мектеп бойынша бес жүз құты жиналды. Тамақ жинау өте сәтті өтті. Өмірдің қиындығына тап болған адамдарға көмектескендері үшін барлығы бақытты болды. Барлығы жүк көлігіне консервіні тиеуге көмектесті. Сонымен қатар олар консервіні керекті орынға дейін жеткізді. Консерві жинау сәтті өткендіктен оны ай сайын өткізіп тұруға шешім қабылданды.
Скрыть текст
80. Циркке бару
Кеннеди атындағы мектепте әр аптада экскурсиялар жүргізілетін. Бұл аптада циркке бару болатын. Барлық балалар таңертең мектепте жиналды. Олар әңгімелесті, жүгірді. Барлығы өте қуанышты болды. Олар автобусқа отырып, циркке кетті. Циркте олар барлығы бір жерде отырды. Циркте попкорн мен лимонад сатып жатты. Қойылым басталғанда барлық балалар мұқият қарап отырды. Музыка қатты естіліп тұрды. Әртістер мен бишілер қойылым көрсетті. Жануарлар шыққанда барлығы тұрды. Арыстандар, пілдер және жолбарыстар болды. Балаларға барлық қойылым қатты ұнады. Бұл ең ұнаған сапарлардың бірі болды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Aidana Bissekesh, Мира Сембайкызы, Аяулым Орынгали, Алтынгуль Кептербаева, Janerke Kurmanalinova, Майра Фазыл, Aigera Yerzhanova, Арайлым Тлеуова, Аслан Бисенов, Мади Толегенов, Акжайык Сабырбаева, Арай Сагымжанова, Арайлым Токтаубаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 3, стр.3 Вернуться к началу Чтение детям. Том 3, стр.5  >>