Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 3, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Ғылыми жобалар көрмесі
      Мектепте бесінші сыныптар арасында ғылыми жобалар көрмесі өтті. Олар үш адамнан команда болып жұмыс істеулері керек .Әрбір топ өздерінің жобаларын ұсынады. Олар өздерін ең жақсы жағынан көрсетулері керек. Оларға жобамен жұмысқа бір ай берілді. Үздік жоба медаль және ленталар алады. Ғылыми жобалар көрмесі өткізілетін күні бәрі жобаларын алып келді. Жеңіл және күрделі проектілер болды. Кейбір оқушылар өзімдіктер мен жануарларды зерттеді. Енді бірі электр энергиясы жен магнетизмді зерттеді. Біреулері тіпті бактериялар мен вирустар туралы жобалар ойлап тапқан. Барлық жобалар жақсы шыққан. Бірақ жеңімпазды таңдау қиынға соқты.
Скрыть текст
      42. Оның 16-шы туған күні
      Тиффани 16 жасқа толады. Ол кеш ұйымдастырғысы келді. Ол өзінің достары мен жақындарын шақырмақшы болды. Үлкен кеш жоспарлап қойды. Тамақ, музыка және ойындар болады. Жақындары бәрін ұйымдастыруға көмектесті. Анасы банкет жүргізетін фирма таңдады. Туған күнде сэндвич берілетін болды. Тағы десерт болады. Десертке шоколад торты беріледі. Караоке және ойындар болады. Оған орын таңдау қажет еді. Ол би алаңы бар бір жабық жерді таңдады. Туған күні болатынына Тиффани қуанышты еді. Ол туған күнінің көңілді өтетінін білді.
Скрыть текст
      43. Кітапханада қалдырған кітаптар
      Даниельге мектептің жобасын дайындау керек болды. Оның тақырыбы - планеталар. Оған бір планетаны алып оны зерттеп, есептеме жазу керек болатын. Ол қызылжұлдыз планетасын таңдады, кітапханаға барып мәлімет жинауды шешті. Ол үш кітап алды, достарын кездестірді, сосын олар түскі ас ішуге барды. Тамақтанып болған соң, кітабын қалдырып кеткенін байқайды. Асханаға қайтып келсе, кітаптар жоқ. Ол уайымдай бастады. Даниель артық ақша шығарғысы келмеді. Ата-анасы білсе, ашуланады, ол кітаптарды іздеді. Кейін оның бір досы, мүмкін, кітапты кітапханаға тастап кеткенін айтты. Даниель кітапханаға барды. Кітаптар сонда екен. Ол тамақтанар алдында тастап кетіпті. Ол бір жеңілдеп қалды.
Скрыть текст
      44. Жазғы оқу бағдарламасы
      Кітапхана жазғы оқулар бағдарламасын әзірледі. Ол жазғы уақытта кітап оқуды алға жылжытуды қарастырған болатын. Балалар көбінесе мектептен кейін кітап оқығысы келмейді. Бұл ойын-сауық бағдарлама оларға кітап оқуға көмектесті. Негізінде, екі бағдарлама болатын. Біреуі - балалар үшін, біреуі - жасөспірімдер үшін. Оқып шыққан әр 5 кітапқа олар сыйлық алып тұрды. Сыйлықтар әркезде әртүрлі болатын. Сонымен қатар, лотерея ойнатылды. Әр оқып шыққан кітапқа бір билет берілді. Кітапты неғұрлым көп оқыса, солғұрлым мүмкіндіктері артады. Басты сыйлық музыкалық плейер болды. Бағдарламаға 500 бала мен жасөспірім қатысты. Ол сәтті аяқталды.
