Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова
Қызғалдақ әпке
Апамның сандығы
Бұрауыш
Кешкі шайдан...
Мотоцикл
Ұмсынай апа
Шын жүрекпен кешір
Атын Алпамыс деп...
Жылама, жаным...

Вернуться к
начальному
уровню

Ақымақ дос



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір мырза орманнан бір аю баласын ұстап алып, үйіне алып келіп, сонша жақсы күтіп асырапты.

    Бір күндерде мырза қатты ауырып, бір айдай төсектен тұрмай жатып, сол уақытта аюды да қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан аз-ғана тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік алдына отырып, күннің жылысымен маужырап қалғиды, бірақ маңдайына, бетіне шыбын қонып, шыдатпайды. Соның бәрін де манағы аю көріп отыр екен. Мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді.

    Сөйтіп, аю ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды да, мырзаның бетіне табанымен салып келіп кеткенде, мырза қалпақтай ұшып, сол жерде-ақ жан тапсырды дейді.

    Бұл іс Дәуіт пайғамбардың заманында болған екен. Аюды халық пайғамбарға сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп.

    Әзірет Дәуіт аюдан сұрады:

    – Не себептен қожаңды өлтірдің ?

    Аю жылап айтты дейді:

    – Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған уақытта мені күткен кісі болмай, қожамның жазылуын тілеп зарықтым. Бүгін сол аурудан тәуірірек болып, қожамның далаға шыққанына қуанып қарап тұрғанымда, мырза есік алдына отырып, қалғиын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді. Соған ашуым келіп ұрғанымда қожам, не себептен екенін білмедім, өліп қалды. Мен қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім, – деді.




©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Вернуться к началу  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга