Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 3, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Клэр кітап оқиды
Клэр 5 жаста. Ол теледидарды ұзақ уақыт көреді. Ата-анасы оның кітапты көбірек оқығанын қалайды. Ол теледидарды қатты жақсы көреді. Оның анасы кітап оқуын сұрайды. Ол жоқ деп жауап береді. Анасы суреттері бар кітапшаны оқуын сұрайды. Ол жоқ деп жауап береді. Клэрдің әкесі оның кітап оқуын сұрайды. Ол жоқ деп жауап береді. Әкесі Барби туралы кітап оқуын сұрайды. Ол жоқ деп жауап береді. Ата-анасы оны кітап оқуға мәжбүрлейді. Клэр жылайды. Клэрдің мұғалімі кітап оқуын сұрайды. Ол жоқ деп жауап береді. Клэрдің апайына бір ой келеді. Ол Клэге фильмге негізделген кітапты береді. Клэр оны оқиды.
Скрыть текст
2. Сынған орындық
Сэлли және оның анасы сатып алуға барды. Олар орындық іздеп жүр. Анасы әдемі қоңыр орындық көрді. Оның сапасы жақсы. Ол көпке жетеді. Алайда Сэлли оны ұсқынсыз деп санайды. Ол қызғылт пластик орындық көреді. Ол: "Мама! Ана орындықты алайықшы!" - дейді. Анасы жоқ дейді. Сэлли жылай бастайды. Ол өзіне керекті нәрсені жылаған кезде алатынын біледі. Ол қатты жылай бастайды. Сатып алушылар Сэллиге қарайды. Оның анасы ұялады. Ақыры қызғылт орындықты сатып алады. Үйде Сэлли оған отырды. Ол тез арада сынып қалды. Сэлли еденде отыр. Ол құлағаннан жылап отыр.
Скрыть текст
3. Туған күн кешін тойлау
Барб бүгін туған күнін тойлап жатыр. Ол жетіге толды. Барлық достары келу керек еді. Туысқандары да келуі керек. Ол барлық ағалары мен әпкелерін, бауырлары мен сіңлілерін көреді. Тіпті оның көршісі де келуі керек. Ата-анасы аттың суреті бар торт сатып алды. Ат - оның сүйікті жануары. Әкесі күні бойы үйді безендірді. Үйде шарлар, жалаушалар және түрлі сөздер жазылған тақташалар ілінді. Ол безендіру мен қонақтарды көргенде бақытты болды. Оның секірмелі ойыншығымен достары да ,өзі ойнады. Мереке кезінде оған түрлі сыйлықтар сыйлады. Барб көп сыйлықтар алды. Ол өзін құттықтауға келген қонақтарға алғыс айтты. Ол ата-анасын құшақтады.
Скрыть текст
4. Екеуі де қызғылт таңдады
Донна екі қызына су ішетін бөтелке сатып алмақшы болды. Жақында олар мектепке барады. Ол бір қызғылт, бір көгілдір бөтелке сатып алды. Ол көлігімен үйіне келді. "Қыздар! Менде сендерге бірнәрсе бар!" – деді анасы. "Ол не?" - деп сұрады Сара. Ол су құятын бөтелкені көрсетті. Олар екеуі де қызғылтына жармасты. Әркім өзіне қарай тарта бастады. "Мен оны бірінші ұстадым!" - деді Барбара. "Жоқ, мен!" - деп дауласты Сара. Анасы не істерін білмеді. Ол көгілдір бөтелке біреуіне ұнайды деп ойлады. Оған тек монета лақтыру қалды. Сонда да біреуі ашуланады. Донна бөтелкені ешкімге бермейтін болды.
Скрыть текст
5. Хайуанаттар бағы
Джой жануарлар бағына бара жатыр. Ол қуанышты, өйткені бірінші рет жануарларды жақыннан көреді. Әкесі көлігін тұраққа қойған кезде ол есікті ашты. «Джой, бізді күте тұр» - деді әкесі. Ата-анасы көліктен шыққан соң, Джой хайуанаттар бағына қарай бәрін жүгіртті. Орындарына да келіп жетті. Джой жануарларды көрген кезде, жүзіндегі күлкісі жоғалып кетті. Жануарлар қатты әсер қалдырмады. Тек қоян, ат және иттер болды. Олар балаға көңілсіз болып көрінді. Ол жабайы жануарларды көргісі келді. «Үйге қайтайықшы» - деді Джой. «Қайтпаймыз, ұзақ жол жүріп, жануарларды көру үшін келдік қой» - деді оның әкесі.