Скрыть текст
      45. Балалармен тегін жұмыс
      Тиффани балалармен жұмыс істегенді жақсы көретін. Ол өскенде балабақшада тәрбиешісі болып жұмыс істегісі келетін. Ол өз қызметін репетитор болып тегін ұсынбақ болды, осылай болашақ мамандығына дайындалмақшы. Ол кішкентай балаларды тәрбиелейді. Ол ағылшын тіліне көп көңіл бөлді. Ол балаларды оқуға және жазуға баулыды. Тегін қызмет көрсету оған балалармен жұмыс жасауға жол ашты. Ол балалармен әңгімелесуді ұнатады. Ол балаларды шабыттандыруға үміттенді. Ол оқытқан балалар әр жастан болатын. Әсіресе оған кіші жастағы балалармен жұмыс істеген ұнайды. Осы аптада ол балаларды шығарма жазуға үйретті. Ол балаларға шығарманы қалай жазу болу керектігін айтып берді. Ол әр балаға өз өмірі туралы шығарма жазуды тапсырды. Ол өзін болашақ жұмысына дайын екенін сезінді.
Скрыть текст
      46. Кішкентай іні
      Глории 12 жаста. Ол қазір отбасындағы жалғыз бала. Жақында оның кішкентай інісі болады. Оның сезімі әртүрлі. Ол бірде кішкентай інісін болғанын қалайды. Оған бірге ойнайтын бала болады. Ол оны өзі білетін заттарға үйрете алады. Ол енді жалғыз болмайтын болды. Ол бірде кішкентай інісін болғанын қаламайды. Ол ата-анасының назарын тек өзіне ғана аударғысы келеді. Ол өз заттарымен бөліскісі келмейді. Ол әке-шешесінің кішкентай інісін одан да қатты жақсы көргенін қаламайды. Ол оның қалай жылайтынын естігісі келмейді. Ол оның жаялықтарын ауыстырғысы келмейді.
Скрыть текст
      47. Құмырсқаның жолы
      Кэрол мектептен үйге келді. Ол үйге кіргенде, құмырсқаның жолын көрді. Жол сондай ұзын болды. Оның үстінде мыңға жуық құмырсқалар болу керек. Ол шошып кетті. Ол оны ақырын айналып өтті. Бұның бәрі қайдан келе жатыр? Олар қайда бара жатыр? Ол осы жолдың артынан ерді. Ол өзінің жатын бөлмесіне келді! Оларға онда не керек? Ол өзінің төсегіне қарады. Оның үстінде крекердің ұнтақтары болды. Бірақ ол ешқашан төсектің үстінде тамақ жемейтін. Ол қаптамаға қарады. Бұл інісінің крекері болып шықты! Ол інісінің бөлмесіне жүгіріп барды. «Көрдің бе не істегеніңді?» - деді Кэрол. Інісі басын шайқады. Кэрол оған құмырсқаның жолын көрсетіп, оны жинап тастау керектігін айтты.
Скрыть текст
      48. Ыдыс-аяқты кезектесіп жуу
      Виктория және Линда апалы - сiңлiлер. Олар ата-анасы оларға ыдыс жуғызады. Олар өзара кезек қойған. Виктория ыдысты дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жуады. Ал Линда сейсенбі, бейсенбі және сенбі күні жуады. Жексенбі күні олар тиын лақтырады. Бүгін Викторияның ыдыс жуатын кезегі еді. Линда бұны пайдаланып қалды. Кешкі аста ол үш тарелканы пайдаланды. Онда бір тарелкада күріш, тағы бір тарелкада ет және біреуінде жеңіл тамақ болды. "Неге маған көп ыдыс жуғызасың?"- деп айқайлады Виктория. "Осылай әділетті", - деді Линда. Виктория Линдаға бұлай ешқашан жасаған емес. Енді Викторияға ертең Линдаға көбірек ыдыс жуғызу керек деген ой келді.
