Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 3, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Мектептің сотқары
Сэм мектептің танымал сотқары болатын. Ол күшті болатын. Оның дене бітімі мықты, Бойы да ұзын болатын. Ол шынында да қорқынышты болып көрінетін. Ол ашулы болатын. Ол адамдарды мазақтайтын. Ол бір оқушыны 10 минут бойы мазақтады. Сыныптасы жылады. Ол мұғалімге шағымданды. Мұғалім сотқармен сөйлесті . Оның ата-анасын мектепке шақыртты. Баланың ата-анасы мектепке келді. Мұғалім бала және оның ата-анасымен сөйлесті. Сотқар ата-анасымен мектептен кетіп қалды. Мұғалім хабарлама жасады. Сотқар баланы мектептен шығарып жіберді. Ол ешқашан мектепке келмейді.
Скрыть текст
22. Нью-Йоркке көшу
Аарон Калифорниядан. Ол мұнда туғаннан бері сонда тұрады. Оның әкесі НЬю-Йорктен жұмыс алды. Арон әкесі үшін қуанышты, бірақ оның көшкісі келмейді. Оның достарының бәрі Калифорнияда. Ол бәрін сағынатын болады. Ол саябақты жақсы көреді. Ол онда демалуға баратын. Ол кітапхананы жақсы көреді. Ол онда үй тапсырмасын орындауға баратын. Ол барлық мейрамханаларды жақсы көреді. Онда өте дәмді тағамдар дайындайды. Ол машина айдауды да сағынатын болады. Нью-Йоркте ешкім өз көліктерімен жүрмейді. Анасы оған жинал деді. Ол өз заттарын жинай бастады. Кетуге уақыт келді.
Скрыть текст
23. Өзіңді сынап көр
Барлығы бір милюға кросс тапсыру керек . Көп адамдар оны орта сыныптарда тапсырады. Қыздар бұл қашықтыққа 12 минутта жүгіріп өтуі керек. ал ұлдар бұл қашықтыққа 10 минутта жүгіріп өтуі керек. Көбінің қолынан келеді. Кейбір адамдар уақытынан қалып қойып жатады. Оларға қайтадан тапсыруы керек болады. Мишел кросстан өте алмай қалды. Басында бәрі жақсы болатын. Ол бәрінің алдында болатын. Бірақ шаршап қалды. Ол кейін жай жүруге көшті. Ол жай жүріп 17 минутта келді. Ол келесі жолы не істеу керек екенін түсінді. Ол енді бірқалыпты жүгіретін болады. Ол енді жай да, қатты да жүгірмейді.
Скрыть текст
24. Ол үйге баруға мәжбүр болды
Остин жеке меншік мектепке барады. Жекеменшік мектепте арнайы мектеп формасын киюге мәжбүр. Ол мектептің формасын жек көреді. Оның өзіндік жеке қайталанбас стилі болатын. Бір күні бұл тәртіпті бұзды. Ол мектепке кепка киіп келді. Мұғалім оның бас киімін байқап қалды. Мұғалім кепкасы шешу керектігін айтты. Остин неге деп сұрады. "Біз сенің ұйықтап қалмағаныңды қайдан білеміз?" деді Майерс ханым." Керемет"!- деп қатты айтты Остин. Ол кепкасын шешті. Ол кепкасын Майерс ханымға лақтырып жіберді. "Остин! Сенің бұл қылығың жарамайды!" Оны мектеп директорына жіберді. Ол үйге қайтуға мәжбүр болды. Оның ата- анасы бір апта бойы көңіл көтеруге тыйым салды.