Скрыть текст
6. Ата-ана жазасы
Ата-аналардың балаларды жазалаудың әр түрлі тәсілдері бар. Кейбір ата-аналар балаларына шектеу қояды. Шектеу қою деген балаларға көңіл көтеруге рұқсат етілмейді. Бұның ішіне теледидар көру, достарымен қыдыру, видеоойындар кіреді. Кейбір ата-аналар балаларының іс-әрекеттеріне ұзақ ұрсады. Олар балаларына дұрыс жасамадың деп айқайлайды. Кейбір ата-аналар балаларынан теріс айналады, олармен сөйлеспейді. Кейбір ата-аналар балаларына үйде қосымша жұмыс істеткізеді. Кейбір ата-аналар балаларын мүлдем жазаламайды. Мұндай ата-аналар балаларына тым жұмсақтық көрсетеді.
Скрыть текст
7. Көжек
Пэт көжек тауып алды. Оны даладан тапты. Көжекте қанның іздері бар екен. Ол ауырсынып тұрғандай көрінді. Пэт оны қиындықта қалдырғысы келмеді. Оны үйге алып келді. Оны аяқ киім қорабына салып қойды. Ол анасынан көжекті өзіне қалдыруға бола ма деп сұрады. Анасы жоқ деді. Көжекте құтырыну болуы мүмкін. Пэт көжекті мал дәрігеріне апарды. Көжек көп өмір сүре алмайтын сияқты. Ол өте қатты жараланған. Пэт анасынан тағы қалдыруға бола ма деп сұрады. Ол көжектің бір аптадан кейін өлетінін айтты. Анасы жарайды деді. Пэт шынымен көжекке жақсы қарады.
Скрыть текст
8. Ол жануарларды суретке салып үйренеді
Ивонна сурет салғанды ұнатады. Ол сурет салып көп үйренді. Ол табиғатты қалай салуды біледі. Ол адамдарды сала алады. Ол жануарларды қалай салуды білмеді. Ол осыны үйрену керек деп шешті. Ол желіден кітапты тауып алды. Ол тағы кітапханадан кітаптар алды. Ол сурет салу техникасын оқыды. Ол көп кескіндемелерді қарады. Ол үйренетін болды. Ол қарапайым нәрседен бастағысы келді. Алдымен итті салуға тырысты. Біраз талпыныстан кейін ол қол жеткізді. Ол бірнеше пішін жасап, сосын оны бояды. Ол өзі үшін мақтанышты сезінді. Ол үзіліс жасамақшы болды. Ертең ол аюды қалай салуды үйренеді.
Скрыть текст
9. Ойын кезінде құлады
Андреа достарымен қуыспақ ойнады. Қуыспақ- бастаушысы бар, басқа ойыншыларды қуатын ойын. Андреа - бастаушы. Ол басқа бес баламен ойнайды. Ол Джоуға қарай жүгірді. Джоу оның алдында жүгіріп келеді. Бірақ Джоу тез жүгіре алмайды. Андреа оның иығынан қағады. Джоу құлайды. Ол жылай бастады. Оған оқытушы жүгіріп келді. "Сен оны итердің бе, Андреа?" - деп сұрады оқытушы. "Жоқ! Ол шалынып кетті. Мен тек оның иығынан қақтым", - деді Андреа. Оқытушы оған сенбеді. Ол Джоудан итерді ме деп сұрады. Ол жоқ деді. Оқытушы Андреадан кешірім сұрады.
Скрыть текст
10. Халық өнері
Ю ханым мектепте жұмыс істеді. Ол балаларға халық өнерінен сабақ берді. Балалар өз қолдарынан бір нәрсе жасағысы келді. Олар қатты қуанды. Ю ханымда көп қағаз жəне басқа да құрал жабдықтар болды. Балалар өз қолдарынан не жасай алатындарын білгісі келді. Ю ханым жануарлардың маскасын жасайтындарын айтты. Ол балаларға қағаз таратты. Бәрі бояуға жəне қиюға кірісті. Қызық басталды. Біреулері қоянның маскасын жасады. Біреулері арыстанның маскасын жасады. Бәрі көңілді болды. Олар жасап болған соң ,өз маскаларын киді. Əбден ойнап болған соң сыныптың ішін реттеді. Бұл бәрі үшін өте көңілді күн болды.
Скрыть текст
11. Кондитер фабрикасына саяхат
Чарли кондитер фабрикасына бармақшы болды. Ол жаққа ата-анасымен бармақшы. Осы кезде ол фабрикамен танысады. Саяхатта одан басқа балалар және олардың ата-аналары болады. Саяхат соңында өздері қалаған бір пакет тәттілерді алуға болады. Ол қатты толқыды. Ол басқа үш отбасымен бір топта болды. Олар фабрикамен танысты. Олар шоколад, кәмпиттер және басқа тәттілердің қалай жасалатынын көрді. Тәттілер ауыздарына түскенге дейін не болатынын көру өте қызықты болады. Саяхат соңында олар бір-бір пластик пакет алды. Чарли оны қышқыл тас кәмпиттерге, шоколад және мармелад кәмпиттерге толтырып алды. Ол қатты қуанды.