Скрыть текст
      49. Сыныптастарына қытырлақ картоп сату
      Сэллидің жұмысқа тұрғысы келмейді. Ол өте жалқау. Тағы, ол бұйрыққа бағынғысы келмейді. Ол өзіне өзі бастық болғысы келеді. Сэлли біраз жеңіл ақша тапқысы келеді. Оның бір ойы бар. Ол он бес долларға отыз пакет қытырлақ картоп сатып алады. Сосын оларды өзінің сыныптастарына қымбатырақ бағаға сатады. Ол бір пакет қытырлақ картопты бір доллардан сатады. Бір жаманы, оған бұлай жасауға рұқсат бермейді. Оны мектеп полициясы қадағалап отыр. Ол оны жасырын жасауы керек. Ол түскі үзіліс уақытында сатады. Олар оның үстеліне келіп отырып, сөйлесіп отырған сияқты болады.
Скрыть текст
      50. Ескі қайырлы етік
      Оскарға өзінің етігі ұнайды. Ол оны 5 жыл бойы киіп жүр. Олар әлі де оған шап-шақ. Етігі ескірген, тесілген. Табаны әбден тозған. "Оскар саған жаңа етік алу керек" деді анасы. "Жоқ! Етігім өзіме ұнайды" деді ол. "Егер сен оны киіп жүре берсең аяғыңды жарақаттайсың" деді анасы. Оскар бәрібір жоқ деді. Анасы оны таңғалдырмақ болды. Ол оған Nike фирмасының аяқ киімін сатып алды. Оскарға олар қатты ұнады. Ол ескі етігін кимейтініне аздап өкінді. Ол етігін сақтап қоятын болды. Ол етігін әйнек қорапқа салып қойды.
Скрыть текст
      51. Таңғы тәртіп
      Құстар шырылдайды. Қоңыраулы сағат шырылдайды. Ол оянады. Ол керіледі. Ол есінейді. Ол өзіне жиналуға екі сағат уақыт береді. Оның мектептегі өте маңызды күні. Ол бетін жуады. Ол тісін тазалайды. Ол үйден шығады. Ол таза ауа жұтады. Ол 20 минут жай жүгіреді. Ол үйге қайтып келеді. Ол шұжықпен омлет жасайды. Өте дәмді. Оның інісі кішкене сұрайды. Ол оған қалғанын береді. Ол қайтып өз бөлмесіне барады. Ол тарих оқулығын алды. Бүгін онда сынақ. Ол маңызды нәрселерді жылдам алады. Ол сабаққа барады.
Скрыть текст
      52. Сенімді құрбы
      Белинда және Кейси -жақын құрбылар. Белинда мен Сэнди - дұшпандар. Олар бәрі бір мектепке барады. Олар оныншы сыныпта оқиды. Белинда Кейсимен Сенди жайлы көп айтады. Ол оны көп жамандайды. Бір күні Кейси мен Сенди соқтығысып қалды. Екеуі де құлап түсті. Олардың екеуінің де заттарын жерге шашылып қалды. Кейси жейдесіне кофе төгіп алды. Қап! Жаңа жейде еді!-деді ол. Сенди кешірім сұрады. Ол Кейсиге тура сондай жаңа жейде сатып әперуге ұсыныс жасады. Кейси ештеңе етпейді деді. Сенди күлімдеді. Олар танысты. Кейси кетіп қалды. Белинда олардың бір-бірімен сөйлескенін қаламады.