Скрыть текст
25. Жаман әсер
Гэри бір кездері жақсы бала болатын. Ол ата-анасын тыңдайтын. Ол үй тапсырмасын орындайтын. Ол барлығына жақсы қарайтын. Бұның бәрі Джорданмен танысқалы өзгерді. Джордан атақты бала болатын. Сонымен қатар ол жаман бала еді. Ол ешқашан үй тапсырмасын орындамайтын. Ол достарымен дөрекі сөйлесетін. Адамдар оның осы уақытқа дейін достарының барына таң қалатын. Бұның бәрі олардың да атақты болғысы келетіндігінде. Сондықтан оның артынан жүретін. Гэри оның досы болды. Джордан оларға әсер етті. Соның әсерінен Гэри жаман бала болды. Гэри өз достарынан теріс айналды. Оның ата-анасы оны уайымдай бастады. Олар ұлдарының мінезі туралы сөйлесті.
Скрыть текст
26. Оған екі отбасының болғаны ұнайды
Вильямның ата-анасының ажырасқанына бес жылдай уақыт өткен. Көптеген отбасында мұндай жағдай болғанда, балалар өздерін бақытсыз сезінеді. Вильям болса бұған бақытты болды. Ол ата-анасының бірге болғанын қаламайды. Өйткені олар жиі ұрсысатын. Олардың ұрысқандарын көру мүмкін емес еді. Енді оның екі үйі бар. Вильямның анасы Англияда тұрады. Әкесі Канадада тұрады. Қазір Вильям Канадада тұрып жатыр. Ұзақ демалыс кездерінде Англияға барып тұрады. Қазір Вильямның әкесі мен анасының бөлек отбасылары бар. Вильям өгей әкесін де, өгей шешесін де жақсы көреді. Сондай-ақ өгей аға-апаларын да жақсы көреді. Вильямға екі отбасының болғаны ұнайды. Тіпті әке-шешесі бірге болған кезде ол осыншама бақытты болмаған еді. Олар бірге болғанда, Вильямға әрдайым бір жақты таңдауын талап ететін. Ал қазір, Вильям екі жақта да өзін бақытты сезінеді!
Скрыть текст
27. Егіздер әртурлі тамақты жаксы көреді
Пэт және Энджел егіздер. Дегенмен олар әртурлі тамақты жақсы көреді. Пэт ащы тағамдарды ұнатады. Энджел тәтті тағамдарды ұнатады. Пэт қытырлақ картоп, пицца және бургерді ұнатады. Энджел торт, балмұздақ, құлпынайды жақсы көреді. Оның ата-анасы олардың туған күніне тағам сатып алғысы келді. Олар әртүрлі тағамдарды ұнатады. Пэт тұздалған балықты жегісі келді. Энджел торт жегісі келді. "Неге біз оны да, басқасын да сатып ала алмаймыз!" деп сұрады Пэт. Бізде ақша жағынан кедергілер болып тұр деді анасы. Онда балық сатып алайық деді Энджел. Ата-аналары оның түсінгеніне таң қалды. Пэт егіз әпкесіне рахмет айтты.
Скрыть текст
28. Бет жуу
Эилинді оның қоңыраулы сағаты оятты. Оның оянғысы келмеді. Бірақ, амалсыз солай жасауы керек. Оның таңғы сағат 8 тесті болды. Бет жуу оған жақсы көмектеседі. Ол ваннаға барды. Ол суық сумен жуынғысы келмеді, бірақ суық су оған оянуға көмектеседі. Жылы су ұйқыны ашпайды. Ол көзін жұмды. Ол суық суды бетіне шашты. Ол өзін мектепте дайын сезінді. Ол өзіне бір шыны кофе даярлады. Ол оны түгел ішіп қойды. Ол өзін толық оянғанын сезінді.