Скрыть текст
12. Су сырғанағы
Балалар су саябағында топпен экскурсияда жүр. Су сырғанағын көретін уақыт келді. Гектор жоғарыға көтерілуге қорқады. Ол басын көтеріп, қандай биік екенін көреді. Биіктіктен қорқатын ол сырғанаққа шыққысы келмейді. Ол басқа балалардың сырғанақ тепкенде, көңілдері қалай көтерілетінін көреді. Гектор қатты толқыды. Оған мұғалімі сөйлесуге келеді. Мұғалім мұның қауіпсіз екенін және ештеңе де болмайтынын түсіндіреді. Гектор сырғанап көруге шешті. Ол сырғанаққа шығады. Ол төменге сырғанамастан бұрын, сәл тыныстап тұрып алады. Сырғанақтан төменге түскен кезде ол айқайлайды. Төменде мұның соншалықты жаман нәрсе емес екенін сезінеді. Ол қазір кезекке тұрып, тағы да сырғанап көруге дайын.
Скрыть текст
13. Люктің жаңа мектебі
Люк жаңа мектепке ауысты. Әкесі жаңа жұмысқа ауысқан соң, көшуіне тура келді. Ол өзін көңілсіз сезінді. Ол достарын тастап кетуге мәжбүр. Ол жаңа дос табу үшін көптеген қиындықтар кездесетінін біледі. Тағы ол жаңа орынға, жаңа мектепке үйрене алмаймын ба деп қорықты. Ата-анасы оған бәрі жақсы болады деді. Осы жерге келгенде бәрі бір түрлі болып көрінді. Ол өзін жайсыз сезінді. Мына үйдің ескі үйден көп айырмашылығы бар еді. Келесі күні ол мектепке барды. Ол көп жаңа достар тапты. Оның жаңа мектепке көңілі толды.
Скрыть текст
14. Ағайындармен кездесу
Қалаға Фрэнктің немере ағалары келді. Оны қуаныш сезімі биледі. Оларды алғаш рет көреді. Оның немере ағалары басқа елде тұрған еді. Оларды ешқашан көрген емес. Интернетте вебкамера арқылы сөйлескенде бір рет қана көрген. Олармен телефон арқылы де сөйлескен болатын. Фрэнк өзімен жасты ағасымен араласатынына қуанды. Фрэнк өзінің барлық бейнеойындарын дайындап қойды. Олармен қашан ойнаймын деп шыдамы таусылды. Оның немере ағалары келді. Олар құшақтасып, мәз болысты. Фрэнк оларға өз елі жайлы айтып берді. Олар да өз елі жайлы әңгімеледі. Олар ойын ойнады. Сосын кешкі астарын ішті. Кешкі астан кейін ойындарын жалғастырды.
Скрыть текст
15. Жыртылған сөмке
Трейсидің сөз білімі бойынша сынақ тапсыруы керек болды. Оған қалам қажет болды. Ол сөмкесін қарады, онда қалам жоқ екен. Ол үнемі сонда жүретін. Оны кеше қолданған еді. Осылай да болады деп шешті. Оған бір парақ қағаз да керек еді. Сөмкесінен қарады. Қағаз жоқ екен. Бәрін үйге тастап кеткені ме? Ол ұмытшақ болып бара ма? Мүмкін, заттарын біреу ұрлап жүрген шығар? Ол құрбысынан қарызға қағаз сұрап алды. Оған өшіргіш те қажет еді. Ол сөмкесінен қарады. Өшіргіш жоқ екен! Ол: "О, Құдайым!" - деп айқай салды. Сыныптастары бәрі қарап қалыпты. Ол кешірім сұрады. Сыныптасы сөмкесінің түбін көрсетті. Онда үлкен жыртық бар екен.
Скрыть текст
16. Кір бәтеңке
Жаңбыр жауып тұрған. Вильям шалшықта секіргенді ұнатады. Ол бес шалшықтан да секіріп шықты. Оның бүкіл жері су, кір болды. Анасы оған: «Киіміңді ауыстыр» - деді. Ол қызықты киімдер кешіне жиналып жатты. Ол үстіне әдемі жейде мен слакса (кең шалбар) киді. Вильям мен оның анасы кешке келді. Үй иесі есікті ашты. Олар үйге кірді. Үй иесі айғайлап жіберді. Вильям ұялып кетті. Үй иесі оның бәтеңкесін көрсетті. Ол аяқ киімін ауыстыруды ұмытып кетіпті. Еденде балшықтың іздері жатты. Ол кештен кетіп қалды. Ол бәтеңкесін ауыстырып келуге мәжбүр болды.