Скрыть текст
      53. Ғаламтордағы бейтаныс
      Лили компьютерде ойын ойнап отырған. Ғаламторда кездейсоқ адамдар бірігіп топқа бөлінеді. Олар бір-біріне қарсы ойнайды. Сенің тағы басқа ойыншылармен әңгімелесуіңе болады. Лили бір адамның хабарлама жібергенін байқады. Ол "inbox" хабарламар жәшігін басты. Бұл хабарлама ол білмейтін адамнан еді. Бұл адам "Сәлем" деп жазған. Ол жігіт болатын. Ол жауап берерін, не бермесін ойлады. Лилидің анасы әрқашан танымайтын адаммен сөйлеспе дейтін. Бірақ әкесі: "Барлық достар бұрын бейтаныс болған" деп айтатын. Лили Сәлем деп жауап берді. Жігіт оның қай жерден екенін сұрады. Лили оған Лос-Анджелестен екенін айтты. Жігіт те сол жақтан екен. Сөйтсе олар бірге математикадан дайындалады екен
Скрыть текст
      54. Қарама-қайшылықты адамдар бір-біріне тартылады
      Сэнди және мен мүлде әртүрлі адамдармыз. Сэнди сұлу. Мен болсам ұсқынсызбын. Сэнди ақылсыздау еді. Ал мен ақылдымын. Сэндидің ата-анасы ажырасып кеткен. Менің ата-анамның үйленгеніне 30 жыл. Сэнди спортқа белсенді. Мен ебдейсіз болатынмын. Сэнди ұялшақ. Мен болсам көп шулайтынмын. Сэнди бәріне ұнайтын. Ал мені кейбір адамдар ұнатпайтын. Сэнди күлдіргіш .Бәрі оның әзілдеріне күлетін. Ал мен тіпті әзілдесуді білмеймін. Сэнди таза жүретін. Мен кір-қожалақ болып жүретінмін. Біз әртүрлі едік. Бірақ біз доспыз. Біз бірінші сыныптан бастап ең жақын достар болатынбыз. Біз колледжге баратын болдық. Бірақ біз бөлмемізбен көрші болмаймыз. Менің ойымша, жұрттың айтқаны рас екен: жүріс-тұрысы әр-түрлі, қарама-қайшы адамдар біріне-бірі тартылады екен.
Скрыть текст
      55. Қолдың ауыруы
      Дебора кеше кеудесін жерден көтеру жаттығуын көп жасады. Әдетте ол бір рет те жасамайтын. Ертеңгісін, ұйқыдан тұрғанда оның қолдары ауыра бастады. Басында ол ештеңе түсінбеді. Еш жерге соқпады. Ол қолдарының неге ауыратынын түсінбеді. Қолдарын қозғалту қиынға соқты. Адамдар қолын ұстаса қатты ауырады. Ол әкесін ауруханаға апаруын сұрады. Әкесі қызынан қандай да бір жаттығу жасамағанын сұрады. Дебора барлығын айтып берді. Әкесі оған былай деді: Жаттығу жасап болғаннан соң, келесі күні сенің бұлшық еттерің ауырады. Қызы әкесінен ауырмауы үшін, не істеуім керек екенін сұрады. Көп жаттығу керек деді - әкесі.
Скрыть текст
      56. Алғашқы безеу
      Андре 12 жаста еді. Он екі жасар балалардың көбінде безеу бар. Таңертең Андре маңдайындағы безеуді көрді. Бұған дейін онда бірде-бір безеу болған емес. Ол айқайлап жіберді. Ол бұның не екенін білмеді." Мама, менің бетіме құбыжық шығып кетті», - деді Андре айқайлап. Анасы оны қолымен иегінің астынан ұстады. Ол оның бетіне қарап күліп жіберді. "Бұл күлкілі емес" деді Андре. "Құлыным, бұл жәй ғана безеу ғой. Олар әр кезде бәріне де шығады" - деді анасы. Анасы осылай айтқанда Андре біраз жеңілдеп қалды. Анасы оған безеуге қарсы крем берді. Андре безеу таяу арада кетер деп үміттенді.