Скрыть текст
29. Жаман тағам
Мэтьюдің ата-анасы киноға кетті. Ол үйде жалғыз болды. Ол өзінің жақсы көретін тамағын жемекші болды. Ол сондай тамақтарды көп жеген кезде ата-анасы ұрсатын . Олар мұндай тамақты көп жеген денсаулыққа зиян дейді. Оның қарны ашты. Алдымен ол қуырылған картопты ашты. Ол барбекю дәмі бар қуырылған картоп. Ол бірнеше шоколад кәмпитті ашты. Тағы зефир, аздап пицца. Ол өзін тоқ сезіне бастады. Ол таяқтағы жеміс брикетті балмұздақтың бірнешеуін жемекші болды. Ол құлпынай дәмі бар балмұздақты жеп алды. Сосын оның жүрегін айни бастады. Ол ата-анасының бұл тамақтарды неге көп жеме деп айтқанын енді түсінді. Оның ата-анасы үйге келді. Ол есікті кілтпен ашып жатқанын естіді. Ол ыңғайсыз жағдайға қалғанын түсінді.
Скрыть текст
30. Мұражайға бару
Диега бүгін мұражайға баратын болды. Бұл жаратылыс тарих мұражайы болды. Ол жерде қазындылар бар. Ол жерде ежелгі артефакттар бар. Бәрінен бұрын ол динозаврлардың тасқа айналған қалдықтарын көретініне қуанды. Ол мұражайға әкесімен барды Әкесі әртүрлі жануарларды көрсетті. Ол динозаврлардың әртүрін көрді. Ол тағы сүтқоректілерді , құстарды көрді. Ол олардың тұрған ортасы жайлы білді. Ол таң қалды. Тіпті әкесі де жаңа нәрселер біліп алды. Мұражайды аралап біткеннен соң, әкесі оны сыйлықтар дүкеніне апарды. Диего жан-жағына қарады. Соңында ол бірнеше сувенир сатып алды. Ол кілтке арналған динозавры бар бау алды. Бұл күн оның есінде мәңгі қалатын болды.
Скрыть текст
31. Әңгіме
Томас келесі сабаққа әңгіме жазып келуі керек. Оның ағылшын сабағынан беретін мұғалімі кез келген тақырыпқа әңгіме жазуын тапсырды. Ол не жазарын білмеді. Оның ойына жақсы ештеме келмеді. Ол тапсырманы шамасы жеткенше жақсы орындағысы келді. Бұл өте маңызды тапсырма болатын. Бұл оның тоқсандық бағасына әсер етеді. Кішкене отырып сыртқа шығайын деп шешті. Ол саябақта қыдырып жүрді. Ол саябақта жүріп әсер алды. Ол саябақта қыдырып жүрген отбасылар жайлы әңгіме жазбақ болды. Ол қызыққа толы әңгіме жазбақ болып шешті. Ол саябаққа келген отбасының ерекше қабілеттері бар екенін көрсетеді. Ол үйіне жүгіре жөнелді. Ол ерекше әсермен әңгіме жазды.
Скрыть текст
32. Керемет бургер
Ник бургерді жақсы көреді. Ол ең керемет бургерді тапқысы келді. Ол барған жерінен бургерді жеп көрді. Ол бір күнде әр түрлі 10 жерді аралап көрмек болды. Ол бір бургерді тауысып жемейтін. Ол әрқайсынан бір тістеп қана жейтін. Ол бургердің әр түрін жеп көрді. Оның ең жақсы көретіні чизбургер болды. Ол жеген бургерлердің бірі оған ұнамады. Ол соңғысын жеп көрді. Ең соңғысы керемет екен. Наны тамашы піскен. Сиырдың еті дәмді піскен. Салат пен томаты жаңа піскен. Оның еріген ірімшік пен соус дәмі бар екен. Бұл ол жеген бургерлердің ең дәмдісі болды.
Скрыть текст
33. Лимонад жасау
Джордж баскетболға барғысы келді. Ол баскетболды жақсы көретін. Ол мектепте ойнайды. Оған билет сатып алу үшін ақша керек болатын. Оның ата- анасы билетке ақшаны өзі табу керек екенін айтты. Джордж лимонад жасап сатпақ болды. Оның ата-анасы көмектесетін болып келісті. Ең алдымен оған лимонад жасауға керек заттарды сатып алу керек болды. Ол үйден үстел алды. Ол жарнама тақшасын іліп қойды. Ол қант, су, стакандар мен түтікшелер сатып алды. Ол лимонад жасауға кірісті. Ол бір стаканын 50 центнерден сататын болды. Лимонад сатып алушылар көп болды. Джордж біраз ақша тапты. Ол ақша баскетболға билет сатып алуға жететін еді.
Скрыть текст
34. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Жаз айы болатын. Оған келесі жылғы оқуын төлеу үшін ақша керек болды. Ол жұмысқа орналасуды шешті. Ол әртүрлі жерлерге өтініш жазу керек болатын. Алдымен ол резюме жасады. Ол өзі тұратын ықшамауданды аралай бастады. Ол басқарушылардан жұмысшылар қажет пе деп сұрап отырды. Кешке ол жұмысшылар қажет ететін 10 орын тапты. Олар негізінен жеке сауда орындары мен мейрамханадағы жұмыс болатын. Ол жұмысы үйге жақын жерде болса екен деп қалады. Ол жұмысқа қабылдау туралы бірнеше өтініш толтырды. Келесі күні оларды тапсырып қойды. Ол қатты үміттенді. Екі аптадан соң телефонына қоңыраулар келе бастады. Оны жұмысқа қабылдау сұхбатына шақырды.
Скрыть текст
35. Бітіру кешіндегі безеу
Памелада маңызды уақытта безеу шығатын. Бірде дәл туған күніне қарай безеу шыққан. Бірде оған сөз сөйлеу керек болғанда безеу шыққан. Сосын бірінші кездесуінде де безеу шыққан. Памела бітіру кешінде безеу шығар деп күтті. Бітіру кеші - бұл мектеп бітірушілердің билеу кеші. Қыздар әдемі көйлектер мен биік туфли киеді. Жігіттер костюм және галстук тағады. Памела бәрі мінсіз болғанын қалады. Ол безеудің алдын алу үшін барлық шараларды жасады. Ол табиғи тағамдар жеді, көп су ішті. Ол әрқашан теріні күтетін құралды пайдаланды. Безеуден қорғайтын кремді қолданды. Кеш болатын күні ол айнаға қарады. Оның беті тап-таза болды. Маңызды күні терісінің таза болуы алғаш рет.
Скрыть текст
36. Ақшаға үй шаруасын жасау
Джейсонның жасы он екіде. Ол бір видеоойынды ойнағысы келеді. Ол алпыс доллар тұрады. Оның ақшасы жоқ. Ол жұмысқа тұра алмай жүр. Ол жалданып жұмыс істеу үшін әлі жас. Ол өзінің ескі заттарын сатпақшы болды. Ол тек бір доллар ғана шығарды. Ол басқалар үшін үй шаруасын істемекші болды. Бірақ жұмысы жүрмей қойды. Ол онлайн сұрақтар жүргізгісі келді. Ол жұмысы компьютеріне вирус жұқтырумен аяқталды. Ол қолдан жасалған заттарды сатуға тырысты. Адамдар оны ұсқынсыз деп есептеді. Ол тіпті көшеде билеп көрмекші болды. Ол тек бірнеше цент тапты. Ол ең жақсы сурет деген сайысқа қатысты. Оған жүз доллар сыйлық берілетін. Ол жеңіліп қалды. Ол ата -анасынан біраз ақша сұрады. Олар келісті. Бірақ бір шарт бар. Ол үй ішіндегі біраз жұмыстарды жасау керек болды. Ол келісті. Оның ата-анасы оған әр сағатқа бес доллар берді.