Скрыть текст
17. Тағамды бөлісе жеу керек
Түстен кейінгі уақыт. Тедте бір пакет қытырлақ картоп бар. Ал Тодта алма болды. Джулияда мюсли батончигі бар. Ал Лоренде жүзім болды. Тодқа қолындағы асы ұнамады. Ол қытырлақ кортоп пен мюсли батончигін немесе жүзім жегенді жақсы көреді. Ол Тедтан, Джулиядан және Лореннен тағамын айырбастағылары келмей ме деп сұрады. Олар жоқ деді. Мұғалім бәрін естіп тұрды. Ол сұрағанның қолын қайтару дұрыс емес деді. Ол балаларға бөлісіп жеңдер деді. Тед бір уыс қытырлақ картоп берді. Джулия мюсли батончигінен бір кесек үзіп берді. Лоренц жүзімнің бір сабағын жұлып берді. Тодд тағамдарды алды. Ол достарына алғыс айтты.
Скрыть текст
18. Жалқау бала
Мэнни жалқау бала. Ол тек видиоойындарды ойнағанды ғана қалайтын. Ол сыныптағы ең ақылды балаға ақша төлеп, үй жұмысын жасататын. Ол кішкентай қарындасын үйдің жұмысын жасауға көндірді. Ол әке- шешесін барлық киімдерін жуып қоюға көндірді. Мэннидің анасы оның осы жаман әдетінен шаршады. Ол баласының өзгергенін қалайды. Ол өз баласының қылығы жайлы мұғаліміне айтты. Мұғалімі ашуланды. Говард мырза сабақтан соң Мэнниді алып қалып үй жұмысын орындатты. Мэндидің анасы егер ағасының жұмысын жасайтын болса, қызын жазалайтынын айтты. Мэннидің әкесі мен шешесі оның киімдері жумайтын болды.
Скрыть текст
19. Сабақ оқуға арналған орын іздеу
Лорен тест тапсырады. Оның көп дайындалуы керек. Ол өз бөлмесінде дайындалатын болды. Оның кішкентай інісі жылап қоймады. Оның дауысы қатты шықты. Ол ойы бөліне берді. Ол кафетерийге барды. Адамдар қатты сөйлесіп отыр. Блендер қатты шуылдап кетті. Оның ойы бөліне берді. Ол кітапханаға барды. Әдетте кітапхана тыныш болады. Бұл кітапхана тыныш емес екен. Балалар күле береді. Лорен оларға қатты сөйлегісі келмеді. Ол кітапханадан кетіп қалды. Ол саябаққа барды. Құстар оның киімін бүлдірді. Оның шашы былғанып қалды. Ол үйіне қайтты. Ол душқа түсті. Оған бір ой келді. Ол жуынатын бөлмеге оқулықтарын алып келді. Ол сол жерде дайындала бастады.
Скрыть текст
20. Ол өз түскі тамағын өзімен бірге ала келеді
Мектептің тамағы дәмді емес. Ол тамаққа ұқсамайды. Ол денсаулыққа пайдалы емес. Оның орнына Мелана тамақты үйден ала келеді. Ол үйінен әр-түрлі тамақ ала келеді. Кейде ол сэндвич жасайды. Сэндвичті жасау оңай. Сонымен қатар ол дәмді. Кейде анасы үйдің тамағын әзірлеп береді. Кейде ол таңертең ресторанға барады. Ол сол жерден өзімен бірге тамақ та алып кетеді. Мелонның достары оған қызғана қарайды. Ол тамақтанған кезінде оның тамағына барлығы қарайды. Оның тамағы адамның тәбетін ашатындай керемет иіс шығып тұрады. Мелони өзінің тамағынан ауыз тигізеді. Мелони оларға үйден тамақ әкелуді ұсынды. Олар жоқ деді. Мектептің тамағы олар үшін тегін.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Aidana Bissekesh, Мира Сембайкызы, Аяулым Орынгали, Алтынгуль Кептербаева, Janerke Kurmanalinova, Майра Фазыл, Aigera Yerzhanova, Арайлым Тлеуова, Аслан Бисенов, Мади Толегенов, Акжайык Сабырбаева, Арай Сагымжанова, Арайлым Токтаубаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 2, стр.5 Вернуться к началу Чтение детям. Том 3, стр.2  >>