Скрыть текст
      57. Скейтборд тебу
      Майкл жаңа бір нәрсе үйренгісі келді. Ол ерекше бірдеңе істегісі келді. Ол мотоциклді айдап үйренгісі келді. Бірақ бұл ойына ата-анасы қарсы болды. Олар бұл тым қауіпті деді. Ол мұның орнына скейтборд тебуді үйренбек болды. Ата-анасы бұл ойын құптады. Бұл мотоцикл айдап үйренгеннен әлдеқайда қауіпсіз еді. Майкл өз достарына хабарласты. Достары скейтбордт тебуді білетін еді. Олар оған скейтборд бере тұрды. Майкл ақырын теуіп көрді. Ол дуалдан ұстап тұрды. Ол тепе-теңдік сақтауға тырысты. Бұл аса қиын емес еді. Сосын ол құлап қалды. Ол жәй ғана куліп қайта тұрды. Оған әлі де көбірек жаттығу керек еді.
Скрыть текст
      58. Өсімдіктерді зерттеу
      Даниэльдің мектепке арнап жоба жасауы қажет болды. Ол екі айнымалыны салыстыруы қажет еді. Ол газдалған су мен жай суды алды. Ол өсімдіктер үшін газдалған су немесе жай судың қайсысы пайдалы екендігін білгісі келді. Мұны білу үшін ол өсімдіктерге сағат сайын су құюы керек еді. Ол өсімдіктердің биіктігін жазып алды. Екі аптадан кейін өсімдіктердің биіктігін салыстырады. Ол судың өсімдіктер үшін пайдалы болғаны туралы қорытындыға келді. Оған алған деректері туралы есеп жасауы керек. Ол жобасы енгізілген кесте мен фотосуретті басып шығарды. Ол өзінің жаңалығына таң қалды. Ол бастапқыда газдалған су пайдалы болады деп ойлады, себебі оның құрамында қант бар.
Скрыть текст
      59. Мектептегі алғашқы сабақ
      Мишель жоғарғы сыныпқа көшті. Мектептегі алғашқы сабақ болатын. Ол алаңдап жүр. Ол жоғары сыныптағы сабақтардың ортаңғы сыныптағы сабақтарға қарағанда ерекше болатынын білетін. Оның құрбыларының барлығы басқа мектептерге кеткен. Ол жаңа құрбы табатынына сенімді. Тағы ол жаңа мектепте адасып кетемін бе деп қорықты. Сабақ кестесі бойынша математика, ағылшын тілі, биология, испан тілі және дене тәрбиесі. Бірінші сабақ математика. Ол сыныпқа кірді. Ол алаңдап тұр. Мұғалім әр оқушының өзін таныстыруын сұрады. Мишель көп жақсы оқушылардың бар екенін естіді. Осы оқу жылының жақсы болатынын ол білді.
Скрыть текст
      60. Үлкен келеңсіздіктер
      Билл өзінің үйінде достарымен тығылмақ ойнап жүр. Оның ата анасы үйде жоқ еді. Олар бейсбол добымен ойнады. Олар көп емес, Биль допты жіберіп алғанша ғана ойнады. Доп кристалл құмыраға барып тиді, ол шағылып қалды. Бұл оның ата анасының үйленген күніне алған сыйлық болатын. Анасы үшін бұл құмыра өте қымбат еді. Билл үлкен келеңсіздік болатынын сезді. Достары оған көмектесуге тырысты. Олар оны құрап шықпақшы болды. Ол ой жүзеге аспады. Олар сол құмыраға ұқсас немесе сол құмыраны қайдан алуға болатыны жайлы ғаламтордан қарады. Билл шешімге келді, ең дұрысы барлық жағдайды ата-анасына айтып беру. Оның ата-анасы үйге келді. Билл бәрін айтып берді. Анасы ашуланды. Анасы бұдан кейін үйде доппен ойнауға тыйым салды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Aidana Bissekesh, Мира Сембайкызы, Аяулым Орынгали, Алтынгуль Кептербаева, Janerke Kurmanalinova, Майра Фазыл, Aigera Yerzhanova, Арайлым Тлеуова, Аслан Бисенов, Мади Толегенов, Акжайык Сабырбаева, Арай Сагымжанова, Арайлым Токтаубаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 3, стр.2 Вернуться к началу Чтение детям. Том 3, стр.4  >>