Скрыть текст
37. Рюкзак сатып алу
Екі аптадан кейін Самантаның мектептегі алғашқы күні. Ол алтыншы сыныпқа көшті. Оған жаңа рюкзак керек. Оның былтырғы рюкзагы жыртылып қалды. Осы жолы ол орта сыныптағы оқуын атап өту үшін күшті рюкзак сатып алмақшы. Ол неден бастарын білмеді. Ол сауда кешеніне барып іздей бастады. Анасы оған гүлі бар рюкзак ал деп кеңес берді. Ал әкесі қарапайым рюкзак ал деп кеңес берді. Алайда ол бұл рюкзакты көргенде, бірден өзіне арналғанын білді. Рюкзакта барлық заттарды салып қою үшін бірнеше қалта бар. Ол мықты матадан жасалған. Рюкзак алқызыл түсті. Ол бірден сол сөмкеге жармасты, анасынан алуға бола ма деп сұрады. Анасы қарсы еместігін айтып оған ақша берді. Ол қатты қуанды.
Скрыть текст
38. Таланттар cайысы
Таланттарды іріктеу әдетте мектепте кіші сынып оқушылары арасында өтеді. Олар оқушыларға өздерінің қабілеті мен өнерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оқушылар әр-түрлі заттар жасайды. Біреулері өлең айтады. Біреулері билейді. Тағы біреулері қойылымдарда ойнайды. Кейбіреуі Фокус көрсетеді. Көбі музыкалық аспаптарда ойнайды. Кейбіреулері күлкілі әңгіме айтады. Кейде балалар шығармашылық жағынан көрінеді. Кейбір оқушылар сахнаға шығуға қорғады. Кейде олар сайысқа қатысудан бас тартады. Бірақ көрермендер оларды алғыстарымен шығарып салады. Балаларды қолдау керек. Кейде сайыста жүлдегерді жариялайды. Бірақ барлығы да жеңімпаз болады.
Скрыть текст
39. Ол алғаш рет жалғыз ұшты
Ребекка Техасқа туыстарына барып қайтпақшы болды. Оның әке-шешесі жұмысқа баруға мәжбүр болды. Ол бірінші рет жалғыз ұшатын болды. Ол Калифорниядан ұшып шығады. Басында Ребекка қатты қорықты. Ұшақтың бортына көтерілгенде, қобалжып тұрды. Ұшақ көтеріле бастады. Ребекка ұшақ бірқалыпты болғанда, көңілі орнына келді. Бұл ол ойлағандай жаман емес екен. Ребекка қазір өзін жақсы сезіне бастады. Ол музыка тыңдап отырды. Ол жақсы әңгімелесті. Үстіден қарағандағы көрініс керемет еді. Оған ұшақта ұшқан ұнай бастады. Бұл ұшу ол ойлағандай қорқынышты болмады.
Скрыть текст
40. Фотосуреттер жобасы
Миссис Джоунз жобаның тақырыбын жариялады. Оның алтыншы сыныбы фотосуреттер жинағын құраулары керек еді. Фотосуреттер олардың өздерін көрсетуі қажет. Сюжет әртүрлі болатын. Джеймсте жобаға кірісер алдында, қуанышты сезім болды. Ол суретке түсіруді жақсы көрді. Ол өзінің отбасын және достарын түсіретін болды. Олар оның өмірінің маңызды бөлігі болатын. Сондай-ақ ол пианиносын да суретке түсірді. Ол осы пианинода бес жыл ойнаған. Ол өзі айналысқан спорт түрлерін де суретке түсірді. Джеймсте 15 шақты фотосурет шықты. Ол өзін мақтан тұтты. Суреттерді шығарып алу үшін, үйінің жанындағы дүкенге барды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Aidana Bissekesh, Мира Сембайкызы, Аяулым Орынгали, Алтынгуль Кептербаева, Janerke Kurmanalinova, Майра Фазыл, Aigera Yerzhanova, Арайлым Тлеуова, Аслан Бисенов, Мади Толегенов, Акжайык Сабырбаева, Арай Сагымжанова, Арайлым Токтаубаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 3, стр.1 Вернуться к началу Чтение детям. Том 3, стр.3  >>